Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7905 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 34-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            А. Дерновой

           «Келісілді»
     Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
         министрінің м.а.
      ______________ А. Рау

      2012 жылғы 2 тамыз

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау министрі м.а.
2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө  
бұйрығымен бекітілген       

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды
және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу
саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды
түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде
пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға
рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдерін және тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалардың қолданысы парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерге, парниктік газдарды түгендеу, верификация мен валидация (детерминация) жүргізуге таралады.

2. Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттар мен
Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және
тану тәртібі

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын олардың Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етуі мен тануына келесі жағдайларда қарастырады:
      1) Қазақстан Республикасымен квота бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін өзара тану туралы халықаралық шарт жасалғанда;
      2) жеке және заңды тұлғалар өтініш білдіргенде.
      4. Уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын осы Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады.
      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын мемлекеттік стандарттар ретінде қолдану немесе 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 24-бабына сәйкес техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға олардың есептік тіркеуі туралы ұсыныс енгізеді.
      6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану туралы қорытынды-хат береді.

3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық
стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын
қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдері

      7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын тану үшін мына өлшемдер болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті ережелерінің болмауы;
      2) халықаралық қолдану тәжірибесінің болуы (халықаралық стандарттар болған жағдайда);
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тиісті стандарттарына сілтеменің болуы.
      8. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету үшін мына өлшемдер болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнама нормалары мен ережелеріне қайшылықтардың болмауы;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында оларды қолдану үшін ұйымдастыру және техникалық мүмкіндіктерінің болуы.