Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді

Жаңартылған

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған оралман мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.
      2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің      
2013 жылғы 22 шілдедегі   
№ 329-ө-м бұйрығымен бекітілген

Оралман мәртебесін беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.02.2014 № 32-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанған Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

2. Өтініш беру, оны тіркеу және Қазақстан Республикасының
аумағына өз бетінше келген оралман мәртебесін алуға үміткер
этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман
мәртебесін беру

      3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш білдіруші) немесе оның отбасының кәмелетке толған бір мүшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға жеке тапсырады.
      4. Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) өмірбаян (еркін нысанда);
      2) өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттары, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері);
      3) өтініш білдіруші адамның осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      5. Өтініштерді тіркеу оралман мәртебесін беру туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күні өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және өтініш білдіруші адамға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу өтініш білдіруші адам мен оның отбасы мүшелері туралы деректер «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Оралман» ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Өтінішті тіркеу ресімделгенге дейін жергілікті атқарушы орган «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы өтініш білдіруші адамның және оның отбасы мүшелерінің деректерін оның басқа өңірдің жергілікті атқарушы органда тіркелу мәніне тексереді.
      Өтініш білдіруші адамның және оның отбасы мүшелерінің басқа өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелгені анықталған жағдайда, берілген жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы органның сұрау салуы бойынша өтініш білдірушінің және оның отбасы мүшелерінің қолда бар құжаттарын тапсырады және «Оралман» ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
      Өтініш білдіруші адам және оның отбасы мүшелері осы Қағидалардың 34-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда ғана өтінішті тіркеу жүзеге асырылады.
      Өзгеше жағдайларда өтінішті тіркеуден бас тартылады және өтініш білдірушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама беріледі.
      6. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді.

3. Өтініш беру, оны тіркеу және Қазақстан Республикасының
аумағына келгенге дейін Қазақстан Республикасының шетелдік
мекемелеріне жүгінген өтініш білдіруші адамға және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру

      7. Өтініш Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне беріледі.
      8. Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) өмірбаян (еркін нысанда);
      2) өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетел азаматының паспорты, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері);
      3) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің, сондай-ақ оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдірушілердің Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар санатына және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының қазақ ұлтына жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      9. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері этникалық қазақтардан көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оралман мәртебесін беру туралы өтініштері Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес айқындалады.
      10. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері өтініш білдіруші адамға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді.

4. Өтініш беру, оны тіркеу және Қазақстан Республикасының
аумағына келгеннен кейін жергілікті атқарушы органға жүгінген
өтініш білдіруші адамға және оның отбасы мүшелеріне оралман
мәртебесін беру туралы бұрын шығарылған шешімнің нәтижелері
бойынша оралман мәртебесін беру

      11. Өтініш мүдделі органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      12. Өтінішке оралман мәртебесін беру туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі қоса беріледі.
      13. Жергілікті атқарушы орган өтініш білдіруші адамға өтініштің кіріс хат-хабары түрінде тіркелгендігі туралы тиісті жазбаша хабарлама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

5. Оралман мәртебесін растайтын құжат

      14. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және оралман болып танылған өтініш білдіруші адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналында тіркелген осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігі беріледі.
      15. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне өтініш берген және оралман болып танылған өтініш білдіруші адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесі беріледі, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оралман куәлігі беріледі.
      16. Оралман куәлігі кәмелет жасына толған әрбір отбасы мүшесіне беріледі. Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері өтініш білдіруші адамның немесе жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес жазылады.
      17. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растауға негіз болады.

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
1-қосымша   

Нысан 1

_____________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен ______________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)  
_____________________________________
(мекенжайы бойынша тұратын) 

Оралман мәртебесін беру туралы
өтініш

__________________________ облысында (республикалық маңызы бар
қалаға, елордаға) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан
Республикасына келуіме байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме
оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын. Өтініште Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)__________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары
___________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың
отбасы мүшелері __________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек
аға-інілері мен апа сіңілілері (қарындастары) көрсетіледі __________;

      Өтінішке мынадай құжаттарды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ қоса беремін.

      Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе отбасым мүшелерінің
«Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне басқа
облыс, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында
тіркелуі байқалған жағдайда, менің қолда бар құжаттарымды
________________________(аталған өтініш енгізілетін жергілікті
атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ, «Оралман» ДҚ ААЖ тиісті
жазбаны осы өтінішті беретін орны бойынша енгізуді сұраймын.

      Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.

20__жылғы «__» ______________ ________________________
                             (өтініш берушінің қолы)

Құжаттарды қабылдаған:
_____________________________________________________________________
        (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

20 _ жылғы «__» _________ ___________________________________________
                           (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

*Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлер шеңберін

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
2-қосымша  

Нысан 2

Оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдіруші адамдарды
тіркеу журналы

______________________________
(жергілікті атқарушы орган)

Р/С №

Өтінішті тіркеген күн

Өтініш білдірушінің Т.А.Ә.

Өтініш білдірушінің отбасы мүшелері

Туған күні

Өтініш білдірушінің мекенжайы

Тіркеу туралы хабарлама берілген күн






















Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
3-қосымша   

Нысан 3

Өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың __________________________
(облыс, Астана, Алматы қалаларына) тұрақты тұру үшін Қазақстан
Республикасының аумағына өз бетінше келген оған және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініші Оралман мәртебесін
беру туралы өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналына _______
(тіркеген күні) №_____________ тіркелгенін __________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы) және заңмен белгіленген тәртіпте
және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

      Құжаттарды қабылдаған: ________________________________________
        (жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты
қызметкерінің Т.А.Ә. және лауазымы).

_________ (қолы) / _________ (күні)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
4-қосымша  

Нысан 4

________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы )

арналған өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
хабарлама

                                             20 ___жылғы «___»_______

      Өтініш білдіруші _____________________________________________
(Т.А.Ә.) _____________________________________ (себебін көрсету)
себебі бойынша оралман мәртебесін беруге арналған өтінішті
қабылдаудан бас тартылды.

____________________________________________ (жергілікті атқарушы
органның жауапты қызметкерінің Т.А.Ә. және лауазымы).

_________ (қолы) / _________ (күні)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
5-қосымша  

Нысан 5

Жергілікті атқарушы органның 20 __ жылғы «__» ________№_____ ШЕШІМІ

_____________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22
шілдедегі Заңына сәйкес оралман деп тану туралы
_____________________________________________________________________
                   (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_________________________________________________ өтініш хатын қарап,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________ туралы шешім қабылдады.

      Басшысы
___________________________________  ___________  _______
(жергілікті атқарушы органның атауы)     (қолы)   (Т.А.Ә.)

      * Жергілікті атқарушы орган мынадай:
      1) өтініш білдіруші адам мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келіп, жергілікті атқарушы органға жеке жүгінген кезде - оған (оларға) оралман мәртебесін беру;
      2) өтініш білдіруші адам мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасынің шетелдік мекемелеріне жүгінген кезде - Қазақстан Республикасының белгіленген өңірінің аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім (бұл ретте, қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш білдіру шарты түсіндіріледі), не дәлелді бас тарту туралы шешімдер қабылдай алады.

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
6-қосымша   

Нысан 6

Кіріс хат-хабары ретіндегі өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың _________________________________
(облыс, Астана, Алматы қалаларына) тұрақты тұру үшін Қазақстан
Республикасының аумағына келуді жоспарлаған оған және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініші _______ (тіркеген
күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде_____________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің атауы) тіркелгенін
және заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралатынын
хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдаған:
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің құжаттарды қабылдаған
жауапты қызметкерінің Т.А.Ә. және лауазымы).

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
7-қосымша   

Нысан 7

Кіріс хат-хабары ретіндегі өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың _________________________________
(облыс, Астана, Алматы қалаларына) тұрақты тұру үшін Қазақстан
Республикасының аумағына келуді жоспарлаған оған және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініші _______ (тіркеген
күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде______________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің атауы) тіркелгенін
және заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралатынын
хабарлаймыз.

      Өтінішке бұрын қабылданған _____________________ (жергілікті
атқарушы органның атауы) өтініш білдіруші және оның отбасы мүшелеріне
оралман мәртебесін беру туралы шешімнің көшірмесі беріледі.

      Құжаттарды қабылдаған:
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің құжаттарды қабылдаған
жауапты қызметкерінің Т.А.Ә. және лауазымы).

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
8-қосымша  

Нысан 8

Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы
органның атауы ОРАЛМАН КУӘЛІГІ КУӘЛІК № _________
УДОСТОВЕРЕНИЕ

Аты-жөні _________________________
(Фамилия, имя, отчество) 
_________________________________
_________________________________
Туған күні айы жылы   
_________________________________
(Дата рождения месяц год) 
Туған жері (елі) ________________
(Место рождения)
Азаматтығы ______________________
(Гражданство)
Жынысы __________________________
(Пол)       

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершеннолетние члены семьи оралмана

Аты-жөні
Ф.И.О.

Туған жылы, айы, күні
Дата рождения

Туыстық жағдайы
Родственное отношение

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жергілікті атқарушы органның жетекшісінің қолы (міндетін атқарушы
адам) _______________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

Оралман мәртебесі берілген күні 20__ жылдың «__» ___________

Дата присвоения статуса оралмана «__» ___________ 20__ года

Оралман куәлігін қолдану мерзімі 20__ жылдың «__» ______ дейін

Срок действия удостоверения оралмана до «__» ___________ 20__ года
Оралманның куәлігі оралман мәртебесі тоқтатылғанға дейін жарамды.
Удостоверение оралмана действительно до прекращения статуса оралмана.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармақшасына сәйкес өңірлер шегінде және шетелдік Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты көрсеткен кезде күші бар.
Действительно в пределах регионов, в соответствии с подпунктом 5) статьи 8 Закона Республики Казахстан «О миграции населения» и при предъявлении вида на жительство иностранца в Республике Казахстан.

__________________________________________ облысы (қаласы) бойынша
Жергілікті атқарушы органның басшысының қолы (міндетін атқарушы адам) ______ М.О.

Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий
обязанность) _________________________ области (города) ___ М.П.

бланк нөмірі ___________
номер бланка

Куәлік 20 __ жылғы ___ айының «__» күніне дейін ұзартылды
Удостоверение продлено до «__» 20__ года

Жергілікті атқарушы органның жетекшісінің қолы (міндетін атқарушы
адам) _________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность)

Куәлік 20__ жылғы ___ айының «__» күніне дейін ұзартылды
Удостоверение продлено до «__» 20__ года

Жергілікті атқарушы органның жетекшісінің қолы (міндетін атқарушы
адам) _________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
9-қосымша  

Нысан 9

 Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналы
________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган) 

р/с

Оралман куәлігінің нөмірі

Берген күн

Беруге негіздеме

Оралман Куәлігі иесінің Т.А.Ә.

Оралман Куәлігінде жазылған отбасы мүшелері

Туған күні

Өтініш берушінің мекенжайы