Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8272 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 26 мамырдағы № 104 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5713 тіркелген);
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 264 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз сегізінші абзацын және 4-тармағының жетпіс алтыншы абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тізбенің 1-тармағының жиырма үшінші, бір жүз елу екінші абзацтары, 4-тармағының тоқсан үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Тізбенің 1-тармағының елу сегізінші, жетпіс бірінші абзацтары, 4-тармағының он төртінші, жиырма тоғызыншы абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 желтоқсандағы 
№ 383 қаулысымен бекітілді  

Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктің жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері
      1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.
      Бір филиалдан көп емес филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде;
      2009 жылғы 1 қазанда меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз болған банктер үшін - 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде, мынадай талаптармен:
      банктің Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелу;
      банк міндеттемелерінің 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының болуы (банктің арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда);
      Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген банкпен үлестес емес қарыз алушыларға берілген кредиттердің (банкаралық кредиттерді және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) болуы.
      Меншікті капитал мөлшері осы тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтылған жағдайда осы тармақтың екінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген талаптарды орындау талап етілмейді;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде.
      Бір филиалдан көп филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңге сомасы ретінде белгіленеді.
      2. Банк акционерлерден мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің кез келгенінің бұзылуына әкеп соқтырмайтын болу талабымен меншікті акцияларды сатып алады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
      Банктің заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) салымдары, сондай-ақ заңды тұлғаның жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын реттелген борышы банктің инвестицияларын білдіреді.
      Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын өтеуге арналған.
      Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
      активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
      осы тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту арқылы меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
      бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді өтеу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
      Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.
      Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
      Африка даму банкі (the African Development Bank);
      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
      Халықаралық валюта қоры;
      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Екiншi деңгейдегi капитал:
      бөлінбеген таза пайданың мөлшері;
      негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерi;
      кастодиандық шарт талаптарында қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегi тәуекелдi ескере отырып мөлшерленуге жататын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге арналған мөлшер;
      бiрiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмеген, ақы төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
      банктiң құны төленген меншiктi реттелген борышын шегергендегi бірiншi деңгейдегi капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомадағы меншiктi капиталға енгiзiлетін банктiң екiншi деңгейдегi реттелген борышы;
      ағымдағы жылдың шығыстары есебінен қалыптастырылған, № 296 қаулының талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелуге жататын активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі.
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға сот шешімімен айқындалған қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде банктің құны төленген меншікті реттелген борышын шегергенде бірiншi деңгейдегi капитал сомасының жетпіс бес пайызынан аспайтын сомада енгізіледі.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың екінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (k1-1);
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың банк иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен толық қамтамасыз етілгендерін қоспағандағы, сондай-ақ бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін, банк қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктерді қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына қатынасымен (k1-1);
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
      операциялық тәуекел (k1-2);
      меншікті капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
      активтер, шартты және ықтимал талаптар және нарықтық тәуекелді ескерумен есептелген міндеттемелер;
      операциялық тәуекел (k2).
      k1-1 коэффициентін есептеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер мен тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-1 және k2 коэффициенттері есебіне алынатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтер ескеріле отырып баланстық құны бойынша енгізіледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k1-1 0,06-дан кем болмайды.
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап k1-1 0,03-тен кем болмайды;
      k1-2 0,06-дан кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      k1-1 0,07-ден кем болмайды;
      k1-2 - 0,07-ден кем болмайды.
      Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      k1-1 - 0,05-тен кем болмайды;
      k1-2 - 0,05-тен кем болмайды.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кiрiстiң орташа шамасының 0,12-гe тең операциялық тәуекел коэффициентiне (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісіне 8,3-ке тең сәйкес келтіру коэффициентiнің (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісі ретінде есептеледi.
      Соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банктiң таза кіріс алған соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кіріс сомасының банктiң таза кіріс алған жылдарының санына қатынасы ретiнде есептеледi.
      Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi өткен жылдар санын негiзге ала отырып есептеледi.
      Жылдық жалпы кіріс:
      жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және банктің төтенше кірістерін шегергенде;
      жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының және төтенше шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Банк шығын алған, бірақ қамтамасыз етуге арналған қаржыны ескергенде, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және төтенше кірістерді шегергенде оң жалпы кіріс болған жыл операциялық тәуекел есебіне кіргізіледі.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Бір қарыз алушыға, оның ішінде банктің тәуекел мөлшері (Р) мынадай түрдегі талаптар сомасы ретінде есептеледі:
      1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларынан басқа);
      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
      3) қарыз алушыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;
      4) секьюритилендіру позициялары;
      5) көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны мен олар бойынша кредиттік тәуекелдің сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.
      Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналды құнының осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарының өтеу мерзімімен айқындалатын кредиттік тәуекел коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептеледі.
      Қаржы құралдарының осы тармақта көрсетілген нарықтық құны (орнын ауыстыру құны) мыналарды білдіреді:
      сатып алу мәмілелері бойынша – қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының осы қаржы құралының келісім-шарт бойынша номиналды құнынан асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның келісім-шарт бойынша номиналды құнынан кем немесе оған тең болса, орнын ауыстыру құны нөлге тең болады;
      сату мәмілесі бойынша – қаржы құралының келісім-шарт бойынша номиналды құнының осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының келісім-шарт бойынша номиналды құны оның ағымдағы нарықтық құнынан кем немесе оған тең болса, орнын ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Бивалюталық қаржы құралдары (талап ету мен міндеттеме әртүрлі шетел валюталарында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша орнын ауыстыру құны есептілікті жасау күніндегі бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу шамасы ретінде айқындалады. Егер талаптардың теңгелік баламасының шамасы міндеттемелердің теңгелік баламасынан кем немесе оған тең болса, орнын ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Қаржы құралдарының осы тармақта көрсетілген келісім-шарт бойынша номиналды құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасасу күні олар көрсетілген қаржы құралдарының құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының келісім-шарт бойынша номиналды құны ретінде банкте талаптар қалыптастырылатын валюта алынады.
      Сатылған опциондар бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшеріне қосылмайды;
      6) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритилендіру мәмілелері бойынша кредиттер;
      7) № 296 қаулының талаптарына сәйкес құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегi қарыз алушының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
      осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде банктің иелік етуіне берілген салымдар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингiсі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      тазартылған қымбат металдар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
      банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері.
      Бір қарыз алушыға келетін тәуекелді есептеуге мыналар енгізілмейді:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, банктің балансынан есептен шығарылған банктің қарыз алушыға қоятын талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын № 296 қаулының талаптарына сәйкес 100% (жүз пайыз) резервтер қалыптастырылған талаптары және Standard & Poor’s агенттігінің «ВВВ»-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар.»;
      35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-1. Осы Нұсқаулықтың 35-тармағының мақсаттары үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар - қарыз алушыларды қоспағанда, барлық заңды тұлғалар - қарыз алушылар тиісті қарыз алушылар ретінде түсініледі»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы міндеттемелер туындаған сәтте банкпен айрықша қатынасы бар тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай тұлға болып табылса, онда осы қарыз алушыға арналған тәуекелдің осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшері асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      банк қарыз алушының осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау қабілетін растай және осы бұзушылықты уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жою бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкілетті органды дереу хабарландырса;
      қарыз алушының қаржылық жағдайы № 296 қаулының талаптарына сәйкес қанағаттанарлықтан төмен емес болып бағаланса, бұзушылық ретінде қарастырылмайтын болады.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Жоғары өтiмдi активтерді есептеуге мыналар енгiзiледi:
      1) қолма-қол ақша;
      2) тазартылған қымбат металдар;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
      4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап етуге дейінгі салымдар;
      5) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген) белгіленген (бұдан әрі – № 176 қаулы) деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
      7) № 176 қаулымен белгіленген рейтингілік агенттiктердiң бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
      8) Ұлттық Банктегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
      9) Standard&Poor's рейтингілік агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент - банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген «овернайт» қарыздары.
      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу талаптарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Ашық валюталық позиция – бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы банк талаптарының (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (талаптарынан) асып кетуi.
      Ұзын валюталық позиция – бұл талаптардың (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасынан) асып кететiн жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
      Қысқа валюталық позиция – бұл мiндеттемелердің (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) асып кететiн жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
      Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының (тазартылған қымбат металдар құнының) өзгеруiмен айқындалатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) қосылады.
      Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен айқындалатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтердің, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелердің, шартты және ықтимал мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның ең төменгі лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
      Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
      Жекелеген шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша ашық валюталық позицияларын есептеу кезiнде бірiншi кезекте № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарында және банк мiндеттемелерi шоттарында ашылған әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледi. Содан кейін № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегi шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы айқындалады. Шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талаптардың (мiндеттемелердің) мiндеттемелерден (талаптардан) асып кеткендiгiн көрсететін сальдо өзара қосылады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасы (тазартылған қымбат метал) бойынша ашық позициясының мөлшерi мен түрiн айқындайды.
      Шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы баланстық шоттар бойынша сол шетел валютасындағы банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
      Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталар (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
      Шетел валютасымен көрсетiлген талаптар мен мiндеттемелер осы талаптар және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
      Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.»;
      53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-1. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
      к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
      Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
      өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі – № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары – коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.»;
      53-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады. Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.»;
      1-қосымшаның «Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi» кестесiнде:
      реттік нөмірі 14-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

14-1

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар

0

                                                        »;

      түсiндiрме мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктің салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленуге жататын активтер есебіне түсіндірме
      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетiлген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуi бар (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетiлген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкiндiк беретiн барабар есепке алу жүйелерi болған кезде түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн қарыздар.
      Түзетiлген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға:
      салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 пайызына;
      қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 пайызына тең болады.
      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
      2. Банк инвестициясының есебiне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесi бойынша (банк инвестициясының есебiне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) сараланған активтердiң есебiне борыштың тәуекел дәрежесі бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
      Банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлдiң (сақтандырушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
      3. Осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
      2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
      3) оффшорлық аймақтар азаматтары болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекел дәрежесi бойынша осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген қамтамасыз етудiң болу-болмауына қарамастан, Салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiнiң кестесiне сәйкес сараланады.
      4. Осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
      2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резидент еместеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
      5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
      жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
      тұтынушылық кредит деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
      6. Егер бағалы қағаздың шығарылымның арнайы борыштық рейтингi болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
      7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қосыпағанда, Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері
      1. Банктің жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) белгіленген.
      2. Банк акционерлерден мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің кез келгенінің бұзылуына әкеп соқтырмайтын болу талабымен меншікті акцияларды сатып алады.»;
      5678-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
      «5. Екінші деңгейдегі капитал:
      ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстарынан асу мөлшерінің;
      ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінен асу мөлшерінің;
      негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
      кастодиандық шарт талаптары негізінде қабылданған, инвестицияланбаған қаражат қалдықтарын шегергендегі тәуекелді ескере отырып мөлшерленуге жататын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер мөлшерінің сомасы ретінде есептеледі.»;
      6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың екінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (k1-1);
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың банк иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен толық қамтамасыз етілгендерін қоспағандағы, сондай-ақ бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін, банк қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктерді қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына қатынасымен (k1-1);
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
      операциялық тәуекел;
      мыналарды шегергендегі:
      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k1-2);
      меншікті капиталдың мына сомаға қатынасымен:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына азайтылған кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
      нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
      операциялық тәуекел;
      мыналарды шегергенде:
      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k2).
      7. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k 1-1 0,06-дан кем болмайды.
      01.01.2014ж. бастап k1-1 0,03-тен кем болмайды;
      k1-2 0,09-дан кем болмайды.
      Қатысушысы банк холдингі немесе тізбесі және ең төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) (бұдан әрі – № 55 қаулы) белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие бас банк болып табылатын банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабымен көзделген тәртіппен акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k1-1 0,05-тен кем болмайды;
      k1-2 0,08-ден кем болмайды.
      8. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,12-ден кем болмайды.
      Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және ең төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,10-нан кем болмайды.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептеледі.
      Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес олар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.
      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер шегетін тәуекелдің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің тиісті санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
      Активтер, шартты және ықтимал талаптар нарықтық тәуекел ескеріле отырып осы Нұсқаулықтың 9-19-тармақтарына сәйкес есептеледі.
      Операциялық тәуекел осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес есептеледі.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кiрiстiң орташа шамасының 0,12-гe тең операциялық тәуекел коэффициентiне (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісіне 8,3-ке тең сәйкес келтіру коэффициентiнің (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін 10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісі ретінде есептеледi.
      Соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банктiң таза кіріс алған соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кіріс сомасының банктiң таза кіріс алған жылдарының санына қатынасы ретiнде есептеледi.
      Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi өткен жылдар санын негiзге ала отырып есептеледi.
      Жылдық жалпы кіріс:
      жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және банктің төтенше кірістерін шегергенде;
      жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының және төтенше шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Банк шығын алған, бірақ қамтамасыз етуге арналған қаржыны ескергенде, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және төтенше кірістерді шегергенде оң жалпы кіріс болған жыл операциялық тәуекел есебіне кіргізіледі.»;
      3233-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р) банктің барлық талаптарының сомасы ретінде есептеледі (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларын қоспағанда);
      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер түріндегі заемшыға қойылатын талаптарды шегергендегі;
      № 296 қаулының талаптарына сәйкес құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегi қарыз алушының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
      осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде банктің иелік етуіне берілген салымдар;
      тазартылған қымбат металдар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері.
      Бір қарыз алушыға келетін тәуекелді есептеуге мыналар енгізілмейді:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, банктің қарыз алушыға қоятын, банктің балансынан есептен шығарылған талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын, № 296 қаулының талаптарына сәйкес 100% (жүз пайыз) провизиялар (резервтер) қалыптастырылған талаптары және Standard & Poor’s агенттігінің «ВВВ»-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар.
      33. Банктің бір қарыз алушыға өзінің міндеттемелері бойынша тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы мынадан аспауға тиіс:
      банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылатын қарыз алушылар үшін (k3.1) - 0,10. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;
      басқа қарыз алушылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде, Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингiсі немесе Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингiсі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктік қарыз, қарыз алушы алдындағы не банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 33-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің мiндеттемелерi бойынша).
      Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен көп аспауға тиіс.
      «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды.
      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымдарға берілген күмәнді және үмітсіз активтердің жиынтық сомасы бас банктің меншікті капиталының мөлшерінен үш еседен көп аспайды.»;
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      «33-1. Осы Нұсқаулықтың 33-тармағының мақсаттары үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін қарыз алушылар - заңды тұлғаларды қоспағанда, барлық қарыз алушылар - заңды тұлғалар тиісті қарыз алушылар ретінде түсініледі»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Ашық валюталық позиция – бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы банк талаптарының (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (талаптарынан) асып кетуi.
      Ұзын валюталық позиция – бұл талаптардың (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасынан) асып кететiн жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
      Қысқа валюталық позиция – бұл мiндеттемелердің (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) асып кететiн жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
      Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының (тазартылған қымбат металдар құнының) өзгеруiмен айқындалатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) қосылады.
      Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен айқындалатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтердің, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелердің, шартты және ықтимал мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 47-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның ең төменгі лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
      Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
      Жекелеген шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша ашық валюталық позицияларын есептеу кезiнде бірiншi кезекте олар қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарында және банк мiндеттемелерi шоттарында ашылған әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледi. Содан кейін олар қалыптастырылған арнайы провизияларды шегергендегi шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы айқындалады. Шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талаптардың (мiндеттемелердің) мiндеттемелерден (талаптардан) асып кеткендiгiн көрсететін сальдо өзара қосылады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасы (тазартылған қымбат метал) бойынша ашық позициясының мөлшерi мен түрiн айқындайды.
      Шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы баланстық шоттар бойынша сол шетел валютасындағы банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
      Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталар (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
      Шетел валютасымен көрсетiлген талаптар мен мiндеттемелер осы талаптар және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
      Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
      Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
      Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес есептеледі.
      Шетелдік және ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 8 және 9-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
      к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
      Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
      өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі – № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары – коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер, сондай-ақ 2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразиялық Даму банкін құру туралы келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық Даму банкі (бұдан әрі – Еуразиялық Даму банкі) алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер.»;
      1-қосымшаның «Кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi» кестесi:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
«

12-1

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар

0

                                                         »;
      түсіндірмелер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктің салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленуге жататын активтер есебіне түсіндірме:
      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетiлген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуi бар (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 10-12-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетiлген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкiндiк беретiн барабар есепке алу жүйелерi болған кезде түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн қарыздар.
      Түзетiлген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 10-12-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға:
      салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 пайызына;
      қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 пайызына тең болады.
      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
      2. Банк инвестициясының есебiне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесi бойынша (банк инвестициясының есебiне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) сараланған активтердiң есебiне борыштың тәуекел дәрежесі бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
      Банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлдiң (сақтандырушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
      3. Осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
      2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
      3) оффшорлық аймақтар азаматтары болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекел дәрежесi бойынша осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген қамтамасыз етудiң болу-болмауына қарамастан, Салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiнiң кестесiне сәйкес сараланады.
      4. Осы Түсiнiктемелердің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
      2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резидент еместеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
      5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
      жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
      тұтынушылық кредит деп сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезінде жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген коммерциялық кредит түсініледі.
      6. Егер исламдық бағалы қағаздың шығарылымның арнайы рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
      7. Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерден басқа кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.»;
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен кешiктiрмей Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептiлiгiн қоса бере отырып, банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есептi қағаз тасымалдауышта ұсынады.
      Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының бұрын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.
      Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепке:
      Нормативтік мәндердің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдiң дәрежесi бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттерi бойынша мәлiметтер;
      Нормативтік мәндердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына банк конгломераты қатысушыларының инвестициялары бойынша мәліметтер;
      Нормативтік мәндердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздары портфелінің құрылымы бойынша мәліметтер;
      Нормативтік мәндердің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының топ ішілік мәмілелер бойынша мәліметтер;
      Нормативтік мәндердің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызы болатын үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының барлық міндеттемелері бойынша мәліметтер;
      оның тұрған елiндегi қызметін реттейтiн тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтiк мәндерi, пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi туралы мәлiметтер;
      банк конгломератының өткен жылдың төртiншi тоқсанында пруденциалдық нормативтердi орындауы туралы есеп уәкiлеттi органға есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрілмей ұсынылады.»;
      6-қосымшаның «банк конгломераты қатысушыларының есепті күндегі жағдай бойынша қолданыста болатын банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызды құрайтын үшінші тұлғалар (тұлғалар тобының) алдындағы барлық міндеттемелері туралы мәліметтер» кестесінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банк конгломераты қатысушыларының есепті күндегі жағдай бойынша қолданыста болатын банк конгломераты меншікті капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын үшінші тұлғалар алдындағы барлық міндеттемелері туралы мәліметтер».

Банк қызметін реттеу мәселелері   
бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің  
тізбесіне 1-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банк қызметін реттеу мәселелері   
бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің  
тізбесіне 2-қосымша         

тізбесіне 3-қосымша         

тізбесіне 4-қосымша          

тізбесіне 5-қосымша         

тізбесіне 6-қосымша          

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.