Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 140 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5773 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4580 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 18 шілдедегі N 104 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5307 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда жарияланған, N 10) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесінде:
      кіріспеде "екінші деңгейдегі банктер" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) қамтамасыз ету құны – бағалау сәтінде оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескере отырып, ағымдағы сәтке кепілдеме қамтамасыз ету құны (нарықтан анықталатын бағаның әділ құны);";
      9) тармақшаның үшінші абзацында "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) тең заемшы – заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған ақшаны қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде заем (кредит) бойынша сыйақы мен басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты есебіндегі жеке немесе заңды тұлға.";
      19-тармақта:
      3), 4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың талабы бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген кредиттерге, жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарына, тиісінше валюталық түсімі, жалақысы жоқ заемшыларға шетел валютасында берілген және (немесе) олардың валюталық тәуекелдері заемшы тарапынан тиісінше хеджирлеу құралдарымен жабылмаған кредиттерге, сондай-ақ кредиттердің талаптары заемшылар үшін валюталық тәуекелдің болуын көздейтін кредиттерге таралмайды.";
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жіктелетін актив бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу бойынша мерзімі өткен берешек" критерийі талаптардың ең нашары бойынша баға бергенде активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу сәтіне ғана төлемдердің кез келгенін өтеу бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда ғана қолданылады.";
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Мерзімін ұзарту деп кредитті (шартты міндеттемелерді, дебиторлық берешекті және басқа талаптарды) өтеудің соңғы мерзімін ұзарту бойынша шарттың талаптарын өзгерту, борышкердің, заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалының нашарлауымен байланысты кредиттеу мерзімдерін, төлемдер сомасын (сомаларын) ұзарту болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Осы Ереженің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес анықталған, тиісінше валюталық түсімі, жалақысы жоқ заемшыларға шетел валютасында берілген және (немесе) олардың валюталық тәуекелдері заемшы тарапынан тиісінше хеджирлеу құралдарымен жабылмаған кредиттерді, сондай-ақ кредиттердің талаптары заемшылар үшін валюталық тәуекелдің болуын көздейтін кредиттерді жіктеу санаты бір санатқа төмендетіледі, бірақ, "күмәнді 3 санаттан" жоғары болмауы тиіс (осы тармақ 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап берілген кредиттерге ғана таралады).";
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Банктер провизияларды (резервтерді) бірыңғай кредиттер портфелі бойынша қалыптастырады. Бірыңғай кредиттер портфелі жеке тұлғалардың және шағын бизнес субъектілерінің заемдарына ғана таралады.";
      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
      "32-1. Бірыңғай кредиттердің портфеліне бұрын енгізілген кредиттер және осы Ереженің 32-тармағымен бір заемшыға белгіленген лимиттің асып түсуімен байланысты шығарылған кредиттер бойынша мақсатты расталуы талап етілмейді.";
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      "36-1. Егер бұрын бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілмеген кредит бойынша, тәуекелді бағалау күнінде берешек қалдығының мөлшері банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспаса, онда осы кредит бірыңғай кредиттер портфеліне енгізіледі.";
      40-тармақтың бірінші бөлігінде "30 (отыз)" деген цифр және сөз "60 (алпыс)" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
      49-тармақ алынып тасталсын;
      1-қосымшада:
      11-кестенің реттік нөмірі 3-бағанасы мынадай редакцияда жазылсын:

                 "

Ережеге сәйкес негізгі борыш сомасынан провизиялардың мөлшері (%-да)

3



5

10

20

25

50

100


                                       ";

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулыға 1-қосымшаның елу бесінші және 2-қосымшаның жиырма екіншіден бастап жиырма бесіншіге дейінгі абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрағаның міндетін
      атқарушы                                      Қ. Қожахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б.Б. Жәмішев
      2009 жылғы 10 тамыз

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2009
жылғы 7 шілдедегі N 140  
қаулысына 1-қосымша

"Активтерді, шартты
міндеттемелерді жіктеу және
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру ережесіне
2-қосымша

Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу

      1-кесте

N

Критерийлер

Баллдар

1.

Қаржылық ахуал

1)

тұрақты

0

2)

қанағаттанарлық

+1

3)

қанағаттанғысыз

+2

4)

тұрақсыз

+3

5)

өте қиын

+4

2.

Жіктелетін актив бойынша кез келген төлемдерді өтеу мерзімінің кешігуі

1)

кредит бойынша

салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты міндеттемелер бойынша

дебиторлық берешек бойынша




соңғы он екі айда жіктелетін актив бойынша  төлемдерді өтеудегі мерзімнің кешігуінің болмауы

-1



соңғы он екі айда ағымдағы күнге дейін төлемдердің мерзімін өткізуі бар болған және төлемдерді төлеу мерзімі әлі болмаған заемдар

0

2)

15-30 күн

7 күнге дейін

14 күнге дейін

+1.5

3)

31-60 күн

7 күннен 15 күнге дейін

14 күннен 30 күнге дейін

+2.5

4)

61-90 күн

15 күннен 30 күнге дейін

30 күннен 60 күнге дейін

+3.5

5)

90 күннен астам

30 күннен астам

60 күннен астам

+4.5

3.

Қамтамасыз ету сапасы

1)

сенімді

-3

2)

жақсы

-2

3)

қанағаттанарлық

0

4)

қанағаттанғысыз

+1

5)

қамтамасыз етілмеген

+2

4.

Активті мақсатсыз пайдалану үлесі, пайызбен

1)

25 пайызға дейін

0

2)

25 пайыздан астам

1

3)

50 пайыздан астам

2

4)

75 пайыздан астам

3

5)

100 пайыз

4

5.

Заемшыда (борышкерде) рейтингтің болуы

1)

"А" және жоғары

-3

2)

Қазақстан Республикасының рейтингінен жоғары – "А"-ға дейін

-2

3)

Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейінде

-1

4)

Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және рейтингісі жоқ

0

Жиынтығы:

      Кестені толтыру бойынша ереже мынадай редакцияда жазылсын:
       1. Кредиттерді жіктеу кезінде осы кестенің 1-5-тармақтарында көзделген барлық критерийлер, мыналарды қоспағанда пайдаланылады:
       бірыңғай кредиттер тобына енген кредиттер, оларды жіктеген кезде банктің ішкі әдістемесімен белгіленген критерийлер пайдаланылады;
      бірыңғай кредиттер тобына жатқызылмаған айналымдағы капиталға берілген кредиттер, оларды жіктеген кезде осы кестенің 1, 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
      2. Депозиттерді жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
      3. Бағалы қағаздарды, дебиторлық берешекті жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген критерийлер, банктің бағалы қағаздар портфелінде болған акцияларды жіктеуді қоспағанда, пайдаланылады. Банктің бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды жіктеу кезінде осы кестенің 1, 5-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
      Осы кестенің 1-тармағында көзделген дебиторлық берешекке қатысты критерий, егер бір дебиторға есептегі берешек банктің меншік капиталының 5%-нан астамын құраған жағдайда пайдаланылады.
      4. Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
      5. Егер заемшы (борышкер, тең заемшы) оффшорлық аймақта тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатысы бойынша тәуелді не еншілес тұлға болып табылса, олардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді, онда оған 5-тармақ қолданылмайды.
      Активті жіктеу санаты осы активті осы қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша бағалау нәтижелері бойынша анықталады. Актив бойынша жиналған баллдардың санына қарай оны жіктеу санаты және осы қосымшаның 2-кестесіне сәйкес қажетті провизиялар (резервтер) мөлшері белгіленеді.
      6. Заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы банкті басқару органы бекіткен әдістемеге (әдістемелерге) сәйкес (бұдан әрі - Әдістеме) бағаланады және банктің ішкі ережесінің ажырамас толықтыруы болып табылады.
      Әдістемені банк осы Ереженің талаптарын есепке ала отырып өз бетінше әзірлейді және қаржылық ахуалды бағалау тәртібін, әдісін, жиілігін (әдетте тоқсанына кемінде бір рет), бағалау тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін және заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалын айқындауға мүмкіндік беретін өзге оңтайлы  ақпаратты қамтуы тиіс.
      Әдістемеде саланың ерекшеліктері, өндірістің маусымдылығы (циклдығы), заемшының (борышкердің, тең заемшының) қызмет саласы ескеріліп, есептелумен шектелмей, мынадай негізгі көрсеткіштер болуы тиіс:
      1) төлем қабілеттілігі - заемшы (борышкер, тең заемшы) банк Әдістемесімен белгіленген тиісті коэффиценттер жиынтығынан шыға отырып банк есептеген өз міндеттемелері бойынша қызмет көрсету қабілетін ашады;
      2) қаржылық тұрақтылық - банк Әдістемесімен белгіленген тиісті коэффиценттер жиынтығынан шыға отырып банк есептеген, заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдың серпінінен), рентабелділігін (серпінділігінде), мерзімі өткен борыштардың жоқтығын (болуын), заемшының (борышкердің, тең заемшының) капитал рыногына қолжетімділігін, басқа елеулі ақпараттың болуын ашады;
      3) борышқа қызмет көрсету қабілеті, ақша ағыны қозғалысын болжау;
      4) дебиторлық-кредиттік берешектің құрамы мен серпіні (соңғы есептік және ағымдағы жылдар);
      5) өнімнің өзіндік құны (серпінді);
      6) кредиттік тарих (өткендегі кредиттік берешектерді өтеу, қазіргі қолданыстағы кредиттердің қолда бары);
      7) заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржы топтары мен холдингтерге қатыстылығы;
      8) бір (бірнеше) жеткізушілер және (немесе) тапсырыс берушілерге тәуелділік;
      9) заемшы (борышкер, тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын жақсарту үшін қабылдайтын шаралары;
      10) заемшы (борышкер, тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын нашарлататын сот талқылауларына тартылуы;
      11) заемшының (борышкердің, тең заемшының) нарықтық позициясын, оның экономикадағы циклдық және құрылымдық өзгерістерге тәуелділігі (саланың түрі, заемшы (борышкер, тең заемшы) дайындайтын (ұсынатын) тауарлардың (қызметтердің) тартымдылығын бағалау; мұндай тауарлардың (қызметтердің) рыногы, заемшы (борышкер, тең заемшы) қызметі саласындағы бәсекелестік деңгейі, нақты рыноктағы қызметінің ұзақтығы.
      7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заемшы (борышкер, тең заемшы) – заңды тұлғаның, жеке тұлғаның қаржылық ахуалы былай жіктеледі:
      1) тұрақты - заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы тұрақты; заемшының (борышкердің, тең заемшының) төлем қабілеті бар; қаржы ағындары борышқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді; Әдістемеге сәйкес есептелген коэффиценттердің қолайлы мәні; бизнесті дамытуға оң нарықтық жағдайлар бар, нарықта жақсы бәсеке позициясы бар; ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жеткізеді, жеткізушілердің шектелген санынан тәуелділігі жоқ, шарттың қолданылу мерзімі кезінде заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалын елеулі нашарлатуға қабілетті ішкі және сыртқы факторлар анықталған жоқ; заемшының (борышкердің, тең заемшының) банкпен өзінің міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі күмән тудырмайды; мерзімі бойынша заемшының (борышкердің, тең заемшының) активтері мен міндеттемелері шамалас; заемшы (борышкер, тең заемшы) оң кредиттік тарихқа ие;
      2) қанағаттанарлық - "тұрақты" сипаттамасына жақын осы санаттағы заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы, бірақ, оның осы деңгейде ұзақ уақыт бойына ұстап тұру ықтималдылығы төмен болып табылады; кірістердің, төлем қабілеттілігі деңгейінің төмендеуі байқалды; динамикада ақша ағындарының елеусіз азаюы байқалды, ақша ағындары борыштың негізгі бөлігін жабуға мүмкіндік береді; заемшы (борышкер, тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын жақсарту үшін шаралар қабылдайды; жеткізушінің тауарларын, қызмет көрсетулерін және заемшы (борышкер, тең заемшы) өнімдерін тұтынушылардың шоғырлануының ең төменгі тәуекелі бар; заемшының (борышкердің, тең заемшының) қосымша ресурстарға қол жетімділігі бар болуына байланысты банкпен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуға мүмкіндігі күмән туғызбайды; бір мерзімін ұзарту бар;
      3) қанағаттанғысыз – заемшы (борышкер, тең заемшы) өз міндеттемелері бойынша төмендегідей факторлар болғанда банкпен есептесе алмайды деген белгілі бір ықтималдылық бар:
      заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалының тұрақты және елеулі нашарлау белгілері бар;
      алдыңғы кезеңдегі шығындардың өсу серпінділігі кемінде он екі айды құрайды;
      Әдістемеге сәйкес есептелген коэффициенттердің қолайсыз мәні, төлем қабілеттілігінің төменгі деңгейі, заем қаражатынан тәуелділіктің басымдығы;
      заемшының (борышкердің, тең заемшының) кері меншікті капиталы бар;
      нарықтық үлестің тұрақты кемуі, заемшы (борышкер, тең заемшы) қабылдайтын шаралардың қаржылық ахуалды тұрақтандыратын тиімділігіне сенімділік жоқ;
      заемшыға (борышкерге, тең заемшыға) заемды заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалының нашарлауымен байланысты бұрын берілген заемды өтеу мақсатында ұсыну;
      заемшыда (борышкерде, тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар (N 2 картотека)). Егер, тәуекелдің бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша заем сомасы банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталу жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      екі мерзімін ұзарту бар;
      4) тұрақсыз – осы санаттағы заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы мынадай факторлардың бірімен "қанағаттанғысыз" санатынан ерекшеленеді:
      заемшыда (борышкерде, тең заемшыда) Әдістемемен анықталған барлық көрсеткіштер бұзылған;
      заемшыға (борышкерге, тең заемшыға) 1 жылдан астам емес мерзімде санация жарияланған;
      төтенше жағдайлар, сондай-ақ заемшыға (борышкерге, тең заемшыға) материалдық зиян шектірген, бірақ оның қызметін тоқтатпаған өзге жағдайлар бар;
      заемшыда (борышкерде, тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар (N 2 картотека)). Егер, тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша заем сомасы банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталу жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      үш мерзімін ұзарту бар;
      5) өте қиын - заемшы (борышкер, тең заемшы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлар болғандықтан банкпен есептесе алмайды деген толық ықтималдылық бар:
      заемшы (борышкер, тең заемшы) төлемге қабілетсіз;
      заемшыға (борышкер, тең заемшыға) 1 жылдан астам мерзімге санация жарияланды;
      заемшы (борышкер, тең заемшы) банкрот деп танылды;
      заемшыға (борышкерге, тең заемшыға) материалдық зиян шектірген және/немесе оның өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін, нарықтық позициясын жоғалту сияқты төтенше жағдайлар бар;
      заемшы (борышкер, тең заемшы) қызметті жүргізбейді, оның қызметінің нәтижесін көрсететін кассада және ағымдағы банктік шоттары бойынша ақша қаражатының айналымы жоқ (заем қаражатын және қаржылық көмекті пайдаланумен байланысты айналымдарды қоспағанда);
      Әдістемеге сәйкес банктің уәкілетті бөлімшесі жасаған заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық (оның ішінде басқару) есептілігінің көрсеткіштерінде және (немесе) заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалын талдау бойынша қорытындыда елеулі айырмашылықтар бар, заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық (оның ішінде басқару) есептілігінде елеулі айырма бар және жалпы заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалын бағалаудың сенімділігіне және оны есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіштер күмән туғызады;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу талаптарына сәйкес кредиттік мониторинг бойынша құжаттама жоқ;
      төрт және одан астам мерзімін ұзарту бар.
      Кредиттік досьеде осы заемшыға банкпен белгіленген мониторинг кезеңі аяқталғаннан кейінгі 2 (екі) ай ішінде Әдістемеге сәйкес заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалын анықтау туралы ақпарат, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізуі бойынша заемшының (борышкердің, тең заемшының) кредиттік мониторинг жөніндегі құжаттамасы жоқ болған жағдайда, осы заемшы бойынша заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы бір жіктеу санатына төмендетіледі. Жоғарыда көрсетілген ақпарат 3 (үш) ай және одан көп уақыт өткеннен кейін болмаған жағдайда, осындай заемшының (борышкердің, тең заемшының) қаржылық ахуалы өте қиын деп жіктеледі.
      Кредитті жіктеу санаты кредит оффшорлық аймақта тіркелген тұлға болып табылатын не оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатынасы бойынша тәуелді немесе еншілес заемшыға (борышкерге, тең заемшыға) кредит берілген жағдайда, "үмітсіз" деп анықталады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 қаулысымен оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5371 тіркелген) (бұдан әрі - Оффшорлық зоналар тізбесі). Осы талап көрсетілген кредиттер бойынша жоғары өтімді қамтамасыз ету бар болған жағдайда, қолданылмайды. Осы жағдайда жіктеу осы Ережемен анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.
      8. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның қаржылық ахуалы кредитті беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту сәтінде бағаланады және былай жіктеледі:
      1) тұрақты:
      заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін бағалау заем бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшы (тең заемшы) өзінің кірістері мен шығыстарын, төлем қабілеттілігі және кредиттік тарихын талдауға сәйкес заемды уақтылы және толық көлемде өтеуге қабілетті;
      кредитті өтеу үшін қажет заемшының (тең заемшының) қолма-қол ақшасының жеткіліктілігі;
      заемшы (тең заемшы) білімінің деңгейі, кәсіби тәжірибесі, экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      заемшының (тең заемшының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелерінің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттармен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      40 пайыздан аспайды, кредитті беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту сәтінде қолданылатын заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК) дейін болғанда;
      50 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда, егер осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жасау барысында заемшы (тең заемшы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      2) қанағаттанарлық:
      заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін бағалау заем бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігінің немесе кірістер деңгейінің уақытша нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының (тең заемшының) кредит тарихы жоқ;
      заем бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін уақытша нашарлатуға қабілетті факторлар анықталды, бірақ олар елеусіз, бұл ретте, заемшы (тең заемшы) заем жөніндегі өз міндеттемелері бойынша есептесуге және төлем қабілеттілігін төмендететін уақытша факторлармен күресуге қабілетті екеніне сенімділік бар;
      экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      заемшының (тең заемшының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      50 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда;
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жүргізу барысында заемшы (тең заемшы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      бір мерзімін ұзарту бар;
      3) қанағаттанғысыз:
      заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін бағалау заем бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүргізу мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігінің немесе кірістер деңгейінің уақытша нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының (тең заемшының) кредит тарихы жоқ;
      заем бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін уақытша нашарлатуға қабілетті факторлар анықталды, бірақ олар елеусіз, бұл ретте заемшы (тең заемшы) заем жөніндегі өз міндеттемелері бойынша есептесуге және төлем қабілеттілігін төмендететін уақытша факторлармен күресуге қабілетті екеніне сенімділік бар;
      экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемелері бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      заемшының (тең заемшының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      50 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда;
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жүргізу барысында заемшы (тең заемшы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      заемшыда (тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар (N 2 картотека)). Егер, заем сомасы тәуекелдің бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша, банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталуы жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      екі мерзімін ұзарту бар;
      4) тұрақсыз:
      заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін бағалау заем бойынша төлемдерді тұрақты және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігінің немесе кірістерінің деңгейінің тұрақты және елеулі нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының (тең заемшының) кредиттік тарихы жоқ;
      еңбек қызметінің тұрақсыздығы немесе рентабелділігінің тұрақсыз деңгейі бар секторда жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік қызметтен кірістің басқа көздері жоқ болғанда, инфляцияның ағымдағы қарқынын ескере отырып, заемшының (тең заемшының) кірістерінің немесе төлем қабілеттілігі деңгейінің төмендеуі;
      заемшының (тең заемшының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      60 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65 АЕК астам болғанда;
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жасау барысында заемшы (тең заемшы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      заемшыда (тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар. Егер, тәуекелдің бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша заем сомасы банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталу жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      үш мерзімін ұзарту бар;
      5) өте қиын қаржылық ахуал:
      заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігін бағалау заем бойынша төлемдерді тұрақты және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігінің немесе кірістерінің деңгейінің қиын деңгейге дейін тұрақты және елеулі нашарлауы анықталды, кредиттік досьесі жоқ, заемшының (тең заемшының) кредиттік тарихы немесе заемшының (тең заемшының) төлем қабілеттілігі туралы өзге ақпарат заемшының (тең заемшының) банктің алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындамағандығын немесе төлем қабілетсіздігін куәландырады;
      еңбекпен қамтылмауы немесе коммерциялық қызметінің жоқтығы немесе заемшыға материалдық зиян әкелген не өзге коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік бермейтін факторлар анықталды, заемшы (тең заемшы) банкпен өз міндеттемелері бойынша есептесе алмайды деген ықтималдылық басым;
      заемшының (тең заемшының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      60 пайыздан көп, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының (тең заемшының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-тен астам болғанда;
      төрт және одан көп мерзімін ұзарту бар.
      Тең заемшы осы тармақта көрсетілген коэффициенттерді тартқан жағдайда, заемшының және тең заемшының (тең заемшының) жиынтық кірістері мен шығыстарынан есептеледі.
      Әрбір 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен борыштар туындаған жағдайда, мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы бағаланады.
      9. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
      1) сенімді - жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 100 пайызын жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А" тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" тобынан төмен емес қаржылық сенімділігінің рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері; кредитор банк депозитіндегі ақша кепілі;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар;
      монетарлық қымбат металдар;
      Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің векселдері;
      Standard&Poor,s агенттігі тағайындаған "А" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
      жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, шағын және орташа кәсіпкерліктің кредиттеуін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
      жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг (білім беруді кредиттеу жүйесі шегінде) болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
      2) жақсы – құны актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің 90 пайызынан кем емесін жабатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жоғары өтімді қамтамасыз ету немесе жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің 100 пайызынан кем емесін жабатын қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ-" тобынан төмен емес қаржылық сенімділігінің рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар.
      Сондай-ақ, жақсы қамтамасыз ету ретінде банктердің кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес ресімделген, кепіл құны (нарықтық бағадан анықталады) актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 130 пайызын жабатын жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз ету қабылданады;
      3) қанағаттанарлық - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, құны активтер бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 75 пайызын жабатын жылжымайтын мүлік немесе жоғары өтімді қамтамасыз ету түріндегі қамтамасыз етуді қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, құны актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 90 пайызын жабатын жақсы қамтамасыз ету, немесе жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 100 пайызын жабатын қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған қаржылық сенімділігінің "В-" тобынан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі қаржы сенімділігі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері.
      Сондай-ақ, қанағаттанарлық қамтамасыз ету ретінде банктердің кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес ресімделген қамтамасыз ету мыналар түрінде қабылданады:
      заемшының борышкері осы тармақшада көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент банктеріне тағайындалған рейтингінен бір санатқа төмен борыштық рейтингі бар заңды тұлға болып табылу шартымен заемшының балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешек;
      заемшының және (немесе) кепіл берушінің балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшердегі, не заемшы жеке тұлғаның меншігіндегі жылжымалы мүлік;
      заемшының балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшерде айналымдағы тауарлар;
      кепіл құны (нарықтық бағадан анықталады) актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 120 пайызын жабатын жылжымайтын мүлік;
      4) қанағаттанарлықсыз – кепіл құны (нарықтық бағадан анықталатын) жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің кем дегенде 50 пайызын жабатын, осы Ережеде көзделген жоғары өтімді, жақсы және басқаша сипатталатын қамтамасыз ету;
      5) қамтамасыз етусіз – бланктік кредит не кепіл құны (нарықтық бағадан анықталады) жиынтығында актив, шартты міндеттеме бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің 50 пайызынан кемін жабатын, осы Ережеде көзделген жоғары өтімді, жақсы және басқаша сипатталатын қамтамасыз ету.
      Банктердің кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қамтамасыз ету бөлігінде бұзған жағдайда кредит қамтамасыз етілмеген болып табылады.
      Төлемі аккредитивтік операциялар бойынша жүзеге асырылатын активтерді қоспағанда, қамтамасыз етуі тауарлар, келешекте келіп түсетін талап ету құқығы, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі түрінде болатын актив қамтамасыз етілмеген деп бағаланады.
      Банк қамтамасыз етуінің сапасы активті (шартты міндеттемені) беру сәтіне анықталатын қамтамасыз етудің нарықтық құны негізінде айқындалады.
      Қамтамасыз етудің нарықтық құны тапсырыс беруші мен бағалы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы – жеке немесе заңды тұлғаның арасында жасалған бағалау жүргізу жөніндегі шарттың негізінде белгіленеді. Бағалаушы объектіні бағалауды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырады.
      Кепіл шартының қолданыста болу мерзімінде кепіл мүліктің бағалауын банктің кепіл саясатында (бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген заемдар бойынша қайта бағалау талап етілмейді) көзделген әдістемеге сәйкес кемінде алты айда бір рет банктің өзі жүргізеді. Банктің кепіл саясаты бағалаушы кепіл мүліктің нарықтық құнын бағалау мақсатында пайдаланатын әдістеменің банк үшін қолайлығын айқындайды. Әдістеме кепіл шартының қолданылу мерзімі ішінде кепіл қамтамасыз етудің қалыптасқан нарықтық құнына кепіл құнын анықтау (сәйкес келуі) әдістемесі мен кезеңділігін қамтиды.
      Кепіл мүлікті сату қажет болғанда кепіл мүліктің нарықтық құнын анықтау және оның сатылуын бәсекелестік пен кепіл беруші құқықтарының сақталуы жағдайында өткізу мақсатында банк тәуелсіз бағалауын жүргізеді.
      Банктегі жинақтау шотына орналастырылған (депозиттер) не кепіл ретінде орналастырылған ақшаны, клиенттің шотына келісім-шарттар (шарттар) бойынша келіп түсетін ақшаны, келешекте инвестициялық жобалар бойынша клиенттің меншігіне келетін мүлікті, келешекте клиенттің меншігіне келетін жылжымалы мүлікті, осындай мүлікті бағалау сәтіне осы компания теріс қаржы нәтижесін көрсеткен жағдайдағы шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда жылжымайтын және жылжымалық мүлікке жататын барлық кепіл қамтамасыз ету объектілері міндетті тәуелсіз бағалануға жатады.
      10. Соңғы 12 (он екі) айда 15 (он бес) және одан көп күнтізбелік күн мерзімі өткен төлемдер бар болған жағдайда, сондай-ақ жеке банктік заем шарты бойынша төлемдерді өтеу мерзімі басталмаған (төлемдерді мерзімнен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда) жағдайда, "жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімін өткізуі жоқ - 1 балл" критерийлері қолданылмайды.
      Соңғы 12 (он екі) айда төлемдерді өтеу мерзімі 15 (он бес) және одан көп күнтізбелік күнге өткен, сондай-ақ төлемдерді өтеу мерзімі басталмаған заемдар бойынша 0 балл тағайындалады.
      11. Активті мақсатсыз пайдалану үлесі әрбір банктік заем шарты бойынша, оның ішінде бір кредиттік желі аясында жасалғаны бойынша жеке есептеледі.
      12. Банктерге арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген, мөлшері тәуекелді бағалау күніне банктің меншікті капиталы шамасынан 0,02 пайызға аспайтын, жеке тұлғаларға мүлікті (жылжымайтын, жылжымалы) сатып алуға, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қызметтерді төлеуге берілген кредиттер бойынша мақсаттылығын растау талап етілмейді.
                                                           2-кесте

Активтің (шартты міндеттеменің) жіктелу санатын айқындауға арналған балл саны, бірыңғай кредиттерді қоспағанда

Активтің (шартты міндеттеменің) жіктелу санаты

Актив (шартты міндеттеме) бойынша провизия мөлшері (негізгі борыш сомасынан %-бен) бірыңғай кредиттер портфелін қоспағанда

Провизия мөлшері (бірыңғай кредиттер портфелінен %-бен)

1-ге дейін (қоса алғанда)

Стандартты




Күмәнді:



1-ден 2-ге дейін (қоса алғанда)

1-ші санаттағы

5% - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

0,01% - 5%

2-ші санаттағы

10% - төлемді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

5,01% - 10%

2-ден 3-ке дейін (қоса алғанда)

3-ші санаттағы

20% - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

10,01% - 20%

4-ші санаттағы

25% - төлемді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

20,01% - 25%

3-тен 4-ке дейін (қоса алғанда)

5-ші санаттағы

50% - барлық жағдайда

25,01 % - 50%

4-тен және одан аса

Үмітсіз

100% - барлық жағдайда

50,01% - 100%

                                                                  ".

Қазақстан Республикасы  
Қаржы нарығын және   
қаржы ұйымдарын реттеу  
мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2009 жылғы
7 шілдедегі N 140 қаулысына
2-қосымша        

"Активтерді, шартты  
міндеттемелерді жіктеу
және оларға қарсы  
провизиялар (резервтер)
құру ережесіне 3-қосымша

Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) және олармен байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу

      1-кесте

N

Критерийлер

Баллдар

1.

Қаржылық ахуалы

1)

тұрақты

0

2)

қанағаттанарлық

+1

3)

қанағаттанарлықсыз

+2

4)

тұрақсыз

+3

5)

өте қиын

+4

2.

Жіктелетін актив бойынша кез келген төлемін өтеуді кешіктіру

1)

кредит бойынша

салымдар, (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты міндеттемелер бойынша

Дебиторлық берешек бойынша




Соңғы он екі айда жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімін өткізуі жоқ

0

2)

15-30 күн

7 күнге дейін

14 күнге дейін

+1.5

3)

31-60 күн

7-ден 15 күнге дейін

14-тен 30 күнге дейін

+2.5

4)

61-90 күн

15-тен 30 күнге дейін

30-дан 60 күнге дейін

+3.5

5)

90 күннен астам

30 күннен астам

60 күннен астам

+4.5

3.

Қамтамасыз етудің сапасы

1)

сенімді

-3

2)

жақсы

-2

3)

қанағаттанарлық

-1

4)

қанағаттанарлықсыз

+1

5)

Қамтамасыз етусіз

+2

4.

Активті мақсатсыз пайдалану үлесі, пайызбен

1)

25 пайызға дейін

0

2)

25 пайыздан астам

1

3)

50 пайыздан астам

2

4)

75 пайыздан астам

3

5)

100 пайыз

4

5.

Заемшыда (борышкерде) рейтингінің болуы

1)

"А" және жоғары

-3

2)

Қазақстан Республикасы рейтингінен жоғары – "А"-ға дейін

-2

3)

Қазақстан Республикасы рейтингісінің деңгейінде

-1

4)

Қазақстан Республикасы рейтингісінен төмен және рейтингі жоқ

0


Жиынтығы:


      Кестені толтыру бойынша ереже мынадай редакцияда жазылсын:
      1. Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) жіктегенде осы кестенің 1-5-тармақтарында көзделген барлық критерийлер қолданылады.
      2. Дебиторлық берешекті жіктегенде осы кестенің 1, 2 және 5 –тармақтарында көзделген барлық критерийлер қолданылады.
      Осы кестенің 1-тармағында көзделген, дебиторлық берешекке қатысты критерий бір дебиторға есептелген берешек банктің меншікті ккапиталының 5 пайызынан астамын құраған жағдайда қолданылады.
      3. Шартты міндеттемелерді жіктегенде осы кестенің 1, 2 және 5–тартармақтарында көзделген критерийлер қолданылады.
      4. Заемшы (борышкер) тізбесін уәкілетті орган белгілеген оффшорлық аймақта тіркелген тұлға, не оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатысты тәуелді немесе еншілес болып табылған жағдайда 5-тармақ қолданылмайды.
      Активтің жіктеу санаты осы активті осы қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша бағалау нәтижесі бойынша айқындалады. Актив бойынша жинаған баллдар саны бойынша оның жіктеу санаты мен осы қосымшаның 2-кестесіне сәйкес қажетті провизиялар (резервтердің) мөлшері белгіленеді.
      5. Заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы инвестициялық заемдардың ерекшеліктері ескеріле отырып, және талаптары осы Ереженің 2-қосымшасының 6-тармағында белгіленген, банктің басқару органымен бекітілген және банктің ішкі ережесіне ажырамас толықтыру болып табылатын әдістемеге (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес бағаланады.
      Қаржылық ахуал былайша жіктеледі:
      1) тұрақты – заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы тұрақты; заемшы (тең заемшы) төлеуге қабілетті; ақша ағындары борышты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; Әдістемеге сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні жалпылама қабылданған нормалардың шегінде; бизнестің дамуына жағымды нарықтық жағдайлары; нарықта жақсы бәсекелестік позициясы бар; ресурстарға және капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, жеткізушілердің шектеулі санына тәуелді емес, шарттың қолданыста болу мерзімінде заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалын елеулі нашарлататын сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған; заемшының (тең заемшының) өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысуға мүмкіндігінің болуы күмән туғызбайды; заемшының (тең заемшының) активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша салыстыруға келеді; жағымды кредиттік тарихы бар;
      2) қанағаттанарлық – осы санаттағы заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы "тұрақтының" сипатына жақын келеді, бірақ оны осы деңгейде ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі төмен; кредиттеудің басынан бастап кірістер, төлем қабілеттілігі, шығындардың деңгейі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейде тұр; динамикада ақша ағындарының елеусіз азайғаны байқалады, бұл ретте ақша ағындары борыштың негізгі бөлігін жабуға мүмкіндік береді; заемшы (тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын жақсартуға шара қабылдайды; тауар жеткізушілерінің, қызмет көрсетулерінің және заемшы (тең заемшы) өнімдерін тұтынушылардың шоғырлануы бойынша барынша төмен тәуекелдері бар; заемшының (тең заемшының) өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысу мүмкіндігі қосымша ресурстарға қол жетімділігінің болуына байланысты күмән туғызбайды; бір мерзімін ұзартуы бар;
      3) қанағаттанарлықсыз – осы санаттағы заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы "тұрақтының" сипатына жақын келеді, бірақ оны осы деңгейде ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі төмен; кредиттеудің басынан бастап кірістер, төлем қабілеттілігі, шығындардың деңгейінің борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден жағымсыз ауытқуы бар; динамикада ақша ағындарының елеусіз азайғаны байқалады, бұл ретте ағындар борыштың негізгі бөлігін жабуға мүмкіндік береді;      заемшы (тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын жақсартуға шаралар қабылдайды; тауар жеткізушілерінің, қызмет көрсетулерінің және заемшы (тең заемшы) өнімдерін тұтынушыларының шоғырлануы бойынша барынша төмен тәуекелдері бар; заемшының (тең заемшының) өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысу мүмкіндігі қосымша ресурстарға қол жетімділігінің болуына байланысты күмән туғызбайды; заемшының (тең заемшының) мерзімі өткен міндеттемесі және (немесе) шығынға жазылған борыштары (кредиттік бюроның анықтамасымен расталған басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте уақтылы төленбеген төлем құжаттары (N 2 картотекасы)) бар; екі мерзімін ұзартуы бар;
      4) тұрақсыз – заемшы (тең заемшы) банкпен өзінің міндеттемесі бойынша мынадай факторлардың салдарынан есеп айырыса алмайды деген ықтималдық бар:
      заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалының үнемі және елеулі нашарлау белгілері бар: кредиттеудің басынан бастап кірістер, төлем қабілеттілігі және шығындар деңгейінің борышкердің бизнес жоспарында көзделген деңгейден елеулі жағымсыз ауытқулары бар және бизнес-жоспарды іске асыруға әсерін тигізуі мүмкін;
      нарықтық үлесінің төмендеуі;
      заемшы (тең заемшы) өзінің қаржылық ахуалын жақсарту үшін қабылдаған шаралары тиімді болатынына сенім туғызбайды; заемшыға (тең заемшыға) 1 жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланды; төтенше жағдайлар, сондай-ақ заемшыға (тең заемшыға) материалдық залал келтірген, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген өзге де жағдайлар бар;
      заемшының (тең заемшының) мерзімі өткен міндеттемесі және(немесе) шығынға жазылған борыштары (кредиттік бюроның анықтамасымен расталған басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте уақытылы төленбеген төлем құжаттары (N 2 картотекасы)) бар. Егер тәуекелдерді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша заем сомасы банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, онда жеке тұлғаларға берілген кредиттерге жыл сайынғы кредиттік бюроның анықтамасымен растау талабы қолданылмайды;
      үш мерзімін ұзартуы бар.
      5) өте қиын – заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалының тұрақты нашарлауы сыни деңгейіне жетті: төлем қабілетсіздігі, нарықтық позицияларын жоғалту; заемшыға (тең заемшыға) бір жылдан астам мерзімге санация жарияланды; заемшы (тең заемшы) банкрот болып танылды; заемшының (тең заемшының) материалдық залал келтірген және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлары бар, заемшының (борышкердің, тең заемшының) кредиттік досьесі жоқ; төрт және одан көп мерзімін ұзартуы бар.
      Мынадай жағдайларда кредиттің жіктеу санаты бастапқыда "үмітсіз" деп танылады:
      оффшорлық аймақта тіркелген тұлға болып табылатын;
      оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатысты тәуелді немесе еншілес болып табылатын заемшыға (тең заемшыға) кредит беру.
      Осы талап көрсетілген кредиттер бойынша жоғары өтімді қамтамасыз ету бар болған жағдайда қолданылмайды, бұл жағдайда жіктеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
      1) сенімді - жиынтығында заемшының заемы бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) міндеттемелерінің кем дегенде 100 пайызын жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ+" тобынан төмен емес қаржылық сенімділігінің рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
      кредитор банк депозитіндегі ақша кепілі және/немесе кредитор банкте кепіл болып табылатын ақша;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ+" тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар;
      монетарлық қымбат металдар;
      Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің векселдері;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "А-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВВ+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
      жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, шағын және орташа кәсіпкерліктің кредиттеуін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
      жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг (білім беруді кредиттеу жүйесі шегінде) болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
      2) жақсы – құны заем бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшы міндеттемелерінің 70 пайызынан кем емесін жабатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жоғары өтімді қамтамасыз ету немесе жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің 100 пайызынан кем емесін жабатын қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ+" тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің резервтік аккредитивтері;
      инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі міндеттемелерін өтеуге немесе қамтамасыз етуге көзделген мүлік;  төлем қабілеттігі жоғары (қаржылық ахуалы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдік берілген төлемдер бойынша келіп түсетін ақша;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В+" тобынан төмен емес қаржылық сенімділігінің рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдармен шығарылған бағалы қағаздар;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарымен шығарылған бағалы қағаздар;
      3) қанағаттанарлық - жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етуді қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, құны заем бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің кем дегенде 75 пайызын жабатын жақсы қамтамасыз ету немесе осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, құны заем бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің кем дегенде 60 пайызын жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету немесе жиынтығында заем бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің кем дегенде 100 пайызын жабатын қамтамасыз ету, мыналар түрінде:
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның ішінде Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған "В-" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің резервтік аккредитивтері;
      мүлік, оның ішінде, келешекте бизнес-жоспарға сәйкес келіп түсетін;
      тиісті қаржы жылы республикалық және жергілікті бюджеттерде инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу мен қамтамасыз ету үшін көзделген ақша;
      кепілдік берілген төлемдер бойынша төлем қаблеттілігі бар заңды тұлғалардан келіп түсетін ақша;
      Standard&Poor's агенттігі тағайындаған қаржылық сенімділігінің "В" тобынан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері.
      Сондай-ақ, қанағаттанарлық қамтамасыз ету ретінде банктердің кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес ресімделген қамтамасыз ету мыналар түрінде қабылданады:
      заемшының борышкері осы тармақшада көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент банктеріне тағайындалған рейтингінен бір деңгейге төмен борыштық рейтингі бар заңды тұлға болып табылуы шартымен заемшының балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешек;
      заемшының балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшердегі жылжымалы мүлік;
      заемшының балансында есепке алынған соманың 60 пайызынан аспайтын мөлшерде айналымдағы тауарлар;
      кепіл құны (нарықтық бағадан анықталады) актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің кем дегенде 100 пайызын жабатын жылжымайтын мүлік;
      4) қанағаттанарлықсыз – кепіл құны (нарықтық бағадан анықталатын) жиынтығында актив бойынша (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)) заемшының міндеттемелерінің кем дегенде 50 пайызын жабатын, осы Ережеде көзделген жоғары өтімді, жақсы және басқаша сипатталатын қамтамасыз ету;
      5) қамтамасыз етусіз – бланктік не ішінара қамтамасыз етілген кредит, бұл ретте қамтамасыз ету құны заем бойынша борышкердің міндеттемелерінің кем дегенде 50 пайызын жабады (сыйақы жеңілдік кезеңінсіз төленетін заемдар бойынша, қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде жіктеу санаты берілген күнінен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кредитті пайдаланғаны үшін болжанатын сыйақыны ескере отырып, негізгі борыштың қалдығы бойынша сома алынады; сыйақы жеңілдік кезеңімен төленетін заемдар бойынша қамтамасыз етуді жабуды есептеген кезде кредитті бүкіл жеңілдік кезеңінде пайдаланғаны үшін сыйақыны ескере отырып, жіктеу санаты берілген күніндегі сома алынады (егер заемдар бойынша жеңілдік берілген кезеңі 3 (үш) айдан кем болған жағдайда, онда есепке 3 (үш) айдың сыйақысы алынады)).
      Банктердің кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қамтамасыз ету бөлігінде бұзған жағдайда кредит қамтамасыз етілмеген болып табылады.
      Банк қамтамасыз етуінің сапасы активті (шартты міндеттемені) беру сәтіне анықталатын қамтамасыз етудің нарықтық құны негізінде айқындалады.
      Қамтамасыз етудің нарықтық құны тапсырыс беруші мен бағалы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы – жеке немесе заңды тұлғаның арасында жасалған бағалау жүргізу жөніндегі шарттың негізінде белгіленеді. Бағалаушы объектіні бағалауды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырады.
      Кепіл шартының қолданыста болу мерзімінде кепіл мүліктің бағалауын банктің кепіл саясатында (бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген заемдар бойынша қайта бағалау талап етілмейді) көзделген әдістемеге сәйкес кемінде алты айда бір рет банктің өзі жүргізеді. Банктің кепіл саясаты бағалаушы кепіл мүліктің нарықтық құнын бағалау мақсатында пайдаланатын әдістеменің банк үшін қолайлығын айқындайды. Әдістеме кепіл шартының қолданылу мерзімі ішінде кепіл қамтамасыз етудің қалыптасқан нарықтық құнына кепіл құнын анықтау (сәйкес келуі) әдістемесі мен кезеңділігін қамтиды.
      Кепіл мүлікті сату қажет болғанда кепіл мүліктің нарықтық құнын анықтау және оның сатылуын бәсекелестік пен кепіл беруші құқықтарының сақталуы жағдайында өткізу мақсатында банк тәуелсіз бағалауын жүргізеді.

      2-кесте

Баллдардың саны

Активтің жіктеу санаты

Провизияның мөлшері (негізгі борыштың сомасынан пайызбен)

1-ге дейін (қоса алғанда)

Стандартты

0



Күмәнді:


1-ден 2-ге дейін (қоса алғанда)
 

1-ші санаттағы

5% - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

2 –ші санаттағы

10% - төлемді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

2-ден 3-ке дейін (қоса алғанда)
 

3-ші санаттағы

20% - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

4-ші санттағы

25% - төлемді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

3-тен 4-ке дейін (қоса алғанда)

5-ші санаттағы

50% - барлық жағдайда

4-тен және одан аса

Үмітсіз

100% - барлық жағдайда

                                                                     ".

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау агенттігі       
Басқармасының 2009 жылғы  
7 шілдедегі N 140 қаулысына
3-қосымша     

"Активтерді, шартты     
міндеттемелерді жіктеу   
және оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру ережесіне
4-қосымша     

Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарының жіктелімі

      1-кесте

N

Критериийлер


Баллдар

1.

Төлем қабілеттілігі

1)

тұрақты


-1

2)

қанағаттанарлық


0

3)

қанағаттанарлықсыз


+1

4)

тұрақсыз


+2

5)

өте қиын


+3

2.

Төлемдерді өтеудің мерзімін өткізу

1)

соңғы он екі айда жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімін өткізуі жоқ

-1

2)

соңғы он екі айда ағымдағы күнге дейін төлемдерінің мерзімін өткізуі бар болған және төлемді өтеу мерзімі әлі басталмаған заемдар

0

3)

14 - 30 күн

+1

4)

31 - 60 күн

+2

5)

60 – 90 күн

+3

6)

90 астам күн

+4

3.

Қамтамасыз етудің сапасы

1)

сенімді

-2

2)

жақсы

-1

3)

қанағаттанарлық

0

4)

қанағаттанарлықсыз

+2

4.

Мерзімі өткен бағалау

1)

үш жылдан кем

0

2)

үш жылдан астам

+1

      Кестені толтыру бойынша ереже:
      1. Заемның жіктеу санаты осы заемды осы қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша бағалау нәтижесі бойынша айқындалады. Заем бойынша жинаған баллдар саны бойынша оның жіктеу санаты мен осы қосымшаның 2-кестесіне сәйкес қажетті провизиялар (резервтердің) мөлшері белгіленеді.
      2. Ипотекалық тұрғын үй заемын беру сәтінде төлем қаблеттілігі мынадай жіктеледі:
      1) тұрақты қаржылық ахуал:
      заемшының төлем қабілеттілігін бағалау ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшы өзінің кірістері мен шығыстарын, төлем қабілеттілігі және кредиттік тарихын талдауға сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемын уақтылы және толық көлемде өтеуге қабілетті;
      заемшының тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны төлеуге, сондай-ақ сатып алу-сату бойынша мәмілелерді жасасумен байланысты шығыстарды жабуға және ипотекалық тұрғын үй заемын беруге қажетті қолма-қол ақшасының жеткіліктілігі;
      заемшы білімінің деңгейі, кәсіби тәжірибесі, экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      заемшының ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелерінің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттармен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      40 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      50 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда,
      егер осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жасау барысында заемшы отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      2) қанағаттанарлық қаржылық ахуал:
      заемшының төлем қабілеттілігін бағалау ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшының төлем қабілеттілігінің немесе кірістер деңгейінің уақытша нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының кредит тарихы жоқ;
      заем бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде заемшының төлем қабілеттілігін уақытша нашарлатуға қабілетті факторлар анықталды, бірақ олар елеусіз, бұл ретте, заемшы ипотекалық тұрғын үй заемы жөніндегі өз міндеттемелері бойынша есептесуге және төлем қабілеттілігін төмендететін уақытша факторлармен күресуге қабілетті екеніне сенімділік бар;
      экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      заемшының ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      50 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда;
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жүргізу барысында заемшы отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      бір мерзімін ұзарту бар;
      3) қанағаттанғысыз қаржылық ахуал:
      заемшының төлем қабілеттілігін бағалау ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүргізу мүмкіндіктері тұрғысында жүргізіледі, заемшының төлем қабілеттілігінің немесе кірістер деңгейінің уақытша нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының кредит тарихы жоқ;
      ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде заемшының төлем қабілеттілігін уақытша нашарлатуға қабілетті факторлар анықталды, бірақ олар елеусіз, бұл ретте заемшы ипотекалық тұрғын үй заемы жөніндегі өз міндеттемелері бойынша есептесуге және төлем қабілеттілігін төмендететін уақытша факторлармен күресуге қабілетті екеніне сенімділік бар;
      экономиканың тұрақты дамудағы және әлуетті рентабелді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемелері бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды; заемшының ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын  мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      50 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      60 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен 90 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 АЕК-тен астам болғанда;
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жүргізу барысында заемшы отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда; заемшыда (тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар (N 2 картотека)). Егер, заем сомасы тәуекелдің бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша, банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталуы жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      екі мерзімін ұзарту бар;
      4) тұрақсыз қаржылық ахуал:
      заемшының төлем қабілеттілігін бағалау ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдерді тұрақты және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, заемшының төлем қабілеттілігінің немесе кірістерінің деңгейінің тұрақты және елеулі нашарлауын көрсететін белгілер бар, заемшының кредиттік тарихы жоқ;
      еңбек қызметінің тұрақсыздығы немесе рентабелділігінің тұрақсыз деңгейі бар секторда жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік қызметтен кірістің басқа көздері жоқ болғанда, инфляцияның ағымдағы қарқынын ескере отырып, заемшының кірістерінің немесе төлем қабілеттілігі деңгейінің төмендеуі;
      ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша негізгі борыштың елеулі бөлігін ипотекалық тұрғын үй заемын қамтамасыз етуге берген жылжымайтын мүлікті немесе заемшының басқа жылжымайтын мүлігін сату есебінен ғана өтеу мүмкін, заемшы өзінің міндеттемелері бойынша банкпен есептесе алмайды деген ықтималдылық басым;
      заемшының ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      60 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан аспайды, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан 65 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 65 АЕК астам болғанда,
      осы көрсеткіштерге сәйкес барлық міндеттемелер бойынша төлем жасау барысында заемшы отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларында кірістің 15 АЕК кем емес болса, басқа өңірлерде 10 АЕК кем емес, ал жасы 15-ке толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің жартысынан кем емес болған жағдайда;
      заемшыда (тең заемшыда) мерзімі ұзартылған міндеттеме және (немесе) шығынға жазылған борыштар (кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталған, басқа банктердегі кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ осы банкте мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бар. Егер, тәуекелдің бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы бойынша заем сомасы банктің меншікті капиталының 0,02 пайызынан аз болса, кредиттік бюродан жыл сайынғы анықтамамен расталу жөніндегі талап жеке тұлғаларға берілген кредиттерге таралмайды;
      үш мерзімін ұзарту бар;
      5) өте қиын қаржылық ахуал:
      заемшының төлем қабілеттілігін бағалау ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдерді тұрақты және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, заемшының төлем қабілеттілігінің немесе кірістерінің деңгейінің қиын деңгейге дейін тұрақты және елеулі нашарлауы анықталды, кредиттік досьесі жоқ, заемшының кредиттік тарихы немесе заемшының төлем қабілеттілігі туралы өзге ақпарат заемшының банктің алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындамағандығын немесе төлем қабілетсіздігін куәландырады;
      еңбекпен қамтылмауы немесе коммерциялық қызметінің жоқтығы немесе заемшыға материалдық зиян әкелген не өзге коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік бермейтін факторлар анықталды, заемшы банкпен өз міндеттемелері бойынша есептесе алмайды деген ықтималдылық басым;
      заемшының ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелердің (заем бойынша ай сайынғы төлемдерді, мүлік салықтарын, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша ай сайынғы төлемдерді, жеке сақтандыруды, шарт бойынша жауапкершілікті, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және шарттарымен көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының қатынасы:
      60 пайыздан көп, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-ке дейін болғанда;
      70 пайыздан көп, заемшының ай сайынғы кірісінің мөлшері 40 АЕК-тен астам болғанда;
      төрт және одан көп мерзімін ұзарту бар.
      Тең заемшы осы тармақта көрсетілген коэффициенттерді тартқан жағдайда, заемшының және тең заемшының жиынтық кірістері мен шығыстарынан есептеледі.
      Әрбір 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен борыштар туындаған жағдайда, мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ заемшының (тең заемшының) қаржылық ахуалы бағаланады.
      3. Қамтамасыз ету сапасы мынадай ретте жіктеледі:
      1) сенімді қамтамасыз ету – мынадай талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік ипотекасы:
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніндегі негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз ету құнына қатынасы 50 пайыздан аспайды;
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 65 пайыздан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасының 50 пайызынан асып түскен мөлшерде кредитор болып табылатын банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттік тәуекел бар;
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) кепіл құнына қатынасы 70 пайыздан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 50 пайыздан асып түскен мөлшерінде "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беретін қор" акционерлік қоғамы кепілдік берген не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 65 пайыздан асып түскен мөлшерінде кредиттік тәуекелі бар және/немесе кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған, ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 50 пайыздан асып түскен мөлшеріндегі кредиттік тәуекелі бар;
      кепілге берілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны төмендеуіне ықпал етуге қабілетті факторлар, оның ішінде заемшының жылжымайтын мүлкі тұрған қалада немесе өзге елді мекенде жаңа жылжымайтын мүліктің құрылысының көбеюі немесе кепілге салынған жылжымайтын мүліктің ықтимал бұзылуы нәтижесінде, анықталған жоқ;
      2) жақсы қамтамасыз ету - мынадай талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүліктің ипотекасы:
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніндегі негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз ету құнына қатынасы 60 пайыздан аспайды;
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 75 пайыздан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасының 60 пайызынан асып түскен мөлшерде кредитор болып табылатын банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттік тәуекел бар;
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) кепіл құнына қатынасы 80 пайыздан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 60 пайыздан асып түскен мөлшерінде "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беретін қор" акционерлік қоғамы кепілдік берген не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 75 пайыздан асып түскен мөлшерінде кредиттік тәуекелі бар және/немесе кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған, ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 60 пайыздан асып түскен мөлшеріндегі кредиттік тәуекелі бар;
      кепілге берілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны төмендеуіне ықпал етуге қабілетті факторлар, оның ішінде заемшының жылжымайтын мүлкі тұрған қалада немесе өзге елді мекенде жаңа жылжымайтын мүліктің құрылысының көбеюі немесе кепілге салынған жылжымайтын мүліктің ықтимал бұзылуы нәтижесінде, анықталған жоқ;
      3) қанағаттанарлық қамтамасыз ету - мынадай талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүліктің ипотекасы:
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніндегі негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз ету құнына қатынасы 70 пайыздан аспайды;
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасы 85 пайыздан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасының 70 пайызынан асып түскен мөлшерде кредитор болып табылатын банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттік тәуекел бар;
      Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында құрылған жылжымайтын мүлікті сатып алуға ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 90 пайызынан аспайды және ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасынан 70 пайыздан асып түскен мөлшерінде не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасынан 85 пайыздан асып түскен мөлшерінде "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы кепілдік берген кредиттік тәуекелі бар не кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы сақтандырған, ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніне негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз етудің құнына қатынасынан 70 пайыздан асып түскен мөлшеріндегі кредиттік тәуекелі бар;
      кепілге берілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны төмендеуіне ықпал етуге қабілетті факторлар, оның ішінде заемшының жылжымайтын мүлкі тұрған қалада немесе өзге елді мекенде жаңа жылжымайтын мүліктің құрылысының көбеюі немесе кепілге салынған жылжымайтын мүліктің ықтимал бұзылуы нәтижесінде, анықталған жоқ;
      4) қанағаттанғысыз қамтамасыз ету - мынадай талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүліктің ипотекасы:
      ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының (тәуекелді бағалау күніндегі негізгі борыштың қалдығы) қамтамасыз ету құнына қатынасы 70 пайыздан астам;
      кепілге берілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны төмендеуіне ықпал етуге қабілетті факторлар, оның ішінде заемшының жылжымайтын мүлкі тұрған қалада немесе өзге елді мекенде жаңа жылжымайтын мүліктің құрылысының көбеюі немесе кепілге салынған жылжымайтын мүліктің ықтимал бұзылуы нәтижесіндегі факторлар анықталған;
      Ипотекалық тұрғын үй заемын жіктеу мақсатында қамтамасыз ету ретінде заемшының және (немесе) үшінші тұлғаның соңғы үш жылда бағалау құны бар жылжымайтын мүлкі қабылданады, оның құны ең кем дегенде екі шамамен: "Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес анықталатын жылжымайтын мүлікті сату бағасынан немесе осы мүліктің бағалау құнынан айқындалады. Қамтамасыз етуді жаңа жылжымайтын мүлік түрінде ұсынған жағдайда, осы мүлікті бағалау құны көрсетілген Заңға сәйкес анықталады.

      2-кесте

Баллдардың саны

Активтің жіктеу санаты

Провизиялардың мөлшері
(негізгі борыштың сомасынан пайызбен)

1 (қоса алғанға) дейін

Стандартты

0



Күмәнді:



1-ден 2 (қоса алғанға) дейін

1 санатты

5 пайыз – төлемдерді уақтылы және толық төлегенде

2 санатты

10 пайыз – төлемдерді төлеуді ұстап қалғанда немесе толық емес төлегенде

2-ден 3 (қоса алғанға) дейін

3 санатты

20 пайыз - төлемдерді уақтылы және толық төлегенде

4 санатты

25 пайыз - төлемдерді төлеуді ұстап қалғанда немесе толық емес төлегенде

3-тен 4 (қоса алғанға) дейін

5 санатты

50 пайыз – барлық жағдайларда

4-тен және одан астам

Үмітсіз

100 пайыз - барлық жағдайларда

                                                                ".