«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын басқару құқықтарын
алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы
бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілген
Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға
медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар тәртібін анықтайды.
3. А, В, С, D және Е санаттағы көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдар (бұдан әрі - Үміткерлер) медициналық тексеріп-қараулардан өтеді.
4. Кәсіптік жарамдылық сараптамасын жүргізу бойынша медициналық қызметті жүргізуге лицензиясы бар медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) Үміткерлерге медициналық тексеріп-қараулар жүргізіледі.
5. Үміткерлерге медициналық тексеріп-қараулар тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді.
2. Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға
медициналық тексеріп-қараулар жүргізу тәртібі
6. Үміткерлерге медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу үшін медициналық ұйымдарда медициналық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
7. Комиссияның құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына міндетті түрде: терапевт, невропатолог, окулист, отоларинголог, психиатр, нарколог дәрігерлер қосылады. Комиссияның жұмысына айғақтар бойынша басқада дәрігер мамандар тартылуы мүмкін.
Комиссия төрағасы болып медициналық ұйым басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады.
8. Үміткерлерге медициналық тексеріп-қараулар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген терапевттің, маманның тексеріп-қарауы және зертханалық-аспаптық зерттеулер: соңғы жарты жылда болмағанда жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, флюорографиялық зерттеу қосылады.
9. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) 025/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасында денсаулығы туралы деректері көрсетілетін Үміткерлердің медициналық тексеріп-қарау деректері енгізіледі.
10. Үміткерлердің жүргізуге жарамдылығы туралы қорытындысын әр маман өзінің бейіні бойынша жеке ұсынады.
11. Бұйрықпен бекітілген медициналық ұйымдарда өткен Үміткерлердің медициналық тексеріп-қарау нәтижелері 083/е нысанына (Мемлекеттік инспекцияға ұсынылатын медициналық анықтама) (бұдан әрі - Анықтама) енгізіледі.
12. Жүргізуге жарамды деп танылған адамдарға Анықтама (жоғалған жағдайда көшірмесі) беріледі.
Көзілдірікпен басқаруға жарамды деп танылған адамдарға анықтамаға «Қорытынды» деген сөзден кейін: «Көзілдірік міндетті» деген белгі қойылады.
13. Психиатрда немесе наркологта есепте тұратын (немесе тұрған) адамдарға жүргізуге рұқсат беру туралы мәселені мамандандырылған
мемлекеттік медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында қайта медициналық тексеріп-қарау уақытын міндетті түрде көрсете отырып, дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді.
14. Үміткерлерге медициналық тексеріп-қарауды жүргізу кезінде мамандандырылған медициналық ұйымдарда айғақтары бойынша қосымша зерттеулер мен консультациялар жүргізіледі.
15. Анықтама көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алғанға дейін бір жылға дейін жарамды.