Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қазанда № 8780 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
      5. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    А. Дауылбаев

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
      ______________________ А. Байменов
      29 тамыз 2013 жыл

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен
ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін
біліктілік талаптары

      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Біліктілік талаптары үш лауазымдық топтарға бөлінеді және оларға кіретін лауазымдарға үміттенуші азаматтарға қойылады.
      Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕАК), С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін зерттеу Институты (бұдан әрі – Бас прокуратураның Институты) қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      Екінші топқа прокуратураның облыстық және оларға теңестірілген органдары мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      Үшінші топқа Қазақстан Республикасының қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      3. Лауазымдар топтарында оларға еңбек өтілі бойынша қойылатын талаптарға сәйкес, топшалар айқындалады.
      4. Басшы лауазымдарға кірмейтін лауазымдарға басшы қызметтердегі еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      5. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке тағайындалуы мүмкін.
      6. Бірінші топтағы прокуратура органдарының лауазымдарына келесі біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) бірінші топша үшін (департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратура Институтының директоры (C-GP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осыған тең немесе төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      2) екінші топша үшін (Бас прокуратураның департамент бастығының орынбасары, дербес басқарманың бастығы, Бас прокуратура Институты директорының орынбасары (C-GP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      3) үшінші топша үшін (Бас прокуратураның, ҚСжАЕАК, Бас прокуратура Институтының басқарма бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      4) төртінші топша үшін (Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Бас прокуратураның, ҚСжАЕАК, Бас прокуратура Институтының бөлім бастығы, Бас Прокурордың кеңесшісі, көмекшісі (C-GP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғарғы кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      5) бесінші топша үшін (Бас прокуратураның, ҚСжАЕАК, Бас прокуратура Институтының басқарма, бөлім аға прокуроры (C-GP-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      6) алтыншы топша үшін (Бас прокуратураның, ҚСжАЕАК, Бас прокуратура Институтының басқарма, бөлім прокуроры (C-GP-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, немесе мемлекеттік қызметте бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      7. Прокуратура органдарындағы екінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
      1) бірінші топша үшін (облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – облыс прокуроры) (C-OGP-1), Бас әскери прокурор):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он төрт жылдан, оның ішінде бес жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында он екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      2) екінші топша үшін (облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚСжАЕАК облыстық органының бастығы (C-OGP-2), Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары (С-VP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында он жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте он екі жылдан, оның ішінде алты жылдан кем емес басшы лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы.
      3) үшінші топша үшін (облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕАК облыстық органы бастығының орынбасары (C-OGP-3), Бас әскери прокурорының орынбасары (С-VP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он жылдан, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында тоғыз жылдан немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      4) төртінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі (C-OGP-4), Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі (С-VP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      5) бесінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары (C-OGP-5), Бас әскери прокуратура басқармасы бастығының орынбасары (С-VP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      6) алтыншы топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі (C-OGP-6), Бас әскери прокуратурасының бөлім бастығы, Бас әскери прокурордың көмекшісі (С-VP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында төрт жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда алты жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      7) жетінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры (C-OGP-7), Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің аға әскери прокуроры (С-VP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      8) сегізінші топша үшін (облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8), Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің әскери прокуроры (С-VP-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      9) тоғызыншы топша үшін (ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.
      8. Прокуратура органдарындағы үшінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
      1) бірінші топша үшін (аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – аудан прокуроры) (C-RGP-1), аймақ, гарнизон, әскерлердің әскери прокуроры (C-GVP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      2) екінші топша үшін (аудан прокурорының орынбасары (C-RGP-2), аймақ әскери прокурорының бірінші орынбасары (C-RVP-2), аймақ әскери прокурорының орынбасары (C-RVP-3), гарнизон, әскерлердің әскери прокурорының орынбасары (C-GVP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      3) үшінші топша үшін (аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-RGP-3), аймақ әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-RVP-4), гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-GVP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында үш жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте төрт жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      4) төртінші топша үшін (аудан прокурорының аға көмекшісі (C-RGP-4), аймақ әскери прокурорының аға көмекшісі (C-RVP-4), гарнизон, әскерлердің әскери прокурорының аға көмекшісі (C-GVP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      5) бесінші топша үшін (аудан прокурорының көмекшісі (C-RGP-5), аймақ әскери прокурорының көмекшісі (C-RVP-5), гарнизон, әскерлердің әскери прокуроры (C-GVP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      6) алтыншы топша үшін (тағылымдамашы (C-RGP-6), бас маман (C-RVP-6), бас маман (C-GVP-6)):
      білімі – орта арнайы;
      денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы.