Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 47 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 ақпанда № 3795 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 19.05.2014 № 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 47 қаулысына қосымша

Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен
орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6 № 7, № 8, № 9
ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 4, № 5,
№ 6, № 7,
№ 8, № 9
ұңғымалары

Радиусі - әр
ұңғыманың
айналасында
30 метр

1,7
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
200 метр

75,36
гектар

Ұзындығы –
2875 метр
Ені – 6680
метр

1920,50
гектар

      Ескерту: "Алтынсарин ауданының аумағындағы баған кен орнының жерасты сулары №№ 4-9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Қарағай су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).