Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8731 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 111 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. "Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қарашадағы № 507 (2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4992 болып енгізілген, 2007 жылы 30 қарашада № 184 (1387) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

М. Орынханов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 347 бұйрығымен
бекітілген

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 495 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мамандықтың коды

Білім профилі, мамандық атауы

0100000 – Білім беру

0101000

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

0102000

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлер бойынша)

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

0105000

Бастауыш білім беру

0111000

Негізгі орта білім беру

0300000 – Медицина, фармацевтика

0302000

Медбикелік іс

0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару

0513000

Маркетинг

0515000

Менеджмент (қолдану аясы және салалары бойынша)

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

0519000

Экономика (салалар бойынша)

0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

0900000 – Энергетика

0902000

Электрмен қамтамасыз ету

0911000

Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)

0915000

Гидроэнергетика

1000000 – Металлургия және машина жасау

1014000

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

1200000 – Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану

1201000

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1216000

Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі

1219000

Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі

1226000

Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника

1302000

Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

1305000

Ақпараттық жүйелер

1306000

Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

1401000

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

1410000

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы