Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 728 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту.  Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "бағыттар" сөзі "қатынастар" сөзімен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 13.12.2013 № 197/28-V (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 27/4-V шешіміне   
қосымша        

Астана қаласының жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі

      Ескерту.  Қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 13.12.2013 № 197/28-V (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Р/с №

Қатынастар

1.

№ 39 жол айрығы - «Автоматика» тұрғын алабы - Өндіріс тұрғын алабы

2.

АОЖ-10 - Көктал-2 – Көктал-1 тұрғын алабы

3.

Промышленный тұрғын алабы маңындағы саяжайлық алап – Күйгенжар тұрғын алабы

4.

Промышленный тұрғын алабы маңындағы саяжайлық алап – Бурабай көшесі, № 38

5.

«Кирпичный» тұрғын алабы – Досмұхаметұлы көшесі, № 2

6.

Газ аппаратурасының маңындағы саяжайлық алап – «Полянка» – «Агроқалашық» тұрғын алабы

7.

Пригородный тұрғын алабы – № 188 көше

8.

Қабанбай батыр даңғылы – Достық шағын ауданы – «Жағалау-3» шағын ауданы

9.

«Көкбазар» базары – Тайтөбе ауылы