Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8591 тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Динамикалық резервтің ең аз мөлшері Қағидалардың 2-тармағына сәйкес және күтілетін шығындардың мөлшері Қағидалардың 3-тармағына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Б.Б. Жәмішев ___________
      2013 жылғы 22 шілде
      __________________________
      (қолы, күні, елтаңба мөрі)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген      

Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру
қағидалары

      Осы Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банк) динамикалық резервті қалыптастыру тәртібі мен талаптарын белгілейді.
      1. Қағидалардың мақсаттары үшін қарыз деп банктің банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыруы, сондай-ақ вексельді есепке алуы түсініледі.
      2. Есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      
      мұнда,
      ДРс – есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв;
      ДРс-1 – өткен есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша динамикалық резерв нөлге тең;
      КШ – есепті тоқсандағы күтілетін шығындар;
      АПШ – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерілуі тиіс есепті тоқсан ішіндегі резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі резервтерге ассигнациялау.
      Резервтерге ассигнациялау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтерді қарызға құруға жұмсалатын шығыстар.
      Резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістер – резервтердің азаюы қарызды баланстан есептен шығару нәтижесінде орын алатын жағдайды қоспағанда, бұрын қарызға құрылған резервтер сомасының азаюы нәтижесінде пайда болған кіріс.
      Салық салу мақсаттары үшін динамикалық резервтің мөлшері есепті салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резервтің мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резервтің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
      Динамикалық резервтің ең төменгі мөлшері нөлден кем еместі құрайды.
      3. Есепті тоқсанда күтілетін шығындар мына формула бойынша есептеледі:

      
      мұнда,
      ҚПi – есепті тоқсанда Қағидалардың 1-қосымшасында аталған, баланстық құны бойынша көрсетілген, қалыптастырылған резервтер сомасына ұлғайтылған қарыздар бойынша қарыздар портфелінің өзгеруі (өсуі/төмендеуі);
      ҚПi – есепті тоқсанның соңында Қағидалардың 1-қосымшасында аталған, баланстық құны бойынша көрсетілген, қалыптастырылған резервтер сомасына ұлғайтылған қарыздардың түрі бойынша портфель;
      i (альфа) – Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген кредиттік шығындардың өлшемі;
      i (бета) – Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген жасырын шығындардың өлшемі.
      Қағидалардың 1-қосымшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Уәкілетті орган (альфа) кредиттік шығындардың өлшемі мен (бета) жасырын шығындардың өлшемін статистикалық деректердің жинақталуына қарай, бірақ үш жылда бір реттен көп емес белгілейді.
      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қарыздар портфелінің баланстық құны деп қарыздар портфеліне кіретін қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді шегергенде, өтелмеген негізгі борыш, есептелген сыйақы, амортизацияланбаған сыйлықақы (дисконт) сомасы түсініледі.
      4. 2013 жылғы бірінші тоқсандағы динамикалық резервті есептеу кезінде 2013 жылғы бірінші тоқсандағы күтілетін шығындар 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалыптасқан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының № 3300 «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» шотында көрсетілген оң айырмаға (кредит қалдығы) тең.
      Банкте 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3300 «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» шотында қалдық болмаған не онда дебет қалдығы болған жағдайда күтілетін шығындар нөлге тең болады.
      5. Динамикалық резервтің ең жоғары мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптастырылған резервтердің сомасына ұлғайтылған баланстық құны бойынша есепті тоқсанның соңындағы қарыздар портфелінің 5,9 пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.
      6. Банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жетінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Динамикалық резерв мөлшерінің есебін (бұдан әрі – Есеп) электрондық тасымалдағышта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялығы мен түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
      7. Тоқсан сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырады. Есептің көшірмесі банкте сақталады.
      8. Электрондық тасымалдағышта ұсынылған деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдей болуын банктің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етеді.

Екінші деңгейдегі банктердің
динамикалық резервті   
қалыптастыру қағидаларына 
1-қосымша         

(альфа) және (бета) өлшемдері

Активтің сипаты

көрсеткіші

* көрсеткіші

Заңды тұлғаларға берілген банк қарыздары

4,65%

0,80%

Жеке тұлғаларға тұтынушылық және басқа да мақсаттарға берілген банк қарыздары

7,46%

0,49%

Жеке тұлғаларға тұрғын үйдің құрылысына, оны сатып алуға және/немесе жөндеуге берілген банк қарыздары, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары

4,8%

0,46%

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) берілген банк қарыздары

10,52%

0,96%

* – аталған активтер бойынша көрсеткішінің мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін нөлге тең.

Екінші деңгейдегі банктердің
динамикалық резервті   
қалыптастыру қағидаларына 
2-қосымша        

Нысан

__________________________________________________________________
(банктің қысқаша атауы)
20__ жылғы «___» __________

динамикалық резерв мөлшерінің есебі

Атауы

Өткен есепті тоқсанның соңындағы қарыздар портфелі

Есепті тоқсанның соңындағы қарыздар портфелі

Есепті тоқсанда қарыздар портфелінің өсуі (төмендеуі)(4-баған – 3-баған)

 және есебі (6-баған* 5-баған + 7-баған* 4-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар




4,65%

0,80%


2

Жеке тұлғаларға тұтынушылық және басқа да мақсаттарға берілген қарыздар




7,46%

0,49%


3

Жеке тұлғаларға тұрғын үйдің құрылысына, оны сатып алуға және/немесе жөндеуге берілген қарыздар, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары




4,8%

0,46%


4

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) берілген қарыздар




10,52%

0,96%


5

Жиынтық сома
(1-жол + 2-жол + 3-жол + 4-жол)




х

х


Өткен есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв _____ мың теңге;
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтерге ассигнациялау _____ мың теңге;
Есепті тоқсанда провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістер ______ мың теңге;
Есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв _____ мың теңге.
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам):
_____________________________________   ________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)        (қолы)

Бас бухгалтер:
_____________________________________    _______________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)        (қолы)

Орындаушы: ____________________________________________________
                           (лауазымы)
______________________________________________________________
           (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________          _____________________
   (қолы)                 (телефон нөмірі)

Есепке қол қою күні 20 __ жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 137 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 104 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5307 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 140 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 196 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5805 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 240 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6054 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 тіркелген) 5 және 8-тармақтары.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Біріктірілген көрсеткіш пен кредиттер бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ең жоғары арақатынас мөлшерін, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 25 қарашадағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7360 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) 2-тармағы.