Астана қаласының әлеуметтік маңызды бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 728 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласының әлеуметтік маңызды бағыттарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 27/4-V шешіміне   
қосымша        

Астана қаласының әлеуметтік маңызды бағыттарының
тізбесі

№№ р/с Қатынас

1.

Қараөткел тұрғын алабы – 2 (Ильинка кенті) – № 10 орта мектебі

2.

№ 39 жол, Автоматика тұрғын алабы – №№ 21, 49 орта мектептері

3.

ЛПУ-10, Көктал-2 – №№ 40, 41 орта мектептері

4.

Кирпичный тұрғын алабы – № 55 орта мектебі

5.

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы – № 63 орта мектебі

6.

Өндіріс тұрғын алабы – № 63 орта мектебі

7.

Достар тұрғын алабы – № 64 орта мектебі

8.

Үркер тұрғын алабы – № 65 орта мектебі

9.

Газмаш тұрғын алабы (№ 56 орта мектебі) – № 67 орта мектебі

10.

Агроқалашық тұрғын алабы – № 67 орта мектебі

11.

Абылай хан даңғылы (Ұлттық гвардия) – № 65 орта мектебі

12.

Абылай хан даңғылы (қала маңы) – № 65 орта мектебі