Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 47 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 ақпанда № 3795 тіркелді

Жаңартылған

       2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 19.05.2014 № 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                     Н. Садуақасов 

Әкімдіктің       
2012 жылғы 27 қаңтардағы 
№ 47 қаулысына қосымша  

Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен
орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6 № 7, № 8, № 9
ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 4, № 5,
№ 6, № 7,
№ 8, № 9
ұңғымалары

Радиусі - әр
ұңғыманың
айналасында
30 метр

1,7
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
200 метр

75,36
гектар

Ұзындығы –
2875 метр
Ені – 6680
метр

1920,50
гектар

      Ескерту: "Алтынсарин ауданының аумағындағы баған кен орнының жерасты сулары №№ 4-9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Қарағай су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).