Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8560 тіркелді.

Жаңартылған
      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр
А. Жұмағалиев

     

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 472 бұйрығымен бекітілген

Бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті
электрондық нысанда көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер мен қысқартулар қолданылады:
      1) композиттік қызмет – бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы;
      2) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
      3) портал – "электрондық үкімет" веб-порталы.
      Осы Қағидаларда қолданылатын барлық басқа түсініктер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында қолданылатын мағынада пайдаланылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.10.2016 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше
мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Композиттік қызмет қызмет берушімен қызмет алушының бір өтініші негізінде электрондық нысанда мемлекеттік ақпараттық жүйелерде композиттік қызмет көрсетуде талап етілетін қажетті деректер болған жағдайда көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін композиттік қызметтің нәтижесі ретінде композиттік қызмет құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес анықталатын әр мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі болып табылады.
      5. Композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес анықталады.
      6. Композиттік қызметті көрсетудің ақылығы (құны, төлеу әдісі (ақшамен және ақшасыз есептесу), құжат нысаны (түбіртектер), құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжаттардың қажетті нысандары мен ақысыздығы композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен анықталады.
      7. Өтініш және (немесе) композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына сәйкес талап етілетін құжаттарды тапсыру порталда тәулік бойы жүзеге асырылады.
      8. Қызметті алушы композиттік қызметті алу үшін портал арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған өтініш және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына сәйкес талап етілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер жібереді. Композиттік қызмет алу үшін өтініштің электрондық нысаны порталда орналастырылады.
      9. Композиттік қызмет қызметті көрсетушілермен композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес қызметті алушымен өтініш және (немесе) талап етілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер берілген күннен бастап көрсетіледі.
      Қызметті алушының өтініші алдымен композиттік қызметтің құрамына кіретін басқа мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтің нәтижесі міндетті болатын қызмет көрсетушіге жіберіледі, және де алғашқы мемлекеттік қызметтің нәтижесі бойынша қызметті алушының өтініші қызметті көрсетушінің ЭЦҚ куәландырылған, кезекті қызметті алуда талап етілетін мәліметтермен толықтырылады.
      Қажетті мәліметтермен толықтырылған қызметті алушының өтініші ақпараттандыру саласындағы ЭЦҚ куәландырылады және портал арқылы автоматты тәртіпте композитті қызметті одан әрі көрсету үшін басқа қызмет көрсетушілерге жіберіледі.
      Композитті қызметті көрсетуге қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының өтініші порталда сақталады және қызметті көрсетушілермен тексеру үшін қол жетімді.
      10. Қызметті алушы қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталда жеке кабинетінде әр мемлекеттік қызметтің қызмет көрсету нәтижесін не (немесе) өтінішті келесі қызмет көрсетушіге жіберілгендігі жөнінде хабарлама немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алады.
      11. Композиттік қызметті көрсетуге қызмет көрсетушімен композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандарттарында анықталған жағдайда бас тартылады.
      12. Композиттік қызметтің нәтижелерін қызмет көрсетушілермен беру композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Қызметті алушының көрсетілген композиттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспейтін жағдайда, қызметті алушы сәйкес мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен белгіленген тәртіпте шағым келтіре алады.
      14. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.10.2016 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.