Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған оралман мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген

Оралман мәртебесін беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген оралман
мәртебесін алуға үміткер этникалық қазаққа және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру

      3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған Мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы береді.

      4. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;

      3) қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

      4) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғанын дәлелдейтін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған ұлты қазақ балаларына құжаттардың көшірмелері.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылғанын белгілеген кезде, олар Жергілікті атқарушы орган, құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу үміткер адам мен оның отбасы мүшелері туралы деректер "Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Оралман" ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      6. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші адам мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Оралман" ДҚ ААЖ арқылы оның (олардың) өзге өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелгендігі мәніне тексереді.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің басқа өңірде тіркелгендігін анықтаған жағдайда "Оралман" ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – "Жеке тұлғалар" МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болу мәніне тексереді.

      ЖСН бар екені анықталган жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

      "Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтінішті тіркеу үміткер мен оның отбасы мүшелері 2-тармақтың талаптарына сай болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталғанда ғана жүзеге асырылады.

      Өзгеше жағдайларда өтінішті тіркеуден бас тартылады және үміткерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама беріледі.

      9. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді.

      Жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдер қабылдай алады:

      1) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және жергілікті атқарушы органға жеке немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оған (оларға) оралман мәртебесін беру;

      2) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім шығару (бұл ретте қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш беру шарттары түсіндіріледі) немесе дәлелді бас тарту.

      9-1. Мынадай жағдайларда жергілікті атқарушы орган оралман мәртебесін беруден бас тартады:

      1) өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеген кезде;

      2) этникалық қазақтың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген кезде.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ ЖСН нақты уақыт режимінде генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.

      ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-нен ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар оралман куәлігіне ЖСН қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-да жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру

      11. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтініш береді.

      12. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосурет;

      3) нотариат куәландырған аудармасымен үміткердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

      4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

      13. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      14. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беруге келісетіні не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, одан бас тартуы туралы шешімін жібереді.

      15. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа мәртебе беру келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді немесе бас тартылғаны жөнінде хабарлайды.

      16. Этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері тұрғылықты жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.

      17. Өтінішке:

      1) оралман мәртебесін беруге келісім берілгені туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі;

      2) ішкі істер органдарының уақытша тіркелгені туралы белгісі бар көші-қон карточкаларының көшірмелері қоса беріледі.

      18. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы кеңейтілген дербес деректерді қоса отырып, ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Жеке тұлғалар" МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН-ның болу мәніне тексереді.

      ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

      "Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және ЖСН-ға генерациялау үшін ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-ға сұрау салу жібереді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткерлерді тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі.

      21. Жергілікті атқарушы орган бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ол жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      22. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ ЖСН нақты уақыт режимінде генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.

      ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган ЖСН-ды оралман куәлігіне қалыптастырады.

      Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ дербес деректерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім оралман куәлігін бергенге дейін орындалуы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналында тіркелген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігі беріледі.

      Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес жазылады.

      24. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.

      25. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, оралман жоғалтқаны және оның телнұсқасын беру жөнінде еркін нысандағы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан бұрын берілген нөмірімен куәліктің телнұсқасын береді, оған "телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.

  Оралман мәртебесін беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан 1

      _________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      кімнен

      _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________

      (мекенжайында тұратын)

Оралман мәртебесін беру туралы
ӨТІНІШ

      _________________________________ облысында (республикалық маңызы бар

      қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан

      Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және

      менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы

      мүшелері:

      1) жұбайы (зайыбы)____________________________________________;

      2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының)

      ата-аналары___________________;

      3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың

      отбасы мүшелері ____________________________________________________;

      4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек

      аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) __________ көрсетіледі;

      Өтінішке мынадай құжаттарды:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _________________________________________________ қоса беремін.

      Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасым

      мүшелерінің "Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық

      жүйесіне басқа облыс, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы

      органдарында тіркелуі байқалған жағдайда, менің қолда бар

      құжаттарымды ________________________(аталған өтініш енгізілетін

      жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ, "Оралман" ДҚ

      ААЖ тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды

      қамтамасыз етуді сұраймын.

      Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге

      қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім

      беремін.

      2016 жылғы "__" ______________

      ________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттарды қабылдаған

      _____________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы)

      2016 жылғы "__" _________ _____________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан 2

Оралман мәртебесін беруге үміткер адамдарды
тіркеу журналы

      _____________________________

      (жергілікті атқарушы орган)

Р/с №

Өтінішті тіркеген күн

Үміткердің Т.А.Ә (бар болса)

Үміткер отбасының мүшелері

Туылған күні

Үміткердің тіркелген мекенжайы

Тіркеу туралы хабарлама берілген күн

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан 3

Оралман мәртебесін беруге өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың __________________________ (тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) оған және оның отбасы мүшелеріне

      оралман мәртебесін беру туралы өтініші ______________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы) Оралман мәртебесін беруге

      үміткер адамдарды тіркеу журналында _________________ (тіркеген күні)

      №_____________ тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және

      мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

      Құжаттарды қабылдаған: ________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы).

      _________ (қолы) / _________ (күні)

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан 4

Оралман мәртебесін беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
хабарлама
________________________________________________

      20 ___жылғы "___"_______

      Үміткерге_____________________________________________ (тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________(себебін көрсету)

      себебі бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішін қабылдаудан бас

      тартылды.

      ________________________________________________ (жергілікті атқарушы

      органның жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және лауазымы).

      _________ (қолы) / _________ (күні)

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан 5

Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру туралы
20 __ жылғы "__" ________№_____
ШЕШІМІ

      _________________________________ (жергілікті атқарушы органның

      атауы) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес оралман мәртебесін беру туралы

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________ өтінішін қарап,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________ туралы шешім қабылдады.

      Басшысы __________________________ __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан 6

Оралман мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабары
ретінде тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың _________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрақты тұру үшін Қазақстан

      Республикасының аумағына _________________________________ (облысына,

      республикалық маңызы бар қалаға және астанаға) келуді жоспарлаған

      оған және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы

      өтініші _______ (тіркеген күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде_____________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

      Құжаттарды қабылдаған:_________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы).

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан 7

      1-бет

Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы
органның атауы
ОРАЛМАН КУӘЛІГІ
КУӘЛІК № _________
УДОСТОВЕРЕНИЕ

ФОТО



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________________

(Фамилия, имя, отчество при его наличии)

__________________________________________

__________________________________________

__________________________________________

Туған күні___айы____жылы__ Жынысы ___

(Дата рождения месяц год) (Пол)

Туған жері (елі) ________________________

(Место рождения)

Азаматтығы ______________________________

(Гражданство)

Оралман мәртебесі берілген күні 20____ жылғы "__" ________

Дата присвоения статуса оралмана

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

_____________________________________________________________________

Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица

исполняющего обязанность)

ИИН





      2-бет

      Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері

      Несовершеннолетние члены семьи оралмана

      ____________________________________________________________________

      Т.А.Ә (бар болса) Туған жылы, айы, күні Туыстық қатынасы

      Ф.И.О (при его наличии) Дата рождения Родственное отношение

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

      _____________________________________________________________________

      Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица

      исполняющего обязанность)

      3-бет

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелерінің ЖСН
ИИН несовершеннолетних членов семьи оралмана

ФОТО



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________________________________

Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Туған жылы, айы,

күні ______________________________________________

Дата рождения

Туыстық қатынасы __________________________________

Родственное отношение

ИИН




      Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

      _____________________________________________________________________

      Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица

      исполняющего обязанность)

      4-бет

      Оралман куәлігінің қолданылу мерзімі 20__ жылдың "__" ______ дейін

      Срок действия удостоверения оралмана до "__" ______ 20__ года

      Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанға немесе

      қабылдамаса бір жылға дейін жарамды.

      Удостоверение имеет силу до даты принятия, или в течение одного года

      при непринятия гражданства Республики Казахстан.

      _______________________________________________ облысының (қаласының)

      Жергілікті атқарушы органның басшысы (міндетін атқарушы адам) __ М.О.

      Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий

      обязанность) ______________________________ области (города) ___ М.П.

      бланк нөмірі ___________

      номер бланка

      Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

      _____________________________________________________________________

      Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица

      исполняющего обязанность)

  Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан 8

Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналы

      _______________________________________________

      (жергілікті атқарушы орган)

Р/с №

Оралман куәлігінің нөмірі

Оралман куәлігі телнұсқасының нөмірі

Берілген күні

Беруге негіздеме

Оралман куәлігі иесінің Т.А.Ә. (бар болса)

Оралман куәлігіне жазылған отбасы мүшелері

Туылған күні

Өтініш берушінің мекенжайы