Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері және "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2017 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына 1-қосымша |
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері
Ескерту. Қағидалары мен мерзімдері жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері және "жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" (бұдан әрі - Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу және мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қорытынды беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықты белгілеу туралы қорытындыны беру" және "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру", құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке үйлердің, ғимараттардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың мақсатына шамадан тыс зиян келтірмей орнын ауыстыру мүмкін емес объектілер;
2) далалық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне маманмен абрис жасай отырып, жылжымайтын мүлік объектісін өлшеу бойынша жұмыстар.
3) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауданы мен көлемін есептеу, жер учаскесін және қабаттық жоспарды сызу, техникалық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу ісін қалыптастыру, ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу бойынша жұмыстар;
4) абрис - жер учаскесінің, күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың), оқшауланған үй-жайдың, аяқталмаған консервацияланған күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың) схемалық жоспары, тұрақ орны-жылжымайтын мүлік объектісінің және оның құрылымдық элементтерінің контурлары, өлшеу нәтижелері, жылжымайтын мүлік объектісінің нақты жоспарын жасау үшін қажетті атаулар мен басқа да мәліметтер көрсетілетін орын;
5) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті мемлекеттік техникалық тексеру немесе қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің құрылымдық элементтерінің сипаттамасы;
6) кадастрлық нөмір - жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі;
7) тұрғын бөлме - адамдардың тұруына арналған, жылыту құралдары болған жағдайда, тікелей күндізгі жарық беретін алаң;
8) тұрғын емес жай – тұрғын жайлардан өзге мақсаттарда, тұрақты мекендеуден басқа мақсатта қолданылатын жеке жай;
9) тұрақ орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан автокөлікті уақытша және тұрақты сақтауға арналған орын.
3. Құқық белгілейтін құжатта қамтылған жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің нақты деректерімен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші осындай алшақтықтарды анықтауға өтініш беруге құқылы.
Алшақтықтарды анықтау жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша жүргізіледі.
"Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру" және "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметтерін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-бөлім. "Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес "ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) оларды құрайтын жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - № 1 Стандарт) келтірілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсыну кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы № 1 Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы № 1 Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөліміне орындауға жолдайды.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімі мұрағатының қызметкері,түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімінің қызметкері келесі әрекеттерді жасайды:
ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін дерекқорға енгізу бойынша:
ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді құқықтық кадастрға енгізеді, кейін объектіні пайдалануға қабылдау актісіне белгі қояды;
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны дайындау бойынша әзірленген техникалық паспортты және қорытындыны басшылыққа келісуге және қол қоюға жібереді.
Техникалық паспортты беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру тәртібі мен процесі 3-тараумен регламенттелген.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімінің басшысы немесе орынбасары мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі тіркеледі және тізілім бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөліміне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырылады:
өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) немесе порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
1) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңа құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу - бір жұмыс күні;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру:
пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күніне беріледі;
жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күніне беріледі;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күні беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілер көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап оныншы жұмыс күні ішінде беріледі;
бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері бесінші жұмыс күні беріледі.
Жылжымайтын мүлік объектісінің бірінші күрделілік санатына Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 болып тіркелген) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес төрт үй-жайдан аспайтын тік бұрышты нысандағы құрылыстар жатады.
Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспайды.
5-1. Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші:
үш күннен кем мерзім белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды қалыптастырады;
үш күндік мерзімнен асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 2-бөлім 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Қызмет көрсетушіге:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау акті;
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспорты және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды;
№ 1 Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі;
электрондық техникалық паспорт және пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды.
Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Бұл ретте Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны ұсынған кезде береді, ал заңды тұлғалармен қызметтерді көрсетуге шарттың бекітілуі жағдайында оларға қосымша қол қойылған орындалған жұмыстар акті ұсынылады.
3-бөлім. Мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу тәртібі
7. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру барысында Құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарының техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары айқындалады.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Жылжымайтын мүлік объектісін техникалық тексеру үшін шығуды жүзеге асырады;
2) маман берілген өтініш шеңберінде жаңадан салынған және жапсарлас салынған құрылыстар мен ғимараттарды қайта жаңарту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау фактілерін анықтау мақсатында жылжымайтын мүлік объектісін тексеріп, өлшеу жүргізеді;
3) жер учаскесінің сыртқы шекараларының анықталған өзгеруі немесе құрылыстар мен ғимараттарды тұрғызуға немесе бұзуға, не объектіні жүргізілген қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға байланысты өзгертуге байланысты жер учаскесінің ішкі жағдайларының өзгеруі ескеріле отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Абрис жасайды;
Бұрын жасалған абрис сақталады, оған түзетулер енгізуге жол берілмейді. Абрис, онда бейнеленетін құрылыстар мен құрылыстар өзінің кескіні бойынша шындыққа жақын және салыстырмалы масштабта орналасуы үшін электронды түрде немесе қарапайым қарындашпен жасалады;
4) жер учаскесінің қолданыстағы жоспарына жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылыстарды, сондай-ақ қайта жаңартылған, жаңадан салынған объектілерді олардың конфигурациясы өзгерген жағдайда енгізеді және анықталған өзгерістерді ескере отырып, экспликацияны толтырады;
5) өзгерістерді ескере отырып, әр қабаттық жоспарды сызады және оған экспликация толтырады;
6) Мемлекеттік қызмет құнын есептеуді жүргізеді;
7) "Техникалық паспорт нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 тіркелген) сәйкес нысан бойынша техникалық паспортты дайындайды және оларды қолданыстағы түгендеу ісіне қалыптастырады;
8) дайындалған техникалық паспорт басшымен келісіледі және қол қойылады.
9) алдыңғы техникалық тексеру барысында дайындалған техникалық паспорттарға, оның ішінде меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің данасына маманның күні, тегі және қолы көрсетіле отырып, "ӨТЕЛДІ" деген белгі қойылады;
10) барлық жаңа және өтелген материалдар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай түгендеу ісіне қалыптастырылады, өтелген материалдар жойылмайды, ал хронологиялық тәртіппен түгендеу ісіне тігіледі.
Алшақтықтарды анықтау жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру негізінде жүзеге асырылады. Анықталған алшақтықтар туралы мәліметтер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізіледі және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер фактілерін көрсете отырып, техникалық паспортты қоса бере отырып, қорытынды дайындалады.
Техникалық паспортта жылжымайтын мүліктің негізгі объектісінің техникалық сипаттамалары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік (шаруашылық) құрылыстар мен ғимараттардың техникалық сипаттамалары толтырылады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі ауысқан кезде техникалық паспорт заңды күшін сақтайды, өйткені бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат болып табылады.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі бойынша болып жатқан жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің атауы, сондай-ақ ғимараттардың, өзге де құрылыстардың (мекенжайлардың) реттік нөмірі немесе кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде Мемлекеттік корпорация 1 жұмыс күні ішінде орнына бармай, өтеусіз негізде техникалық паспортқа түзетулер енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің нақты деректерімен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші көрсетілетін қызметті берушіге осындай алшақтықтарды анықтау үшін өтініш беруге құқылы.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру барысында көрсетілетін қызметті беруші құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарының техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын айқындайды.
4-бөлім. "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2–қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - №2 Стандарт) келтірілген.
9. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша және "электрондық үкіметтің": www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының № 2 Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөліміне орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы № 2 Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы № 2 Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімі мұрағатының қызметкері, түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы телнұсқа беруден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда, техникалық паспорттың түгендеу ісінен көшірмесін шығарады, "Телнұсқа" мөртабанын қояды және оны толтырады, одан кейін басшылыққа келісу және қол қою үшін жібереді.
Басшы немесе оның орынбасары құжатты тексеруді жүзеге асырады, ескертулер болмаған жағдайда келіседі және қол қояды, ескертулер болған жағдайда Орындаушыға пысықтауға жібереді.
Орындаушыға пысықтауға келіп түскен кезде Орындаушы басшылықтың ескертулеріне сәйкес тиісті түзетулер енгізеді, одан кейін келісу және қол қою үшін басшылыққа қайта жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін тізілім бойынша жіберілетін жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту телнұсқаны беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Қызмет көрсетушіге:
жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі;
12. Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші:
үш күннен кем мерзім белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды қалыптастырады;
үш күндік мерзімнен асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 1 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
Ескерту. Стандартқа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жүгіну кезінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) қызмет көрсетушіге: құжаттарды қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді. |
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 2 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
Ескерту. Стандартқа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) қызмет көрсетушіге: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. |
7 | Жұмыс жасау кестесі |
1) қызмет көрсетушіге: құжаттарды қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді. |
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 3 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
нысан
________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)
Жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Облыс ____________________________________________________________
2. Аудан _____________________________________________________________
3. Қала (кент, елді мекен) ______________________________________________
4. Қаладағы аудан ____________________________________________________
5. Мекенжайы ________________________________________________________
6. Кадастрлық нөмірі __________________________________________________
Мемлекеттік техникалық тексеру деректері негізінде
____________________________________________________________________
(нысанның атауы)
жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру және
техникалық мәліметтерінің алшақтығы анықталмаған сәйкестендіру және
техникалық алшақтық анықталған жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік
объектісінің мәліметтері:
құрылыс алаңы ________________________________________ текше метр
жалпы ауданы _________________________________________ текше метр
пайдалы ауданы _______________________________________ текше метр
тұрғын ауданы _________________________________________ текше метр
негізгі ауданы _________________________________________ текше метр
балкондар/лоджиялар ауданы ___________________________ текше метр
негізгі (тұрғын) жайлардың саны/ құрамдастар саны
____________________________________________________________________
қабаттылығы/қабаты __________________________________________________
өзге техникалық сипаттамалары ________________________________________
Өзгеріс келесінің нәтижесінде орын алды: ________________________________
"____" _____________20__ жыл.
Филиалдың директоры: _______________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Бөлім басшысы: ______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Мөрдің орны
Орындаушы: _________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
____________________________________________________________________
Ескертпе: деректердің болмауы жағдайында сызық қойылады.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке тұлғалар үшін:
Азаматтан (ЖСН) _____________ сенімді тұлға (ЖСН)____________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), туған жылы)
_________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде _________ әрекет ету арқылы атынан
заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы________________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ______________, БСН ______________
Заңды мекенжайы ________________________________________________
Т.А.Ә. (басшының немесе құзыретті өкілдік)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде __________________________________ әрекет ету арқылы атынан
Маған құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметті ұсынуды сұраймын.
Қабылданған құжаттардың тізбесі (атауы, сериясы, қашан және кім берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі _______ № _______ күні ____________ _______
____ (прописью) _____________________________________________ сомасына
2. _____________________ жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып,
жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (құжаттардың) көшірмесі
3. Байланыс телефоны _____________________________________________
Ескертпе _________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы _______________ күні "___" ____________20__ жыл
Қабылдады ______________________________________________________
(Қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)
күні "____" ___________20__ жыл, уақыты: ____ сағат _______ минут.
Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)
Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беруге өтініш және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке тұлғалар үшін:
Азаматтан (ЖСН) _____________ сенімді тұлға (ЖСН)___________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), туған жылы)
________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде _________ әрекет ету арқылы атынан
заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы_______________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі _____________, БСН _______________
Заңды мекенжайы ________________________________________________
Т.А.Ә. (басшының немесе құзыретті өкілдік)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде _________________________________ әрекет ету арқылы атынан
Маған жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру жөнінде мемлекеттік қызметті ұсынуды сұраймын.
Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі (атауы, сериясы, қашан және кім берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі ______ № _________ күні ____________ _____
(жазумен) ______________________________________________ сомасына
2. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлікке құқық
белгілейтін (құқық белгілейтін) құжаттар
________________________________________________________________
3. Байланыс телефоны ____________________________________________
Ескертпе ________________________________________________________
Жұмыстарды орындағаннан кейін толық ақы төлеуге (қосымша ақы төлеуге)
кепілдік беремін.
Өтініш берушінің қолы ________________ күні "___" _________20 __ жыл.
Қабылдады _____________________________________________________
(Қызметкердің Т.А.Ә. (ол болға жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) және қолы)
күні "____" _________ 20 __ жыл, уақыты: ____ сағат _______ минут.
Маманның шыққан күні___________________________________________
Құжаттың берілген күні _______________ Тізілімдік нөмірі _____________
Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)
Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беруге өтініш
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ _________
Жеке тұлғалар үшін:
Азаматтан (ЖСН) _____________ сенімді тұлға (ЖСН)___________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), туған жылы)
________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде ________________________________ әрекет ету арқылы атынан
заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы_______________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі _____________, БСН ______________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
Т.А.Ә. (басшының немесе құзыретті өкілдік)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде _________________________________ әрекет ету арқылы атынан
Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беруіңізді сұраймын
Жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайы: _______________________
Қабылданған құжаттар тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім берді):
Төлем туралы құжат: түрі _______ № _______ күні __________ __________
(жазумен) ______________________________________________ сомасына
1. Жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін (құқықты растайтын)
құжаттар (түпнұсқада) _____________________________________________
2. Байланыс телефоны _____________________________________________
Ескертпе _________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы _________________ күні "___" _________20__жыл.
Қабылдадым _____________________________________________________
(Қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)
күні "____" ___________20_жыл, уақыты: ____сағат _______ минут.
Құжаттың берілген күні ___________ Тізілімдік нөмірі__________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)
нысан
АБРИС
Тапсырыстың нөмірі: ______________________________________________
Нысанның мекенжайы: ____________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________________
Тексерілді (литер) ________________________________________________
Бұзылды (құрылыстар мен ғимараттар (литерлерді санамалау) __________
________________________________________________________________
Салынған жылы __________________________________________________
Ескертпе: _______________________________________________________
Түсірілген жылы __________________________________________________
Абристі маман құрастырды ________________________________________
Өтініш беруші ___________________________________________________
Тексерді _______________ Бөлімнің басшысы ________________________
нысан
Архив ісі құжаттарының
№ ____________________ТІЗБЕСІ
(түгендеу нөмірі)
р/с № | Құжаттың нөмірі | Құжаттың күні | Құжаттың тақырыбы | Іс парақтарының нөмірі | Ескертпе |
Барлығы ________________________________________________ құжаттар
(сандар және жазумен)
Тізбенің парақтар саны ___________________________________________
(сандар және жазумен)
Құжаттар тізімдемесін толтырған тұлға лауазымының атауы.
Архив ісін тігу _____________________________________________ қолдар
(жеке қолы)
"___"______________20 __ жыл.
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 9 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
нысан
Жылжымайтын мүліктің негізгі объектісінің техникалық сипаттамасы
Тапсырыстың нөмірі: __________________________________________________
Нысанның мекенжайы: ________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________________
Тексерілді (литер): ____________________________________________________
салынған жылы: ______________________________________________________
Ескертпе: ____________________________________________________________
№ | Литердің атауы "____" | Элементтің сипаты | Элементтің техникалық күйін сипаттау | Тозудың %-ы | |
1 | Іргетас | ||||
2 | Сыртқы және ішкі күрделі қабырғалар | ||||
3 | Қалқандар | ||||
4 | Жабын | Шатыр | |||
Қабат арасында | |||||
5 | Шатыр | ||||
6 | едендер | 1-қабаттың | |||
Кейінгі қабаттар | |||||
7 | ойықтар | Терезе | |||
Есіктер | |||||
8 | Әрлеу жұмыстары | Ішкі | |||
Сыртқы | |||||
9 | Жылыту | ||||
10 | Электр | ||||
11 | Кәріз | ||||
12 | Сумен қамту | суық | |||
ыстық | |||||
13 | Сатылар | ||||
14 | Әртүрлі жұмыстар |
Техникалық сипаттамалар кестесі жер учаскесінде орналасқан барлық құрылыстарға
жеке толтырылады.
Тексеру күні және уақыты: "____" _______ 20__жылы
Өтініш беруші: ___________________________________________________
Орындаушының қолы: ____________________________________________
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 10 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
нысан
Қызметтік (шаруашылық) құрылыстар мен құрылыстардың техникалық сипаттамасы
Тапсырыстың нөмірі: ______________________________________________
Нысанның мекенжайы: ____________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда): ________________________
Тексерілді (құрылыс немесе жай (литер) _____________________________
Бұзылулар (құрылыс немесе жай (литер) тізбектеу) ____________________
________________________________________________________________
Салынған жылы: _________________________________________________
Ескертпе: _______________________________________________________
________________________________________________________________
№ | Литердің атауы – "_______" | Элементтің сипаты | Элементтің техникалық күйін сипаттау | Тозудың %-ы |
1 | Іргетас | |||
2 | Сыртқы қабырғалар | |||
3 | Жабындар | |||
4 | Шатыр | |||
5 | Сыртқы әрлеу |
Техникалық сипаттамалар кестесі жер учаскесінде орналасқан барлық құрылыстар мен
құрылыстарға жеке толтырылады.
Тексеру күні және уақыты: "_____" __________________20__жыл
Өтініш беруші: ___________________________________________________
Орындаушының қолы: ____________________________________________
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
№ 11 қосымша және
"Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасы
нысан
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе
қызмет алушы мекемесінің
атауы)
____________________________
(қызмет алушының мекенжайы)
Қолхат құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайын көрсету) Сіздің Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) ____________________________________________________________;
3) _______________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті берушінің филиалы қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон _______________________
Алдым: _______________________________________________________________
Қызмет алушының Т.А.Ә./қолы
"___" _________ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығына 2-қосымша |
Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
кадастрлық нөмірлер беру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ереже бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
2. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруді оның орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 44 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірлер беру мақсаттарында екі топқа бөлінеді:
ғимараттар, құрылыстар, ғимарат-үйлер (бастапқы объектілер);
құрамдас ғимараттар, ғимарат-үйлер, құрылыстар: тұрғын, тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде бөлмелер, жапсыра және іштен жапсыра салынған тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және ғимараттардың, құрылыстардың, ғимарат-үйлердің басқа да құрамдас бөліктері (кейінгі объектілер).
4. Жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер құруға облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодтарынан бастап нақты жылжымайтын объектісінің кодына дейінгі сатылау принципі негіз болып қаланған.
5. Жер учаскелерінде орналасқан әрбір бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің қайталанбайтын кадастрлық нөмірі болады, ол жер учаскелерін әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды қосуға немесе бөлуге байланысты кадастрлық нөмірлердің құрамдас бөлігінің өзгеруінен басқа жағдайларда осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объекті ретінде өзгермеуі тиіс.
6. Бастапқы немесе кейінгі бірыңғай құқық объекті ретінде қосудың немесе бөлудің нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.
7. Бастапқы немесе кейінгі объектілердің жұмысы тоқтаған кезде оларға берілген кадастрлық нөмір басқа объектіге берілмейді.
8. Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірінің болмауы бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беруден бас тартуға негіз болмайды.
Бұл жағдайда бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беру үшін уақытша кадастрлық нөмір құралады, онда жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерінің орнына нөлдер қолданылады, ал ғимараттарға, ғимарат-үйлерге, құрылыстарға есептік кварталдың шеңберінде бірегей нөмірлер беріледі.
9. Кейінгі объектілерді және олардың бөліктерін тіркеу кезінде барлық жағдайларда да ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйлердің кадастрлық нөмірінің болуы талап етіледі. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмір берілмеген болса, онда бұл нөмір осы Ережеге сәйкес оның құрамындағы кейінгі объектінің бастапқысын есепке алу кезінде беріледі.
10. Әртүрлі есептік кварталдарда орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кварталдың нөмірін көрсетумен бір кадастрлық нөмір беріледі, онда ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің көп бөлігі немесе негізгі бөлігі орналасады.
11. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруге:
1) мемлекеттік жер кадастры мәліметтері бойынша осы ереженің 8-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерінің шекарасы және оның кадастрлық нөмірі туралы ақпараттар;
2) бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары (қажет болған кезде қабат бойынша);
3) қажет болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары негіз болады.
12. Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығының немесе басқа құқықтың бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы оның кадастрлық нөмірін қайта қарауға негіз болып табылмайды.
13. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
АА: ВВВ: ССС: Д...Д: И...И: К...К,
ондағы: - кадастрлық нөмірдің құрамдас бөліктерін бөлуші;
АА: ВВВ: ССС: Д...Д - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесіне сәйкес берілген жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
АА - облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың коды;
ВВВ - әкімшілік ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың коды;
ССС - есептік кварталдың коды;
Д...Д - есептік кварталдың және/немесе әкімшілік ауданның, облыстың (аудандық) маңызы бар қаланың ішіндегі жер учаскесінің реттік нөмірі;
И...И – бастапқы объектінің нөмірі;
К...К - бастапқы объект ішіндегі кейінгі объектінің нөмірі, яғни: пәтердің, жапсыра салынған үй-жайдың, бөлменің, тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттың ішіндегі тұрғын емес үй-жайдың және жылжымайтын мүлік объектісінің басқа да құрамдас бөліктерінің нөмірі.
2-тарау. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құралады:
20:015:004:165:1.
мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
1 - жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).
Бастапқы объекті үшін мысал, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1
мұнда 21:320:135:0722 – жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Жер учаскесінде екі немесе одан да көп бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жағдайларда, олардың әрқайсысына сол жер учаскесіне жеке арналған кадастрлық нөмір мына ретте беріледі:
20:015:004:165:1
20:015:004:165:2
20:015:004:165:3
16. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру еркін дәйектілікпен жүргізіледі, ол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің анық сәйкестігін және оны жер учаскесі жоспарында жедел іздестіруді қамтамасыз етеді.
17. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлу немесе оның басқа бастапқы объектілермен қосылуына байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас бөлігінің өзгеруін қоспағанда, бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.
18. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде оның бөлінуі немесе объектілермен қосылуы нәтижесінде жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған бастапқы жылжымайтын объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірдің жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.
19. 20:015:004:165:1 кадастрлық нөмірлері бар бастапқы жылжымайтын мүлік объектісін бөлу кезінде, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектілерінің екі бастапқы объектілеріне еркін түрдегі дәйектілікпен мынадай кадастрлық нөмірлер беріледі:
20:015:004:165:2
20:015:004:165:3.
20. 20:015:004:165:2 және 20:015:004:165:3 кадастрлық нөмірлері бар екі жылжымайтын мүлік объектісі қосылған кезде жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне мынадай кадастрлық нөмір беріледі:
20:015:004:165:4
21. Негізгі ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге көмекші болып саналатын (қызметтік мақсаттағы) жер учаскелерінде орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмірлер берілмеуі мүмкін (әдетте жеке үйлерде). Мұндай объектілерді сәйкестендіру жер учаскесінің кадастрлық нөмірі немесе бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі (жер учаскесіндегі негізгі ғимарат) бойынша және оларды тіркеу құжаттарында және құқықтық кадастрда тізу арқылы жүргізіледі.
22. Көмекші (қызметтік мақсаттағы) ғимараттарға, құрылыстарға, ғимарат-үйлерге қажет болған жағдайларда мұндай құрылысқа құқық иесінің дербес құқық белгіленетін тиісті құжаттары бар болған кезде (мысалы, көмекші құрылысты иеліктен айырған кезде) кадастрлық нөмір беріледі.
3-тарау. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Кадастрлық нөмір ғимараттағы, құрылыстағы, ғимарат-үйлердегі үй-жайға, егер ол үй-жай бөлінген меншікте болса (басқа да бөлінген мүліктік құқықта) және бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамындағы кейінгі жылжымайтын объект ретінде бөлінген жағдайда ғана беріледі. Егер ішінде бірнеше үй-жайлар бар ғимарат бір құқық иесіне жататын болса, бастапқы объектінің құрамында кейінгі объект құралмайды. Бұл жағдайда кадастрлық нөмір тек бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне беріледі. Жеке үй-жайлар бастапқы объектілер құрамында екі немесе одан да көп тұлғалардың бөлек меншігінде (басқа да мүліктік құқықтағы) тұрған жағдайда, кейінгі объектілер оларға кадастрлық нөмір берумен бастапқы объектінің құрамында құрылады.
24. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі жоқ болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмейді. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмесе, онда бұл нөмір ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге алғашқысына оның құрамындағы кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне жоғарыда аталған ережелер бойынша кадастрлық нөмір берілген кезде беріледі.
25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:
20:015:004:165:1:25
мұндағы:
20:015:004:165:1 – бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің осы ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіпте берілген кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;
25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.
Кейінгі объекті үшін мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, 106-пәтер, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1:106
мұнда 21:320:135:0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.
106 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимарат, құрылыс, ғимарат-үйдің) құрамында орналасқан кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне реттік нөмір беру еркін түрдегі дәйектілікпен жүргізіледі, ол, кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестігін және бастапқы объектінің жоспарында оны жедел іздестірілуді қамтамасыз етеді.
Кейінгі жылжымайтын объектінің реттік нөмірі (коды) ретінде, егер мұндай нөмір сол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жеке нөмірі болып табылатын болса, пошталық мекенжайы бойынша үй-жайдың нөмірін пайдалануға болады. Кейінгі жылжымайтын объектіні бөлген немесе қосқан жағдайда мұндай кадастрлық нөмір жойылады.
27. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілердің реттік нөмірлері (кодтары) әрбір бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамында бірден және одан жоғары тағайындалады.
28. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлуге немесе оны қосуға, кейінгі бөліктерінің жылжымайтын мүлік объектісін бөлуге немесе қосуға байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас өзгеруін қоспағанда, кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.
29. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай құқық объектісі ретінде қосылуы немесе бөлінуі нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде, жаңадан құрылған кейінгі объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі, әдетте олар осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде берілген кадастрлық нөмірден кейінгі нөмірлер болады. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірлерді кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.
4-тарау. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне уақытша кадастрлық нөмірлер беру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.07.2019 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне уақытша кадастрлық нөмір жер учаскелерінің кадастрлық нөмірі болмаған жағдайларда беріледі (мысалы, жер учаскелеріне құқықтар жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін пайда болса және мемлекеттік тіркеусіз пайда болған деп танылса).
31. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруді жүзеге асыратын кәсіпорын, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі болмаған кезде жер учаскесі нөміріне сәйкес кадастрлық нөмірге арналған бөлігінде үш нөл қояды. Бұл ретте, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің уақытша кадастрлық нөмірі ретінде есептік квартал шеңберінде бөлгіш арқылы дәйекті түрде жазылатын көшенің (шағын ауданның) кодын, егер бұл нөмір жиынтығы осы есептік квартал үшін бірегей болып табылса ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің пошталық мекенжайы мен бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің түгендеу нөмірлерін пайдалануға болады.
Жазылғандарды ескерумен, уақытша кадастрлық нөмір құрылымы мынадай болады:
бастапқы объект үшін - 20:015:004:000:(123:12А:4/53687);
кейінгі объекті үшін - 20:015:004:000 (123:12А:4/53687):37 (123:12А:4/43687) - ғимараттың, құрылыстың немесе ғимарат-үйдің уақытша нөмірін көрсететін кадастрлық нөмірдің бөлігі; 37 - кейінгі объектіні сәйкестендіру үшін бастапқы объектінің уақытша кадастрлық нөміріне бөлгіш арқылы қосылатын, бастапқы объектінің шеңберінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың бірегей кодын көрсететін уақытша кадастрлық нөмірдің бөлігі.
32. Жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілгеннен кейін, объектіге осы Ережеде белгіленген тәртіпте тұрақты кадастрлық нөмір беріледі.
33. Кадастрлық нөмір берілгеннен кейін бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілері жер учаскесінің уақытша кадастрлық нөмірлері жойылады.
34. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру туралы жазба осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысан бойынша кадастрлық нөмір берудің Есеп парағында жүргізіледі.
35. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруге арналған Есеп парағы әрбір жер учаскесіне жеке толтырылады және тиісті түгендеу ісінде сақталады.
Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесіне қосымша |
Нысан
Кадастрлық нөмірлер беруге арналған есеп парағы
Жазбаның реттік нөмірі | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Бастапқы жылжым. мүлік объект-ң кадастрлық нөмірі | Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі | Бастапқы және кейінгі жылжым. мүлік объект-не кадастрлық нөмір берілген күн | Бастапқы және (немесе) кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірін берген қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы және қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |