Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының көшесіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 ақпанда № 3-5-154 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 21.09.2016 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халқының пікірін ескере отырып Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
      1) Астана көшесі;
      2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі: ҚЫЗБЕРГЕНОВ Н.