«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Е.Н. Мейірбеков):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет–ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет–порталында орналастырылуын;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 742 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру
құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жол жүру құжаттарын (билеттер) сатуды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген, ал тасымалдаушы немесе жолаушы агенттігі жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттер) сатуды ұйымдастыру, қолданыста болу мерзімін ұзарту, пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлемдерді қайтару, жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта рәсімдеу тәртібін айқындайды.
2. Жолаушы поезымен жол жүру үшін жолаушының жол жүру құжатының (билет) болуы қажет, ал тасымалдаушы немесе онымен өкілетті орган - жолаушы агенттігі жолаушы көрсеткен тағайындалған станциясына дейін бос орын болған кезде жол жүру құжатын рәсімдейді.
3. Тасымалдаушылар өзі қалыптастыратын поездарға, сондай-ақ жасалған шарттар негізінде басқа тасымалдаушылар қалыптастыратын жолаушы поездарына жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастырады.
3-1. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Жолаушылар үшін барлық сату пункттерінде көрсетілетін қызметтер туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі (көрнекі және қолжетімді түрде), соның ішінде:
жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатқан кезде көрсетілетін қызметтер тізбесі және олардың құны;
жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату қызметтерін көрсететін заңды тұлға туралы мәліметтер;
жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мерзімдері;
сату пунктінің жұмыс уақыты.
5. Жолаушы поездарына жол жүру құжаттарын сату жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АБЖ) терминалдарының (автоматтандырылған тәсіл), электрондық сату жүйелерінің, өзіне өзі қызмет көрсету автоматтарының (терминалдары), қол технологиясы бойынша диспетчерлік терминалдардың (ДТМ) (автоматтандырылмаған тәсіл), қала маңындағы поездарға билет басатын автоматтардың (ББМ) көмегімен жүргізіледі.
6. Теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде тасымалдаушылар және жолаушы агенттіктері жолаушыларға келесі қызметтерді көрсетуге міндетті:
1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату;
2) жол жүру құжатының (билетінің) мерзімінің қызмет ету аралығында;
3) пайдаланылмаған теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару;
4) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта рәсімдеу;
5) ұйымдасқан жолаушы топтарын тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын рәсімдеу.
7. Сондай-ақ қосымша қызметтер ұсынылады, оларға ақы алынуы мүмкін:
1) тапсырыстарды телефон бойынша рәсімдеу;
2) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) клиент талап еткен жерге жеткізу.
8. Қосымша қызметтердің құны мен түрлері туралы ақпарат сату пунктінде көрінетін жерде орналастыру, ал қызметті телефон бойынша көрсеткен кезде тікелей хабардар ету арқылы жолаушыға жеткізілуі тиіс.
9. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату келесі мерзімдерде:
жолаушы поездарына, қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға поездың қалыптастыру немесе айналым пункттерінен поезд жөнелтілгенге дейін 45 тәуліктен бастап;
қала маңындағы поездарға поезд жөнелтілгенге дейін 10 тәуліктен бастап;
реттеу режиміне немесе аралық станциясынан орындардың болуына қарай 45 тәуліктен бастап жүзеге асырылады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату поезд жөнелтілгенге дейін 5 минут қалғанда тоқтатылады.
10. Қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату:
осы вагондар тағайындалған станцияға немесе поездың негізгі маршрутынан ауытқитын учаскеде орналасқан станцияларға дейін баратын жолаушыларға – алдын ала режимде;
поездың негізгі маршрутынан ауытқитын станцияға дейін баратын жолаушыларға – поезд жөнелтілгенге дейін 72 сағат бұрын жүргізіледі.
11. Барлық станцияларда АБЖ-ға енгізілген және жолаушы операцияларын орындау үшін ашық кез келген станциядан жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге рұқсат етіледі.
12. Жолаушының тағайындалған станциясына дейін тікелей поезд болмаған кезде «келісілген» поезға жол жүру құжаттарын рәсімдеуге жол беріледі.
Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату орындар болған кезде жолаушының осы станцияға келу мен оның осы станциядан жөнелтілуі уақыты арасында кем дегенде 3 сағат айырмашылықтың болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
13. Бос орындар болған кезде жолаушының жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын келе жатқан сол тасымалдаушының жолаушы поезымен жолға шығуына жол беріледі. Бұл ретте жолаушыға жол жүру құжатын (билетті) қайта рәсімдеу қажет.
14. Жөнелтілуіне 24 сағаттан кем қалған, бұрын кетіп бара жатқан поезға жол жүру құжаттарын (билеттерді) жолаушының тегін және аты-жөнін өзгертпей қайта рәсімдеу келесі жағдайларда:
1) поездың нөмірін бұрын кетіп бара жатқан поезға ауыстырған кезде;
2) вагон үлгісі жоғары санатқа ауыстырылған кезде;
3) поездың нөмірі (бұрын кетіп бара жатқан поезға) мен вагон үлгісі бір мезетте ауыстырылған кезде;
4) бір вагондағы орындар осындай үлгідегі басқа вагондағы орындарға ауыстырылған кезде;
5) бір вагондағы орынның нөмірі ауыстырылған кезде жол беріледі.
Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату орындар болған кезде жолаушының осы станцияға келу мен оның осы станциядан жөнелтілуі уақыты арасында кем дегенде 3 сағат айырмашылықтың болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
15. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 «Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау туралы» қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасының (бұдан әрі - Қағида) талаптарына сай әзірленген.
16. Теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде келесі операциялар ішіне кіреді: рәсімдеу, қайта рәсімдеу, жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару, тікелей плацкартты рәсімдеу.
17. Тасымалдау қағидасына сәйкес, жол жүру құжатын (билетті) рәсімдеу жолаушының жеке басын куәландыратын құжат болған кезде ғана жүргізіледі.
18. Жол жүру құжаты (билет) қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша беріледі.
19. Сапар жолында аялдаманы рәсімдеу, сапар жолында аялдаманы тоқтатуды рәсімдеу, жол жүру құжатынын (билетін) мерзімін ұзарту тасымалдау қағидасында белгіленген шарттарға сай жүргізіледі.
20. Жол жүру құжаты (билет) қайта рәсімдеуі тасымалдау қағидасында белгіленген шарттарға сай жүргізіледі.
21. Жолаушы агенттігі теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату үшін теміржолдық жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнына кірмейтін агенттік қызметтер үшін төлемді (сервистік алымды), агенттік пунктінде көрінетін жерде мұндай төлем туралы ақпаратты орналастыра отырып, белгілеуі мүмкін.
22. Ұйымдасқан жолаушы топтарын тасымалдау үшін жол жүру құжатын (билет) сату тасымалдау қағидасында белгіленген шарттарға сай жүргізіледі.
23. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлемдерді қайтару, тасымалдау қағидасында белгіленген шарттармен жүргізіледі.
24. Жол жүру құжаттары (билеттер) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде рәсімделеді.
25. Жол жүру құжаттарында (билеттерде) өшірулерге жол берілмейді. АБЖ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарында (билеттерде), егер жүру барысында поездың нөмірі өзгерген жағдайда, аралық станцияларда билет кассиріне тек поездың нөмірін өзгертуге жол беріледі.
2. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) автоматтандырылған
тәсілмен рәсімдеу тәртібі
26. 2008 жылғы 28-29 мамырдағы Бішкек қаласындағы Жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу белгіленген үлгідегі бланкілерде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, Литва, Латвия Республикасының, Эстон Республикасының «Экспресс» АБЖ пайдалану технологиялық процесінің ережелеріне сәйкес 48 Мәжіліс Кеңесінде мемлекет қатысқандардан теміржол көлігі одағының бекітілімімен жүргізіледі.
27. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) «Экспресс» АБЖ арқылы рәсімдеген кезде мәліметтер осы жүйеге қосылған билет басу құрылғысымен басылады.
28. Жол жүру құжатына (билетке) келесі міндетті ақпарат:
поездың нөмірі;
поездың жөнелтілетін күні мен уақыты;
вагондағы орның нөмірі;
вагонның класы, типінің шартты белгісі мен нөмірі;
плацкарттың билетінің құны;
жолаушылар саны;
жол жүру құжатының (билетінің) түрі;
жөнелтетін және тағайындалған станцияның атауы және олардың кодтары;
тасымалдау үшін төлеу формасы;
жол жүрудің жалпы құны, соның ішінде тариф пен алымдар, соның ішінде ҚҚС;
жолаушының жеке мәліметтері: тегі және атының бірінші әріптері, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
құжаттың түрі және жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
тағайындалған станциясына келетін күні мен уақыты;
қызметтік ақпарат.
Жеңілдікті жол жүру құжатын рәсімдеген кезде кәмелетке жасы толмаған жолаушылардың жол жүруі үшін тууы туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, сондай-ақ туған күні, айы және жылы қосымша көрсетіледі.
29. Бір тұлғаға бір поезға төрт орыннан артық жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге жол берілмейді.
3. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) автоматтандырылмаған
тәсілмен рәсімдеу тәртібі
30. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қол технологиясымен (ДТМ арқылы) рәсімдеу шарикті қаламмен (көк, қара немесе күлгін сиямен), анық, сөздерді қысқартпай жүзеге асырылады. Дайын мәтіні бар мөрқалыптарды қолдануға жол беріледі.
31. Бір парақта құрамдас бөліктері бар бланкіні толтырған кезде құрамдас бөліктердегі ақпарат (бірдей) пара-пар болуы тиіс.
32. Жол жүру құжатының (билеттің) екі бөлігіндегі тиісті бағандарды толтырған соң жол жүру құнына, вагон үлгісіне, поезд санатына және жолаушылар санына (топтық жол жүру құжатында (билетте) сәйкес бланкінің бақылау талонын кесу жүзеге асырылады.
33. Бір тұлғаға бір поезға төрт орыннан артық жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге жол берілмейді.
4. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) электрондық сату жүйелері,
өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары (терминалдар) арқылы
рәсімдеу тәртібі
34. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) электрондық жол жүру құжатын беру жолымен интернет, өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары (терминалдар), қала маңындағы поездарға билет басатын автоматтар (ББМ) арқылы рәсімдеуге жол беріледі.
35. Жол жүру құжаттарында (билеттерінде) тасымалдау қағидасының 28) тармақшасына сәйкес ақпарат болуы қажет.
36. Интернет, өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары (терминалдар), билет басатын автоматтар (ББМ) арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарына (билеттерге) келесі міндетті ақпарат:
поездың нөмірі;
поезд жөнелтілетін күні мен уақытын;
вагондағы орның нөмірі;
вагонның нөмірі мен үлгісінің шартты белгісі;
плацкарттың құны;
жолаушылар саны;
жол жүру құжатының (билетінің) түрі;
жөнелтетін және тағайындалған станцияның атауы және олардың кодтары;
тасымалдау үшін төлеу формасы;
жол жүрудің жалпы құны, (соның ішінде) тариф пен алымдар ҚҚС;
жолаушының жеке басының деректері: тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері;
құжаттың түрі және жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
тағайындалған станциясына келетін күні мен уақыты;
тапсырыстың идентификаторы (қажет болған кезде);
штрих коды (2D-баркод) (қажет болған кезде);
қызметтік ақпарат басылады.
37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:
вагондардың шығарылған жылы;
ауа желдету жүйесінің болуы;
поездың санаты;
жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;
багаж бөлімдері;
интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы);
поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.
Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.