Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8918 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6188 болып тіркелді, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 135 (26196) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 313-ө бұйрығымен
бекітілген

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ереже "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Ереже).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық және көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын басқа да жасанды су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылық су айдындарына таралады.

      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме – Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздiгiнен жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде су көлігі қозғалысының тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа да су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және олардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:

      1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;

      2) тіркелмеген және есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ кемелердің жүзуі;

      3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да кемелермен жүруге;

      4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігінің тоқтауына рұқсат етілмейді.

      6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын, апаттан құтқару жұмыстарын, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды атқарушы кемелерге қолданылмайды.

      7. Балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін шектеу қойылады.

      8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан аспауы керек;

      2) жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуаттылығы 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) аспауы қажет, бекітілген балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 40 а.к. көп емес, ал стационарлық қозғалтқыштың қуаттылығы 100 а.к. көп емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган), ішкі істер департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері, транспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар үшін шектеусіз.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 18-03/1111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      10. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) кеменің атауы мен техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі);

      2) жеке тұлғаның, кеме жүргізушінің (капитанның) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және кеме иесі заңды тұлғасының атауы;

      3) кеменің типі, маркасы, тіркеу нөмірі, қозғалтқышының қуаты және есу бұрамасының айналу жылдамдығы;

      4) кеме қатынасының мақсаты;

      5) қозғалыстың мерзімі мен бағдары;

      6) тұрақ орны;

      7) кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Өтінішті тіркеуді уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі порталда келіп түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді (егер, өтiнiш сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады).

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінішті ол келіп түскен уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім береді не өтініш берушіге портал арқылы бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық түрде уәжді бас тарту жолдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі келісуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтініш беруші келісім алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты келісім алуды қажет ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші келісім алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы жеке және заңды тұлғалардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтінім беруіне тыйым салмайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өтінім бойынша қабылданған шешімге және оны қарау тәртібін бұзуға келіспеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе аталған аумақтық бөлімшенің тікелей басшысына, сондай-ақ сот органдарына шағымдана алады.

      Шағымды қарау нәтижелері өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

  Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
1-қосымша
  Нысан

      Нөмірі:_______                        Берілген күні_________

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Берілді:_________________________________________________________________________

      (заңды/жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Кеменің атауы___________________________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі_____________________________________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері: __________________________________________________

      Ұзындығы (метрмен) _____________________________________________________________

      Ені (метрмен) ____________________________________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен, метрмен) ____________________________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айн/мин) __________________________

      Кеменің типі ____________________________________________________________________

      Кеменің маркасы _________________________________________________________________

      Қозғалтқышының қуатты __________________________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты _______________________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20__жылғы _______ бастап ________дейін

      Қозғалыс бағдары ________________________________________________________________

      Тұрақ орны ______________________________________________________________________

      Қосымша шарттар ________________________________________________________________

      Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі

      Аумақтық бөлімше басшысы: ______________________________ ________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
2-қосымша
  Нысан

      (кімге)______________________
(уәкілетті орган ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің толық
атауы)
(кімнен)_____________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекенжайы__________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефон)
өтініш берушінің деректемелері
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кеме иесінің атауы _______________________________________________________________

      Кеме жүргізушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      Кеменің атауы ___________________________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі _____________________________________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі):

      Ұзындығы (метрмен) _____________________________________________________________

      Ені (метрмен) ____________________________________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен) ____________________________________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айналу/минут) _____________________

      Кеменің типі ____________________________________________________________________

      Кеменің маркасы _________________________________________________________________

      Қозғалтқышының қуаты ___________________________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты _______________________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20____жылғы _________бастап __________дейін

      Қозғалыс бағдары________________________________________________________________

      Тұрақ орны ______________________________________________________________________

      Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні_________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20__жылғы "__"_____________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)