Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8918 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6188 болып тіркелді, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 135 (26196) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 313-ө бұйрығымен
бекітілген

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Ереже).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық және көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын басқа да жасанды су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылық су айдындарына таралады.

      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме – Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздiгiнен жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған су көлігі қозғалысының ережесі

      4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа да су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және олардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:

      1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;

      2) тіркелмеген және есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ кемелердің жүзуі;

      3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да кемелермен жүруге;

      4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігінің тоқтауына рұқсат етілмейді.

      6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын, апаттан құтқару жұмыстарын, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды атқарушы кемелерге қолданылмайды.

      7. Балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін шектеу қойылады.

      8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан аспауы керек;

      2) жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуаттылығы 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) аспауы қажет, бекітілген балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 40 а.к. көп емес, ал стационарлық қозғалтқыштың қуаттылығы 100 а.к. көп емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган), ішкі істер департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері, транспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар үшін шектеусіз.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      10. Кеме қатынасының режимін келісу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне "Е-Лицензиялау" веб-порталы арқылы электронды немесе қағаз түрінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, онда келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) кеменің атауы мен техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, тұнуы);

      2) жеке тұлғаның, кеме жүргізушінің (капитанның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және кеме иесі заңды тұлғасының атауы;

      3) кеменің түрі, маркасы, тіркеу нөмірі, қозғалыстың қуаттылығы және ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы;

      4) кеме қатынасының мақсаты;

      5) қозғалыстың мерзімі мен бағдары;

      6) кеменің тұрағы;

      7) кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтінімді 3 жұмыс күні ішінде қарайды және кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе дәлелді бас тартуды жолдайды.

      12. Келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінім берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі келісуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтінім берушінің келісуді алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) осы Ереженің 10-тармағымен белгіленген, өтінім берушінің және (немесе) келісуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) өтінім берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтінім берушіге қатысты өтінім берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы жеке және заңды тұлғалардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтінім беруіне тыйым салмайды.

3. Қорытынды ережелер

      14. Өтінім бойынша қабылданған шешімге және оны қарау тәртібін бұзуға келіспеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе аталған аумақтық бөлімшенің тікелей басшысына, сондай-ақ сот органдарына шағымдана алады.

      Шағымды қарау нәтижелері өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

  Уылдырық шашу кезеңінде балық
аулауға тыйым салынған, сондай-ақ
балық аулауға тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі қозғалысының
Ережесіне
1-қосымша

      Нысан

      Нөмірі:_______ Берілген күні_________

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін
КЕЛІСУ

      Берілді: _________________________________________________________

      (жеке/заңды тұлғаның толық атауы, тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Кеменің атауы ____________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі

      ____________________________________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері: _________________________________

      Ұзындығы (м.) ____________________________________________________

      Ені (м.) _________________________________________________________

      Тұнуы (см., м.) __________________________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы (айн/мин) __________

      Кеменің түрі _____________________________________________________

      Кеменің маркасы __________________________________________________

      Қозғалыстың қуаттылығы ___________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты _________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20__жылдың _______ нан ________дейін

      Қозғалыс бағдары _________________________________________________

      Кеменің тұрағы ___________________________________________________

      Қосымша шарттар __________________________________________________

      Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі

      __________________________________________________________________

      Аумақтық бөлімше

      басшысы: ______________________________ _______________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

  Уылдырық шашу кезеңінде балық
аулауға тыйым салынған, сондай-ақ
балық аулауға тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі қозғалысының
ережесіне
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Мекенжайы___________________________________

      (индексі, қала, аудан, облыс,

      ____________________________________________

      көше, үй №, телефон)

      Өтініш берушінің деректемелері _____________

      ____________________________________________

      (заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың №, бизнес

      сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы
өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кеме иесінің атауы___________________________________________________

      Кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болса)

      Кеменің атауы ____________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі _____________________________

      Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі):

      Ұзындығы (метр) _________________________________

      Ені (метр) ________________________________________

      Шөгуі (сантиметр) _______________________________

      Кемедегі есу қалақтарының айналу жылдамдығы (айналым/минут) ________

      Кеменің типі ____________________________________

      Кеменің маркасы ________________________________

      Қозғалтқыштың қуаты _____________________________

      Кеме қатынасының мақсаты ________________________

      Қозғалыс мерзімі _________бастап 20____жылдың__________дейін

      Жүзу бағдары__________________________________

      Тұрақ орны ___________________________________

      Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні_______________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішті берген күн 20___жылғы "____"________________

      _____________________________________________________________________

      өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар

      болса), қолы