"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 116 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 маусымда № 13785 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
       1) "2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 106 қаулысының (2016 жылғы 28 наурыздағы № 3666 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16(634) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16(5572) "Маяк" газетінде жарияланған);
      2) "2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 576 қаулысының (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 3554 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4(622) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4(5560) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков