Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 4 тамыздан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға
тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қағидалардың нормалары тағайындалу тәртібі және босатылуы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) саяси мемлекеттік қызметшілеріне қолданылмайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Агенттік – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі («Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды);
2) ведомстволар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылды);
3) кадр қызметі – Ұлттық Банктің кадрмен қамтамасыз ету бөлімшесі (филиалдарда – қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі маман);
4) кадр резерві – конкурстан ойдағыдай өткен және Ұлттық Банктің кадр резервіне есептеу үшін конкурстық комиссия ұсынған адамдардың тізімі;
5) конкурс – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін жүргізілетін рәсімдер;
6) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Ұлттық Банкке құжаттарын тапсырған адамдар;
7) конкурстық комиссия – Ұлттық Банктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;
8) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;
9) мүдделі бөлімше – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімше;
10) талаптар – Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға олардың кәсіби дайындық деңгейін, құзыреттілігін және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес талаптар;
11) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;
12) Ұлттық Банктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлттық Банкте қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен төленетін адамдар;
13) Ұлттық Банктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;
14) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде сынаққа және әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;
15) филиалдар – Ұлттық Банктің филиалдары.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу
4. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу:
1) конкурстан тыс;
2) конкурс арқылы жүзеге асырылады.
5. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына:
1) әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.
6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кірістер мен мүлік туралы декларацияны және мәліметтерді тұрған орны бойынша салық органдарына тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:
1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ауысу арқылы талаптарға сәйкес келетін Ұлттық Банк қызметкерлері;
2) кадр резервінде тұрған адамдар;
3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:
шет тілін білетін (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 6.5 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);
және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;
және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;
және (немесе) халықаралық бухгалтерлік немесе қаржылық сертификаттары бар;
және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарында, даму институттарында Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар;
4) Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында немесе Агенттікте кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұлттық Банктің және оның ведомстволарының немесе Агенттіктің бұрынғы қызметкерлері (еңбек шарты теріс жағдайлар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);
5) Ұлттық Банк Магистратурасының түлектері, дипломды алған күннен бастап жарты жыл ішінде.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Конкурсқа мынадай адамдар қатысады:
1) он сегіз жастан төмен емес;
2) талаптарға сәйкес.
9. Конкурсқа мынадай бір жүйедегі кезеңдер кіреді:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;
2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;
4) кандидаттарды сынақтан өткізу;
5) кандидаттармен әңгімелесу;
6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;
7) кадр резервін қалыптастыру.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен төлейді.
11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады (жарияланады).
12. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болады:
1) Ұлттық Банктің атауы, орналасқан жері, почта мекенжайы, кадр қызметінің телефондары мен факсының нөмірлері (сыртқы конкурс жариялаған кезде);
2) негізгі функционалдық міндеттерін көрсете отырып Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының атауы;
3) талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
5) конкурсты өткізу мерзімдері мен орны.
13. Конкурстық комиссияны Ұлттық Банк Төрағасы (филиалдарда - филиал басшысы) не оның орнындағы адам бекітеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.
Конкурстық комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы (филиалдарда – филиалдың басшысы айқындаған тұлға), Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымы бар бөлімшенің, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшысы не оның орынбасарлары кіреді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан, кемінде үш адамнан тұрады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
15. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде даусы болмайды.
16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Ұлттық Банк қызметшісінің үштен аспайтын бос лауазымына өтініш беруге құқылы;
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;
8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
17. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.
18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қағидалардың 12-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.
19. Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
20. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды, ол конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Сынаққа жіберілген кандидаттардың тізімдері Ұлттық Банктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерде орналастырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Сынақтың мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуін бағалау болып табылады.
Кандидаттар сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімдері Ұлттық Банктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерде орналастырылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
26. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кандидаттарға әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы кадр қызметі электрондық почта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия талаптарды және Ұлттық Банк қызметшісінің тиісті бос лауазымының лауазымдық нұсқаулығын негізге алады.
28. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбалардың тасымалдауыштары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады. Конкурстық комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы белгі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында жүргізіледі.
29. Әңгімелесуден өткен кандидаттардың құжаттарын конкурстық комиссия оның қорытынды отырысында қарайды.
30. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы әңгімелесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
31. Конкурстық комиссия қорытынды отырысында кандидаттарды ұсынылған құжаттар, сынақ, әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және олардың арасынан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін іріктеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 қатысса, өкілетті болады.
33. Кандидат, егер ол үшін конкурстық комиссияның құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берсе, оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссияның төрағасының даусы шешуші болып табылады.
34. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері және хатшысы қол қояды.
35. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, конкурс өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде орналастырылады.
36. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
37. Егер конкурс нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшілерінің ұсынылған бос лауазымдарына кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38. Конкурстық комиссияның шешіміне Ұлттық Банк Төрағасының (филиалдарда - филиал басшысының) атына не оның орнындағы адамға, не сот тәртібінде шағымдануға болады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
40. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
41. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
42. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
43. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-1. Кадр резервін қалыптастыру
Ескерту. Қағида 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.02.2015 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38-1. Конкурстық комиссия шешімінің негізінде әңгімелесуден сәтті өткен кандидаттар (әрбір бос лауазым үшін бір кандидаттан көп емес) кадр резервіне есептеледі.
38-2. Кадр резервіне есептелген кандидаттардың тізімдері конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында көрсетіледі.
38-3. Кадр резервіне есептелген кандидаттар конкурстық рәсімдерден қайтадан өтпестен бір жыл ішінде маңызы бірдей немесе одан төмен лауазымға тағайындала алады.
38-4. Кандидаттарды кадр резервінен шығару мынадай жағдайларда:
1) кадр резервіне есептелген кандидат кадр резервінен шығару туралы өтініш берген жағдайда;
2) кадр резервіне есептелген кандидат Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасқан жағдайда;
3) Қағидалардың 38-3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайда жүзеге асырылады.
38-5. Ұлттық Банктің кадр резервін қалыптастыру және одан шығару жұмысы кадр қызметіне жүктеледі.
4. Еңбек шартын тоқтату
44. Ұлттық Банктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Қорытынды ережелер
45. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Еңбек кодексіне және Ұлттық Банк туралы Заңға сәйкес шешіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен
еңбек шартын тоқтату қағидаларына
1-қосымша
Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер
адамдарға қойылатын талаптар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. О2 тобы үшін – департамент директоры, департамент директоры-бас бухгалтер, Өкілдік Басшысы, дербес басқарманың бастығы.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент директорының орынбасары, дербес басқарма бастығының орынбасары.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
2. О3 тобы үшін – департамент құрамындағы басқарма бастығы, Ұлттық Банк Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі, консультант, баспасөз хатшысы, бөлім бастығы.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды (магистратура) немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтаған кезде жұмыс стажы кемінде екі жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
3. О4 тобы үшін – бас маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог, Басқарма хатшысы, Директорлар кеңесінің хатшысы және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
4. О5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
5. О6 тобы үшін – маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
6. Ф1 тобы үшін – филиал директоры, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) директоры.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Филиал директорының орынбасары, филиал директорының орынбасары - бас инженер, филиал директорының режим және күзет жөніндегі орынбасары, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) директорының орынбасары - бас бухгалтер.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
7. Ф2 тобы үшін – аумақтық филиалдың бөлім бастығы - бас бухгалтері, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) бөлім бастығы – бас бухгалтерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, құндылықтар қоймасының бастығы, бөлім бастығы.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Бөлім бастығының орынбасары.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
8. Ф3 тобы үшін – инкассация тобының бастығы, қойма (құндылықтар) меңгерушісі.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Касса (айналым кассасы, қайта есептеу кассасы және басқа да атаулар) меңгерушісі.
Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
9. Ф4 тобы үшін – бас маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды, не Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
10. Ф5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
11. Ф6 тобы үшін – маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және
олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
ӨТІНІШ
Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына _______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымның, бөлімшенің атауы)
орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.
__________________ _______________________________
қолы Тегі мен инициалдары
20___ жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және
олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан
өзгертілгенін көрсетіңіз __________________________________________
___________________________________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________________
Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _________
___________________________________________________________________
Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _____________
Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін ________________________________
___________________________________________________________________
Шетелде оқу не жұмыс істеу
Барған елі ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Болу уақыты _______________________________________________________
___________________________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны _____________________________________________
___________________________________________________________________
Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу
немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және
не үшін ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу
құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________
___________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу
құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын
туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері,
апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ, ерлі зайыптылардың аға-інілері,
апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
20___ жылғы «_____» _________________ _________