Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 № 129/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жұмағалиев |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығымен бекітілген |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және "бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. "Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының бір өтініші негізінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерде осындай қызметті көрсету үшін талап етілетін қажетті деректермәліметтер болған жағдайда көрсетіледі.
4. Егер "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін, "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі – ЗТНҚА) өзгеше көзделмесе, "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін әрбір мемлекеттік қызметті көрсету, "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
5. "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері ЗТНҚА-ға сәйкес анықталады.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған өтінішті және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушілер ЗТНҚА-ға сәйкес көрсетіледі.
6. "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ақылы болуы (құны, төлеу әдісі (қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есептесу), құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжат (түбіртектер) нысаны ЗТНҚА-ға сәйкес анықталады.
7. "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтінішті және (немесе) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді беру ЗТНҚА-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бастапқыда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті шарт болып табылатын көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бастапқы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші келесі қызметті алу үшін талап етілетін мәліметтермен толықтырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің мәліметтерімен толықтырылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші портал арқылы автоматты режимде "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті одан әрі көрсету үшін басқа көрсетілетін қызметті берушілерге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге берген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші порталда сақталады және көрсетілетін қызметті берушілердің тексеру жүргізуі үшін қолжетімді.
9. "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
10. Көрсетілетін қызметті берушілер ЗТНҚА-ға сәйкес айқындалған жағдайларда "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
11. Көрсетілетін қызметті алушыларға "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру ЗТНҚА-да белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
12. Егер көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы оларды ЗТНҚА-да айқындалған тәртіппен оларға шағымданады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру дәрежесін ескере отырып, өтініштерді қабылдау және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін беру электрондық және (немесе) қағаз нысанда жүзеге асырылады.