Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
5. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
______________________ А. Байменов
29 тамыз 2013 жыл
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен
ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін
біліктілік талаптары
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Біліктілік талаптары үш лауазымдық топтарға бөлінеді және оларға кіретін лауазымдарға үміттенуші азаматтарға қойылады.
Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
Екінші топқа прокуратураның облыстық және оларға теңестірілген органдары мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
Үшінші топқа Қазақстан Республикасының қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 05.02.2016 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Лауазымдар топтарында оларға еңбек өтілі бойынша қойылатын талаптарға сәйкес, топшалар айқындалады.
4. Басшы лауазымдарға кірмейтін лауазымдарға басшы қызметтердегі еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
5. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін, ғылыми дәрежесін, сыныптық шенін, арнайы (әскери) атағын ескерместен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 12.12.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Бірінші топтағы лауазымдарыға прокуратура органдарында мына біліктілік талаптары белгіленеді:
1) бірінші кіші топ үшін (департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (C-GP-1)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
2) екінші кіші топ үшін (Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары, дербес басқармасының бастығы (C-GP-2)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
3) үшінші кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, ҚСжАЕАК бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3), Академия басқармасының бастығы, Академия ректорының көмекшісі (C-AGP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
4) төртінші кіші топ үшін (Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Бас прокуратура бөлімінің, ҚСжАЕАК бастығы, Бас Прокурордың кеңесшісі (C-GP-4)), Академия бөлімінің бастығы, Академия кезекші бөлімінің бастығы (C-AGP-4)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
5) бесінші кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, ҚСжАЕАК аға прокуроры (C-GP-5), Академияның аға прокуроры (C-АGP-5)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте алты жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
6) алтыншы кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, ҚСжАЕАК прокуроры (C-GP-6)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
7) жетінші кіші топ үшін (Академия институтының директоры, Академия профессоры (C-AGP-1)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі);
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында алты жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
8) сегізінші кіші топ үшін (Академия институты директорының орынбасары, Академия факультетінің деканы (C-AGP-2)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), институты директорының орынбасары лауазымын қоспағанда ғылыми дәрежесі болуы;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
9) тоғызыншы кіші топ үшін (Академияның кафедра меңгерушісі, орталық бастығы, бас ғылыми қызметкер, Оқу кеңесінің хатшысы (C-AGP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), ғылыми дәрежесі және (немесе) әділет кеңесшісінен, подполковниктен төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
10) оныншы кіші топ үшін (Академия доценті, жетекші ғылыми маманы (С-АGP-4)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), ғылыми дәрежесі және (немесе) кіші әділет кеңесшісінен, майордан төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
11) он бірінші кіші топ үшін (Академияның аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері (C-AGP-5)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі);
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте жеті жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
12) он екінші кіші топ үшін (Академияның оқытушысы, ғылыми қызметкері, Прокуроры, инспекторы (C-AGP-6)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
мемлекеттік қызметте, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бір жылдан кем емес өтілінің болуы;
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 05.02.2016 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 12.12.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
7. Прокуратура органдарындағы екінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
1) бірінші топша үшін (облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – облыс прокуроры) (C-OGP-1), Бас әскери прокурор):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он төрт жылдан, оның ішінде бес жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында он екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
2) екінші топша үшін (облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚСжАЕАК облыстық органының бастығы (C-OGP-2), Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары (С-VP-1)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында он жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте он екі жылдан, оның ішінде алты жылдан кем емес басшы лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы.
3) үшінші топша үшін (облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕАК облыстық органы бастығының орынбасары (C-OGP-3), Бас әскери прокурорының орынбасары (С-VP-1)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарында он жылдан, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында тоғыз жылдан немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
4) төртінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі (C-OGP-4), Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі (С-VP-2)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
5) бесінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары (C-OGP-5), Бас әскери прокуратура басқармасы бастығының орынбасары (С-VP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында бес жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
6) алтыншы топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі (C-OGP-6), Бас әскери прокуратурасының бөлім бастығы, Бас әскери прокурордың көмекшісі (С-VP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында төрт жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда алты жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
7) жетінші топша үшін (облыс прокуратурасы, ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры (C-OGP-7), Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің аға әскери прокуроры (С-VP-4)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
8) сегізінші топша үшін (облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8), Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің әскери прокуроры (С-VP-5)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
9) тоғызыншы топша үшін (ҚСжАЕАК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 12.12.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Прокуратура органдарындағы үшінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
1) бірінші топша үшін (аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – аудан прокуроры) (C-RGP-1), аймақ, гарнизон, әскерлердің әскери прокуроры (C-GVP-1)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
2) екінші топша үшін (аудан прокурорының орынбасары (C-RGP-2), аймақ әскери прокурорының бірінші орынбасары (C-RVP-2), аймақ әскери прокурорының орынбасары (C-RVP-3), гарнизон, әскерлердің әскери прокурорының орынбасары (C-GVP-2)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
3) үшінші топша үшін (аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-RGP-3), аймақ әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-RVP-4), гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы (C-GVP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында үш жылдан немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте төрт жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
4) төртінші кіші топ үшін (аудан прокурорының аға көмекшісі (C-RGP-4), аймақ әскери прокурорының аға көмекшісі (C-RVP-4), әскери прокуратураның гарнизон, әскер аға прокуроры (C-GVP-3)):
білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
5) бесінші кіші топ үшін (аудандық прокуратураның прокуроры (C-RGP-5), аймақ әскери прокуратурасының прокуроры (C-RVP-5), әскери прокуратураның гарнизон, әскер прокуроры (C-GVP-4)):
білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
6) алтыншы топша үшін (тағылымдамашы (C-RGP-6), бас маман (C-RVP-6), бас маман (C-GVP-6)):
білімі – орта арнайы;
денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы.
7) жетінші кіші топ үшін (республикалық маңызы бар қала, астананың аудандық прокуратураларының аға прокуроры (C-RGP-4)):
білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында келесі төменгі санаттағы лауазымдарда қызметтің бір жылдан кем емес өтілінің болуы.
8) сегізінші кіші топ үшін (республикалық маңызы бар қала, астананың аудандық прокуратураларының прокуроры (C-RGP-5)):
білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары;
денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
прокуратура органдарында осы біліктілік талаптарының үшінші тобының бесінші кіші тобындағы лауазымдарда қызметтің бір жылдан кем емес өтілінің болуы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 12.12.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.