Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 қазанда № 8767 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат министрлiгi
      2013 жылғы 29 тамыз

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі 
№ 203 қаулысымен     
бекітілген        

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың және
оларды сақтау мерзімдерінің тізбесі

Бап №

Құжаттар түрлері

Құжаттардың
сақталу мерзімі

Ескерту

Орталық органында

БЖЗҚ,1 ЕЖЗҚ2 филиалдарымен өкілдіктерінде

1

2

3

4

5

1. БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

1.

Хаттамалар, отырыстар стенограммалары, БЖЗҚ, ЕЖЗҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері, оларға құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер)

тұрақты

қажеттілігі өткенге дейін




2.

Хаттамалар, стенограммалары, БЖЗҚ, ЕЖЗҚ атқару органының қаулылары, оларға құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер)

тұрақты

қажеттілігі өткенге дейін




3.

Хаттамалар, БЖЗҚ, ЕЖЗҚ директорлар кеңесінің отырыстар стенограммалары, оларға құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер)

тұрақты

қажеттілігі өткенге дейін




4.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ әзірлеген қағидалар, ережелер, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар, ұсынымдар

тұрақты

жаңаға ауыстырғанға дейін


5.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ басшыларының бұйрықтары, өкімдері:





1)негізгі қызметі бойынша;

тұрақты

тұрақты



2)жеке құрамы бойынша;

75 жыл

75 жыл



3)демалыстар, іссапарлар бойынша;

5 жыл

5 жыл


2. БАҚЫЛАУ

6.

Уәкілетті мемлекеттік органдары, аудиторлық ұйымдар және ішкі аудит жүргізетін БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, олардың құрылымдық бөлімшелері қызметінің ревизиялары мен тексерулер құжаттары (баяндама, баянжазбалар, анықтамалар, актілер, қорытындылар, есептер, қарсылықтар, хат жазысу)

тұрақты

тұрақты


7.

Тексерулер, ревизиялар нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындау туралы құжаттар (баянжазбалар, есептер, анықтамалар, хат жазысу)

5 жыл СТК

5 жыл СТК



8.

ЕЖЗҚ және БЖЗҚ жүргізетін ревизиялар, тексерулердің құжаттары (актілер, анықтамалар, хат жазысу)

5 жыл СК

5 жыл СК



9.

Жүргізілген ревизияларды есепке алу және жүзеге асырылған ревизиялар (тексерулер) бойынша қабылдаған шешімдерді орындауына бақылау журналы

5 жыл

5 жыл



3. ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК

10.

Статистикалық есептер және БЖЗҚ, ЕЖЗҚ қызметі, оның филиалдары мен өкілдіктері бойынша кестелер:
жиынтық жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;
жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;
жарты жылдық есептер;
тоқсандық есептер;
айлық есептер.



1Жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты.
2Жылдық, жарты жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты.
3Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде - тұрақты.





Тұрақты

-



Тұрақты

10 жыл

5 жыл1

5 жыл

5 жыл2

5 жыл

1 жыл3

1 жыл



11.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ атқарушы органы қызметінің нәтижелері туралы есептер:
жиынтық жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;
жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;
жарты жылдық есептер;
тоқсандық есептер;
айлық есептер



Жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты.
2Жылдық есептер болмаған кезде - 10 жыл.
3Жылдық, жарты жылдық, есептер болмаған кезде - 10 жыл.
4Жылдық, жарты жылдық, есептер болмаған кезде - 10 жыл.
5Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде - 10 жыл.6Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде - 10 жыл.



Тұрақты

-



Тұрақты

10 жыл



5 жыл1

5 жыл2

5 жыл3

5 жыл4

3 жыл5

3 жыл6

12.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған қағаз тасымалдағыштағы реттеуіш есептілік

3 жыл



13.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелері туралы есептер:
жылдық есептер;
жарты жылдық есептер;
тоқсандық есептер;
айлық есептер







5 жыл



5 жыл



5 жыл



3 жыл



14.

Аудиторлық есептер: жылдық;
тоқсандық.



1Жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты.
2Жылдық есептер болмаған кезде – 10 жыл.

Тұрақты

10 жыл

5 жыл1

5 жыл2





15.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ қаржылық есептілік:
шоғырландырылған;
жылдық;
тоқсандық.

Тұрақты
Тұрақты 5 жыл1


1Жылдық есептер болмаған кезде – тұрақты.
2 Жылдық есептер болмаған кезде - 10 жыл.

-

10 жыл

5 жыл2

16.

Табыстау актілері, бөлу, тарату балансы және қосымшалар, оларға түсіндірме жазбалар.

Тұрақты

10 жыл


17.

Жылдық қаржылық есептілікті әзірлеу және талдау жасау жөніндегі талдамалық кестелер.




Тұрақты

5 жыл


18.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органдармен
хат жазысу.

3 жыл

3 жыл


19.

Бастапқы құжаттар және шаруашылық операциясын жасау фактісін белгілейтін және бухгалтерлік жазба үшін негіз болып табылатын олардың қосымшалары.

5 жыл1

5 жыл1

1 Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер , тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

20.

Есеп айырысу (есеп айырысу-төлем) ведомостары.

5 жыл1


1Жеке шоттар болмаған жағдайда - 75 жыл.

21.

Түгендеу карточкалары және негізгі қаражатты есепке алу кітаптары.

5 жыл1

5 жыл1

1Негізгі қаражатты жойғаннан кейін.

22.

Ақша сомалары мен тауар-материалдық құндылықтарды алуға сенімхат (оның ішінде күші жойылған сенімхаттар).

5 жыл1

5 жыл1

1Негізгі қаражатты жойғаннан кейін,

23.

Есепке алу тіркелімдері (бас кітап, журналдар-ордерлер, әзірлеме кестелер), қосалқы және бақылаукітаптары, журналдар, картотекалар, кассалық кітаптар, айналым ведомостары.

5 жыл1

5 жыл1

1Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер , тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

24.

Шоттарды, кассалық ордерлерді, сенімхаттарды, төлем тапсырмаларын тіркеу журналдары, кітаптары.

5 жыл

5 жыл


25.

Жалақы қорларын, лимиттерін есепке алу мен олардың жұмсалуын қадағалау туралы, жалақы бойынша артық жұмсалым мен қарыз туралы, жалақыдан, әлеуметтік сақтандыру құралдарынан ұсталымдар туралы, демалыс және жұмыстан босату жәрдемақыларын төлеу туралы мәліметтер.

5 жыл

5 жыл


26.

Түгендеу жөніндегі құжаттар (түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, түгендеу тізімдемелері, актілер, салыстырмалы ведомостар).

5 жыл1

5 жыл1

1Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер , тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

27.

Жәрдемақылар, зейнетақылар, әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысқа жарамсыздық қағаздарын төлеу жөніндегі құжаттар (есептердің көшірмелері, хаттамалардан үзінділер, қорытындылар).

Қажеттілігі өткенге дейін1

Қажеттілігі өткенге дейін1

1Кемінде 5 жыл.

28.

Орындау қағаздары.

Қажеттілігі өткенге дейін1

Қажеттілігі өткенге дейін1

1Кемінде 5 жыл.

29.

Демалыстарға ақы төлеу, салық бойынша жеңілдіктер алу үшін бухгалтерияға берілетін анықтамалар.

Қажеттіл ігі өткенге дейін1

Қажеттілігі өткенге дейін1

1Кемінде 5 жыл.

30.

Дебиторлық берешек, кем шығу, ысырап қылу, талан-тараж бойынша құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, хат жазысу).

Қажеттіл ігі өткенге дейін1

Қажеттілігі өткенге дейін1

1Кемінде 5 жыл.

31.

Негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі құжаттар (хаттамалар, актілер, есептер).

Тұрақты

Қайта бағалағанға дейін


32.

Қайта бағалау актілері, ведомостары және негізгі қаражаттың тозуын анықтау.

Тұрақты

Қайта бағалағанға дейін


33.

Үйлердің, ғимараттардың және жабдықтың паспорттары.

Тұрақты

Тұрақты


34.

Құжаттық ревизиялар мен бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу жөніндегі құжаттар (жоспарлар,
есептер, хат жазысу).

3 жыл



35.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қаржы-шаруашылық қызметтің құжаттық ревизиясының актілері, құжаттары (анықтамалар, ақпараттар, баянжазбалар).

5 жыл1

5 жыл1

1Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер , тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

36.

Кассаларды, салықтарды өндіріп алудың дұрыстығын тексеру актілері.

5 жыл

5 жыл


37.

Шарттар, келісімдер.

5 жыл1

5 жыл1

1Шарттың, келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тексерулер аяқталған жағдайда.

38.

Шарттардың тізілімдері.

5 жыл



39.

Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.

5 жыл1

5 жыл1

1Материалдық жауапты тұлға жұмыстан шыққаннан кейін.

40.

Әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша хат жазысу.

5 жыл



41.

Қол қою (материалдық жауапты тұлғалардың) үлгілері.

Қажеттілігі өткенге дейін

Қажеттілігі өткенге дейін


42.

БЖЗҚ және ЕЖЗҚ салық декларациялары және салықтардың барлық түрлері бойынша оларға есеп айырысулар, салықтық әкімшілендіру бойынша құжаттар және резиденттік сертификаттары

5 жыл ЭТК



4. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ

43.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін лицензиарға берілген құжаттар (қаржы құжаттары, зейнетақы ережелері, ішкі бақылау туралы ереже, есеп саясаты, экономикалық негіздеме, кастодиандық шарт).

Тұрақты



44.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға берілген басшы қызметкерлеріне үміткерлерді келісу үшін құжаттар (өтініш, сауалнама, жеке құжаттардың көшірмелері, бұйрық, хаттамадан үзінді көшірме).

Тұрақты

Тұрақты


45.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ филиалдары мен өкілдіктерін ашуға және жабуға құжаттар (бұйрық, шешім, экономикалық негіздеме, сенімхат).

Тұрақты

Тұрақты


46.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ автоматтандырылған ақпарат жүйесі туралы құжаттар (техникалық тапсырма, актілер, есептер, сипаттама).

Тұрақты



47.

Зейнетақы шарттары, сондай-ақ зейнетақы шарты деректерінің өзгеруіне әсер ететін құжаттар.

5 жыл1

5 жыл1

1Шарттың, келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тексерулер аяқталған жағдайда.

48.

Жеке зейнетақы шоттары бойынша деректер базасы

80 жыл-«В»2

80 жыл- «В»2

2электрондық тасымалдағышта

49.

Жеке зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы1.

Тұрақты1

Тұрақты1

1электрондық тасымалдағышта

50.

Бастапқы құжаттар және зейнетақы жарналарының түсуін растайтын оларға қосымшалары.

5 жыл1


Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер , тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

51.

Инвестициялық шот бойынша кастодиан банктің жиынтық хабарламасы.

5 жыл



52.

Инвестициялар портфелінің құрылымы.

5 жыл



53.

Банктік, кастодиандық шоттардан үзінді және оларға қосымшалары.

5 жыл



54.

Инвестициялық портфельді басқарушысымен және кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілері

5 жыл



55.

Шартты бірлік құнын жыл сайын есептеу.

Тұрақты



56.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға электрондық өтінімі

Тұрақты1


1Электрондық тасымалдағышта.

57.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінде және жеке зейнетақы шотында салымшының нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелерінің қоса бере отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа салымщылардың (алушылардың) деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін электрондық өтінімі

Тұрақты1


1Электрондық тасымалдағышта.

58.

Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару бойынша құжаттар (өтініштер).

5 жыл1

5 жыл1

1 Аударғаннан кейін.

59.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ берілген, зейнетақы төлемдерін алуға және жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құжаттар (өтініш, жеке құжаттардың көшірмелері, жұмыстан шығу, шақыру қағаздары, мұрагерлік құқығы, қайтыс болғандығы туралы куәлік).

75 жыл-«В»

75 жыл-«В»


60.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға өтініш.

1 жыл

1 жыл


61.

Салымшыларға хабарламалар жіберу тізілімдері.

2 жыл

2 жыл


62.

Жылдық ақпараттандыру және салымшыларға жылдық ақпараттандыру бойынша хабарландыру кезде салымшылар (алушылар) алмаған жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер

1 жыл

1 жыл


63.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің негізгі қызметі бойынша хат жазусы.

5 жыл

5 жыл


64.

Зейнетақы жарналары салымшыларымен (алушылармен) және салымшыларымен/ алушылармен хат жазысу.

5 жыл

5 жыл


65.

ЕЖЗҚ қайта ұйымдастыруға және таратуға қатысты құжаттар (қаулылар, шешімдер, хаттамалар, актілер, хабарландыру қорытындылары және т.б.)

Тұрақты



_____________________
1Бірінғай жинақтаушы зейнетақы қоры
2Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры

Ескерту: 75 жыл - "В" - осындай сақтау мерзімімен белгіленген құжаттар күшін, сақтау мерзімін есептеу істің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін ("В" әрпімен белгіленген) есепке ала отырып жүргізу қажет. Істі сақтаудың ұзақтығы іс жүргізуші адам оны бітіргеннен кейін 75 жасқа - "В"-ға тең болуы тиіс, мұндағы "В" істің аяқталу кезіне қарай тұлғаның жас мөлшерін белгілейді.