Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағында Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы N 131 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 шілдеде N 2579 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағында Қалжыр өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В. Е. Чернецкий) Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы Д. Тілеубаев
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

      
      

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы "14" маусымдағы
№ 131 қаулысына қосымша

Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

 
 
 
№ р/с
 
 
 
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
 
"ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзені, оң және сол жағалаулары
5,248
558,723
500-600
5,448
115,214
100-115

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында "ГРК МЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.