Ырғыз селолық округі, Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 ақпанда № 3-5-154 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халқының пікірін ескере отырып Ырғыз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз селолық округінің Ырғыз селосының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
      1) Астана көшесі;
      2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз селолық округінің
      әкімі:                                  ҚЫЗБЕРГЕНОВ Н.