Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 мамырда № 8469 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2013 жылғы 06 мамырдағы
№ 156 бұйрығына   
1-қосымша      

Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру
жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары Заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ғимараттарды, құрылыстар мен олардың құрамдастарын техникалық тексерудің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) абрис – табиғи салынған учаскенің сызбалық эскизі, онда учаскенің шекаралары мен барлық құрылыстары мен ғимараттарының сыртқы сұлбасы бойынша жиектерінің бейнесі, сондай-ақ құрылыстар мен ғимараттардың ішкі өлшемдерінің нәтижелері қамтылған. Абрис онда бейнеленетін құрылыстар мен ғимараттар өздерінің сызбалары бойынша шындыққа жақын болуы және салыстырмалы масштабта орналасуы үшін қолдан қарапайым қарындашпен салынады;
      2) дала жұмыстары - жылжымайтын мүлік объектілерін және жер телімдерін өлшеу, абристы құрастыра отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне маманның шығу жұмыстары.
      3) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексерудің объектілері - бастапқы және кейінгі объектілер, құрылыстар, ғимараттар мен оның құрамдастары, мүліктік кешендер (кәсіпорындар, кондоминиум объектілері);
      4) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің барлық көлемі және ауданын есептеу, жер телімдерін және қабат бойынша жоспарды сызу, техникалық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу істерін қалыптастыру деректерді ақпараттық жүйеге енгізу бойынша жұмыстар;
      5) құрылыстар - көпірлер, ауладағы тротуарлар, қорғандар, қоршаулар, құдықтар, жуынды және сыпырынды шұңқырлар, іргетасқа орналастырылған қоқыс жәшіктер мен басқалар;
      6) тұрғын бөлме - адамдардың тұруына арналған тікелей күндізгі жарықтандырғышы бар және жылытатын құралдары бар алаң;
      7) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру немесе қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің сындарлы элементтерінің сипаттамасын жүргізу;
      8) тұрғын-үйге жатпайтын құрылыс - өндірістік, сауда-саттық, мәдени-ағартушылық, емдік-санаториялық, әкімшілік және басқа (тұрақты тұруға арналғаннан басқа) мақсаттарға арналған құрылыс.
      3. Ғимараттарды, құрылыстар мен (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік орталығы») жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      4. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты болып табылады.
      Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және кейінгі зерттеуді, (жер телімін түсіру және жер телімі бойынша сызба түріндегі жоспарды сызу (дала және камералдық жұмыстар) және ғимараттарды түсіру (өлшеу) және қабаттар бойынша жоспарларды сызу (камералдық және дала жұмыстары) қамтиды.
      Мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады, онда анықталған өзгерістер бейнеленеді.
      5. Бастапқы тексерулер жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікті бастапқы тексерулердің нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады.
      6. Кейінгі тексеру осындай сипаттамалардың өзгерісін кейінгі тексеруді жүргізбей-ақ, техникалық паспортқа енгізілген жағдайларды қоспағанда, ғимараттардың, құрылыстардың және оның құрамдастарының қайта жасалуының, қайта жоспарлануының, қайта жабдықталуының нәтижесінде техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде жүргізіледі.
      Кейінгі тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістер көрсетілетін техникалық паспорт ресімделеді.
      7. Мемлекеттік органдардың шешімдері бойынша болатын жылжымайтын мүліктердің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, соның ішінде елді мекендердің атаулары, көшелердің атаулары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың (мекенжайлардың) реттік нөмірлері өзгерген немесе кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде кейінгі тексеру тегін жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық осы өзгерістер бойынша жылжымайтын мүліктің иесі жүгінген кезде түзетулерді 1 жұмыс күні ішінде енгізеді.
      8. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң иесi (өзге құқық иеленушi) немесе оның уәкiлеттi өкiлi жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспортты алу үшiн өзiнiң жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті органның атауы, жылжымайтын мүліктің түрі, оның орналасқан жері, тұтынушының (уәкілетті өкілдің) деректері, жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері көрсетілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық паспортты алу үшiн жазбаша өтінішті;
      2) жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) болған жағдайда жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды;
      3) техникалық паспортты бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты ұсынады.
      9. Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық тұтынушыға қабылданған құжаттар туралы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
      10. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру барысында ғимараттардың, құрылыстар мен оның құрамдастарының жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге қажетті техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары айқындалады.
      11. Бастапқы да, кейінгі де тексерулердің тәсілдері мен амалдары материалдарды біркелкі ету мақсатында бірдей болуы тиіс.
      12. Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі ауысқан кезде техникалық паспорт өзінің заңдық күшін сақтайды. Меншік иесі туралы мәліметті жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары техникалық паспорттың қосымшасына толтырады.
      13. Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеру мыналарды жасаудан тұрады:
      1) нақты шекараларымен оған енгізілген құрылыстар және ғимараттарымен жер учаскелерінің жоспары;
      2) учаскеде орналасқан негізгі құрылыстардың әр қабат бойынша жоспарлары;
      3) олардың техникалық ахуалын белгілей отырып, учаскеде орналасқан барлық құрылыстар мен ғимараттардың сындарлық элементтерінің техникалық сипаттамасы;
      4) есептеу жұмыстарын жасау және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспорттарына тексерудің нәтижелерін енгізу, кейіннен олар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу кезінде тіркеу парақтарын толтыру үшін пайдаланылады.

2. Мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу тәртібі

      14. Жылжымайтын мүлік объектілерін кейіннен тексеру жөніндегі жұмыстар маманның сол жерге шығуы арқылы жүргізіледі. Кейіннен тексерудің нәтижелері бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер (жер учаскесінің шекараларының өзгеруі, құрылыстарды, жаңадан салынған құрылыстарды бұзу және басқа) көрсетіледі.
      15. Кейіннен тексеру жұмыстары мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) маман берілген өтініш шеңберінде қайта құру, қайта жабдықталған, қайта жоспарлау, қалпына келтіру, жаңадан салынған және жапсарлас салынған құрылыстарды анықтау мақсатында жер учаскесін тексереді;
      2) жер учаскесінің сыртқы шекаралары өзгерген немесе жаңа салынған құрылысқа немесе ескі құрылыстар мен ғимараттарын бұзуға не қайта қалпына келтірілген объектілердің конфигурациясы өзгеруіне байланысты жер учаскесінің ішкі жағдайларын өзгерген кезде абрис жасалады;
      3) абрис жасай отырып, қайта жаңғыртылған, қайта жабдықталған, жаңадан салынған құрылыстарға және ғимараттарға тексеру жүргізіледі;
      4) жер учаскесінің қазіргі жоспарына жаңадан, жапсарлас салынған құрылыстар мен ғимараттарды, сондай-ақ олардың конфигурациясы өзгерген жағдайда қайта жаңартылған объектілерді енгізеді және анықталған өзгерістерді ескере отырып, оның экспликациясын толтырады;
      5) белгіленген өзгерістерді ескере отырып, әр қабаттық жоспарды сызады және оған экспликацияны толтырады;
      6) қажетті есептер жасайды;
      7) қайта жаңартылған, жаңадан және жапсарлас салынған құрылыстар мен ғимараттарға техникалық паспорт нысандары толтырылады және олар бар түгендеу ісіне тігіледі;
      8) бұрынғы техникалық зерттеу кезінде әзірленген техникалық паспорттарда, оның ішінде өтініш берушінің данасында күні, маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолын қоя отырып, «ӨТЕЛДІ» деген белгі қойылады;
      9) барлық жаңа және өтелген материалдарды Жылжымайтын мүлік орталығы түгендеу ісінде қалыптастырады, өтелген материалдар жойылмайды, ал хронологиялық тәртіппен түгендеу ісіне тігіледі;
      10) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағат істері құжаттарының тізімдемесі жасалады.
      16. Өлшенген, графиктік жұмыстардың, аудандары мен ауқымдарының есептерінің орындалуына, жер учаскесіне экспликацияның жасалуына, құрылыстар мен ғимараттардың әр қабаттық жоспарларына қойылатын талаптар бастапқы және кейінгі тексерулер бойынша бірдей болады.
      17. Құқық белгілеуші құжаттары жоқ құрылыстар туралы деректер техникалық паспортқа енгізіледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
      18. Кейінгі тексеру жөнінде жұмыс жүргізілген кезде жаңа абрис жасалады. Бұрынғы жасалған абрис сақталады, оған түзету енгізуге жол берілмейді.
      19. Кейінгі тексеруді жүргізген кезде бұрынғы техникалық паспортты және құрылыстың схемалық сызбаларын өтеуге арналған құрылыстарды пайдалануға болады, бұл ретте оларға тексерудің нәтижелерін салу үшін абрис сияқты түпнұсқалы материалдарды пайдалануға, сондай-ақ қандай да бір белгіні жасауға, түпнұсқалы материалдарға жоба жазба жасауға тыйым салынады.

Жылжымайтын мүлікке 
мемлекеттік техникалық
тексеру жүргізу    
ережесіне 1-қосымша  

Нысан

Техникалық паспорты беруге өтініш № __ «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК бөлімшесі

Жеке тұлға үшін:
Азамат (ЖСН)_________________, сенiмдi адам (ЖСН)____________________
Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
туған жылы Т.А.Ә., туған жылы
Атынан іс-әрекет етеді ______________________________________________
                                  (уәкілетті өкіл толтырады)
негізінде ___________________________________________________________
               (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Заңды тұлға үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы __________________________________________
Мемтіркеу туралы куәліктің нөмірі ___________________________________
Мем. тіркелген күні _________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Т.А.Ә. (басшысының немесе уәкілетті өкілдің)_________________________
_____________________________________________________________________
Атынан іс-әрекет етеді ______________________________________________
                           (уәкілетті өкіл толтырады)
негізінде ___________________________________________________________
               (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізімі: (атауы, сериясы, кім және қашан берілді):
1. Төлем туралы құжат: түрі __________________№__________күні________
сомаға ___________________ (жазбаша)_________________________________
2. Бар техникалық паспортқа (болған жағдайда) және жер учаскесiне
сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне
құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттары (түпнұсқасы);
_____________________________________________________________________
3. Өзге де құжаттар* ________________________________________________
Байланыс телефоны __________________________
Мына жұмыстарды орындауыңызды өтінемін:
- мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу (жылжымайтын мүлік объектісінің мақсаты)
Ескертпе ____________________________________________________________
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымшаақы) кепілдік беремін.
Тапсырыс берушінің қолы __________, _____жылы, күні «___» ________.
Қабылдады ____________________________, жылы_____, күні
  (Т.А.Ә. және маманның, инспектордың қолы)
«_____»_______ уақыт: ____ сағат.____минут.
 
Маманның шығу күні ________________________

Құжаттарды беру күні ______________________
__________________________
                               Тізілімдік нөмір _____________________

*осы баған қосымша құжаттары болған жағдайда толтырылады

Жылжымайтын мүлікті
мемлекеттік техникалық
тексеру жүргізу   
ережесіне 2-қосымша 

Нысан

Құжаттарды алғаны туралы қолхат

Жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік техникалық тексеру
жүргізуге __________________________________________ өтініші бойынша
___жыл «____» ____, № ________, уақыт: _______ сағат________ минут.
Мекенжайы ___________________________________________________________
Иесі ________________________________________________________________
Қабылданған құжаттар тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім берген):
1. Төлем туралы құжат: түрі _________________№_____күні_____________
______________________________________________________________сомаға.
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаты
_____________________________________________________________________
3. Өзге де құжаттары ________________________________________________
Қабылдады ___________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және инспектордың, маманның қолы)
Өтінішті толтырған жылы _________________, « _____ »_______ күні
_______________  _______________________   _______________________
  Берген күні            Алушы                      Қолы

Ескертпе: тіркеу нөмірінсіз және өтінішті қабылдаған маманның қолынсыз, қолхат жарамсыз деп танылады.

Жылжымайтын мүлікті
мемлекеттік техникалық
тексеру жүргізу   
ережесіне 3-қосымша

Нысан

№ ___________ мұрағат істері құжаттарының
(түгендеу нөмірі)   ТІЗІМДЕМЕСІ

Р/н

Құжаттың нөмірі

Құжаттың күні

Құжаттың тақырыбы

Іс парақтарының нөмірлері

Ескертпе





























































Құжаттардың ____________________________________________ қорытындысы
                  (цифрмен және жазумен)

Тізімдеме парақтарының саны _________________________________________
                                     (цифрмен және жазумен)

Мұрағат ісі құжаттарының
тізімдемесін толтырған
тұлғаның лауазымының
атауы

                       ____________________ Қолтанбаның толық жазылуы
                           (жеке қолы)

«___» ___________ _____ жыл.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2013 жылғы 06 мамырдағы
№ 156 бұйрығына   
2-қосымша      

Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
кадастрлық нөмірлер беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
      2. Жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруді жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексерулерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді.
      3. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірлер беру мақсаттарында екі топқа бөлінеді:
      ғимараттар, құрылыстар, ғимарат-үйлер (бастапқы объектілер);
      құрамдас ғимараттар, ғимарат-үйлер, құрылыстар: тұрғын, тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде бөлмелер, жапсыра және іштен жапсыра салынған тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және ғимараттардың, құрылыстардың, ғимарат-үйлердің басқа да құрамдас бөліктері (кейінгі объектілер).
      4. Жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер құруға облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодтарынан бастап нақты жылжымайтын объектісінің кодына дейінгі сатылау принципі негіз болып қаланған.
      5. Жер учаскелерінде орналасқан әрбір бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің қайталанбайтын кадастрлық нөмірі болады, ол жер учаскелерін әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды қосуға немесе бөлуге байланысты кадастрлық нөмірлердің құрамдас бөлігінің өзгеруінен басқа жағдайларда осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объекті ретінде өзгермеуі тиіс.
      6. Бастапқы немесе кейінгі бірыңғай құқық объекті ретінде қосудың немесе бөлудің нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.
      7. Бастапқы немесе кейінгі объектілердің жұмысы тоқтаған кезде оларға берілген кадастрлық нөмір басқа объектіге берілмейді.
      8. Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірінің болмауы бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беруден бас тартуға негіз болмайды.
      Бұл жағдайда бастапқы объектіге кадастрлық нөмір беру үшін уақытша кадастрлық нөмір құралады, онда жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерінің орнына нөлдер қолданылады, ал ғимараттарға, ғимарат-үйлерге, құрылыстарға есептік кварталдың шеңберінде бірегей нөмірлер беріледі.
      9. Кейінгі объектілерді және олардың бөліктерін тіркеу кезінде барлық жағдайларда да ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйлердің кадастрлық нөмірінің болуы талап етіледі. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмір берілмеген болса, онда бұл нөмір осы Ережеге сәйкес оның құрамындағы кейінгі объектінің бастапқысын есепке алу кезінде беріледі.
      10. Әртүрлі есептік кварталдарда орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кварталдың нөмірін көрсетумен бір кадастрлық нөмір беріледі, онда ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің көп бөлігі немесе негізгі бөлігі орналасады.
      11. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруге:
      1) мемлекеттік жер кадастры мәліметтері бойынша осы ереженің 8-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерінің шекарасы және оның кадастрлық нөмірі туралы ақпараттар;
      2) бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары (қажет болған кезде қабат бойынша);
      3) қажет болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары негіз болады.
      12. Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығының немесе басқа құқықтың бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы оның кадастрлық нөмірін қайта қарауға негіз болып табылмайды.
      13. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
      АА: ВВВ: ССС: Д...Д: И...И: К...К,
      ондағы: - кадастрлық нөмірдің құрамдас бөліктерін бөлуші;
      АА: ВВВ: ССС: Д...Д - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесіне сәйкес берілген жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
      АА - облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың коды;
      ВВВ - әкімшілік ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың коды;
      ССС - есептік кварталдың коды;
      Д...Д - есептік кварталдың және/немесе әкімшілік ауданның, облыстың (аудандық) маңызы бар қаланың ішіндегі жер учаскесінің реттік нөмірі;
      И...И – бастапқы объектінің нөмірі;
      К...К - бастапқы объект ішіндегі кейінгі объектінің нөмірі, яғни: пәтердің, жапсыра салынған үй-жайдың, бөлменің, тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттың ішіндегі тұрғын емес үй-жайдың және жылжымайтын мүлік объектісінің басқа да құрамдас бөліктерінің нөмірі.

2. Бастапқы жылжымайтын
мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру

      14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құралады:
      20:015:004:165:1.
      мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
      1 - жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).
      Бастапқы объекті үшін мысал, Астана қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1
      мұнда 21:320:135:0722 – жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
      1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.
      15. Жер учаскесінде екі немесе одан да көп бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жағдайларда, олардың әрқайсысына сол жер учаскесіне жеке арналған кадастрлық нөмір мына ретте беріледі:
      20:015:004:165:1
      20:015:004:165:2
      20:015:004:165:3
      16. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру еркін дәйектілікпен жүргізіледі, ол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің анық сәйкестігін және оны жер учаскесі жоспарында жедел іздестіруді қамтамасыз етеді.
      17. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлу немесе оның басқа бастапқы объектілермен қосылуына байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас бөлігінің өзгеруін қоспағанда, бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.
      18. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде оның бөлінуі немесе объектілермен қосылуы нәтижесінде жұмысын тоқтатқан кезде жаңадан құрылған бастапқы жылжымайтын объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірдің жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.
      19. 20:015:004:165:1 кадастрлық нөмірлері бар бастапқы жылжымайтын мүлік объектісін бөлу кезінде, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектілерінің екі бастапқы объектілеріне еркін түрдегі дәйектілікпен мынадай кадастрлық нөмірлер беріледі:
      20:015:004:165:2
      20:015:004:165:3.
      20. 20:015:004:165:2 және 20:015:004:165:3 кадастрлық нөмірлері бар екі жылжымайтын мүлік объектісі қосылған кезде жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне мынадай кадастрлық нөмір беріледі:
      20:015:004:165:4
      21. Негізгі ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге көмекші болып саналатын (қызметтік мақсаттағы) жер учаскелерінде орналасқан ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге кадастрлық нөмірлер берілмеуі мүмкін (әдетте жеке үйлерде). Мұндай объектілерді сәйкестендіру жер учаскесінің кадастрлық нөмірі немесе бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі (жер учаскесіндегі негізгі ғимарат) бойынша және оларды тіркеу құжаттарында және құқықтық кадастрда тізу арқылы жүргізіледі.
      22. Көмекші (қызметтік мақсаттағы) ғимараттарға, құрылыстарға, ғимарат-үйлерге қажет болған жағдайларда мұндай құрылысқа құқық иесінің дербес құқық белгіленетін тиісті құжаттары бар болған кезде (мысалы, көмекші құрылысты иеліктен айырған кезде) кадастрлық нөмір беріледі.

3. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
кадастрлық нөмірлер беру

      23. Кадастрлық нөмір ғимараттағы, құрылыстағы, ғимарат-үйлердегі үй-жайға, егер ол үй-жай бөлінген меншікте болса (басқа да бөлінген мүліктік құқықта) және бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамындағы кейінгі жылжымайтын объект ретінде бөлінген жағдайда ғана беріледі. Егер ішінде бірнеше үй-жайлар бар ғимарат бір құқық иесіне жататын болса, бастапқы объектінің құрамында кейінгі объект құралмайды. Бұл жағдайда кадастрлық нөмір тек бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне беріледі. Жеке үй-жайлар бастапқы объектілер құрамында екі немесе одан да көп тұлғалардың бөлек меншігінде (басқа да мүліктік құқықтағы) тұрған жағдайда, кейінгі объектілер оларға кадастрлық нөмір берумен бастапқы объектінің құрамында құрылады.
      24. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі жоқ болған кезде кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмейді. Егер ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық нөмір берілмесе, онда бұл нөмір ғимаратқа, құрылысқа, ғимарат-үйге алғашқысына оның құрамындағы кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне жоғарыда аталған ережелер бойынша кадастрлық нөмір берілген кезде беріледі.
      25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:
      20:015:004:165:1:25
      мұндағы:
      20:015:004:165:1 – бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің осы ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіпте берілген кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;
      25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.
      Кейінгі объекті үшін мысалы, Астана қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, 106-пәтер, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1:106
      мұнда 21:320:135:0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
      1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.
      106 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.
      26. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимарат, құрылыс, ғимарат-үйдің) құрамында орналасқан кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне реттік нөмір беру еркін түрдегі дәйектілікпен жүргізіледі, ол, кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестігін және бастапқы объектінің жоспарында оны жедел іздестірілуді қамтамасыз етеді.
      Кейінгі жылжымайтын объектінің реттік нөмірі (коды) ретінде, егер мұндай нөмір сол бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің жеке нөмірі болып табылатын болса, пошталық мекенжайы бойынша үй-жайдың нөмірін пайдалануға болады. Кейінгі жылжымайтын объектіні бөлген немесе қосқан жағдайда мұндай кадастрлық нөмір жойылады.
      27. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілердің реттік нөмірлері (кодтары) әрбір бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің құрамында бірден және одан жоғары тағайындалады.
      28. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді немесе есептік кварталдарды, жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға, бастапқы объектіні бөлуге немесе оны қосуға, кейінгі бөліктерінің жылжымайтын мүлік объектісін бөлуге немесе қосуға байланысты кадастрлық нөмірдің құрамдас өзгеруін қоспағанда, кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі осы жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай құқық объектісі ретінде барлық уақыттары ішінде өзгермейді.
      29. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай құқық объектісі ретінде қосылуы немесе бөлінуі нәтижесінде өз жұмысын тоқтатқан кезде, жаңадан құрылған кейінгі объектілерге жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі, әдетте олар осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде берілген кадастрлық нөмірден кейінгі нөмірлер болады. Алдыңғы (ескі) кадастрлық нөмірлерді кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру үшін қайтадан пайдалануға жол берілмейді.

4. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
уақытша кадастрлық нөмірлер беру

      30. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне уақытша кадастрлық нөмір жер учаскелерінің кадастрлық нөмірі болмаған жағдайларда беріледі (мысалы, жер учаскелеріне құқықтар жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін пайда болса және мемлекеттік тіркеусіз пайда болған деп танылса).
      31. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беруді жүзеге асыратын кәсіпорын, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі болмаған кезде жер учаскесі нөміріне сәйкес кадастрлық нөмірге арналған бөлігінде үш нөл қояды. Бұл ретте, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің уақытша кадастрлық нөмірі ретінде есептік квартал шеңберінде бөлгіш арқылы дәйекті түрде жазылатын көшенің (шағын ауданның) кодын, егер бұл нөмір жиынтығы осы есептік квартал үшін бірегей болып табылса ғимараттың, құрылыстың, ғимарат-үйдің пошталық мекенжайы мен бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің түгендеу нөмірлерін пайдалануға болады.
      Жазылғандарды ескерумен, уақытша кадастрлық нөмір құрылымы мынадай болады:
      бастапқы объект үшін - 20:015:004:000:(123:12А:4/53687);
      кейінгі объекті үшін - 20:015:004:000 (123:12А:4/53687):37 (123:12А:4/43687) - ғимараттың, құрылыстың немесе ғимарат-үйдің уақытша нөмірін көрсететін кадастрлық нөмірдің бөлігі; 37 - кейінгі объектіні сәйкестендіру үшін бастапқы объектінің уақытша кадастрлық нөміріне бөлгіш арқылы қосылатын, бастапқы объектінің шеңберінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың бірегей кодын көрсететін уақытша кадастрлық нөмірдің бөлігі.
      32. Жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілгеннен кейін, объектіге осы Ережеде белгіленген тәртіпте тұрақты кадастрлық нөмір беріледі.
      33. Кадастрлық нөмір берілгеннен кейін бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілері жер учаскесінің уақытша кадастрлық нөмірлері жойылады.
      34. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру туралы жазба осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысан бойынша кадастрлық нөмір берудің Есеп парағында жүргізіледі.
      35. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беруге арналған Есеп парағы әрбір жер учаскесіне жеке толтырылады және тиісті түгендеу ісінде сақталады.

Бастапқы және кейінгі    
жылжымайтын мүлік      
объектілеріне кадастрлық нөмір
беру ережесіне       
қосымша           

Нысан

Кадастрлық нөмірлер беруге арналған есеп парағы

Жазбаның реттік нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Бастапқы жылжым. мүлік объект-ң кадастрлық нөмірі

Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі

Бастапқы және кейінгі жылжым. мүлік объект-не кадастрлық нөмір берілген күн

Бастапқы және (немесе) кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірін берген қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы және қолы

1

2

3

4

5

6