Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8691 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын инвестициялық портфельге, ол бойынша осы қаржы құралдары оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерде ескерілетін және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесіне сәйкес қалыптастырылған ағымдағы құны бойынша қабылдасын;
      2) Қағидаларға сәйкес зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру графигіне сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша бірінші жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко 

 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі  
№ 186 қаулысымен     
бекітілген        

Зейнетақы активтерін есепке алуды және
бағалауды жүзеге асыру қағидалары 

      1. Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін есепке алу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордың инвестициялық портфеліндегі және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) акциялардың баланстық құны – уәкілетті органымен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес осы акциялардың эмитентінің қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын акциялардың құны;
      2) борыштық қаржы құралының номиналды құны – шығарылымы кезде айқындалған, пайызда көрсетілген сыйақы, сондай-ақ өтеген кезде борыштық қаржы құралының ұстаушысына төлеуге жататын сомасы есептелетін борыштық қаржы құралы құнының ақша көрінісі;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;
      4) зейнетақы активтерін басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      5) Қазақстан Республикасының резидент басқарушысы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекет жасау тапсырған Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті органның лицензиясы бар ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры немесе Қазақстан Республикасының басқа резидент ұйымы;
      6) қаржы құралдарын бағалау бойынша комитет – жұмыс істеу құрамы және тәртібі зейнетақы активтерді басқарушының ішкі құжаттарымен регламенттелетін зейнетақы активтерін басқарушының алқалы органы;
      7) қаржы құралының ағымдағы құны – бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген қаржы құралының ағымдағы құны;
      8) қаржы құралының әділ құны – Қағидалардың 456789101112131415161718-тармақтарына сәйкес белгіленетін құны;
      9) қарсы әріптес – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдармен мәмілелер жасауға құқығы бар заңды тұлға;
      10) құрылымдық ноттар – шығарылым шарттары негізгі борыш сомасының төлемі және (немесе) оларды шығару шартында берілген көрсеткіштеріне жетуге дейін осы қаржы құралдар бойынша сыйақының байланысын көздейтін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері шығарған қаржы құралдары;
      11) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар - құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;
      12) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін есепке алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдесіндегі № 195 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ тіркелген) «Зейнетақы активтер бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» Қаржылық есептілік стандартына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын және сатылатын, әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы құралдары деп есептелетін ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағалау аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 17.00 сағаттан кешіктірмей алдынғы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында шетелдік кастодиан (кастодиандар) зейнетақы активтерін басқарушысына беретін зейнетақы активтерін жай-күйі туралы ақпараттың негізінде аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында жүзеге асырылады.
      Шетелдік кастодиан (кастодиандар) ұсынбаған жағдайда осы ақпаратты бермеген жағдайда зейнетақы активтерін басқарушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде алдынғы жұмыс күніне ұқсас ақпарат пайдаланылады.
      5. Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін басқарушының шетел кастодиан беретін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы ақпаратта Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қаржы құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қаржы құралдарын бағалау әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде бағаланатын қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда:
      үлестік қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін ағымдағы құны пайдаланылады;
      борыштық қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін номиналды құнына дейінгі амортизацияны ескере отырып ағымдағы құны пайдаланылады.
      6. Зейнетақы активтерін басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасының резидентін (резиденттерін) басқарушының басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын бағалау бағалауы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық (шетел) нарықтарда айналыстағы және сатылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын қоспағанда, Қағидалардың 789101112131415161718-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Акциялары қор биржасының тізіміне енген, параметрлері қор биржасының акциялары (қор биржасының өкілдік тізімі) нарығының индексін есеп айырысу мақсатында пайдаланылатын Қазақстан Республикасы резиденттер ұйымдарының жай және артықшылықты акцияларын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      8. Акциялары қор биржасының өкілдік тізіміне кірмейтін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акциялары:
      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі баланстық құны бойынша есептеледі;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі сатып алған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баланстық құны бойынша есептеледі, жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берген бағалау сәтіне келтірілген құны бойынша есептеледі.
      Келтірілген құны қор биржасының интернет-ресурсында жарияланатын қаржылық есептілігінде көрсетілген не қор биржасының интернет-ресурсында осындай ақпарат болмаған жағдайда, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 76-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес жарияланатын қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын баланстық құнына, мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын 2018 жылғы 1 шілдеге дейін біркелкі өзгерту арқылы анықталады.
      9. Әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы құралдары деп есептелетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан басқа, өзге де қаржы құралдарын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздары осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес анықталатын және қор биржасының интернет-ресурсында жарияланатын әділ құны бойынша есептелінеді.
      Егер Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарына делистинг жүргізілген жағдайда, бағалау мақсаттары үшін қор биржасы соңғы есепті күнге жариялаған осы бағалы қағаздардың соңғы әділ құны пайдаланылады.
      10. Қор биржасы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей өз интернет-ресурсында мынадай:
      1) Қағидалардың 17-тармағына сәйкес анықталатын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының құны туралы;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталатын өзге де мәліметтерді орналастырады.
      11. Халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын және сатылатын, әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы құралдары деп есептелетін ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағалау әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      Шетел мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздардың бағалау әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде бағаланатын қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда:
      үлестік қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін ағымдағы құны пайдаланылады;
      борыштық қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін номиналды құнына дейінгі амортизацияны ескере отырып ағымдағы құны пайдаланылады.
      12. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берген құрылымдық ноттарды бағалау номиналды құнына дейін амортизацияны (сызықтық) ескере отырып соңғы әділ құны бойынша не соңғы әділ құны болмаған жағдайда - номиналды құнына дейін амортизацияны (сызықтық) ескере отырып сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.
      13. Борыштық қаржы құралының номиналды құны осы борыштық қаржы құралының шығарылымы проспектісінің негізінде анықталады.
      14. Тазартылған қымбат металдарды бағалау алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      15. Туынды қаржы құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын ескере отырып, әзірленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте әділ құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      16. Пайларды бағалау инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған соңғы есептелген құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      17. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын қор биржасы мынадай формула бойынша анықтайды:

 
      мұнда:
      P – борыштық бағалы қағаздың әділ құны, номиналды құнына пайызбен;
      i – купондық кезеңнің реттік нөмірі;
      n – облигацияның айналыста болу мерзімінде купондық кезеңдердің саны;
      Y – дисконттау ставкасы;
      T0 – есепті жылдың ұзақтығы, күнмен;
      Tn – белгіленген облигацияларды қайта бағалау күні мен облигацияларды өтеу күнінің арасындағы күндер саны;
      Tki – белгіленген облигацияларды қайта бағалау күнінің және ол бойынша кезекті купонын төлеу күнінің арасындағы күндер саны;
      m – күнмен есептелетін есепті жылдың ұзақтығының күнмен есептелетін купондық кезеңнің ұзақтығына қатынасы;
      Ki – жылдық пайызбен есептелетін есепті жылға облигация бойынша купон ставкасының «m» көрсеткішіне қатынасы.
      Дисконттау ставкасы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен тоқсанына бір рет қор биржасының ресми тізімінің «Борыштық бағалы қағаздары» секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін борыштық бағалы қағаздары кірістілігінің орташа мөлшерленген ставкасын есептеу әдістемесінің негізінде осы тоқсанның алдынғы он екі айдың қорытындысы бойынша тиісті санаттағы (шағын санаттағы) орташа мөлшерленген жылдық кірістілік ставкасына қарай анықталады.
      Қор биржасының директорлар кеңесінің осы шешімі уәкілетті органмен келісу тиіс және есепті тоқсанның бірінші айының он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей қор биржасының интернет-ресурсында жарияланады.
      18. Банк салымдарында орналастырылған активтердің ағымдағы құны банк салымының шартында көрсетілген сыйақы сомасын күн сайын есептеу арқылы белгіленеді.
      19. Қағидалардың 4-тармағында және 11-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, зейнетақы активтерін басқарушысында немесе Қазақстан Республикасының резидент басқарушысында инвестициялық басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнын азайтуына) тест жүргізеді және эмитент қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған салдарынан құнын жоғалту кезінде зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнының азайтылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастырады (құнының теріс түзетуін жүзеге асырады).
      20. Құнсыздануына тест жүргізуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «амортизациялық құны бойынша бағаланатын» санатына және дебиторлық берешектер шоттарына жатқызылған, сондай-ақ банк салымдарына орналастырылған зейнетақы активтері жатады. «Әділ құны бойынша бағаланатын» санатына жатқызылған зейнетақы активтері бойынша эмитенттің дефолты не делистингі және (немесе) банкроттығы жарияланған және (немесе) соңғы жарияланған тоқсандық (жылдық) бухгалтерлік баланстың негізінде теріс меншікті капиталдың және (немесе) халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналатын және саудаланатын қаржы құралдарын қоспағанда, эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамау фактісі болған жағдайда құнын төмендету жүзеге асырылады.
      Қаржы құралдарының құнсыздануы және құнын азайтуы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген әдістемеге (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес Қағидалардың талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      21. Қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізу арқылы құнсыздануын танудың мынадай критерийлері анықталады:
      1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
      2) шығарылған қаржы құралдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу кезінде мерзімін кешіктіру;
      3) кепілдіктің болуы;
      4) рейтингінің болуы;
      5) қаржы құралдарының құнсыздануын куәландыратын өзге объективті ақпарат.
      Акциялардың құнсыздануына тест жүргізу кезде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.
      Әрбір критерий бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Балл сомасы қаржы құралдарының жіктеу санатын анықтау кезінде пайдаланылады. Актив бойынша жиналған баллдардың санын негізге алып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес оның жіктеу санаты және қажетті резервтердің (провизиялардың) мөлшері белгіленеді.
      22. Эмитенттің қаржылық жай-күйі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, әзірлейтін Әдістемеге сәйкес бағаланады және қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге қолайлы ақпаратты енгізеді. Әдістемені бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басқару органы бекітеді.
      23. Әдістемеде эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштер қамтылады:
      1) төлем қабілеттілігі, Әдістемеде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, эмитенттің өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін ашады;
      2) қаржылық тұрақтылық, Әдістемеде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында), тиімділікті (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында) ашады;
      3) эмитенттің өз қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қабылдаған шаралары.
      24. Қаржылық жай-күйі мынадай болып жіктеледі:
      1) тұрақты - эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
      эмитент төлемге қабілетті;
      коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес есептелген;
      бизнесті дамытудың оң нарықтық талаптары, сондай-ақ нарықта жақсы бәсекелестік позициясы қалыптасқан;
      ресурстарға және капитал нарығына еркін ену мүмкіндігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі аралығында эмитенттің қаржылық жай-күйін елеулі төмендетуге қабілетті сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған;
      эмитенттің өз міндеттемесі бойынша есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      эмитенттің активтері және міндеттемелері бойынша мерзімдері шамалас келеді;
      2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі «тұрақты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы жөнінде болжам жасау төмен болып табылады;
      3) тұрақсыз – эмитенттің мынадай факторларға байланысты өзінің міндеттемелері бойынша есептесе алмайтындығы жөнінде белгілі бір болжам бар:
      эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі түрде нашарлау белгілері бар (эмитенттің қолданып отырған шараларының қаржылық жай-күйін тиімді тұрақтандыра алатындығына сенім жоқ);
      эмитентке материалдық зиян әкеліп отырған төтенше жағдайлар, сондай-ақ өзге де жағдайлар бар, бірақ ол оның қызметін тоқтатуға әкеп соққан жоқ;
      4) шекті - эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты төмендеуі шекті деңгейге жетті:
      төлем қабілетсіздігі, эмитенттің банкрот болу мүмкіндігі немесе өзге қайта ұйымдастырылу мүмкіндігі;
      шарт талаптарының бұзылуы (пайыздардың немесе борыштың негізгі сомасының төленбеуі немесе төлем жасау мерзімдерінің бұзылуы);
      қағаз ұстаушының басқаша жағдайда жасалмауы мүмкін мүмкіндікті эмитентке жасауы;
      эмитентте оған материалдық зиян әкеп соққан және (немесе) оның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар.
      25. Эмитенттің кредиттік рейтингісінің төмендеуі құнсыздануды растау болып табылмайды. Барлық оқиғаларды басқа қол жетімді деректер жиынтығымен қарастыру қажет.
      26. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайтуды жүзеге асыру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалатын ең төменгі мөлшерде айдың соңғы жұмыс күніне дейін жеті жұмыс күні бұрыннан ерте емес жүргізіледі.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құнсыздануынан ықтимал шығындарды жабуға провизияларды қалыптастыру мөлшері бойынша шешімді зейнетақы активтерін басқарушының қаржы құралдарын бағалау жөніндегі комитет қабылдайды.
      27. Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген резерв (құнды түзету) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 тіркелген), «Жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 тіркелген) қаулыларымен белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
      28. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе қаржы құралдарының құнын азайтуының мөлшері қаржы құралдарының құнсыздануынан немесе қаржы құралдарының құнын азайтуынан ықтимал шығындарды жабуға бұрын қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруді ескере отырып, қаржы құралдарының ағымдағы құнынан есептеледі. 

Зейнетақы активтерін есепке алуды және
бағалауды жүзеге асыру қағидаларына 
1-қосымша             

Қаржы құралдарының құнсыздануын немесе құнын азайтуын тану критерийлері 


Критерий атауы

Баллдар саны

1

Қаржылық жай-күйі:


1.1

Тұрақты

+0

1.2

Қанағаттанарлық

+1

1.3

Тұрақты емес

+2

1.4

Шекті

+7

2

Шығарылған қаржы ұйымдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу кезінде мерзімін кешіктіру:


2.1

Мерзімін кешіктірудің болмауы

-1

2.2

Мерзімді 7 күнтізбелік күнге дейін кешіктіру

+0

2.3

Мерзімді 8 күнтізбелік күннен 15 күнтізбелік күнге дейін кешіктіру

+1

2.4

Мерзімді 16 күнтізбелік күннен 30 күнтізбелік күнге дейін кешіктіру

+2

2.5

30 күнтізбелік күннен астам

+3

2.6

Күнтізбелік 1 жылдан астам

+4

3

Кепілдіктің болуы:


3.1

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-ға кепілдік беру кезінде)

-4

3.2

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-ға кем кепілдік беру кезінде)

(Баллдар сомасы «-4»-тен бастап кепілдік мөлшеріне шамалас есептеледі)

3.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттің

-3

3.4

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің

-3

3.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік эмитенттің

-2

3.6

Кепілдіксіз

+0

4

Рейтингінің болуы:


4.1

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А»-дан төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-4

4.2

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-3

4.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен «В-»-ке дейінгі немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-2

4.4

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі бағасы

+3

5

Рейтингісі жоқ


5.1

«Бірінші шағын санаттың (ең жоғары санат) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

-1

5.2

«Екінші шағын санаттың (ең жоғары санаттан кейінгі) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+0

5.3

Қазақстан Республикасының ұйымдарымен Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктерінің бағалары бар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

6

Қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа (ең жоғары) енгізілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

-1

6.1

Қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторындағы екінші санатқа (ең жоғары) енгізілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

0

7

Қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санатына» эмиттенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу бойынша дефолтқа ұшыраған жағдайда енгізілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санатына» енгізілген борыштық бағалы қағаздары

+1

8

Дефолт, делистинг немесе рейтингінің төмендеуі

+2

9

Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі)

+2

10

Ақпараттың болмауы

+10

 Зейнетақы активтерін есепке алуды және
бағалауды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша            

Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарды жабуға
резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе құнын азайту мөлшері
 

Баллдар сомасы

Қаржы құралдарының жіктелу санаты

Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері

1

Стандартты

0 %

2-4

1 - санатты күмәнді

10 %

5-7

2 - санатты күмәнді

15 %

8-10

3 - санатты күмәнді

25 % (35 %)

11-12

Қанағаттанарлық емес

50 % (70 %)

12-ден жоғары

Үмітсіз

90 %

      Кестеге түсіндірмелер:

      Осы критерийлер қаржы құралдарының құнсыздануы немесе қаржы құралдарының құнын азайту үшiн пайдаланған кезде рейтингілiк бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингілiк бағасы алынады.
      1-ге дейiнгi (қоса алғанда) баллдар сомасы алынған кезде қаржы құралы стандартты болып жiктеледi.
      2-ден 4-ке дейiн (қоса алғанда) тең баллдар сомасы болған кезде қаржы құралы 1-санатты күмәндi болып жiктеледi, провизиялардың 10 (он) пайызы қалыптастырылады.
      5-тен 7-ге дейiн (қоса алғанда) тең баллдар сомасы болған кезде қаржы құралы 2-санатты күмәндi болып жiктеледi, провизиялардың 15 (он бес) пайызы қалыптастырылады.
      8-ден 10-ға дейiн (қоса алғанда) тең баллдар сомасы болған кезде қаржы құралы 3-санатты күмәндi болып жiктеледi, мыналар:
      борыштық бағалы қағаздар және банк салымдары бойынша провизиялардың 25 (жиырма бес) пайызы;
      акциялар бойынша провизиялардың 35 (отыз бес) пайызы қалыптастырылады.
      11-ден 12-ге дейiн (қоса алғанда) тең баллдар сомасы болған кезде қаржы құралы қанағаттанарлықсыз болып жiктеледi, мыналар:
      борыштық бағалы қағаздар және банк салымдары бойынша провизиялардың 50 (елу) пайызы;
      акциялар бойынша провизиялардың 70 (жетпіс) пайызы қалыптастырылады.
      12-ден жоғары баллдар сомасы болған кезде бағалы қағаз үмiтсiз деп жiктеледi, провизиялардың 90 (тоқсан) пайызы қалыптастырылады. Эмитенттiң борыштық бағалы қағазы және (немесе) банк салымы үмiтсiз деп жiктелген жағдайда осы эмитенттiң акциясы бiр мезгiлде нөлге дейiн есептен шығарылады.
      Қаржы құралы эмитентi банкрот болған кезде осы қаржы құралы бiр мезгiлде нөлге дейiн есептен шығарылады.