Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 желтоқсанда № 8128 тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидасы;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін көтермелеу түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақтарды беру қағидасы;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 23 қазандағы 
№ 468 бұйрығына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы кеден органдарының
қарауындағы адамдарды қызметте пайдалану қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 29-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы (бұдан әрі – қарауындағы) адамдарды қызметте пайдалану тәртібін анықтайды.
      2. Лауазымнан босату және қызметкерді қарауға алу лауазымдар номенклатурасына сәйкес қызметкерді лауазымға тағайындауға және босатуға құқығы бар кеден органы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      3. Қарауға алу туралы бұйрық қызметкерге оны шығарғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде қол қою арқылы жарияланады. Біруақытта қарауға алынған қызметкер бұйрықпен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте пайдалану қағидасының талаптарымен танысқандығы туралы қолхатқа қол қояды.
      4. Қызметкер қарауда тұрған кеден органының кадр бөлімшесі Осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарауда тұрған лауазымды адамдарды тіркеу журналында көрсетілген адамдардың тиісті есебін жүргізеді.
      Қарауда тұрған адамдарды лауазымға тағайындау атқарып отырған лауазымнан босатқан күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.
      Ұйымдастырушылық-штаттық шараларды жүргізу мерзімі ұзартылғандықтан, бос лауазымның болмауынан, сондай-ақ қызметті бойынша тиімді пайдалану үшін қызметкерді тағайындау туралы мәселені шешу мүмкін емес жағдайда бұл мерзім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен екі айға дейін ұзартылады.
      5. Қарауда қалдыру мерзіміне қызметкердің заңнамамен белгіленген тәртіппен демалыс, денсаулық сақтау мекемелерінде емделу (әскери-дәрігерлік комиссиясының жіберілуі бойынша тексерілуі) кезеңі, бұрынғы жұмыс орнынан тиісті құқық қорғау органының орналасқан жеріне дейін жету үшін жолда болған уақыты, білім беру ұйымдарының сырттай оқу бөлімшелерінің оқу-емтихандық сессияларында болған уақыты, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты қамауда болған уақыты, ақтап алу негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату немесе ақтау үкімінің шығу жағдайларда қамауға алған күнінен бастап және босатқан күнді қоса алғандағы уақыт есептелмейді.
      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған және қарауға алынған жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге оларды одан әрі қарай қызметке орналастыру мәселесі шешілмеген жағдайда пайдаланбаған еңбек демалысы беріледі. Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысында болған уақытта қарауда тұрған мерзіміне қарамастан негізгі лауазымы бойынша қараудағы мерзіміне негізгі лауазымы бойынша алатын еңбекақысы төленеді.
      7. Қарауда тұрған қызметкерге Заңның 55 және 56-баптарымен көзделген көтермелеу шаралары және оған тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
      8. Қызметкердің қарауында болу мерзімі арнайы атақ беру үшін құқық қорғау қызметі өтіліміне және жылдар бойы сіңірген еңбегіне есептеледі.
      9. Кеден органының қарауында тұрған қызметкерге тиісті кеден органында бекітілген күн тәртібі толық көлемде қолданылады. Дәлелсіз себептер бойынша еңбек тәртібін бұзған жағдайда кеден органының қарауында тұрған қызметкер кеден органынан шығаруға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылуға жатады.
      10. Қарауда тұрған адамдар кеден органы басшысының шешімімен:
      1) бос орынға тағайындау бойынша жұмысқа;
      2) кеден органы лауазымды тұлғасын көмекші ретінде бекіту жолымен кеден органының негізгі қызметін жүзеге асыруда көмек көрсету бойынша жұмыста қолданылады.
      11. Қарауда тұрған қызметкерге белгіленген міндеттерді жүктеу тиісті кеден органы басшысының жеке бұйрығымен ресімделеді.
      12. Қарауда тұрған қызметкерлерге қызмет бойынша тапсырмалар қызметтік-жедел шараларды орындауға байланысты өз бетімен шешім қабылдауды талап ететін тапсырмалар болмауы тиіс. Қарауда тұрған қызметкерлердің қызметтік құжаттарға қол қоюға, «қызмет бабында қолдану үшін» грифтері бар, сондай-ақ құпияға жататын құжаттарды құжаттарға қол қою және қарауға, орналастыруға және тауар-материалдық бағалы заттарды ресімдеуге байланысты қызметтік міндеттерді атқаруға құқығы жоқ.
      13. Қарауда тұрған кеден органының қызметкері, жалақысы сақталмайтын бала күту демалысындағы адамдарды қоспағанда, қарауда тұрған кеден органының кадр бөлімшесін өзінің орналасқан жері туралы ақпараттандыруы тиіс. Жыл сайынғы еңбек демалысында, денсаулық сақтау мекемелерінде емделуде (әскери-дәрігерлік комиссиясының жіберілуі бойынша тексерілуі) болу уақыты, бұрынғы жұмыс орнынан тиісті құқық қорғау органының орналасу жеріне дейін жету үшін жолда болған уақыты, білім мекемесінің сырттай оқу бөлімшелерінің оқу-емтихандық сессияда болған уақыты, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты қамауда болған уақыты құжатпен дәлелденуі тиіс.
      14. Кеден органының қарауында тұрған қызметкер ұсынылып отырған лауазымнан жазбаша бас тартқан жағдайда ол Заңға сәйкес жұмыстан босатылады.

Қазақстан Республикасы  
кеден органдарының    
қарауындағы тұлғаларды  
қызметте пайдалану туралы
Қағидасына        
1-қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы
тұлғаларды қызметте пайдалану Ережесінің талаптарымен танысқандығы туралы
ҚОЛХАТ

      Мен, __________________________________________________________
   Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________________________________ қарауында тұрған,
                    кеден органының атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы __________ № ____
бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының
қарауындағы тұлғаларды қызметте пайдалану Қағидасының талаптарын сақтауға міндеттенемін.

                                ___________________________________
                                  Қарауда тұрған тұлғаның Т.А.Ә.

      Тұратын мекен-жайы: _______________________
      Байланыс телефондары: _____________________

Қазақстан Республикасы  
кеден органдарының   
қарауындағы тұлғаларды  
қызметте пайдалану туралы
Қағидасына       
2-қосымша       

Нысан

Қарауда тұрған лауазымды тұлғаларды тіркеу журналы

р/н

Т.А.Ә., бұрын атқарған лауазымы

Қарауда тұруға есепке алу бұйрығының № және күні

Қарауда тұрған кезеңде еңбек демалыстарының мерзімі

Қарауда тұруды ұзарту туралы бұйрықтың № және күні

Тағайындау немесе жұмыстан шығару туралы бұйрықтың № және күні

Ескертуге

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметкерлерінің, соның ішінде кадр резервінде жатқызылғандардың кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру мазмұнын және тәртібін анықтайды.
      2. Қызметкерлердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарына тікелей басшылықты жеке құрамның кәсіби даярлығының жағдайы үшін дербес жауапты болып табылатын кеден органының барлық деңгейлеріндегі басшылық жүзеге асырады.
      3. Кәсіби қызметтік даярлық - кеден органдарына жүктелген қызметтік мәселелерді сәтті атқару үшін қажетті іскерлік білімдер, мүмкіндіктер және дағдыларды тұрақты жетілдіру және иемдену ұйымдастырылған және мақсатты көздейтін процестер.
      4. Кәсіби даярлықтың негізгі мәселелері мыналар болып табылады:
      1) күрделі жедел және азаматтық қорғаныс жағдайларында күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруға дайындық дағдысын қалыптастыру;
      2) нақты бөлімшелерде қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, қызметкердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
      3) арнайы техниканы және арнайы құралдарды, заманауи ақпараттық технологияларды және компьютерлік техниканы қолдану дағдыларын жетілдіру;
      4) жеке құрамның қызметтік және дене шынықтыру даярлығының жоғарғы деңгейіне жету.
      5. Кәсіби қызметтік даярлық жүктелген міндеттерді атқару үшін олардың қызметтік әрекеттерінің ерекшелігі мен профилін ескере отырып, кеден органдары лауазымды тұлғаларының қажетті білімін жаңартуға және нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін қарастырады.
      6. Кеден органдарында қызметтік даярлықты дайындау және өткізу кеден органының кадр қызметтері жауапты болып табылады. Кеден бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тиісті жұмыс олардың басшыларына жүктеледі.
      7. Кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқу өткізуге білім мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, басқа министрліктер мен ведомстволардың мамандары тартылады.
      8. Кеден органдарында қызметтік даярлық бойынша оқыту қыркүйек айында басталады және тоғыз ай бойы жалғасады.
      9. Оқу жылы аяқталуы бойынша кеден органының кадр қызметі кеден органдарының құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде келесі оқу жылына арналған кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқыту жүргізудің тақырыптық жоспары (бұдан әрі - жоспар) қалыптастырады. Жоспар кеден органының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Бұйрықта кәсіби қызметтік даярлықтың уақыты мен өткізу орны, бөлімшенің атауы, құрылымдық бөлімше бөлімінің бастығынан төмен емес кәсіби қызметтік даярлықты жүргізуді ұйымдастыру бойынша жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетілуі қажет.
      Кеден бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде кәсіби қызметтік даярлық кеден органы кадр қызметіне жолданатын кеден органы басшылығының бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі.
      10. Кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқу айына бір реттен кем емес өткізіледі.
      11. Бекітілген жоспарға сәйкес, дәрістердің басталуына он күн қалғанға дейін тиісті тақырып бойынша жауапты бөлімшелер дәрістік материалдарды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келістіру үшін кеден органының кадр қызметіне ұсынады.
      12. Дәрістік материал еркін нысанда жауапты бөлімшенің қызметкерімен дайындалады. Дәрісте негізгіні іске асыруда қабылданған материалдары, нормативтік құқықтық актілерді, түсіндірудің ресми қайнар көздерінің қолдану тәртібі, түсініктеме немесе өндірістік Жоғарғы сот және Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары, заңнамалық актілерге түсініктемелер, Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің, мемлекеттік органдардың түсіндірмелері және басқа нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ мүмкіндігінше жарияланатын мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің ұсынымдары, мысалдары, құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, статистикалық ақпарат болады.
      13. Дәрістік материал осы Қағиданың 12-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұл материал үш жұмыс күн ішінде пысықтау үшін қайтарылады.
      Жауапты бөлімше кемшіліктерді жойғаннан кейін дәрістік материалды кеден органының кадр қызметіне үш жұмыс күнінің ішінде ұсынады.
      Материал дайындалғаннан кейін оқуларды өткізу үшін ол шалғайдағы кеден бекеттеріне жолданады.
      14. Дәрістік материалды көзбен көру үшін Windows компьютерлік бағдарламасын (мысалы Power Point) немесе сурет-видео материалдарын қолданумен тұсаукесерін жасаумен қоса беріледі.
      15. Кеден органы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәрістік материалдардың сапалы дайындалуына жауапты болып табылады.
      16. Тиісті кеден органының кадр қызметі қатысу журналын жүргізумен кеден органдары қызметкерлерінің оқуға қатысуын бақылауды жүзеге асырады.
      17. Кәсіби қызметтік даярлық процесінде қолданылған дәрістік материал жинақтауын ісіне тігіледі және келесі оқу жылдың басына дейін кеден органының кадр қызметінде сақталады. Аталған материалды тиісті ақпараттарды электрондық тасымалдағыштарда ақпараттарында (дискеттер, дисктер, өзге сақтайтын құрылғылар) сақтауға болады.
      18. Дене шынықтыру даярлығы күнделікті жұмыста қызметтік міндеттерді атқару үшін қызметкерде қажетті дене шынықтыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған спорттық сабақтардың жиынтығынан тұрады.
      19. Дене шынықтыру даярлығы бойынша оқытуларды ұйымдастыру үшін дене шынықтыру даярлығын жүргізуіне жауапты бөлімшені бекітумен, тиісті шараларды жүргізу уақыты мен орнын анықтаумен кеден органдарының басшыларымен жыл сайын тиісті бұйрық шығарылады.
      20. Кеден органдарында дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар қаңтар айынан басталады және аптасына екіден кем емес жыл бойы жалғасады.
      21. Кеден органдарында дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтардан уақытша босату Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің берілген анықтамаларына сәйкес жүргізіледі.
      22. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар осы Қағидалардың қосымшаларымен белгіленген нормативтерді орындауға бағытталған. Дене шынықтыру даярлығының нормативтері кеден органдарының қызметкерлеріне және кеден қызметіне қабылданатын азаматтарға таратылады.

Қазақстан Республикасы   
кеден органдарының     
кәсіби қызметтік және     
дене шынықтыру даярлықтарын
ұйымдастыру Қағидасына  
қосымша          

Дене шынықтыру даярлығының нормативтері

Ерлер үшін жалпы нормативтер

Нормативтің атауы

Бағалау

Медициналық-жас топтары

30 жасқа дейін

31-36

37-41

42 және одан жоғары

1.

1000 метрге жүгіру (мин)

үздік

3.2

3.4

4

4.2

жақсы

3.3

3.5

4.15

4.35

қанағаттанарлық

3.4

4.1

4.25

5.1

2.

100 метрге жүгіру (сек)

үздік

13.0

14.0

15.0

15.8

жақсы

13.7

14.5

15.7

16.5

қанағаттанарлық

14.3

15.3

17.2

18

3.

Салмада тартылу

үздік

15

13

9

6

жақсы

13

11

8

5

қанағаттанарлық

11

9

7

4

4.

Жатқан қалыпта қолды бүгу және жазу

үздік

50

40

30

20

жақсы

40

30

25

15

қанағаттанарлық

30

20

20

12

5.

16 кг. гирді көтеру (қайталау саны)

үздік

23

20

18

17

жақсы

20

17

15

14

қанағаттанарлық

18

15

13

12

Қару дайындығы*

Нормативтің атауы

Бағалау

Қашықтық

1

«Байкал-442» АТМ қаруынан оқу-жаттығулық ату

25- өте жақсы «5-балл»

25 метр

21-жақсы «4-балл»

25 метр

18-қанағаттанарлық «3-балл»

25 метр

Әйелдер үшін жалпы нормативтер

Нормативтің атауы

Бағалау

Медициналық-жас топтары

21-25

26-30

31-35

36-39

1.

60 метрге жүгіру (сек)

үздік

9,2

10,2

11,3

12,2

жақсы

9,7

10,5

11,8

12,6

қанағаттанарлық

10,2

11,0

12,3

13,2

2.

Отыру немесе пресс (1 минутта саны)

үздік

35

30

26

18

жақсы

30

26

22

15

қанағаттанарлық

25

22

18

12

Қару дайындығы*

Нормативтің атауы

Бағалау

Қашықтық

1

«Байкал-442» АТМ қаруынан оқу-жаттығулық ату

21- өте жақсы «5-балл»

25 метр

18-жақсы «4-балл»

25 метр

15-қанағаттанарлық «3-балл»

25 метр

      Ескертпе: *Оқу атыстары «тұрып қолдан ату» қалпында 25 метр қашықтықта орындалады (екінші ұстап тұруға жол беріледі), ату уақыты шектелмеген, оқтардың саны 6 патрон (3 сыналатын, 3 есептелетін). Қару дайындығын тапсыру кеден органдарының қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 23 қазандағы 
№ 468 бұйрығына    
3-қосымша       

Кеден органдары қызметтерінің санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндер

      1. Осы Кеден органдары қызметтерінің санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәні (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден, шекті мәндерден өту тәртібін және шарттарын, шекті мәндерді айқындайды.
      2. Тестілеуді жүргізудің мақсаты – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тест тапсырмасының құрылымына сәйкес аттестаттауға жататын кеден органы қызметкерінің (бұдан әрі – қызметкер) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне және логикалық ойлау мүмкіншілігіне объективті баға беру.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) салалық бөлімшелері әзірлейді.
      4. Тестілеуді жүргізу орны Комитет төрағасының лауазымдар санаттары бойынша бөлу шешіміне сәйкес анықталады.
      5. Тестілеу әкімшіліктері тестілеуді жүргізеді. Тестілеу процесін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар мен қатысушылар тарапынан жемқорлық іс- әрекеттерді болдырмауды және шынайлықты қамтамасыз ету үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің мамандары тартылуы мүмкін.
      6. Тестілеу тестілеуден өтетін қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      7. Тестілеуге кеден органының басшысы бекіткен аттестаттауға жататын қызметкерлер тізіміне енгізілген қызметкер жіберіледі.
      8. Қызметкер атқаратын лауазымының санатына талап етілетін біліктілік талаптарына байланысты тестілеудің тиісті бағдарламасын өтеді.
      9. Қызметкерлерге тестілеу уақытында әңгімелесуге және тестілеу жүргізіліп жатқан үй-жайды тастап кетуге рұқсат етілмейді. Электрондық құрылғы (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер, ұялы телефондар және басқа электрондық құрылғылар) тестілеу уақытында сөндірулі болуы тиіс.
      10. Кадр қызметінің және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің лауазымды тұлғалары:
      1) тестілеудің алдында тестілеуден өту және алда болатын рәсімдер бойынша қызметкерлермен егжей-тегжейлі нұсқама жүргізеді;
      2) осы Қағидаларды бұзған қызметкерлердің тестілеуден өтуін тоқтатады.
      11. С-ТК-1, С-ТК-2, C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1, C-ТКО-2, C-ТКО-3, C-ТКО-4, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 санаттарындағы қызметкерлер тест үшін белгіленген кездейсоқ сұрақтарды іріктеу әдісімен компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізілетін 120 сұрақтан тұратын тесттен және 20 сұрақтан тұратын логикалық ойлануға тесттен өтеді, басқа санаттардағы қызметкерлер 60 сұрақтан тұратын тесттен және 20 сұрақтан тұратын логикалық ойлануға тесттен өтеді. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты сұрақтардың белгіленген санына сәйкес 90 немесе 45 минутты құрайды.
      12. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест бойынша шекті мәндері С-ТК-1, С-ТК-2, C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1, C-ТКО-2, C-ТКО-3, C-ТКО-4, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 санаттары үшін кем дегенде 70 %, басқа санаттарындағы қызметкерлері үшін кем дегенде для 60 % дұрыс жауаптарды құрайды.
      Логикалық ойлануға тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.
      13. Тестілеу уақытының өтуі бойынша бағдарлама автоматты түрде жабылады.
      14. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижелер принтерден екі данада басып шығарылады және қызметкерге танысу үшін беріледі. Танысқаннан кейін қызметкер және кадр қызметінің жауапты тұлғасы нәтижелер парағына қол қояды.
      Бірінші дана тестілеуден өткен қызметкерге беріледі, екіншісі аттестациялық комиссиясының тиісті хаттамасымен бірге Комитетте және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады.
      15. Тестілеуден өту кезінде шекті мәнінен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және Заңмен белгіленген тәртіппен аттестациялық комиссиясының шешімімен қайталама аттестаттауға жатады.

Кеден органдарының лауазымдар
санаттары үшін тестілеуден өту
қағидасы және шарттарына,  
сондай-ақ шекті мәндерге   
қосымша           

Тестілеу құрылымы

      1. С-ТК-1, С-ТК-2, C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1, C-ТКО-2, C-ТКО-3, C-ТКО-4, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 120 сұрақтан тұрады және сұрақтардың келесі санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 30;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 20;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 20;
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 10;
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 10;
      Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі – 10;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 10 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
      2. Басқа санаттар үшін осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілмеген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 60 сұрақтан тұрады және сұрақтардың келесі санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 10;
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 20;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 10;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 10;
      Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі – 10;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 10 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына    
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне көтермелеу
түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының
қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақты беру қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органының қызметкеріне көтермелеу түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақты беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 497-бабына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабының 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден органының қызметкеріне көтермелеу түрлерін, соның ішінде кезектен тыс арнайы атақты беру тәртібін анықтайды.
      2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметте үлкен нәтижелерге жеткені үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін көтермелеудің мына түрлері қарастырылған:
      1) алғыс жариялау;
      2) біржолғы ақшалай марапаттау;
      3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;
      4) грамотамен марапаттау;
      5) Құрмет грамотасымен марапаттау,
      6) Құрмет кітабына немесе Құрмет тақтасына енгізу;
      7) «Кеден қызметінің үздік қызметкері» төске тағатын белгімен марапаттау;
      8) «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгісімен марапаттау;
      9) «Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3, 2, 1 деңгейдегі ведомстволық медалімен марапаттау;
      10) «Кедендік ынтымақтастықты дамытуға үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
      11) «Кеден қызметінің ардагері» ведомстволық медалімен марапаттау;
      12) кезекті арнайы атақты уақытынан бұрын беру;
      13) атқарып отырған лауазымы бойынша қарастырылған арнайы атақтан бір саты жоғары тұрған кезекті арнайы атақты беру;
      Бұл ретте атқарып отырған лауазымы бойынша уақытынан бұрын арнайы атақты және бір саты жоғары тұрған кезекті арнайы атақты беру әрбір негіздеме бойынша барлық қызмет мерзімі ішінде екіден артық емес іске асырылады.
      3. Кеден органы басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының мерекелеріне көтермелеу түрінде салынған тәртіптік жазалауды уақытынан бұрын алып тастау болады.
      4. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері ерекше жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен анықталатын тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталуға ұсынылуы мүмкін.
      5. Келесі жағдайларда көтермелеу түрлерін қолдану:
      1) осы Қағидалар 2-тармағының 7)9) – 11) тармақшалары бойынша «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы күштердің, басқа әскери және әскери қалыптастырулардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен анықталған тәртіпте;
      2) алғыс – лауазымдық міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін;
      3) біржолғы ақшалай сыйақы – жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде көрсеткен лауазымдық міндеттерді және кәсіби шеберлікті үлгілі орындағына үшін, сондай-ақ аса қиын және шұғыл тапсырмаларды атқарғаны, соның ішінде уақытылы қызметкерге жүктелген жоғары тұрған және басқа лауазымдар бойынша міндеттерді адал атқарғаны үшін;
      4) бағалы сыйлық - қызметте ерекше жетістіктері және жоғары кәсіби шеберлік көрсеткені үшін;
      5) грамота – жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау кезінде көрсеткен лауазымды міндеттерін және кәсіби шеберлігін үлгілі атқарғаны, соның ішінде экономикалық және басқа контрабандалық фактілерді әшкерелегені, сондай-ақ мінсіз еңбек және қызметтік тәртіпті атқарғаны үшін;
      6) құрмет грамотасы – қызметте, соның ішінде жас мамандармен тәлімгерлік жұмысында белгіленген оң нәтижелерге жеткені, сондай-ақ экономикалық және басқа контрабандалық фактілерді қайта әшкерелегені үшін;
      7) Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін Құрмет кітабына немесе Құрмет тақтасына енгізу - еңбектегі айырмашылығы және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, сондай-ақ қызмет бойынша басқа жетістіктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының оң бейнесін қалыптастыратын үздік әрекеттерді жасағаны үшін;
      8) «Кеден қызметінің үздік қызметкері» төс белгісі – кеден органдарында, соның ішінде басқа құқық қорғау органдарында 15 жылдан кем есе жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері қызметтегі оң жетістіктері және кеден ісінің дамуына мәнді үлес қосқаны үшін;
      9) кезектен тыс арнайы атақты беру – алдыңғы еңбек еткен жылдарын ескере отырып, еңбектегі айырмашылығы және қызметтік міндеттерді үлгілі орындағы, соның ішінде аса маңызды және қиын тапсырмаларды орындағы үшін.
      Уақытынан бұрын кезекті арнайы атақ алдыңғы атақтағы еңбек еткен жылдарының жартысынан кем емес уақытының аяқталғанынан кейін, бірақ атқарып отырған лауазымына тиісті арнайы атақтан жоғары емес кеден органдары қызметкерлеріне беріледі;
      10) атқарып отырған лауазымымен қарастырылған шекті арнайы атақтан бір деңгейге жоғары арнайы атақты беру - алдыңғы атақтағы еңбек еткен жылдарын ескере отырып, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтегі жоғарғы көрсеткіштері, көрсеткен кәсібилік, мінсіз еңбек және қызметтік тәртіп үшін.
      Атқарып отырған лауазымымен қарастырылған шекті арнайы атақтан бір деңгейге жоғары кезекті арнайы атақ алдыңғы арнайы атақта еңбек еткен жылдарының жартысынан кем емес уақытының аяқталғаны бойынша беріледі;
      11) бұрын қолданылған тәртіптік жазалауды уақытынан бұрын алып тастау түріндегі көтермелеу шарасы жазалау мерзімінің жартысы өткеннен кейін қолданылады.
      6. Көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік, кәсіби, басқа мерекелерді және мерейлі даталарды мерекелеу бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қызмет ету жылдарына жету бойынша, сондай-ақ мерекелік күндерден тыс ерекше жағдайларда өзге қызметтер үшін.
      Қазақстан Республикасы мерекелеріне орай көтермеленетін Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметкерлерінің саны Комитеттің Төрағасымен анықталады.
      7. Көтермелеу туралы ұсыным Комитеттің құрылымдық бөлімше немесе кеден органының бастығымен осы Қағидалардың 9–тармақтарында көрсетілген өкілеттікке сәйкес көтермелеу құқығы бар Комитет Төрағасының немесе кеден органы бастығының атына жолданады.
      Көтермелеу туралы ұсынымда марапатталатын тұлғаны сипаттайтын мәліметтері, қызметінің жалпы өтілі, соның ішінде атқарып отырған лауазымында, нақты сіңірген еңбектері, жетістіктері және қызметкердің сәттіліктері көрініс табады;
      8. Бұрын салынған тәртіптік жазалауды уақытынан бұрын алып тастау түрінде көтермелеуді қоспағанда, тәртіптік жазалау алынбаған және қызметтік тергеулер мен тексерулер жүргізілетін қызметкерлер көтермелемейді.
      9. Көтермелеу бойынша өкілеттіктер:
      1) Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасы кеден органдарының барлық қызметкерлерін осы Қағидалардың 2 – 3-тармақтарында көрсетілген көтермелеу түрлерімен көтермелейді;
      2) аумақтық кеден органының басшысы ұсынылған өкілеттікке сәйкес қызметкерлерді көтермелейді және келесі көтермелеу түрлері бойынша бұйрықтарды шығарады:
      алғысты жариялайды;
      біржолғы ақшалай сыйақы төлейді;
      бағалы сыйлықпен марапаттайды;
      грамотамен марапаттайды;
      тиісті аумақтық кеден органымен Құрмет грамотасымен марапаттайды;
      тиісті аумақтық кеден органымен Құрмет кітабына немесе Құрмет тақтасына енгізеді;
      бұрын салынған тәртіптік жазалауды уақытынан бұрын алып тастау.
      10. Көтермелеу туралы бұйрықтың жобасы Комитеттің және аумақтық кеден органының кадр бөлімшесімен ресімделеді.
      11. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлерін көтермелеу түрлері, соның ішінде төске тағатын белгілермен, Қазақстан Республикасы кеден органдарының ведомстволық медальдерімен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік марапаттау бойынша есепке алу Комитеттің және аумақтық кеден органының кадр бөлімшесімен жүргізіледі.
      12. Қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрық мерекелік жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жеке құрамының қатысуымен жарияланады.
      13. Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке ісіне көтермелеу туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетумен тиісті жазба енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына   
5-қосымша     

Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары

      1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібін және анықтайды.
      2. Кеден органдарында тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.
      3. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге мына жазалар түрлері қолданылады:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту;
      5) атқаратын лауазымынан босату;
      6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бiр саты төмендету;
      7) кеден органдарынан шығару;
      8) кеден органының басшылары немесе уәкілетті басшылары (бұдан әрі - басшы) берген немесе марапаттаған тәртіптік жаза құрмет атақтарынан, төсбелгілерінен айырумен кеден органынан шығару.
      4. Тәртіптік жаза қолданудың негізі қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы болып табылады.
      5. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін анықтау кезінде қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы және мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдарынан болуы және кеден органының беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі.
      6. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда басшы қызметтік тергеу жүргізбей қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартады.
      Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда басшының бұйрығы бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Жиналған материалдар қызметтік тергеу жүргізу үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне жолданады.
      Кеден органының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлер бұдан бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейін немесе бірінші рет жасап отырған теріс қылықтар болып табылатын анықталған маңызды емес теріс қылықтар бойынша қызметтік тергеу нәтижелері бойынша жаза қолданылатын тұлғаның танысуы туралы жазбамен, соңғының түсініктемесімен бекітілген қорытындының көшірмесін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бұйрықтың жобасын әзірлеу үшін кеден органының кадр бөлімшесіне тәртіптік жаза туралы бұйрық шығару үшін жолданады.
      7. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.
      Бұйрықтың жобасын әзірлеу үшін тәртіптік комиссиясы отырысының хаттамасын құрастыру күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде тәртіптік комиссиясы материалдарының көшірмесі кеден органының кадр бөлімшесіне тәртіптік жазалау туралы бұйрық шығару үшін жолданады.
      8. Бірнеше қызметкер бірлесіп тәртіптік теріс қылық жасаған кезде жаза кінәлілердің әрқайсысына жеке қолданылады.
      9. Қызметтік тәртiптiң бұзылуының әрбiр жағдайы үшiн бір тәртіптік жаза ғана қолданылады.
      10. Жаза қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді орындамағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған міндеттерді орындаудан босатпайды.
      11. Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күнінен бастап бір айдан және тәртіптік теріс қылық жасаған күнінен бастап алты айдан кешіктірмей қолданылады.
      Бір айлық мерзімнің өтуі басталатын тәртіптік теріс қылықты анықтаған күн қызмет бойынша қарамағындағы қызметкерге оған тәртіптік жазаны қолдану құқығы берілгендікке немесе берілмегендікке қарамастан тәртіптік теріс қылықты жасағандығы туралы тұлғаға белгілі болған күн болып саналады.
      12. Кеден органының басшысы қол қойған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық сол күні тиісті кеден органының кадр бөлімшесі тіркейді және бұйрық шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қол қойдыру арқылы жариялайды. Қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша шығарылған тәртіптік жазалауды қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне беріледі.
      13. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту кеден органының кадр бөлiмшесi жасайтын актiде ресiмделедi және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тiркеледi. Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, кеден органының кадр бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін қызметкерге хабардар етумен тапсырыс хатымен пошта арқылы жолдайды.
      14. Қызметтiк тергеу жүргізу, сотпен қарастырылған қылмыстық іс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жағдайда тәртіптік жаза кінәлінiң жұмыста сырқаттануына немесе демалыста, іссапарда болу уақытын есептемегенде, тергеу аяқталған, қылмыстық iсті немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша өндіріс жүргізуді қысқарту туралы процессуалдық шешiм қабылданған күнінен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
      15. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық іс қысқартылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күнінен бастап - бір айдан, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде - үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
      16. Қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған жағдайда, тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және тәртіптік теріс қылық жасалған күнінен бастап бір жылдан кешіктіріп қолданылмайды.
      17. Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз, демалыста немесе iссапарда болған кезеңде, сондай-ақ егер тәртіптік терiс қылық жасалған күнінен бастап алты айдан астам уақыт өткен жағдайда, оған тәртiптiк жаза қолданылмайды.
      18. Жасалған тәртіптік терiс қылық туралы еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңi, демалыста, iссапарда болған кезінде немесе ол басталғанға дейiн белгiлi болса, онда жаза қолданудың әрекет ету мерзімі тоқтатылады.
      19. Қызметкер өзін тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.
      20. Қызметкерге қолданылған тәртiптiк жазаның мерзiмi оның қолданылған күнiнен бастап алты айдан аспайды. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
      21. Егер қызметкерге, тікелей басшының құқықтары шегiнен шығатын жазалау шараларын қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жазалау шараларын қолдануға уәкілетті жоғары тұрған лауазымды адамның алдында қолдау білдіреді.
      22. Жоғары тұрған басшы егер бұрын жарияланған жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған басшы қолданған тәртiптiк жазаны алып тастайды.
      23. Тәртіптік жазалар қолдану бойынша өзiне берiлген құқықтарын асыра пайдаланған басшы бұл үшiн тәртiптiк жауапкершілiкке тартылады, ал жазалау туралы бұйрықтар жазалау шараларын қолдануға уәкілеттi адам жояды.
      24. Қызметкер өзiне қолданылған тәртiптiк жазаға жоғары тұрған органға не сотқа шағымдануға құқылы.

Қазақстан Республикасы     
Кеден органының қызметкерін  
тәртіптік жауапкершілікке тарту
туралы қағидаларға және    
шарттарға қосымша      

Нысан

Актілерді тіркеу журналдары

№ р/с

Тәртіптік жазалау туралы бұйрықпен танысудан бас тарту туралы актінің тіркеу номері және күні

Тәртіптік жазалау туралы бұйрық (бұйрықтың номері и күні)

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), лауазымы, құрылымды бөлімшесі

Кеден органының кадр бөлімшесі қызметкерінің қолы (Т.А.Ә., лауазым)

Ескертуге

1

2

3

4

5

6