Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 шілдедегі N 210 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 20 шілдеде 2-9-140 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 28.01.2013 N 17 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 01.08.2013 N 180 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 28.01.2013 N 17 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Манапов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ескелді аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Тілеуберген Мұхаметқали Баймұратұлы
      04 шілде 2012 жыл

      "Ескелді аудандық жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Смаилов Бауыржан Шакарбекұлы
      04 шілде 2012 жыл