Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды біті

Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 01 тамыздағы N 180 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 29 тамызда N 2426 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 27 а қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 13.05.2014 N 2/350 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 5 қарашадағы № 4/929 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 957 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспедегі «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы Туризм басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы
      Туризм басқармасының басшысы           Б. Жоламанов

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары      М. Құдышев

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова