Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "бағыттар" сөзі "қатынастар" сөзімен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 13.12.2013 № 197/28-V (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Шекенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 27/4-V шешіміне
қосымша
Астана қаласының жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 13.12.2013 № 197/28-V (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 28.05.2014 № 242/34-V (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), 07.11.2014 № 295/43-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2014 № 310/45-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
Р/с № |
Қатынастар |
1. |
№ 39 жол айрығы - «Автоматика» тұрғын алабы - Өндіріс тұрғын алабы |
2. |
АОЖ-10 - Көктал-2 – Көктал-1 тұрғын алабы |
3. |
Промышленный тұрғын алабы маңындағы саяжайлық алап – Күйгенжар тұрғын алабы |
4. |
Промышленный тұрғын алабы маңындағы саяжайлық алап – Бурабай көшесі, № 38 |
5. |
«Кирпичный» тұрғын алабы – Досмұхаметұлы көшесі, № 2 |
6. |
Газ аппаратурасының маңындағы саяжайлық алап – «Полянка» – «Агроқалашық» тұрғын алабы |
7. |
Пригородный тұрғын алабы – № 188 көше |
8. |
Алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 11.12.2014 № 310/45-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. |
9. |
«Көкбазар» базары – Тайтөбе ауылы |
10. |
Астана қаласы, «Көктем» сауда үйі» аялдамасы – Қоянды саяжай алабы |
11. |
«Газмаш» акционерлік қоғамы ауданындағы саяжай алабы - «Западный» саяжай алабы - «Жағалау» тұрғын үй кешені |