Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторингіні жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг жүргізу субъектілері осы Қағидаға сәйкес бағалар туралы ақпараттың Комитетке ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеушілер, өндірушілер, сондай-ақ олардың сенімді тұлғалары, тіркеу куәлігінің иелері 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тіркеу үшін өндірушілердің бағалары туралы ақпаратты ұсынсын.
5. Комитет (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 12 сәуірдегі
№ 223 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың
бағаларына мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастырудың және жүзеге асырудың, сондай-ақ оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қалыптастырудың тәртібін белгілейді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге таралады.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
1) босатылатын баға (ТМККК шеңберіндегі бөлшек сауда бағасы) – бір-әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, босатылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг жүргізу – ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасында өндірілетін және әкелінетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша деректерді жинау, өңдеу және талдау (бұдан әрі – мониторинг);
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сарапшы ұйым (бұдан әрі – сарапшы ұйым) – дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа түпнұсқалық дәрілік заттарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйым;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор – ТМККК шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды және оларды өнім берушілерге жеткізу бойынша қамтамасыз етуді, қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютор);
7) импорт бағасы – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде инвойста көрсетілетін баға;
8) мониторинг субъектілері – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
9) өндіруші бағасы – өндірістік шығындардың барлық түрлерін, жүкқұжат пен жалпы әкімшілік шығыстарды қамтитын, дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйымның босату бағасы;
10) өтініш беруші – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізуге, тіркеуге/тіркелген бағаларды өзгертуге өтініш, құжаттар және материалдар беруге уәкілетті әзірлеуші, өндіруші, тіркеу куәлігінің иесі, өндірушінің ресми өкілінің мәртебесіне ие заңды тұлға;
11) сатып алуды ұйымдастырушылар – өтінім берушімен немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде анықталған өнім беруші немесе адам;
12) тіркелген баға – өндірушінің бағасын, қауіпсіздікті және сапаны, логистиканы бағалауға жұмсалған шығындарды, заңнамамен көзделген жағдайларда кедендік баж салығын есепке ала отырып, уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның саудалық атауы бойынша бағасы;
13) ТМККК шеңберіндегі көтерме сауда бағасы – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның көтерме саудада өткізу кезіндегі саудалық атауы бойынша бағасы;
14) уәкілетті органның формулярлық комиссиясы – дәрілік заттарды тиімді пайдалану әдістерін енгізетін, формулярлық жүйенің қызметін барлық деңгейлерде үйлестіретін және Республикалық дәрілік формулярды әзірлейтін алқалық, консультациялық-кеңесші және сарапшы орган (бұдан әрі – формулярлық комиссия);
15) халықаралық референттік баға – дәрілік нысанын, дозасын, орамын есепке ала отырып, саудалық атауы бойынша өндірілетін дәрілік препараттың басқа елдердегі орташа көтерме сауда бағасы.
2. ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру және іске асыру тәртібі
3. Мониторингті ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыру арқылы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
4. Дерекқор мынадай дереккөздерден:
1) мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу, тіркеу құжатына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға сараптама жүргізу кезіндегі деректерден;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау рәсімін жүргізу кезіндегі деректерден;
3) ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастырушылар ұсынатын деректерден;
4) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде фармацевтикалық қызмет субъектілерінің дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдарының бағаларына мониторинг жүргізу жөніндегі ақпарат;
5) өтініш беруші ұсынатын өндіруші бағалары, сондай-ақ ақпарат көзі көрсетілген халықаралық референттік бағалар туралы деректерден;
6) Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінің тіркелген баға жөніндегі деректерінен;
7) ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұсынылатын бағалары туралы формулярлық комиссия отырысының нәтижелері жөніндегі деректерден қалыптасады.
5. Дерекқорды қалыптастыру үшін мемлекеттік органға мынадай ақпарат ұсынылады:
1) сарапшы ұйым:
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу кезінде сараптама жүргізу кезінде ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндіруші бағалары туралы ақпарат осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізген кезде импорт кезіндегі ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әкелу бағасы туралы ақпаратты;
2) өтініш беруші:
осы Қағидаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақпарат көзін көрсете отырып, өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасын ұсынады.
Өтініш беруші ақпаратты мемлекеттік органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын тіркеу кезінде ұсынады.
3) сатып алуды ұйымдастырушы:
осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастырушылардың ақпараты ұсынады.
Сатып алуды ұйымдастырушы ақпаратты ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алуды жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ұсынады.
6. Дерекқор облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік-аумақтық бірлігі бөлінісінде мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) ТМККК шеңберінде көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер жеткізетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен сомасын;
2) ТМККК шеңберінде бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен сомасын;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларының орташа деңгейін (саудалық атауын, дәрілік нысаны мен дозасын, орамын есепке ала отырып, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша);
4) жиынтығын (бар болса) есепке ала отырып, саудалық атауы бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларының орташа деңгейін;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме және бөлшек саудадағы үстеме бағаларының орташа деңгейін.
3. ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын қалыптастыру тәртібі
7. ТМККК көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.
8. Уәкілетті орган ТМККК көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын белгілейді.
9. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағалары өндіруші растаған бағалардың, көтерме сауда бағаларын талдаудың (дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары бойынша орташа көтерме сауда бағалары) негізінде, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың үстемеақысын және тұтыну бағаларының индексін есепке ала отырып белгіленеді.
10. Тіркелген бағалар уәкілетті органның шешімі негізінде Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) енгізіледі.
11. Баға өзгерген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірушісі уәкілетті органға осы Қағидаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін енгізілген өзгерістерді негіздей отырып өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бағаның өзгеруі және мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарады.
12. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2014 № 370 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Қайта өндірілген дәрілік заттардың (генерик) тіркелген бағалары түпнұсқалық препарат құнының 70 %-нан аспауы тиіс.
ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасына көтерме және бөлшек сауда үстемақылары осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасына көтерме және бөлшек сауда үстемақыларды санау әдістемесіне сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен табысты қамтиды.
14. ТМККК шеңберінде көтерме сауда бағасы (дистрибьютордың бағасы) тіркелген бағаға үстемеақы қосу арқылы қалыптасады. Көтерме сауда үстемеақысы 15 %-дан аспайды.
15. Босатылатын баға (ТМККК шеңберінде бөлшек сауда бағасы) осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бөлшек сауда бағасын қалыптастыру мөлшерін көтерме сауда бағасына үстемеақы қосу арқылы қалыптасады. Бөлшек сауда үстемеақысы (фармацевтикалық қызмет) 25 %-дан аспайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
1-қосымша
нысан
ТМККК шеңберінде фармацевтикалық қызмет субъектілерінің дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдарының бағаларына мониторинг жүргізу жөніндегі ақпарат
Дәріхана ұйымының атауы _____________________________________________
(ұйымның заңды атауы көрсетіледі)
Фармацевтикалық қызмет ______________________________________________ (көтерме, бөлшек, ДЗ, ММБ дайындау, өндіру, медицина ұйымы)
Әкімшілік-аумақтық бірлікке тиістілігі көрсетілген заңды мекенжайы _____________________________________________________________________
тел/факс ____________________________________________________________
электрондық мекенжайы _______________________________________________
201___ жылғы _____________________
(есепті кезең)
Дәрілік заттың ХПА* |
Дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның СА** |
Дәрілік нысаны, дозасы |
Қаптамадағы дозалардың саны |
Дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйым |
Елі |
Дәрілік препаратты жеткізуші ұйым |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Есепті кезеңдегі кіріс |
Есепті кезеңдегі шығыс |
||||||
Есепті кезеңде алынған саны |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
Есепті кезеңде босатылған саны |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Басшы __________________________________ ______________________ М.О
(Т.А.Ә., атқарып отырған лауазымы) (қолы)
Орындаушы ______________ ___________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
"__" ____________________________ 200 __ ж.
(ақпаратты толтырған күні)
ХПА*- Дәрілік препараттың халықаралық патенттелмеген атауы
СА** – Дәрілік препараттың саудалық атауы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
2-қосымша
нысан
ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың өндіруші бағалары туралы ақпарат
Дәрілік заттың ХПА* |
Дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның СА** |
Дәрілік нысаны, дозасы |
Енгізу тәсілдері |
Қаптамадағы дозалардың саны |
Дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйым, елі |
Дәрілік препарат үшін |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Генерик, бисимиляр үшін түпнұсқалық дәрілік препараттың атауын көрсету (бар болса) |
Анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеуге сәйкес коды (АТХ код) |
Өндірушінің бағасы, теңгемен |
Өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің, өндірушінің ресми өкілі мәртебесіне ие заңды тұлғаның референттік бағасы, теңгемен (керегінің астын сызу) |
Тіркелген бағасы (логистикаға, кедендік төлемдерге және қауіпсіздік пен сапаны бағалауға жұмсалған шығындарды есепке алғандағы баға) теңгемен |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы |
Медициналық мақсаттағы бұйым қауіпсіздік класына жатады |
Медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйым, елі |
Өндірушінің бағасы, теңгемен (ең аз бірлігі үшін бағасы) |
Өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасы, теңгемен медициналық мақсаттағы бұйымның жинақтамасын есепке алғанда (бар болса) |
Тіркелген бағасы (логистикаға, кедендік төлемдерге және қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізуге жұмсалған шығындарды есепке алғандағы баға) теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
ХПА* - Дәрілік препараттың халықаралық патенттелмеген атауы
СА** – Дәрілік препараттың саудалық атауы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
3-қосымша
нысан
ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әкелу бағасы туралы ақпарат
Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның, медициналық техниканың атауы |
Концентрациясы |
Дозасы |
Қаптамасы (нөмірі) |
Шығару нысаны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Барлығы |
кестенің жалғасы
Өлшем бірлігі |
Бір бірлігінің төлем валютасындағы бағасы |
Төлем валютасындағы сомасы |
Өндіруші |
Өндіруші ел |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
4-қосымша
нысан
Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік тіркеуге өтініш
ТМККК шеңберінде бекітілген тізімге сәйкес 201_ жылға арналған
_____________________________________________________________ дәрілік
заттың бағасын тіркеу үшін ақпаратты ұсынамыз
1. Өтініш беруші
1.1. Дәрілік затты өндіруші
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшелердің (ЖШС, филиалы және т.б.) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы |
мемлекеттік тілде |
||
орыс тілінде |
|||
ағылшын тілінде |
|||
Елі* |
|||
Заңды мекенжайы |
|||
Нақты мекенжайы |
|||
Тел. |
|||
Факс |
|||
Басшының Т.А.Ә. |
|||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
||
Лауазымы |
|||
Телефон |
|||
Факс |
|||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшелердің (ЖШС, филиалы және т.б.) болуы |
1.3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде іс-қимыл жасауға уәкілетті өтініш берушінің сенімді тұлғасы/компаниясы, өкілдігі
Атауы (немесе Т.А.Ә.) |
мемлекеттік тілде |
||
орыс тілінде |
|||
ағылшын тілінде |
|||
Елі* |
|||
Заңды мекенжайы |
|||
Нақты мекенжайы |
|||
Телефон |
|||
Факс |
|||
Басшының Т.А.Ә. |
|||
Сенімхат бойынша мәліметтер |
Сенімхат № |
||
Берілген күні |
|||
Қолданылу мерзімі |
2. Дәрілік зат туралы ақпарат
1. |
Саудалық атауы |
мемлекеттік тілде |
||
орыс тілінде |
||||
2 |
ҚР-дағы тіркеу куәлігінің нөмірі және күні |
|||
2. |
Дәрілік препарат болып табылады: |
түпнұсқалық |
||
2) Генерик, бисимиляр үшін тұпнұсқалық дәрілік препараттың атауын көрсету |
||||
3. |
Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) бар болса |
Орыс тілінде |
||
Латын әріптерімен |
||||
4. |
Дәрілік нысаны |
Мемлекеттік тілде |
||
Орыс тілінде |
||||
5. |
Дозасы |
|||
6. |
Концентрациясы |
|||
7. |
Анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктемесіне сәйкес коды (АТХ код) |
|||
8. |
Енгізу тәсілдері |
|||
9. |
өндіруші бағасы |
|||
10. |
Өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасы (керегінің астын сызу) |
|||
11. |
Тіркелген баға (логистикаға, кедендік төлемдерге және қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізуге жұмсалатын шығындарды есепке алғандағы баға) |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде ___________ дәрілік препаратының 201__ жылғы ____________________ теңге бағасын көрсетуді сұраймын.
Күні ___________________________
________ ________ ________________________________________
Лауазымы қолы өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә.
Мөр орны
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
5-қосымша
нысан
Медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын мемлекеттік тіркеуге өтініш
ТМККК шеңберінде бекітілген тізімге сәйкес 201_ жылға арналған ______________________________________________________ медициналық мақсаттағы бұйымның бағасын тіркеу үшін ақпаратты ұсынамыз
1.Өтініш беруші
1.1.Өндіруші
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшенің (ЖШС, филиал және т.б.) болуы |
1.2.Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Тел. |
||
Факс |
||
Басшының Т.А.Ә. |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшелердің (ЖШС, филиалы және т.б.) болуы |
1.3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде іс-қимыл жасауға уәкілетті өтініш берушінің сенімді тұлғасы/компаниясы, өкілдігі
Атауы (немесе Т.А.Ә.) |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Басшының Т.А.Ә. |
||
Сенімхат бойынша мәліметтер |
Сенімхат № |
|
Берілген күні |
||
Қолданылу мерзімі |
2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат
1. |
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы |
|
2. |
Медициналық мақсаттағы бұйым қауіпсіздік класына жатады (керегін белгілеу) |
1-класс – қауіп деңгейі төмен |
3. |
өндіруші бағасы |
|
4. |
өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасы (керегінің астын сызу) |
|
4. |
Тіркелген баға (логистикаға, кедендік төлемдерге және қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізуге жұмсалатын шығындарды есепке алғандағы баға) |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде ___________ дәрілік препаратының 201__ жылғы ____________________ теңге бағасын көрсетуді сұраймын.
Күні ________________________________
________ ________ ________________________________________
Лауазымы қолы өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә.
Мөр орны
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
6-қосымша
нысан
ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастырушылардың ақпараты
201___ жылғы_____________________
(есепті кезең)
Тіркеу куәлігінің №, берілген күні |
Дәрілік заттың ХПА* |
Дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның СА** |
Дәрілік нысаны, дозасы |
Қаптамадағы дозалардың саны |
Дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйым |
Елі |
Дәрілік препаратты жеткізуші ұйым |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін бағасы, теңге |
Алынған саны |
Сомасы, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Басшы __________________________________ ________________ М.О
(Т.А.Ә., атқарып отырған лауазымы) (қолы)
Орындаушы ______________ ___________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
200_ жылғы «_______» ______________________________________________
(ақпаратты толтырған күні)
ХПА*- Дәрілік препараттың халықаралық патенттелмеген атауы
СА** – Дәрілік препараттың саудалық атауы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
7-қосымша
нысан
Дәрілік заттардың тіркелген бағасына өзгерістер енгізуге өтініш
ТМККК шеңберінде _______________________________ дәрілік заттың бұрын тіркелген бағасына өзгерістер енгізу үшін ақпаратты ұсынамыз.
(қосымша: негіздеме ___________ парақта)
2.Өтініш беруші
2.1. Дәрілік затты өндіруші
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшенің (ЖШС, филиал және т.б.) болуы |
2.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы |
мемлекеттік тілде |
||
орыс тілінде |
|||
ағылшын тілінде |
|||
Елі* |
|||
Заңды мекенжайы |
|||
Нақты мекенжайы |
|||
Тел. |
|||
Факс |
|||
Басшының Т.А.Ә. |
|||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
||
Лауазымы |
|||
Телефон |
|||
Факс |
|||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшенің (ЖШС, филиал және т.б.) болуы |
2.3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде іс-қимыл жасауға уәкілетті өтініш берушінің сенімді тұлғасы/компаниясы, өкілдігі
Атауы (немесе Т.А.Ә.) |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Басшының Т.А.Ә. |
||
Сенімхат бойынша мәліметтер |
Сенімхат № |
|
Берілген күні |
||
Қолданылу мерзімі |
2. Дәрілік зат туралы ақпарат
1. |
Саудалық атауы |
мемлекеттік тілде |
|||
орыс тілінде |
|||||
2 |
ҚР-дағы тіркеу куәлігінің нөмірі мен мерзімі |
||||
2. |
Дәрілік препарат болып табылады: |
түпнұсқалық |
|||
2) Генерик және бисимиляр үшін түпнұсқалық дәрілік препараттың атауын көрсету |
|||||
3. |
Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) |
Орыс тілінде |
|||
Латын әріптерімен |
|||||
4. |
Дәрілік нысаны |
Мемлекеттік тілде |
|||
Орыс тілінде |
|||||
5. |
Дозасы |
||||
6. |
Концентрациясы |
||||
7. |
Анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктемесіне сәйкес коды (АТХ код) |
||||
8. |
Енгізу тәсілдері |
||||
9. |
өндіруші бағасы |
||||
10. |
Өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасы (керегінің астын сызу) |
||||
11. |
Тіркелген баға (тіркеуге, логистикаға, қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізуге жұмсалатын шығындарды есепке алғандағы баға) |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде ___________ дәрілік препаратының 201__ жылғы ____________________ теңге бағасын көрсетуді сұраймын.
Күні ________________________________
________ ________ ________________________________________
Лауазымы қолы өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә.
Мөр орны
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
8-қосымша
нысан
Медициналық мақсаттағы бұйымның тіркелген бағасына өзгерістер енгізуге өтініш
ТМККК шеңберінде _______________________ медициналық мақсаттағы бұйымының бұрын тіркелген бағасына өзгерістер енгізу үшін ақпаратты ұсынамыз.
(қосымша: негіздеме ___________ парақта)
2. Өтініш беруші
2.1. Өндіруші
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшенің (ЖШС, филиалы және т.б.) болуы |
2.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Тел. |
||
Факс |
||
Басшының Т.А.Ә. |
||
Байланысатын адам |
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
ҚР-да көтерме сауда дистрибьюторлары үшін іске асыру функциялары берілген құрылымдық бөлімшенің (ЖШС, филиалы және т.б.) болуы |
2.3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде іс-қимыл жасауға уәкілетті өтініш берушінің сенімді тұлғасы/компаниясы, өкілдігі
Атауы (немесе Т.А.Ә.) |
мемлекеттік тілде |
|
орыс тілінде |
||
ағылшын тілінде |
||
Елі* |
||
Заңды мекенжайы |
||
Нақты мекенжайы |
||
Телефон |
||
Факс |
||
Басшының Т.А.Ә. |
||
Сенімхат бойынша мәліметтер |
Сенімхат № |
|
Берілген күні |
||
Қолданылу мерзімі |
2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат
1. |
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы |
||
2. |
Медициналық мақсаттағы бұйым қауіпсіздік класына жатады (керегін белгілеу) |
1-класс – қауіп деңгейі төмен |
|
3. |
өндіруші бағасы |
||
4. |
өндіруші елдің немесе тіркеу куәлігі иесінің референттік бағасы (керегінің астын сызу) |
||
4. |
Тіркелген баға (логистикаға, кедендік төлемдерге және қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізуге жұмсалатын шығындарды есепке алғандағы баға) |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде ___________ дәрілік препаратының 201__ жылғы ____________________ теңге бағасын көрсетуді сұраймын.
Күні ________________________________
________ ________ ________________________________________
Лауазымы қолы өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә.
Мөр орны
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
9-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме
және бөлшек қосымшасын санау әдістемесі
1. ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына көтерме және бөлшек сауда үстемеақысын көтерме және бөлшек сату субъектілері өнімді жеткізу кезінде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға алады және ол пайда алу, көтерме және бөлшек операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеу үшін арналған.
2. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына көтерме және бөлшек сауда үстеме ақылары Қазақстан Республикасы аумағында ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме және бөлшек саудада өткізу ұйымдары үшін белгіленеді.
3. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына көтерме және бөлшек сауда үстеме ақылары тіркелген бағаға сүйене отырып, құны бойынша сараланған пайызбен белгіленеді.
4. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шекті көтерме және бөлшек сауда үстеме ақыларын белгілеу келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:
еңбекақы шығыны, негізгі өндіріс қорының амортизациясы, сақтау, тасымалдау, өнімді орау шығындары, ыдыс, жарнама, бағасына кіретін салық пен салық емес төлемдер, әлеуметтік қажеттілік, белгіленген норма шеңберіндегі айырылудан тұратын айналыс шығындары;
компанияның дамуына (материалды-техникалық база (жиналу қоры), кәсіпорынның әлеуметтік қажеттіліктері үшін қор қалыптастыруға арналған (тұмыту қоры) ақшалай қаражатты есепке ала отырып анықталған табыс;
баға құрылымындағы жекелеген элементтердің салық және салық емес төлемдері.
5. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына көтерме және бөлшек сауда үстеме ақыларын реттеудің ең кіші мерзімі бір жылды құрайды.
6. Реттеудің жоспарланған мерзіміне уәкілетті орган белгілеген ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына көтерме және бөлшек сауда үстеме ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
И + П + Н
РН = ___________ х 100%
Т
мұндағы: И – ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын көтерме (бөлшек) сауда ұйымдарының шығыны (айналыс шығындары);
П – ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын көтерме (бөлшек) сауда ұйымдарын дамытуға арналған ақшалай қаражатты есепке ала отырып анықталған табыс;
Н – ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын көтерме (бөлшек) сауда ұйымдарының бағаларында жекелеген элементтермен бөлінетін салық пен салық емес төлемдер бойынша шығындар;
Т – ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын көтерме (бөлшек) сауда ұйымдарының тауар айналымы.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына
мониторинг ұйымдастыру және жүзеге асыру,
сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасына
10-қосымша
ТМККК шеңберінде дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бөлшек сауда бағасын қалыптастыру мөлшері
Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бір бірлігінің көтерме сауда бағасы |
Бөлшек сауда үстемеақысының шекті деңгейі |
50 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
25% |
50 000 теңгеден жоғары |
10% |