РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан 1,5 проценті мөлшерде жұмыс орындарынан квота белгіленсін.
2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Тлеуберген) және "Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Б.Смаилов) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілерін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Манапов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Тілеуберген Мұхаметқали Баймұратұлы
04 шілде 2012 жыл
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Смаилов Бауыржан Шакарбекұлы
04 шілде 2012 жыл