Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 желтоқсанда № 8933 тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа  және Комитетке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                         Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2013 жылғы 31 қазандағы  
№ 630 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік
және патрульдік полициясының саптық бөліністері
қызметкерлерінің жетондарының үлгілері

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік
полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының
үлгілері

      1-сурет                                2-сурет

Жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Жол-патрульдік полициясының бөліністері қызметкерінің жетоны (1 және 2-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.
      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
      3. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.
      4. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ» және «POLICE» деген жазулар орналасқан.
      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.
      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
патрульдік полицияның саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының белгісі

      3-сурет.                               4-сурет.

Патрульдік қызметтің саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Патрульдік полицияның бөліністері қызметкерінің жетоны (3 және 4-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.
      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
      3. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.
      4. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті «ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ» және «POLICE» деген жазулар орналасқан.
      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.
      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы    
ішкі істер органдары жол-патрульдік
және патрульдік полициясының  
саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілеріне  
қосымша           

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
жол-патрульдік және патрульдік полициясының
саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының
сериялары

р/с

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің атауы

Жетон сериясы

1

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

01

2

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

02

3

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

03

4

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

04

5

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

05

6

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

06

7

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

07

8

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

08

9

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

09

10

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

10

11

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

11

12

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

13

14

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

14

15

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

15

16

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

16

17

Көліктегі Ішкі істер департаменті

К

18

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Метрополитендегі Ішкі істер басқармасы

М

Ескерту:
01-16 – (өңір сериялары) жол-патрульдік полициясы;
К – (Көлік) көліктегі патрульдік полиция;
М – (Метро) метрополитендегі патрульдік полиция.