"Ырғыз селолық округі, Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы" 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 121 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5101 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабындағы 8) тармақшасына сәйкес, "Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті" мемлекеттік мекемесінің шектеу іс-шараларын алу туралы 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-30-433 ұсынысы негізінде Тайбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Тайбай ауылдық округі әкімінің "Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 04 маусымдағы № 4 шешімінің (№ 4224 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген, "Ереймен"-"Ерейментау" газеттерінде 2014 жылғы 14 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Тайбай ауылдық округі әкімі Ж.Жаншуаков