Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8692 тіркелді

Жаңартылған

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейін кастодиандар жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кастодиандық қызметті жүзеге асыру кезінде «Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5796 тіркелген) талаптарын басшылыққа алады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 184 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында
кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы,  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кастодиан – қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк);
      2) кастодиандық шарт – кастодиан және оның клиенті жасайтын клиенттің активтерін жауапты сақтау және есепке алу туралы шарт;
      3) кастодиандық шарт - кастодиан және оның клиенті жасайтын, клиентке кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызмет ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсыру шарты;
      4) клиенттің активтері – жеке және заңды тұлғаларға тиесілі немесе кастодиандық қызметке берілген инвестициялық пай қорын құрайтын активтердің жиынтығы;
      5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Кастодиан бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, кастодиандық шартқа және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 73-бабының 3-тармағында, Инвестициялық қорлар туралы заңның 8-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кастодиан өз клиентінің үлестес тұлғасы болып табылмайды.
      Осы тармақтың талабы Ұлттық Банкке қолданылмайды.
      4. Кастодианның бас офисінің үй-жайларында және оның кастодиандық қызметті жүзеге асыратын филиалдарында, клиенттер үшін қол жетімді орындарда бағалы қағаздар нарығында және сейфтік операцияларға (құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй-жайларды, сондай-ақ құжаттар тізбесін қоса отырып, құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ кастодиан клиенттің бірінші талабы бойынша осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес танысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі орналастырылады.
      5. Кастодиан клиенттің алғашқы талап етуі бойынша клиенттің талап етуді (сұратуды) алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оған танысу үшін мыналарды:
      1) Қағидалардың және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметін жүзеге асыруды реттейтін уәкілетті органның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелерін;
      2) кастодианның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және кастодиан мөрінің таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшірмелерін;
      3) кастодианның соңғы есепті кезеңде қаржылық есептілігін;
      4) пруденциалдық нормативтерді сақтау жөніндегі мәліметтерді;
      5) қатарынан соңғы он екі ай ішінде осы кастодианға және (немесе) оның басшы қызметкерлеріне уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы мәліметтерді ұсынады.
      6. Клиенттерге осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін бергені үшін кастодиан оларды дайындауға (қалыптастыруға) кеткен шығындар шамасынан аспайтын мөлшерде төлем алады.
      7. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті қаржы нарығындағы өзге де қызмет түрлерімен қоса атқаратын екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – банк) мыналарды:
      1) банктің ұйымдық құрылымында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшенің (бөлімшелердің) болуын;
      2) кастодиандық қызметін жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) және осы бөлімшенің (бөлімшелердің) қызметкерлерінің функцияларымен және қаржы нарығында қызметтің өзге түрлеріне жатпайтын, сондай-ақ кастодиандық қызметін жүзеге асырмайтын банк бөлімшелерінің (бұдан әрі – басқа бөлімшелер) қызметкерлеріне осы бөлімшенің (бөлімшелердің) қызметкерлерінің құқықтары мен өкілеттіктерін банктің басқа бөлімшелеріне құқық беру (өкілеттік беру) міндеттерін орындамауын болдырмау;
      3) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) жекелеген үй-жайларының болуын;
      4) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімше (бөлімшелер) орналасқан үй-жайларда реттелетін кіру жүйелерінің болуын;
      5) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде (бөлімшелерде) банктің басқа бөлімшелерінің есепке алу және құжат айналымы жүйелерінен бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын;
      6) банктің басқа бөлімшелері қызметкерлерінің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінің (бөлімшелерінің) құжаттамаларына және бағдарламалық-техникалық кешендеріне (оның ішінде деректердің электрондық массивтеріне) кіруіне жол бермеуді;
      7) басшы қызметкерлер мен қызметкерлердің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінде (бөлімшелердің) болатын (олар өздерінің лауазымына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктеріне орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты банктің басқа бөлімшелерінің қызметкерлеріне бермеуін қамтамасыз етеді.
      8. Қағидалардың 7-тармағы 6) және 7) тармақшаларының талаптары басшы қызметкерлер мен қызметкерлердің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінде (бөлімшелердің) болатын (олар өздерінің лауазымдарына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктеріне орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты функцияларына банктегі ішкі аудитті және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, ішкі ережелерінің және банк процедураларының талаптарына сәйкес келуіне ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіретін банк қызметкерлеріне беру жағдайларына қолданылмайды.

2. Кастодиандық шарт

      9. Кастодиандық шарт кастодиан мен клиенттің арасында жазбаша нысанда жасалады.
      Арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бойынша бос түсімдерді инвестициялау кезде басқаруында арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бар арнайы қаржы компаниясының және инвестициялық портфельді басқарушы арасында кастодиандық шарт (бұдан әрі – арнайы қаржы компанияның инвестициялық портфелі).
      9-1. Клиентпен кастодиандық шарт кастодиан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Кастодиан резиденттік белгісі бойынша клиентпен кастодиандық шарт жасасудан бас тартпайды.
      11. Кастодиандық шартта кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қормен немесе арнайы қаржы компаниясымен немесе арнайы қаржы компаниясымен және арнайы қаржы компанияның инвестициялық портфельді басқарушысымен жасалатын кастодиандық шартты қоспағанда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 75-бабының 3-тармағында белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптардан басқа мыналар қамтылады:
      1) кастодианның бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, сондай-ақ кастодианның клиенттен немесе клиенттің шоттарын басқаруға өкілеттігі бар ұйымнан кастодианның осы Қағидалардың 22-тармағының 8) тармақшасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды алу құқығы;
      2) кастодианның клиент алдындағы есептілігінің нысаны мен кезеңділігі;
      3) клиентке активтерді қайтару не клиенттің активтерін жаңа кастодианға тапсыру тәртібі;
      4) салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігі;
      5) тараптардың біреуінің бастамасы бойынша және (немесе) уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде кастодиандық шартын бұзу тәртібі мен талаптары;
      6) уәкілетті органға нақты болуын және сақталатын резервтік көшірмесінің мазмұнын тексеруге мүмкіндік беретін шарттар;
      7) кастодианның кастодиандық қызметін реттейтін ішкі құжаттарымен танысқаны туралы клиенттің белгісі;
      8) кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де ережелер.
      Осы тармақтың 3)5) және 7) тармақшаларының талаптары кастодиан мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған кастодиандық шарттың мазмұнына қолданылмайды.
      12. Кастодиан кастодиандық қызметтерді көрсету тарифтерінің өзгергені туралы клиенттерді кастодиандық шартта белгіленген тәртіппен олар қолданысқа енгізілу күніне дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      13. Кастодиандық шарттың қолданыста болуының барлық мерзімі ішінде кастодиан клиенттеріне:
      1) оның пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері туралы;
      2) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру (жаңарту), сондай-ақ одан айырылуы туралы;
      3) бұйрықты берген клиенттің бұйрығы (тапсырмасы) бойынша қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді тіркеу (кастодианның есепке алу жүйесінде операциялар жүргізу) барысында мүдделер қайшылығының туындау фактілері туралы;
      4) клиенттің активтерімен мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы;
      5) клиенттің бұйрығында көрсетілген тапсырмасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу туралы хабарлайды.
      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресімделеді және клиенттерге осындай хабарламаны жіберу үшін негіздеме туындаған күннен келесі күннен кейін жұмыс күнінен кешіктірмей кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында айқындалған байланыстың факсимильдік, телекстік немесе өзге де мүмкін болатын түрімен жіберіледі және кастодианның жіберілетін хат-хабарлар журналдарында тіркеледі.
      14-1. Кастодиан жеке тұлға клиентпен кастодиандық шартты жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы:
      1) кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қормен жасалатын кастодиандық шарттың екінші тарапқа оларды бұзудың белгіленген күніне дейінгі күнтізбелік жиырма күн бұрын;
      2) арнайы қаржы компаниясымен немесе арнайы қаржы компаниясымен және арнайы қаржы компанияның инвестициялық портфельді басқарушысымен жасалатын кастодиандық шарттардың екінші тарапқа оларды бұзудың белгіленген күніне дейінгі күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етеді.
      Өзге де кастодиандық шарттарды бұзудың бастамашысы шарттың екінші тарапына кастодиандық шартта белгіленген мерзімде хабардар етеді.
      16. Кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күн басталғанға дейін кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің активтерін кастодиан клиентке немесе жаңа кастодианға немесе басқа номиналды ұстаушысына немесе тіркеушіге тапсырады.
      17. Кастодиандық шарт бұзылған кезде кастодиан клиенттердің активтерін тапсырғанға дейін кастодиандық шарт бойынша міндеттемелерін орындайды.

3. Кастодиандық қызмет

      18. Кастодиан клиенттердің активтері кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуіне нақты берілген және кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған клиенттің шотына есепке алынған сәттен бастап олардың сақталуына, шынайы және актуалды есепке алуға жауапты болады.
      19. Кастодиан өзіне сеніп тапсырылған клиенттердің активтерін өз мүдделеріне, өзінің үлестес тұлғаларының мүдделеріне пайдаланбайды, оның ішінде олармен өз міндеттемелері бойынша және өзінің үлестес тұлғаларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, кепілге бермейді және көрсетілген активтерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген іс-әрекеттер жасамайды.
      20. Кастодиан өз функцияларын іске асыру мақсатында:
      1) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды ұсталуын жүзеге асырады;
      2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген активтердің есебін жүргізуді және сақталуын, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде олардың бар болуын қамтамасыз етеді;
      3) кастодиндық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен жасалған мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін көрсетеді;
      4) клиенттің эмиссиялық бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркейді және осындай бағалы қағаздар бойынша оның құқығын растайды;
      5) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де активтері бойынша кірістер алады және оларды клиенттердің шоттарына есепке алады;
      6) меншікті активтерге қатысты клиенттер активтерінің жеке сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етеді;
      7) Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің шоттарын жүргізу және есепке алу технологиясын сақтайды;
      8) өз клиенттерінің активтерімен жасалған мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне, оның ішінде Қағидалардың 242526-тармақтарында белгіленген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін мақсатты орналастыруына (пайдалануына) бақылау жасайды;
      9) клиенттерге тұрақты негізде және алғашқы талап етуі бойынша олардың шоттарының жай-күйі туралы есептілікті береді;
      10) кастодианның есепке алу жүйесінде клиенттерге ашылған шоттардағы клиенттердің активтері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің, тіркеушінің және орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша клиенттерге ақпарат береді;
      11) уәкілетті орган сұрататын ақпаратты береді;
      12) кастодиандық шартта көзделген қызметтерді көрсетеді.
      21. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан мыналарды жүзеге асырады:
      1) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кіріс алу бойынша операцияларды есепке алу;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ақшаны есепке алу және сақтауға арналған оның шоттарының жай-күйі туралы, сондай-ақ Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шоттар бойынша есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын хабардар ету;
      3) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру үшін, оның ішінде Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеру үшін ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есепті кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын жасау;
      4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алған комиссиялық сыйақы сомаларына бақылау жүргізу;
      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылау жүргізу.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері құрылымының Қазақстан Республикасы заңнамасының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы және зейнетақы қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, кастодиан сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлайды.
      22. Инвестициялық қордың активтерін сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан мыналарды жүзеге асырады:
      1) инвестициялық қордың акциялары мен пайларын орналастыру және сатып алу, инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операцияларды, сондай-ақ инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруға байланысты операциялар бойынша есептерді есепке алу;
      2) инвестициялық портфельді басқарушысын ақшаны есепке алу және сақтауға арналған инвестициялық қор шоттарының жай-күйі туралы, сондай-ақ нысан бойынша шоттар бойынша есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын хабардар ету;
      3) басқаруында инвестициялық қор активтері болатын инвестициялық портфельді басқарушысына (бұдан әрі инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушы) беру үшін, оның ішінде Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеру үшін кастодианның ішкі құжаттарында анықталған нысан бойынша инвестициялық қор активтерінің құрылымы туралы есепті кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын жасау;
      4) инвестициялық қордың активтері есебінен, оның ішінде инвестициялық қордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларға комиссиялық сыйақылар бойынша орындалуға тиісті міндеттемелерді есепке алу;
      5) инвестициялық қордың активтері құрамының Қазақстан Республикасы заңнамасының, акционерлік инвестициялық қорының инвестициялық декларациясының, инвестициялық пай қоры қағидаларының талаптарына сәйкес келуіне бақылау жүргізу;
      6) инвестициялық қор активтерінің құнын, қозғалысын және құрамын есепке алу, сондай-ақ пайларды кейіннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі құнын есептеу.
      Кастодиан инвестициялық қордың активтері құрылымының (құрамының) Қазақстан Республикасы заңнамасының, акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы және инвестициялық пай қорының қағидалары талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға және инвестициялық портфельді басқарушысына хабарлайды.
      23. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан мыналарды жүзеге асырады:
      1) инвестициялық кіріс алғаннан кейін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерiмен жасалған операцияларды есепке алу;
      2) арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді басқарушысына нысан бойынша шоттардың жай-күйі туралы кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын хабардар ету;
      3) арнайы қаржы компаниясына нысан бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде ай сайын хабардар ету;
      4) арнайы қаржы компаниясының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасының және арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушысының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының талаптарына сәйкес мақсатты орналастырылуына бақылауды жүргізу;
      5) арнайы қаржы компаниясы активтерінің құнын, қозғалысын және құрамын есепке алу.
      Арнайы қаржы компаниясының активтері құрылымының (құрамының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушысының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, кастодиан сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға, арнайы қаржы компаниясына және арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфелін басқарушысына хабарлайды.
      24. Кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылауды кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жүргізуге ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған құжаттары мен бұйрықтарын (тапсырмаларын):
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында;
      2) инвестициялық декларацияда;
      3) зейнетақы қағидаларында;
      4) уәкілетті орган қолданған, зейнетақы активтеріне қатысты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларында немесе ертерек ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.
      25. Кастодиан инвестициялық қор активтерінің мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылауды инвестициялық қор активтерін қатыстыра отырып, жасалған мәмілелер бойынша құжаттардың және кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жүргізуге инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушысы ұсынған бұйрықтарының (тапсырмаларының):
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында;
      2) инвестициялық декларацияда (инвестициялық қордың активтеріне қатысты);
      3) инвестициялық пай қорларының қағидаларында;
      4) уәкілетті орган қолданған, инвестициялық қордың активтеріне қатысты инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушысының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларында немесе ертерек ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.
      26. Кастодиан арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылауды кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жүргізуге арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфелін басқарушысы не арнайы қаржы компаниясы ұсынған құжаттары мен бұйрықтарының (тапсырмаларының):
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында;
      2) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушысы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартында;
      3) уәкілетті орган қолданған, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне қатысты инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларында немесе ертерек ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.
      27. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің, инвестициялық қорлар активтерінің және арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылау жасау функциясын орындау шеңберінде кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша көрсетілген активтер есебінен операция жүргізуге алынған бұйрық Қағидалардың 2425 және 26-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде операцияны (орындалуды) тіркейді және осы бұйрықты (осы тапсырманы) берген тұлғаға тиісті бұйрықтың (тапсырманың) орындалуы туралы есепті жібереді.
      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген есепті жіберу қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша талап етілмейді.
      28. Кастодиан бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 2425 және 26-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда кастодиан бұйрықты (тапсырманы) тоқтатқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органды, өзінің клиентін және бұйрықты (тапсырманы) берген тұлғаны хабардар етумен, кастодиан осы бұйрықты (осы тапсырманы) тоқтатады (орындамайды).
      29. Кастодиан Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетел ұйымында (бұдан әрі – шетелдік номиналды ұстаушы) сақтауда тұрған клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздарының және өзге қаржы құралдарының сақталуын және дәйекті есепке алынуын кастодиан мен шетелдік номиналды ұстаушының арасында жасалған тиісті шарттың негізінде қамтамасыз етеді, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу мәніне бақылау жасайды.
      30. Кастодиан эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдармен мәмілелерді тіркеуді, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірмелер беруді және ақпаратты ашуды, сондай-ақ номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде өзге операцияларды жүргізуді Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде (бұдан әрі - № 61 ереже) және Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.

4. Клиенттердің активтерін есепке алуды ұйымдастыру

      31. Клиенттердің активтерімен жасалатын операцияларды есепке алу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және оларды бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. Кастодианның ішкі есеп жүргізу жүйесіндегі оның клиенттерінің активтері баланстық және баланстан тыс шоттарында есепке алынады.
      33. Кастодиан әрбір клиентке оның активтерінің есебін жүргізуге арналған жеке шот ашады және кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған клиент шотының шегінде қосалқы шоттар ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген шетелдік бағалы қағаздардың есебін жүргізу мақсаттары үшін кастодианның есеп жүргізу жүйесінде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның әрбір клиентіне (бұдан әрі - бірінші санаттағы брокер) осы бірінші санаттағы брокерге ашылған жеке шоттың шеңберінде осы клиентке тиесілі шетелдік бағалы қағаздарын есепке алу үшін жеке баланстан тыс шот ашылады.
      Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де активтерді есепке алу мақсаттары үшін кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушыны көрсете отырып ақшаны есепке алуға арналған жеке банк шоты және бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын (ақшаны қоспағанда), сондай-ақ өзге активтерді есепке алуға арналған баланстан тыс шот ашылады.
      Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің есепке алу мақсаттары үшін кастодиан арнайы қаржы компаниясына бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын (ақшаны қоспағанда) есепке алуға арналған жеке баланстан тыс шотты және ақшаны есепке алуға арналған банк шотын ашады.
      34. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу қызметтерін көрсететін кастодиан мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard&Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкінің Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банкі болып табылады;
      2) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне (Еuroclear және Сlearstream International түріндегі) мынадай түрдегі:
      тікелей қол жетімділігі;
      бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей қол жетімділігі бар шетелдік номиналды ұстаушымен кастодиандық шарт жасасу арқылы;
      орталық депозитарий көрсететін қызметтерді пайдалану арқылы қол жетімділігі бар.
      35. Кастодианның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтері, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтерін, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және олармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, кастодианды шарттарда және кастодианның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      36. Кастодиан оған кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиенттердің активтерін актуалды есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында айына кем дегенде бір рет өзінің клиенттерінің ақшасын, қаржы құралдарын және өзге активтерін есепке алу жүйесінің деректерін бірінші санаттағы брокер-дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, орталық депозитарийдің, сондай-ақ шетелдік номиналды ұстаушының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексереді.
      37. Кастодианды есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарий ережелерінің жинағына сәйкес жүзеге асырылады.
      38. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, сондай-ақ кастодиандық қызмет көрсетуге берілген, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін салыстырып тексерудің ерекшеліктері кастодианды шартпен белгіленеді.
      39. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін бірінші санаттағы брокердің, инвестициялық портфельді басқарушының деректерімен салыстырып тексеру мынадай мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісін жасау арқылы жүзеге асырылады:
      1) деректерді салыстырып тексеру актісі жасалған күн, салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезең;
      2) салыстырып тексеру актісі жасалған күнгі жағдай бойынша кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы (қосалқы шоттардағы) активтердің қалдығы туралы ақпарат;
      3) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезең ішінде кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар (қосалқы шоттар) бойынша, оның ішінде салыстырып тексеру күнінде шетелдік номиналды ұстаушыда болған активтер бойынша активтер қозғалысы туралы ақпарат;
      4) салыстырып тексеру актісі жасалған күнге инвестициялық қордың активтері құрамына кіретін ақша және қаржы құралдарынан басқа активтердің қалдықтары және салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңде осы активтермен жасалған мәмілелер (операциялар) туралы ақпарат.
      Деректерді салыстырып тексеру актісі екі данада жасалады, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың өкілдері қол қояды және олардың мөрлерімен расталады.
      40. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін шетелдік номиналды ұстаушының деректерімен салыстырып тексеру SWIFT төлем жүйелері не шетелдік кастодианмен жасасқан шартта көзделген байланыстың басқа да құралдары арқылы жүзеге асырылады және кастодианның клиенттеріне тиесілі және салыстырып тексеру жүргізілген күндегі жағдай бойынша шетелдік номиналды ұстаушының шоттарындағы қаржы құралдарының қалдықтарын кастодианның есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеру болып табылады.
      Салыстырып тексеру жүргізілген құжаттар, оның ішінде SWIFT - хабарламалар салыстырып тексеру жүргізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталуы тиіс.
      41. Егер Қағидалардың 36-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша алшақтықтар болған жағдайда, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптар оларды жою шараларын қабылдайды және сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу кезінде кастодиан салыстырып тексеру нәтижелерінің сәйкессіздігі туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді.
      42. Кастодианның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте кастодиан № 61 ереженің 18-тармағында көзделген есепке алу журналын, сондай-ақ мыналарды:
      1) кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың және арнайы қаржы компанияларының жеке шоттары бойынша операцияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына мен инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы ережелеріне және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының ережелеріне, және (немесе) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмеуі себебінен қабыл алмаған (орындамаған) операцияларын;
      2) кастодиан инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін ақша және қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық портфельді басқарушы мүлікпен жасалан мәмілелер (операциялар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына сәйкес келмеуі себебінен қабыл алмаған (орындамаған) инвестициялық қорлардың ақша және қаржы құралдарынан басқа, мүлкімен жасалған мәмілелер (операциялар);
      3) кастодианға инвестициялық қорлардың инвестициялық портфельді басқарушыларының не арнайы қаржы компанияларының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына және инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы ережелеріне және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының ережелеріне, және (немесе) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмейтін арнайы қаржы компанияларының берілген бұйрықтары (тапсырмалары) туралы уәкілетті органға жіберілген хабарламаларды есепке алу журналдарын жүргізу арқылы дәйекті және актуалды есепке алуды (есепке алу деректерін өзгертуге негіздемелер туындаған күні) жүзеге асырады.
      43. Кастодиан Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 52-бабына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет нәтижелері туралы есептерді жасайды және уәкілетті органға ұсынады.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу

      44. Ұлттық Банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау мен есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан болып табылады.
      45. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерімен операцияларды есепке алу Ұлттық Банк және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес ашылған Ұлттық Банктегі шоттарда жүзеге асырылады.
      46. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі;
      2) кастодианның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу бойынша қызметін Ұлттық Банк жүзеге асыруын көздейтін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның талаптары өзгеруі Ұлттық Банк және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиандық шартты бұзуға негіздемелер болып табылады.
      47. Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша кастодиандық шартты бұзу белгіленген күнге дейін кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жаңа кастодианға береді.
      Кастодиандық шартты бұзу кезінде кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бергенге дейін кастодиандық шарт бойынша міндеттемелерін орындайды.
      48. Кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік қаржы құралдары ұсынған және (немесе) шетелдік қаржы құралдарына инвестициялауға арналған зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітілген шетелдік кастодиандар ішінен шетелдік кастодиандардан шот ашады.
      49. Кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу жөніндегі функцияларды іске асыру мақсатында:
      1) зейнетақы активтерін құрайтын және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстауды;
      2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген зейнетақы активтерін құрайтын эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін көрсетуді;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін құрайтын эмиссиялық бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және оның осы бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растауды;
      4) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операцияларды есепке алуды;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған оның шоттарының жай-күйі туралы, сондай-ақ шоттары бойынша есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы осы кастодиандық шартта көзделген нысанда, тәртіпте және мерзімде ай сайын хабардар етуді;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есепті сәйкес нысан бойынша кастодиандық шартта белгіленген нысанда, тәртіпте және мерзімде ай сайын ұсынуды;
      7) өзіне сеніп тапсырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуді;
      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасауды;
      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған комиссиялық сыйақы сомаларына бақылау жасауды;
      10) кастодиандық шартта көзделген қызметтерді беруді жүзеге асырады.
      50. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасауды кастодиан кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жасауға ұсынылған құжаттар және бұйрықтардың (тапсырмалардың):
      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясымен;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларымен;
      4) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартпен;
      5) уәкілетті орган қолданған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларымен немесе санкциялармен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қатысуымен жасалған мәмілелерді мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      51. Кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасау функциясын орындау шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша көрсетілген активтердің есебінен операция жүргізуге алынған бұйрық осы Қағидалардың 50-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде операцияны тіркейді (орындайды) және тиісті бұйрықтың (тапсырманың) орындалуы туралы есепті осы бұйрықты (осы тапсырманы) берген тұлғаға жібереді.
      Кастодиан бұйрықтың (тапсырманың) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда осы бұйрықты (берілген тапсырманы) оқшаулайды (орындамайды) және кастодиан бұйрықты (тапсырманы) оқшаулаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және бұйрық (тапсырма) берген тұлғаны тез арада хабардар етеді.
      52. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерімен операцияларды есепке алу және жүргізу, сондай-ақ олар бойынша кірістерді алуға және бөлуге Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қағидаларына және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      53. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу бойынша операцияларды есепке алу мақсатында кастодиан ішкі есепке алу жүйесінде мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын, жинақталған зейнетақы қаражатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдардың түсімдерін және өзге түсімдерді есепке алу үшін арналған зейнетақы жарналарының ағымдағы шотын теңгемен;
      2) төлемдерді алушы банкке зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және (немесе) салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын ерікті зейнетақы жарналарының есебінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодианына немесе салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударымдар жасау, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару үшін арналған зейнетақы төлемдерінің ағымдағы шотын теңгемен;
      3) қаржы құралдары бойынша алынған кірістердің түсімдерін, қаржы құралдарын сатудан және (немесе) өтеуден түскен соманы, зейнетақы жарналарының ағымдағы шотқа түскен соманы есепке алу, шетел валютасындағы қаржы құралдарын сатып алу, салымдарға орналастыру және ұлттық валютада екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған соманы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түсімдерді және шығыстарды алу үшін арналған ағымдағы инвестициялық шотты теңгемен;
      4) шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарын сатып алуға бағытталған зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасын сатып алу, шетел валютасын, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кірістердің түсімдерін сату, қаржы құралдарын өтеу, салымдарға орналастыру және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасында орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы өзге түсімдер мен кірістерді алу үшін арналған ағымдағы инвестициялық шотын шетел валютасында;
      5) Қазақстан Республикасынан шегінен тыс жерлерге салымшылардың тұрақты тұруға кетуіне байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін арналған зейнетақы төлемдерінің ағымдағы шотын шетел валютасында;
      6) кастодианның ішкі есепке алу жүйесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялау үшін рұқсат берілген бағалы қағаздарды және басқа қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу үшін шоттарды жүргізу режимдері кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта белгіленеді.
      54. Кастодиан өзіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кастодиандық қызмет көрсетуге берген зейнетақы активтерін өзекті есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында айына бір реттен жиі емес өзінің зейнетақы активтерін (ақшасын, эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын) есепке алу жүйесінің деректерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің дерегіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау үшін шоттары ашылған шетелдік кастодиандардың деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүргізеді.
      55. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.
      56. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының деректерімен салыстырып тексеру ерекшелігі кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.
      57. Кастодиан кастодианның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте, шынайы және өзекті есепке алуды (осы есептің деректерін өзгерту үшін негіздемелер туындаған күні) жүзеге асырады:
      1) № 61 қағидалардың 18-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер;
      2) кастодиан олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) инвестициялық декларацияға және (немесе) бірыңғай жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес келмеу себебі бойынша қабылданбаған (орындалмаған) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттары бойынша операциялар;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодианға жіберілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін бұйрықтары (тапсырмалары) туралы уәкілетті органға жолданған хабарламалары;
      4) кастодианның ішкі құжаттарымен көзделген өзге мәліметтер.
      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді есепке алу тиісті есепке алу журналдарды құру мүмкіндігімен кастодианды бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
      58. Қағидалардың 456789101314151617205960616263646566676869 және 70-тармақтарының талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға қолданылмайды.

6. Клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі

      59. Кастодиан ерікті зейнетақы қорының активтерін, жұмыс істеп тұрған және жаңа кастодианның уәкілетті өкілдері инвестициялық қордың және кастодианның арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодианға беруді клиент жаңа кастодианмен кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасқаннан кейін жүзеге асырады.
      60. Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беруді жүзеге асыру үшін жаңа кастодианға мыналар:
      1) берілетін активтер тізбесі;
      2) берілетін құжаттар тізбесі;
      3) активтерді қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
      Клиенттердің берілетін активтерінің тізбесіне клиенттердің кастодиандық қызмет көрсететін барлық активтері кіргізіледі.
      61. Осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген клиенттердің берілетін құжаттарының тізбесіне:
      1) активтерді беру күнінде кастодианның ішкі есеп жүргізу жүйесінде клиентке ашылған есеп шоттан және орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған қосалқы шоттан алынған үзінді көшірмелерінің көшірмелері;
      2) активтерді беру күні кастодиан мен клиент арасында жасалған салыстырып тексеру актілерінің (Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минут) көшірмелері, сондай-ақ салыстырып тексеру жүргізілген құжаттар;
      3) кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған клиенттердің шоттары бойынша операциялар жүргізуге клиенттердің тапсырмаларын (бұйрықтарын), сондай-ақ кастодиандық шарттарының шеңберінде осы клиенттердің активтердің кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметіне жататын өзге де құжаттар енгізіледі.
      Кастодиан инвестициялық қордың активтерін берілетін құжаттардың тізбесіне беру кезінде қосымша инвестициялық қордың активтері құрамына кіретін ақша мен қаржы құралдарынан басқа, өзге мүлікке қатысты инвестициялық қордың меншік құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелері енгізіледі.
      Арнайы қаржы компаниясының берілетін құжаттар тізбесіне облигациялармен мәмілелерді есепке алу бойынша қызметіне, оның ішінде олар бойынша сыйақы төлеуге жататын құжаттардың көшірмелері қосымша енгізіледі.
      62. Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беруді жүзеге асыру кезінде активтерді қабылдау-тапсыру актісі жасалады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
      1) қабылдау-тапсыру актісі жасалған, клиент жаңа кастодианмен кастодиандық шарт жасасқан күндер;
      2) активтері жаңа кастодианға кастодиандық қызмет көрсетуге берілетін клиент туралы мәліметтер;
      3) қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының қозғалысы және қалдығы туралы мәліметтер;
      4) қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есепке алу жүйесінің деректеріне сәйкес инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін ақша мен өзге қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің қозғалысы және қалдығы туралы мәліметтер;
      5) жаңа кастодианға берілуі тиіс құжаттар тізбесі;
      6) тараптардың деректемелері;
      7) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер.
      63. Кастодиан клиенттердің активтерін, Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген клиенттерді қоспағанда, кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
      64. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтерін, жаңа кастодианға инвестициялық қордың активтерін қабылдау-тапсыру актісінде Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мынадай ақпарат қамтылады:
      1) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша жасалған депонент-банктердің атауын, салымдар сомаларын, банктік салым шартының жасалған күні мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы ақпарат;
      2) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша клиенттердің активтерін құрайтын қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы ақпарат;
      3) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы, сондай-ақ әрбір қаржы құралы бойынша есептелген, бірақ төленбеген сомасы туралы;
      4) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша есептелген және төленген, сондай-ақ төлеуге жататын комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
      5) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер.
      65. Клиент активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күні кастодиан, жаңа кастодиан және клиент не оның уәкілетті өкілі үшін бір-бір данадан үш данада жасалады да, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      66. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан төрт данада жасалады да, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      67. Арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша арнайы қаржы компаниясына, оның инвестициялық портфельді басқарушысына, кастодиан, жаңа кастодиан уәкілетті орган үшін оны бір-бір данадан бес данада жасалады, арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық портфельді (кастодиандық шарттың тарабы болып табылатын) басқарушысының, кастодианның, жаңа кастодианның, уәкілетті органның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      68. Арнайы қаржы компаниясының активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиандық шарт бұзылған күні инвестициялық қордың инвестициялық портфельді басқарушысы, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан төрт данада жасалады да, инвестициялық портфельді басқарушысының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      Акционерлік инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беру кезінде оның активтерін қабылдау-өткізу актісіне акционерлік инвестициялық қордың бірінші басшысы және бас бухгалтері қосымша қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      69. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, инвестициялық қордың активтерін қабылдау-тапсыру актісінің даналарын кастодиандық қызмет көрсетуге активтерді қабылдайтын кастодиан уәкілетті органға оған қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      70. Кастодиан өз клиенттерінің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды және клиенттер қабылдайтын инвестициялық шешімдер үшін жауап бермейді.

7. Инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның  инвестициялық портфельді басқару
қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуы
тоқтатыла тұрған немесе лицензиясынан айырылған жағдайда жаңа
басқарушы компанияны таңдау бойынша, сондай-ақ инвестициялық
пай қорының жұмысын тоқтату бойынша кастодиан қолданатын іс-әрекеттер тәртібі

      71. Кастодиан инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқарушы мыналардың инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе лицензиясынан айырылған жағдайда:
      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының – жаңа инвестициялық қорды басқарушыны таңдайды не ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
      2) жабық инвестициялық пай қорының – жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын осы қордың қағидаларында белгіленген талаптарда және тәртіпте шақыруды қамтамасыз етеді не жабық инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады.
      72. Кастодиан уәкілетті органның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелін басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрғаны немесе лицензиясынан айырылғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мыналарды:
      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының атауын;
      2) ертеректе ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырған инвестициялық қорды басқарушының атауын;
      3) кастодианның өтінімдерді қабылдайтын мерзімін көрсете отырып, осы ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелін басқару қызметін жүзеге асыруға өтінімдерді (бұдан әрі - өтінім) қабылдау туралы ұсынысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды не уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар барлық инвестициялық портфельді басқарушыларға жібереді.
      73. Кастодиан кастодианға өтінім жіберген және Қағидалардың 74-тармағының талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушының талап етуі бойынша оған инвестициялық портфелін басқарушы лицензиясынан айырылған ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтер береді.
      74. Жаңа инвестициялық портфельді басқарушы кастодиан басқармасының шешімімен:
      1) Қағидалардың 72-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімде кастодианға өтінім жіберген;
      2) өтінім жіберген күнге уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтайтын;
      3) өтінім жіберген күнге уәкілетті орган берген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкциялары жоқ инвестициялық портфельді басқарушылар қатарынан таңдалады.
      75. Кастодиан жаңа инвестициялық портфельді басқарушыны тағайындауға қатысты инвестициялық пай қорының қағидаларына енгізілетін өзгерістер күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде инвестициялық пай қорының активтерін мыналар:
      1) қабылдау-тапсыру актісі жасалған күн;
      2) активтері берілетін инвестициялық пай қоры туралы мәліметтер;
      3) қабылдау-тапсыру актісі жасалған күнгі кастодианның есеп жүргізу жүйесінде ашылған шоттардағы ақшаның, бағалы қағаздар мен өзге де активтердің қозғалысы және қалдығы туралы мәліметтер;
      4) жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға берілуі тиіс құжаттар түпнұсқаларының, берілетін құжаттардың түпнұсқалары болмаған жағдайда олардың көшірмелерінің тізбесі;
      5) тараптардың деректемелері;
      6) тараптардың қалауы бойынша өзге де мәліметтер қамтылатын қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға береді.
      76. Инвестициялық пай қорының активтерін қабылдау-тапсыру актісі кастодиан мен жаңа инвестициялық портфельді басқарушы үшін бір-бір данадан екі данада жасалады, оған кастодианның және инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр бедерімен расталады.
      Кастодиан инвестициялық пай қорының активтерін қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін тараптар қол қойған күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.
      77. Кастодиан Инвестициялық қорлар туралы Заңның 33-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер туындаған кезде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
      1) инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатуға негіздер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қордың қағидаларында айқындалған тәртіппен және талаптарда пай ұстаушыларға, уәкілетті органға, инвестициялық пай қорының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдарға, қордың кредиторларына және инвестициялық пай қорының активтерімен орындалмаған мәмілелер тараптарына инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылғаны туралы, осы рәсімді өткізу талаптары мен тәртібі туралы хабарламаны жібереді;
      2) инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатуға негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тіркеушіге бұл туралы хабарлама жібереді;
      3) талаптары инвестициялық пай қорының активтері есебінен қанағаттандырылатын кредиторларды анықтау шараларын қабылдайды;
      4) инвестициялық пай қорының ақысы төленген, бірақ оның қызмет ету кезеңінде қор активтерін сатуға қойылмаған (қордың меншігі ретінде тіркелмеген) активтерін алуды қамтамасыз етеді;
      5) инвестициялық пай қоры активтерінің есебінен қанағаттандырылатын кредиторлардың талаптары қойылатын мерзім аяқталғаннан кейін және көрсетілген кредиторлармен есеп айырысу басталғанға дейін қордың кастодианы инвестициялық пай қоры активтерінің құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың ақысы төленген, бірақ орналастырылмаған активтері туралы мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерді қарау нәтижелері және бұдан былайғы іс-әрекеттер туралы есепті жасайды және уәкілетті органға жібереді;
      6) инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысады;
      7) инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды төлейді;
      8) Инвестициялық қорлар туралы Заңның талаптарына және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес қалған ақшаны пай ұстаушыларының арасында бөліп береді және сатылмаған активтерді өздерінің келісімі болса пай ұстаушыларының меншігіне береді.
      78. Кастодиан Қағидалардың осы бөлімінде көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін:
      1) тіркеушіден қызметін тоқтатуды кастодиан жүргізетін инвестициялық пай қорының пайлары, осы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар, олардың деректемелері мен оларға тиесілі пайлар саны туралы мәліметтерді;
      2) қызметін тоқтатуды кастодиан жүргізетін инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелін басқарушыдан кредиторлар және дебиторлар туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешек, оның ішінде «репо» операцияларын ашу шеңберінде туындаған берешек сомалары туралы ақпаратты сұратады және алады.
      79. Кастодиан Қағидалардың 77-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде инвестициялық пай қорының активтерін сату бойынша мәмілелер жасайды.

Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
кастодиандық қызметті 
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша      

1-нысан

20__ж. «___» ______ бастап «___» ________ дейінгі кезеңде
_______________________________________________________________
      (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер

Ақша ағынының баптары

Сомасы

1.

Есепті кезеңнің басындағы ақша қалдығы


2.

Түскен ақшаның барлығы, оның ішінде:


2.1.

зейнетақы жарналары


2.2.

басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаты


2.3.

өсімпұл


2.4.

нақты алынған инвестициялық кіріс


2.5.

анықталмаған (жаңылысып түскен) сомалар


2.6.

зейнетақы төлемдері шотынан сомаларды қайтару


2.7.

банктік салымдарды қайтару сомасы


2.8.

бағалы қағаздарды өтеуден түскен сомаларды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатудан түскен сомалар


2.9.

басқа сомалар


3.

Барлық инвестицияланған ақша, оның ішінде:


3.1.

бағалы қағаздарға


3.2.

екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға


3.3.

өзге қаржы құралдары


4.

Барлық төлемдер, оның ішінде:


4.1.

жасына қарай зейнетақы төлемдері


4.2.

мұрагерлерге


4.3.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына байланысты


4.4.

жаңылыс есепке алынған сомаларды қайтару


4.5.

комиссиялық сыйақылар аударымдары


4.6.

шетел валютасын сатып алу


4.7.

өзгелер


5.

Есепті кезеңнің соңындағы ақша қалдығы


      Қосымша мәліметтер

Есептелген инвестициялық кіріс


Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақылар


Зейнетақы активтерінен түскен комиссиялық сыйақылар


Өзге мәліметтер


Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
______________________________________   _________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)      (қолы)

Бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
_____________________________________     _________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)       (қолы)

Орындаушы: _______________________  ___________  _______________
           (лауазымы, аты-жөні)        (қолы)   (телефон нөмірі)

Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы «___» __________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
кастодиандық қызметті 
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша     

2-нысан

Зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есеп
_______________________________________________
  (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) 

Эмитенттің атауы

Сәйкестендіру нөмірі

Қаржы құралының түрі

Өтеу мерзімі (өтеу күні)

Акциялар үшін дана саны/облигациялар үшін номиналды саны

Бір қаржы құралын сатып алу құны (теңге)

Қаржы құралына салынатын жиынтық сома

Орналастырылған зейнетақы активтерінің жиынтық шамасынан % жиынтығы

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жиынтығы
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша жиынтығы
Өзге қаржы құралдары бойынша жиынтығы

Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
______________________________________ _________
тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)    (қолы)

Бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
__________________________________     _________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)   (қолы)

Орындаушы: _______________________ ___________ _______________
           (лауазымы, аты-жөні)       (қолы)  (телефон нөмірі)

Есепке қол қойылған күн 20 _____ жылғы «__» __________

Мөрдің орны