Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 шілдеде № 8585 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы бекітілсін.

      2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

      5. Аталған бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 24 шілдедегі № 76
бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары,
ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау
қағидасы

      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау жөніндегі осы Қағида (одан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы (одан әрі – "Құқық қорғау қызметі туралы" Заң), "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңдарына және құқық қорғау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (одан әрі - прокуратура органдары) қызметке өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

      3. Әскери прокуратура органдарына әскери қызметке кіру және өткеру тәртібі "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

      4. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде прокуратура органдарына қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы кіруге мыналардың құқығы бар:

      1) құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқуды бітірген тұлғалар;

      2) бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған тұлғалар;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;

      4) мемлекеттік саяси қызметшілер;

      5) өз өкілеттігін тоқтатқан судьялар.

      Осы Қағиданың 4-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген, теріс себептермен жұмыстан шығарылған немесе өз өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар прокуратура органдарына қызметке қабылданбайды.

      5. Теріс себептермен өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті бұрынғы депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің және өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялардың бос лауазымдарға орналасуы конкурстан тыс негізде олардың өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады.

      6. Конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке кіретін тұлғалар (одан әрі – үміткерлер) конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы еркін нысанда жазылған арызды прокуратура органдарына береді.

      Үміткерді конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау үшін оны тағайындау мүмкін болатын прокуратура органының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы арызды (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізеді, алдағы жұмыстың сипаты және лауазым бойынша қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді.

      7. Әңгімелесуді өткізгеннен кейін үміткер бес жұмыс күн ішінде прокуратура органының кадр бөлімшесіне мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаға қоса берілген 1-қосымшадағы нысанға сәйкес кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

      2) осы Қағидаға қоса берілген 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      3) осы Қағидаға қоса берілген 3-қосымшадағы нысанға сәйкес сауалнама;

      4) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме және түйіндеме;

      5) жеке басын куәландыратын құжат;

      6) мемлекеттік нысандағы білімі туралы құжат;

      7) еңбек жолын бекітетін құжат;

      8) әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік;

      9) 4х6 көлемдегі суреті (2 дана);

      10) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) құқық қорғау қызметіне тұрған кезде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін бекітетін құжат;

      11) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді (акциялар пакетін) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бергенін бекітетін құжат (мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы нотариалды куәландырылған шарт).

      Үміткерлер өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді ұсына алады.

      Кадр бөлімшесі құжаттарды қабылдау, прокуратура органдарына қабылданатын үміткерлерді зерттеу мен іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды прокуратура органдарының кадр бөлімшелері жүзеге асырады.

      8. Кадр бөлімшесі осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарап, үміткердің тағайындалуы мүмкін лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      9. Құжаттар тиісінше рәсімделмеген немесе осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда олар кемшіліктерді жою үшін кері қайтаруға жатады.

      Осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе олардағы мәліметтерді бұрмалау құжаттарды қараудан бас тартуға негіз болады.

      10. Қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшін кадр бөлімшесі үміткерге медициналық және психофизиологиялық куәландыру, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге жолдама беріледі.

      11. Кадр бөлімшесі арнайы тексеруден өтпеген жағдайда үміткерге қатысты материалдарды тексеру жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды.

      12. Прокуратура органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде кадр бөлімшесі мұрағаттық жеке істі зерттейді және осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген жаңарған құжаттарды тіркейді.

      13. Кадр бөлімшесі осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарының талаптарын ескере отырып берген құжаттардың негізінде прокуратура органының басшысы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) қызметке қабылдауға келісім береді;

      2) қызметке қабылдаудан дәлелді бас тартады.

      Қызметке қабылдаудан бас тарту үшін үміткердің белгіленген біліктілік талаптарына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген құқық қорғау қызметіне кіру шарттарына сәйкес келмеуі, осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы немесе толық тапсырмауы негіз болып табылады.

      Кадр бөлімшесі қабылданған шешім туралы оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қою арқылы үміткерге хабарлайды.

      14. Қызметке қабылдау үшін құқық қорғау қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға үміткер сәйкес келген кезде кадр бөлімшесі қабылдау туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді және оған үміткер тағайындалатын құрылымдық бөлімшенің басшысы, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшенің басшысы қол қойғаннан кейін прокуратура органының лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға құқығы бар басшысына қол қоюға ұсынады.

      15. Кадр бөлімшесі тағайындау туралы бұйрық тіркелген күні қызметкерді онымен таныстырады және бұйрықтың көшірмесін тиісті прокуратура органының құрылымдық бөлімшесіне мәлімет ретінде жолдайды.

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары,
ведомстволары мен мекемелеріне
қызметке конкурстан тыс қабылдау
қағидасына 1-қосымша

      Нысан

КАДР ЕСЕБІНІҢ ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК
по учету кадров

      Фотосуреттің орны

      Место для

      фотокарточки

      1. Тегі

      Фамилия______________________________________________________________

      Аты Әкесінің аты

      Имя _______________________ Отчество (егер бар болса) _______________

      2. Жынысы 3. Туған күні, айы,жылы

      Пол______________ Число, месяц и год рождения _______________________

      4. Туған жері

      Место рождения_______________________________________________________

       (ауыл, қала, аудан, облыс, республика

       село, город, район, область, республика)

      _____________________________________________________________________

      5. Ұлты

      Национальность________________

      6. Білімі

      Образование__________________________________________________________

Оқу орнының атауы және мекен жайы

Название учебного заведения и его местонахождение

Түскен жылы

Год поступления

Бітірген немесе шыққан жылы

Год окончания или ухода

Бітірмеген жағдайда қай курстан кетті

Если не окончил, то с какого курса ушел

Қандай мамандық бойынша білім алды

По какой специальности получил образование

Қандай біліктілік алды, дипломның немесе куәліктің нөмірі

Какую квалификацию получил,

№ диплома или удостоверения






































      7. Ана тілін, қандай деңгейде басқа тілдерді меңгердіңіз және қаншалықты,

      Родной язык, какими другими языками владеете и в какой степени________________________

      _____________________________________________________________________

      Оқып, сөздікпен аудара аласыз ба, оқып түсіндіре аласыз ба, толық

      білесіз бе? Читаете и переводите со словарем, читаете и можете

      объясняться, владеете свободно?

      8. Ғылыми атақ, ғылыми дәреже

      Ученая степень, ученое звание________________________________________

      9. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз бар?

      Какие имеете научные труды и изобретения

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Еңбек жолы (жоғары оқу және арнайы орта білім орны, әскери

      қызметі және қос қызметтілікті қоса алғанда).

      Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных

      учебных заведениях, военную службу и работу по совместительству).

      Осы бөлімді толтырған кезде, жұмыс орнының толық атын өз кезіндегі

      атауымен, әскери қызметін, лауазымымен бірге жазу керек.

      При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия

      необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную

      службу с указанием должности, округа.

Айы және жылы

Месяц и год

келген кеткен

поступ. ухода

Лауазымы, қызмет орны, кәсіпорын мекемесі, және министрлік (ведомство) атауы

Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства)

Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның мекен-жайы

Местонахождение учреждения, организации, предприятия










































































      11. Жеке іс қағазын толтырған уақыттағы отбасы жағдайы, және сіздің жақын туыстарыңыз.

      Семейное положение в момент заполнения личного листка, Ваши близкие родственники*

Туыстық қатынасы

Степень родства

Тегі, аты, әкесінің аты

Фамилия, имя, отчество

Туған жеріңіз, күні, айы, жылы

Дата и место рождения

Жұмыс орны, лауазымы

Место работы, должность

Тұрғылықты мекен жайыңыз

Место жительства























































































      * Жақын туыстарыңыз: жұбайыңыз, оның әке-шешесі, аға-інілері,

      апа-сіңілілері, және балалары. Заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес,

      егер өздерінің алғашқы тегін, аты-жөнін, әкесінің атын өзгерткен

      жағдайда, сонымен бірге алғашқы жұбайлары туралы мәліметтер көрсетілсін.

      * Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети.

      Указать и прежние фамилии, имена и отчества этих лиц, если они

      изменили их в установленном законом порядке, а также данные на бывших супругов.

      12. Шет елдерде болу мерзімі (жұмыс, қызметтік іс-сапар, делегация құрамында)

      Пребывание за границей (работа, служебная командировка, поездка с делегацией)

Айы және жылы

Месяц и год

Қай мемлекетте

В какой стране

Шетелде болу мақсаты

Цель пребывания за границей

қай уақыттан бастап

с какого времени

қай уақытқа дейін

по какое время










































      13. Қай сайлау органдарына сайландыңыз (қайда, қандай және қашан)

      В какие выборные органы избирался (где, в какие и когда)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      14. Әскери міндетті болуы

      Отношение к воинской обязанности

      ___________________________________________________________

       әскери міндетті болуы, болмауы

       военнобязанный, невоеннообязанный,

      _____________________________________________________________________

      әскери арнайы тіркеуі, әскери атағы, әскери билеттің нөмірі және жеке нөмірі,

      военно-учетная специальность, воинское звание, номер военного билета и личный номер

      15. Қандай мемлекеттік наградаға ие болдыңыз

      Какие имеете правительственные награды_______________________________

       қашан, кім және немен марапатталдыңыз

       когда, кем и чем награждены

      16. Жеке куәлік

      Удостоверение личности_______________________________________________

       серия, нөмірі, кіммен және қашан берілді, тіркеу мекен-жайы

       серия, номер, кем и когда выдан, адрес прописки

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      17. Тұрғылықты жері

      Место жительства

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "___"_______________ 20__ж. Жеке қолы

       Личная подпись_________

      Қазақстан Республикасының

      прокуратура органдары,

      ведомстволары мен мекемелеріне

      қызметке конкурстан тыс қабылдау

      қағидасына 2-қосымша

      Нысан

ӨМІРБАЯН _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты /егер бар болса/)

Өмірбаян үміткердің өз қолымен еркін нысанда, шимайсыз және түзетусіз жазылады және онда міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі:

- тегі, аты, әкесінің аты, туылған жылы және жері, ұлты;


- қашан, қайда, қандай жоғары оқу орнында оқыды, білімі бойынша мамандығы;


- кім болып, қашан және қайда істеді, мекеме немесе ұйымның атауы толық, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысудың себебі көрсетілуі тиіс;


- отбасылық жағдайы, некеге қашан тіркелді, (әйелі, (күйеуінің) тегі, аты, әкесінің аты, туылған жылы және жері, ұлты, тұрғылықты жері, жұмыс орны және лауазымы; әкесі, шешесі, ағалары, әпкелері және балаларына да осындай мәліметтер; егер үміткер немесе оның әйелі (күйеуі) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда оның бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі.


- Сіз немесе Сіздің жақын туыстарыңыз сотталған ба? (қашан және не үшін), Сіз әкімшілік жауаптылыққа тартылғансыз ба? (қашан және не үшін).



       Қолы ______________________

       "______" _____________201______жылы

       №__________________________________

       кіммен және қашан

       берілген __________________________

       Қайда тіркелген ___________________

       Тұрғылықты жері ___________________

       телефондары:

       қызметтік _________________________

       үй ________________________________

       ұялы ______________________________

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары,
ведомстволары мен мекемелеріне
қызметке конкурстан тыс қабылдау
қағидасына 3-қосымша

      Нысан

САУАЛНАМА
лауазымға тағайындалатын үміткер үшін Аты-жөні: ______________________________________________________

      (түсінікті түрде, баспа әріптерімен)

      __________________________________________________________________

      1. Сіз тағайындалу мүмкін болатын елді мекеннің тұрғыны боласыз ба?

      (онда бұрын тұрғансыз ба, қашан)

      _______________________________________________________________

      2. Сіз тағайындалу мүмкін болатын елді мекенде Сіздің туыстарыңыз

      немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) туыстары тұрады ма?

      _____________________________________________________________________

      3. Сіздің туыстарыңыз немесе Сіздің жұбайыңыздың туыстары прокуратура

      органдарында қызмет атқарады ма?

      _____________________________________________

      Жауап дұрыс болған кезде көрсетіңіз:

      Органның (мекеменің) атауы___________________________________________

      Атқаратын лауазымы _________________________________________________

      4. Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыстыңыз ба немесе шаруашылық

      серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе қатысушысы

      болып табыласыз ба? ________________________________________________________

      5. Сіздің туыстарыңыз, жұбайыңыз (зайыбыңыз) кәсіпкерлік қызметпен

      айналысады ма? ________________________________

      Жауап дұрыс болған кезде көрсетіңіз, тағайындалу мүмкін болатын

      өңірдің аумағында кәсіпкерлік қызметтің объектілері бар ма, болса

      нақты қай жерде орналасқан?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________