Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 тамызда № 11823 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 718 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 800 бірлескен бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 84-ө-м бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7532 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 5 маусымда № 169-170 (26988-26989) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы
      ___________________ Ә. Смайылов
      2015 жылғы 7 шілде