Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 мамырда № 8469 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2017 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Имашев

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 156 бұйрығына 1-қосымша

Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың
және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке
сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу қағидасы мен мерзімдері

      Ескерту. Қағида мен мерзімдері жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрi - Қағида) "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексеріп-қараудың нәтижелері бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын анықтау туралы қорытынды беру (бұдан әрі - Қорытынды) және жылжымайтын мүлiктердi мемлекеттiк техникалық тексеріп-қарау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) абрис – жер учаскесiнiң, күрделi құрылыстың (ғимарат, құрылысжай), оқшау үйжайдың, аяқталмаған, уақытша тоқтатылған күрделi құрылыстың (ғимарат, құрылысжай) көлік қою орнының сызбалық жоспары, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң және оның сындарлы элементтерiнiң сұлбасы, өлшеу нәтижелерi, атауы және жылжымайтын мүлiк объктiсiнiң нақты жоспарын жасауға қажеттi басқа да мәлiметтерi көрсетiледi;

      2) дала жұмыстары - жылжымайтын мүлiк объектiсiн өлшеу, абристы құрастыра отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне маман шыға отырып жүргiзiлетiн жұмыс;

      3) жылжымайтын мүлiк – жер учаскелерi, ғимараттар, құрылысжайлар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;

      4) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң барлық көлемi және ауданын есептеу, жер телiмдерiн және қабат бойынша жоспарды сызу, техникалық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу iстерiн қалыптастыру, деректердi ақпараттық жүйеге енгiзу бойынша жұмыстар;

      5) кадастрлық нөмiр – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң Қазақстан Республикасының аумағында жеке, қайталанбайтын нөмiрi;

      6) тұрғын бөлме - адамдардың тұруына арналған тiкелей күндiзгi жарықтандырғышы бар және жылытатын құралдары бар алаң;

      7) тұрғын емес үй жай – тұрақты тұруға қарағанда басқалай мақсат үшiн пайдаланылатын тұрғын үйдi қоспағандағы жеке үйжай;

      8) көлік қою орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан көлікті уақытша және тұрақты сақтау үшін арналған орын;

      9) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi мемлекеттiк техникалық тексеріп-қарау немесе қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сындарлы элементтерiнiң сипаттамасын жүргiзу;

      10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға.

2 Тарау. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың,
құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған
жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу
тәртiбi мен мерзiмдерi

      3. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша қызметтi Мемлекеттiк корпорация жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрмей жүзеге асырады.

      4. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу үшін меншік иесі немесе оның уәкілетті өкілі уәкілеттігін растайтын құжатты және келесі құжаттарды:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - Өтініш);

      2) меншік иесі (жеке тұлға) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын анықтайтын құжат (түпнұсқа жеке басын анықтау үшін ұсынылады), сондай-ақ өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат;

      3) құқық белгілейтін құжат;

      4) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;

      5) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізуге алым төлегенін растайтын құжат ұсынылады.

      5. "Электрондық үкімет" порталы арқылы жүгінген кезде осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      6. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу нәтижесі бойынша қызмет алушыға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтері енгізілгендігі туралы белгі қойылған құқық белгілейтін құжат беріледі.

      "Электрондық үкімет" порталы арқылы жүгінген жағдайда меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне сәйкестендіру және техникалық мәліметтер енгізілгендігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар түскен және құжаттардың электрондық көшірмелері жолданған күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрмей құқық белгілейтін құжат беріледі, ал хабарлама жолданады.

3 Тарау. Қорытынды беру тәртiбi мен мерзімдері

      7. Құқық иеленуші Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында Мемлекеттік корпорацияға мұндай алшақтықтарды анықтау үшін Қағидалардың 4-тармағының 2,) 3) 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізуге алым төлегенін растайтын құжатты қоса ұсынып өтініш беруге құқылы.

      8. Алшақтықтарды анықтау жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау негізінде жүзеге асырылады, нәтижесі бойынша Заңның 18-бабының 3-тармағында белгіленген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.

      9. Алшақтықтар анықталғандығы туралы мәліметтер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке техникалық тексеріп-қарау жүргізілгеннен кейінгі жұмыс күні енгізіледі және меншік иесі немесе оның уәкілетті өкіліне техникалық паспорт қоса ұсынылып қорытынды беріледі.

4 Тарау. Жылжымайтын мүлiкке мемлекеттiк техникалық тексеріп-қарау жүргiзу тәртiбi мен мерзімдері

      10. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау:

      1) қорытынды алу үшін;

      2) ғимараттарға, құрылысжайларға және (немесе) олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жарақтандыру нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде мұндай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта зерттеп-қарау жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын жағдайларды ескермегенде;

      3) кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжайдың тіркеу кодының (бар болған жағдайда) өзгерген кезінде жүргізіледі.

      11. Мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу барысында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу үшін қажетті техникалық, идентификациялық сипаттамалар айқындалады.

      12. Жылжымайтын мүліктерге мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу, жер телімін түсіру және жер телімі бойынша сызба түріндегі жоспарды сызуды (дала және камералдық жұмыстар) және түсіру (өлшеу) және қабаттар бойынша жоспарларды сызуды (дала және камералдық жұмыстары) қамтиды.

      13. Мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу маманның міндетті түрде сол жерге шығуымен жүргізіледі және тексеріп-қарау жүргізудің нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады.

      14. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу жұмыстары мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) маман берілген өтініш шеңберінде қайта құрылған, қайта жабдықталған, қайта жоспарланған, жаңадан салынған және жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылысжайларды анықтау мақсатында жылжымайтын мүлік объектісіне тексеріп-қарау жүргізеді;

      2) жер учаскесінің сыртқы шекаралары өзгерген немесе жаңа салынған құрылысқа немесе ескі құрылыстар мен құрылысжайларын бұзуға, не қайта қалпына келтірілген объектілердің конфигурациясы өзгеруіне байланысты жер учаскесінің ішкі жағдайлары өзгерген кезде, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша абрис жасалады;

      3) абрис жасай отырып, қайта жаңғыртылған, жаңадан салынған және жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылыс жайларға тексеріс жүргізіледі;

      4) жер учаскесінің қазіргі жоспарына жаңадан, жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылыс жайлар, сондай-ақ олардың конфигурациясы өзгерген жағдайда қайта жаңартылған объектілерді енгізеді және анықталған өзгерістерді ескере отырып, оның экспликациясын толтырады;

      5) белгіленген өзгерістерді ескере отырып, әр қабаттық жоспарды сызады және оған экспликацияны толтырады;

      6) есептер жасайды;

      7) қайта жаңартылған, жаңадан және жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылысжайларға техникалық паспорт нысандары толтырылады және олар бар түгендеу ісіне тігіледі;

      8) бұрынғы техникалық тексеріп-қарау жүргізу кезінде әзірленген техникалық паспорттарда, оның ішінде меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің данасында күні, маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолын қоя отырып, "ӨТЕЛДІ" деген белгі қойылады;

      9) барлық жаңа және өтелген материалдар түгендеу ісінде қалыптастырылады, өтелген материалдар жойылмайды, хронологиялық тәртіппен түгендеу ісіне тігіледі;

      10) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағат істері құжаттарының тізімдемесі жасалады.

      15. Мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізілген кезде жаңа абрис жасалады.

      Сонымен қатар жылжымайтын мүліктің негізгі құрылысының техникалық сипаттамасы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және қызметтік (шаруашылық) құрылыстардың және құрылысжайлардың техникалық сипаттамасы осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      Бұрын жасалған абрис күшін жоймайды, онда түзету жүргізуге жол берілмейді. Абрис электронды түрде немесе жай қарындашпен сызылады, онда көрсетілген құрылыстар мен құрылысжайлардың бейнесі барлық кесінділері бойынша шын мәніне жақын болуы және салыстырмалы масштабтарда орналастырылуы қажет.

      16. Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу мынадай мерзімдерде:

      1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт екі жұмыс күнi ішінде;

      2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт төрт жұмыс күнi ішінде;

      3) жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт алты жұмыс күні ішінде;

      4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүліктің объектiлеріне техникалық паспорт тоғыз жұмыс күні ішінде;

      5) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, бірінші күрделілік санатына жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорты төрт жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

      6) осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт әзірлеу мерзімдері күрделілік санатына байланысты тараптардың келісімдері бойынша екі айға дейін ұзартылады.

      17. Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының "Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" 2007 жылдың 24 тамыздағы № 235 бұйрығына сәйкес нысан бойынша техникалық паспорт жасалады (№ 4937 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).

      18. Техникалық паспорт алу үшін жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң меншік иесi немесе оның уәкiлеттi өкiлi Қағидалардың 4-тармағының 1), 2,) 3) 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ техникалық паспорт алуға алым төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

      Пәтерлер, жатақханадағы бөлмелер және іштен жапсыра салынған тұрғын емес үй-жайларға техникалық тексеріп-қарауға жүгінген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.

      "Электрондық үкімет" порталы арқылы жүгінген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      19. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң меншiк иесi ауысқан кезде техникалық паспорт өзiнiң заңдық күшiн сақтайды. Меншiк иесi туралы мәлiметтi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорация техникалық паспорттың қосымшасына толтырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 20.07.2018 № 1123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Объектінің техникалық сипаттамалары өзгерумен байланысты мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу кезінде техникалық паспортта, жер учаскесінің шекараларының өзгеруі, құрылыстардың бұзылуы, жаңадан салынған құрылыстарды көрсете отырып, күнін, тексеріп-қарау жүргізген маманның тегі мен қолын көрсете отырып, ағымдағы тексеріп-қарау жүргізілгені туралы белгі қойылады.

      21. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдері бойынша болатын жылжымайтын мүліктердің идентификациялық сипаттамалары өзгерген кезде, оның ішінде елді мекендердің атаулары, көшелердің атаулары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың (мекенжайлардың) реттік нөмірлері өзгерген немесе кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде тегін жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация түзетулерді техникалық паспортқа ол жерге шықпай-ақ, тегін 1 жұмыс күні ішінде енгізеді.

  Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне
ғимараттардың,
құрылысжайлардың және
(немесе) олардың
құрамдастарының жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерін енгізу,
мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Жеке тұлғалар үшiн:

      Азамат (ЖСН)____________________________атынан, сенiм бiлдiрiлген адам_____________

      _________________________________________(ЖСН)_________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Тегi, аты, (болған кезде) әкесiнiң аты (бұдан әрi – ТАӘ (болған кезде) туған жылы)

      ___________________________________________негiзiнде_____________________________

      (өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың деректемелерi)

      атынан әрекет етедi_______________________________________________________________

      Заңды тұлғалар үшiн:

      Заңды тұлғаның толық атауы_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттiк тiркеу күнi___________________БСН____________________________________

      Заңды мекенжайы________________________________________________________________

      Тегi, аты, (болған кезде) әкесiнiң аты (басшының немесе уәкiлеттi өкiлдiң)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________негiзiнде____________________________

      (өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың деректемелерi)

      атынан әрекет етедi_______________________________________________________________

      Сұраймын: қажеттісі белгіленеді



құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізуді;



жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық тексеріп-қарау жүргізу нәтижесі бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын анықтау қорытындысын беруді;



жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруді.

      Тексерiс жүргiзiлетiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайы:

      ________________________________________________________________________________

      Қабылданған құжаттардың тiзбесi: (атауы, сериясы, қашан және кiм бердi):

      1. Төлем туралы құжат: түрi _________________№________________күнi_________________

      сомаға________________________(жазбаша)_________________________________________

      2. Қолда бар техникалық паспортты (бар болса) және жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын

      қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар (түпнұсқада)

      ________________________________________________________________________________

      3. Өзге де құжаттар_______________________________________________________________

      4. Байланыс телефоны_____________________________________________________________

      Мынадай жұмыстарды орындауды:__________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе________________________________________________________________________

      Жұмысты бiтiрген соң төлемнiң толық төленуiне (қосымша ақы) кепiлдiк беремiн.

      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________жылы______________күнi____________________

      Қабылдады _____________________________________________________________________

      (маманның, инспектордың тегi, аты (болған кезде) әкесiнiң аты және қолы)

      жылы______________күнi_______________уақыты:_____ сағат.___минут.

      Маманның шығу күнi_____________________________________________________________

      Құжаттарды беру күнi ___________________ Тiзiлiмдiк нөмiр __________________________

      бұл бағана қосымша құжаттар болған жағдайда толтырылады

      Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісім беремін

      _________________ 20__ж. "___"_____________

            (қолы)

  Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне
ғимараттардың,
құрылысжайлардың және
(немесе) олардың
құрамдастарының жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерін енгізу,
мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
  Нысан

АБРИС

      Өтiнiштiң нөмiрi:_________________________________________________________________

      Объектiнiң мекенжайы:____________________________________________________________

      Иесiнiң фамилиясы, аты, (болған кезде) тегi:__________________________________________

      Тексеріп қарау жүргiзiлген (литер):_________________________________________________

      Бұзылған (құрылыстар мен құрылыс жайларды тiзiп шығу (литерi):______________________

      Тұрғызылған жылы:______________________________________________________________

      Ескертпе:_______________________________________________________________________

      Сызба күнi______________________________________________________________________

      Абристi толтырған маман__________________________________________________________

      Өтiнiш берушi___________________________________________________________________

      Тексерген _______________ Бөлiм басшысы __________________________________________

  Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне
ғимараттардың,
құрылысжайлардың және
(немесе) олардың
құрамдастарының жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерін енгізу,
мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

№___________мұрағат iстерi құжаттарының (түгендеу нөмiрi)
ТIЗIМДЕМЕСI

Реттiк нөмiр

Құжаттың нөмiрi

Құжаттың күнi

Құжаттың тақырыбы

Iс парақтарының нөмiрлерi

Ескертпе

























      Құжаттардың________________________________________________________қорытындысы

                                    (санмен және жазумен)

      Тiзiмдеме парақтарының саны______________________________________________________

                                                (цифрмен және жазумен)

      Құжаттары тiзiмдемесiн толтырған тұлғаның лауазымының атауы.

      Мұрағат iсiн тiгу____________________ қолтаңбасы

                        (жеке қолы)

      20___жылғы "___"___________.

  Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне
ғимараттардың,
құрылысжайлардың және
(немесе) олардың
құрамдастарының жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерін енгізу,
мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

Негiзгi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық сипаты

      Тапсырыс нөмiрi:_________________________________________________________________

      Объектiнiң мекен жайы:___________________________________________________________

      Тапсырыс берушiнiң тегi, аты, (болған кезде) әкесiнiң аты:______________________________

      Тексерiс жүргiзу (литер):__________________________________________________________

      Тұрғызылған жылы:______________________________________________________________

      Ескертпе:_______________________________________________________________________


Литердiң атауы "_______"

Элементтiң сипаттамасы

Элеметтiң техникалық жағдайының сипаттамасы

тозу %

1

Iргетасы




2

Сыртқы және iшкi негiзгi қабырғалары




3

Арақабырғалары




4

Жабыны

Шатыры




Қабат арасы




5

Шатыр




6

Еденi

1-шi қабат




Кейiнгi қабат




7

Ойықтары

Терезе




Есiктер




8

Әрлеу жұмыстары

Сыртқы




Iшкi




9

Жылытылуы




10

Электрмен қамтамасыз етiлуi




11

Кәрiздерi




12

Сумен жабдықтау

Салқын




Ыстық




13

Баспалдақ




14

Әртүрлi жұмыстар









      Жер телiмiнде орналасқан барлық құрылыстар мен құрылысжайлардың техникалық

      сипаттары жеке жеке толтырылады.

      Тексеріп-қараудың уақыты мен күнi 20__ жылғы "___" _________________

      Өтiнiш берушi:___________________________________________________________________

      Орындаушының қолы:____________________________________________________________

  Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне
ғимараттардың,
құрылысжайлардың және
(немесе) олардың
құрамдастарының жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерін енгізу,
мемлекеттік техникалық
тексеріп-қарау жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
5-қосымша
  Нысан

Қызметтiк (шаруашылық) құрылыстар мен ғимараттардың техникалық сипаттары

      Тапсырыстың нөмiрi:_____________________________________________________________

      Нысынның мекен жайы:___________________________________________________________

      Тегi, аты, (болған кезде) әкесiнiң аты:________________________________________________

      Тексерiс жүргiзiлген (құрылыстар мен құрылысжайлар литерi)__________________________

      Бұзылған (құрылыстар мен құрылысжайлардың тiзiмi (литерi) __________________________

      Тұрғызылған жылы:______________________________________________________________

      Ескертпе:_______________________________________________________________________


Литер атауы "_______"

Элемент сипаттамасы

Элементтiң техникалық жағдайының сипаттамасы

тозу %

1

Iргетас




2

Сыртқы қабырға




3

Жабыны




4

Шатыры




5

Сыртқы әрлеуi




      Жер телiмiнде орналасқан барлық құрылыстар мен құрылысжайлардың техникалық

      сипаттары жеке жеке толтырылады.

      Тексеріп-қараудың күнi мен уақыты: 20__ жылғы "___"____________

      Өтiнiш берушi:___________________________________________________________________

      Орындаушының қолы:____________________________________________________________


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 06 мамырдағы
№ 156 бұйрығына
2-қосымша

Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
кадастрлық нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру тәртібін белгілейді.

      2. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруді оның орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірлер беру мақсаттарында екі топқа бөлінеді:

      ғимараттар, құрылыстар, ғимарат-үйлер (бастапқы объектілер);

      құрамдас ғимараттар, ғимарат-үйлер, құрылыстар: тұрғын, тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде бөлмелер, жапсыра және іштен жапсыра салынған тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және ғимараттардың, құрылыстардың, ғимарат-үйлердің басқа да құрамдас бөліктері (кейінгі объектілер).

      4. Жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер құруға облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодтарынан бастап нақты жылжымайтын объектісінің кодына дейінгі сатылау принципі негіз болып қаланған.

      5. Жер учаскелерінде орналасқан әрбір бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің қайталанбайтын кадастрлық нөмірі болады, ол жер учаскелерін әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды қосуға немесе бөлуге байланысты кадастрлық нөмірлердің құрамдас бөлігінің өзгеруінен басқа жағдайларда осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объекті ретінде өзгермеуі тиіс.

      6. Бастапқы немесе кейінгі бірыңғай құқық объекті ретінде қосудың немесе бөлудің нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.

      7. Бастапқы немесе кейінгі объектілердің жұмысы тоқтаған кезде оларға берілген кадастрлық нөмір басқа объектіге берілмейді.

      8. Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірінің болмауы бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беруден бас тартуға негіз болмайды.

      Бұл жағдайда бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беру үшін уақытша кадастрлық нөмір құралады, онда жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерінің орнына нөлдер қолданылады, ал ғимараттарға, ғимарат-үйлерге, құрылыстарға есептік кварталдың шеңберінде бірегей нөмірлер беріледі.

      9. Кейінгі объектілерді және олардың бөліктерін тіркеу кезінде барлық жағдайларда да ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйлердің кадастрлық нөмірінің болуы талап етіледі. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмір берілмеген болса, онда бұл нөмір осы Ережеге сәйкес оның құрамындағы кейінгі объектінің бастапқысын есепке алу кезінде беріледі.

      10. Әртүрлі есептік кварталдарда орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кварталдың нөмірін көрсетумен бір кадастрлық нөмір беріледі, онда ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің көп бөлігі немесе негізгі бөлігі орналасады.

      11. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруге:

      1) мемлекеттік жер кадастры мәліметтері бойынша осы ереженің 8-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерінің шекарасы және оның кадастрлық нөмірі туралы ақпараттар;

      2) бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары (қажет болған кезде қабат бойынша);

      3) қажет болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары негіз болады.

      12. Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығының немесе басқа құқықтың бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы оның кадастрлық нөмірін қайта қарауға негіз болып табылмайды.

      13. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:

      АА: ВВВ: ССС: Д...Д: И...И: К...К,

      ондағы: - кадастрлық нөмірдің құрамдас бөліктерін бөлуші;

      АА: ВВВ: ССС: Д...Д - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесіне сәйкес берілген жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      АА - облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың коды;

      ВВВ - әкімшілік ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың коды;

      ССС - есептік кварталдың коды;

      Д...Д - есептік кварталдың және/немесе әкімшілік ауданның, облыстың (аудандық) маңызы бар қаланың ішіндегі жер учаскесінің реттік нөмірі;

      И...И – бастапқы объектінің нөмірі;

      К...К - бастапқы объект ішіндегі кейінгі объектінің нөмірі, яғни: пәтердің, жапсыра салынған үй-жайдың, бөлменің, тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттың ішіндегі тұрғын емес үй-жайдың және жылжымайтын мүлік объектісінің басқа да құрамдас бөліктерінің нөмірі.

2. Бастапқы жылжымайтын
мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру

      14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құралады:

      20:015:004:165:1.

      мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      1 - жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).

      Бастапқы объекті үшін мысал, Астана қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1

      мұнда 21:320:135:0722 – жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.

      1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.

      15. Жер учаскесінде екі немесе одан да көп бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жағдайларда, олардың әрқайсысына сол жер учаскесіне жеке арналған кадастрлық нөмір мына ретте беріледі:

      20:015:004:165:1

      20:015:004:165:2

      20:015:004:165:3

      16. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру еркін дәйектілікпен жүргізіледі, ол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің анық сәйкестігін және оны жер учаскесі жоспарында жедел іздестіруді қамтамасыз етеді.

      17. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлу немесе оның басқа бастапқы объектілермен қосылуына байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас бөлігінің өзгеруін қоспағанда, бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.

      18. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде оның бөлінуі немесе объектілермен қосылуы нәтижесінде жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған бастапқы жылжымайтын объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірдің жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.

      19. 20:015:004:165:1 кадастрлық нөмірлері бар бастапқы жылжымайтын мүлік объектісін бөлу кезінде, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектілерінің екі бастапқы объектілеріне еркін түрдегі дәйектілікпен мынадай кадастрлық нөмірлер беріледі:

      20:015:004:165:2

      20:015:004:165:3.

      20. 20:015:004:165:2 және 20:015:004:165:3 кадастрлық нөмірлері бар екі жылжымайтын мүлік объектісі қосылған кезде жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне мынадай кадастрлық нөмір беріледі:

      20:015:004:165:4

      21. Негізгі ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге көмекші болып саналатын (қызметтік мақсаттағы) жер учаскелерінде орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмірлер берілмеуі мүмкін (әдетте жеке үйлерде). Мұндай объектілерді сәйкестендіру жер учаскесінің кадастрлық нөмірі немесе бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі (жер учаскесіндегі негізгі ғимарат) бойынша және оларды тіркеу құжаттарында және құқықтық кадастрда тізу арқылы жүргізіледі.

      22. Көмекші (қызметтік мақсаттағы) ғимараттарға, құрылыстарға, ғимарат-үйлерге қажет болған жағдайларда мұндай құрылысқа құқық иесінің дербес құқық белгіленетін тиісті құжаттары бар болған кезде (мысалы, көмекші құрылысты иеліктен айырған кезде) кадастрлық нөмір беріледі.

3. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
кадастрлық нөмірлер беру

      23. Кадастрлық нөмір ғимараттағы, құрылыстағы, ғимарат-үйлердегі үй-жайға, егер ол үй-жай бөлінген меншікте болса (басқа да бөлінген мүліктік құқықта) және бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамындағы кейінгі жылжымайтын объект ретінде бөлінген жағдайда ғана беріледі. Егер ішінде бірнеше үй-жайлар бар ғимарат бір құқық иесіне жататын болса, бастапқы объектінің құрамында кейінгі объект құралмайды. Бұл жағдайда кадастрлық нөмір тек бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне беріледі. Жеке үй-жайлар бастапқы объектілер құрамында екі немесе одан да көп тұлғалардың бөлек меншігінде (басқа да мүліктік құқықтағы) тұрған жағдайда, кейінгі объектілер оларға кадастрлық нөмір берумен бастапқы объектінің құрамында құрылады.

      24. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі жоқ болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмейді. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмесе, онда бұл нөмір ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге алғашқысына оның құрамындағы кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне жоғарыда аталған ережелер бойынша кадастрлық нөмір берілген кезде беріледі.

      25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:

      20:015:004:165:1:25

      мұндағы:

      20:015:004:165:1 – бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің осы ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіпте берілген кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;

      25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.

      Кейінгі объекті үшін мысалы, Астана қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, 106-пәтер, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1:106

      мұнда 21:320:135:0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.

      1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.

      106 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.

      26. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимарат, құрылыс, ғимарат-үйдің) құрамында орналасқан кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне реттік нөмір беру еркін түрдегі дәйектілікпен жүргізіледі, ол, кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестігін және бастапқы объектінің жоспарында оны жедел іздестірілуді қамтамасыз етеді.

      Кейінгі жылжымайтын объектінің реттік нөмірі (коды) ретінде, егер мұндай нөмір сол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жеке нөмірі болып табылатын болса, пошталық мекенжайы бойынша үй-жайдың нөмірін пайдалануға болады. Кейінгі жылжымайтын объектіні бөлген немесе қосқан жағдайда мұндай кадастрлық нөмір жойылады.

      27. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілердің реттік нөмірлері (кодтары) әрбір бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамында бірден және одан жоғары тағайындалады.

      28. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлуге немесе оны қосуға, кейінгі бөліктерінің жылжымайтын мүлік объектісін бөлуге немесе қосуға байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас өзгеруін қоспағанда, кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.

      29. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай құқық объектісі ретінде қосылуы немесе бөлінуі нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде, жаңадан құрылған кейінгі объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі, әдетте олар осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде берілген кадастрлық нөмірден кейінгі нөмірлер болады. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірлерді кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.

4. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
уақытша кадастрлық нөмірлер беру

      30. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне уақытша кадастрлық нөмір жер учаскелерінің кадастрлық нөмірі болмаған жағдайларда беріледі (мысалы, жер учаскелеріне құқықтар жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін пайда болса және мемлекеттік тіркеусіз пайда болған деп танылса).

      31. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруді жүзеге асыратын кәсіпорын, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі болмаған кезде жер учаскесі нөміріне сәйкес кадастрлық нөмірге арналған бөлігінде үш нөл қояды. Бұл ретте, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің уақытша кадастрлық нөмірі ретінде есептік квартал шеңберінде бөлгіш арқылы дәйекті түрде жазылатын көшенің (шағын ауданның) кодын, егер бұл нөмір жиынтығы осы есептік квартал үшін бірегей болып табылса ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің пошталық мекенжайы мен бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің түгендеу нөмірлерін пайдалануға болады.

      Жазылғандарды ескерумен, уақытша кадастрлық нөмір құрылымы мынадай болады:

      бастапқы объект үшін - 20:015:004:000:(123:12А:4/53687);

      кейінгі объекті үшін - 20:015:004:000 (123:12А:4/53687):37 (123:12А:4/43687) - ғимараттың, құрылыстың немесе ғимарат-үйдің уақытша нөмірін көрсететін кадастрлық нөмірдің бөлігі; 37 - кейінгі объектіні сәйкестендіру үшін бастапқы объектінің уақытша кадастрлық нөміріне бөлгіш арқылы қосылатын, бастапқы объектінің шеңберінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың бірегей кодын көрсететін уақытша кадастрлық нөмірдің бөлігі.

      32. Жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілгеннен кейін, объектіге осы Ережеде белгіленген тәртіпте тұрақты кадастрлық нөмір беріледі.

      33. Кадастрлық нөмір берілгеннен кейін бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілері жер учаскесінің уақытша кадастрлық нөмірлері жойылады.

      34. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру туралы жазба осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысан бойынша кадастрлық нөмір берудің Есеп парағында жүргізіледі.

      35. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруге арналған Есеп парағы әрбір жер учаскесіне жеке толтырылады және тиісті түгендеу ісінде сақталады.

  Бастапқы және кейінгі
жылжымайтын мүлік
объектілеріне кадастрлық нөмір
беру ережесіне
қосымша

      Нысан

Кадастрлық нөмірлер беруге арналған есеп парағы

Жазбаның реттік нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Бастапқы жылжым. мүлік объект-ң кадастрлық нөмірі

Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі

Бастапқы және кейінгі жылжым. мүлік объект-не кадастрлық нөмір берілген күн

Бастапқы және (немесе) кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірін берген қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы және қолы

1

2

3

4

5

6