Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қарашадағы № 507 (2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4992 болып енгізілген, 2007 жылы 30 қарашада № 184 (1387) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | М. Орынханов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығымен бекітілген |
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мамандықтың коды | Білім профилі, мамандық атауы |
0100000 – Білім беру | |
0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
0102000 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлер бойынша) |
0103000 | Дене тәрбиесі және спорт |
0105000 | Бастауыш білім беру |
0111000 | Негізгі орта білім беру |
0300000 – Медицина, фармацевтика | |
0302000 | Медбикелік іс |
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару | |
0513000 | Маркетинг |
0515000 | Менеджмент (қолдану аясы және салалары бойынша) |
0516000 | Қаржы (салалар бойынша) |
0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) |
0519000 | Экономика (салалар бойынша) |
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі | |
0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) |
0900000 – Энергетика | |
0902000 | Электрмен қамтамасыз ету |
0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) |
0915000 | Гидроэнергетика |
1000000 – Металлургия және машина жасау | |
1014000 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) |
1200000 – Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану | |
1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
1216000 | Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі |
1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі |
1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру |
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника | |
1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) |
1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
1305000 | Ақпараттық жүйелер |
1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) |
1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |
1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану |
1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы |