Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 желтоқсанда № 8933 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының қоса берілген үлгілері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Комитетке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері

1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі

      Ескерту. Үлгінің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1-сурет 2-сурет



Жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Жол-патрульдік полициясының бөліністері қызметкерінің жетоны (1 және 2-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.

      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.

      3. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.

      4. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті "ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ" және "POLICE" деген жазулар орналасқан.

      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.

      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
патрульдік полицияның саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетонының белгісі

      Ескерту. Үлгінің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       3-сурет. 4-сурет.



Патрульдік қызметтің саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Патрульдік полицияның бөліністері қызметкерінің жетоны (3 және 4-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.

      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.

      3. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.

      4. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті "ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ" және "POLICE" деген жазулар орналасқан.

      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының кара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі

      Ескерту. Үлгі 3-тараумен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-сурет 6-сурет


      Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетоны (сурет) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сұр аударылған таға нысанында анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізгі және жапсырмалар.

      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.

      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының үстінде көгілдір эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "POLICE" жазуы орналасқан.

      4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының астында көк эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" жазу орналасқан.

      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетонының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.

      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және
мамандандырылған күзет қызметі
саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілеріне
қосымша

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық

бөліністері қызметкерінің жетондарының

сериялары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.11.2016 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністің атауы

Жетон сериясы

1

Астана қаласының Ішкі істер департаменті Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

01

2

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

02

3

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

03

4

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

04

5

Алматы облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

05

6

Атырау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

06

7

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

07

8

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

08

9

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

09

10

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

10

11

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

11

12

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

13

14

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

15

16

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

16

17

Көліктегі Ішкі істер департаменті

К

18

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Метрополитендегі Ішкі істер басқармасы

М

19

ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі

Ү

20

ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі

D

21

Жезқазған қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

G


      Ескерту:

      01-16 - (өңір сериялары) жол-патрульдік полициясы, мамандандырылған күзет қызметі;

      К - (Көлік) көліктегі патрульдік полиция;

      М - (Метро) метрополитендегі патрульдік полиция;

      Ү - (Үкіметтік) ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі D - (Дипломатиялық) ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;

      G - (Жезқазған) Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі.