«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7446 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесінде:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жекеше нотариустың меншік құқығын және үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаты қоса беріледі.»;
10-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бұрын берілген мөрін алып қояды және жояды.»;
14-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекеше нотариустың мөрін алып қою және жою;»;
Ереженің 4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 310 бұйрығына
қосымша
Жекеше нотариустардың
есептік тіркеуден өту ережесін
ережесіне 4-қосымша
Нысан
Келісілді Келісемін
Нотариаттық палатаның _________ қаласы (облысы)
Төрағасы Әділет департаментінің
______________ (округі) бастығы
______________ (аты-жөні) _________________________
20__ ж. «____» __________ 20__ ж. «____» __________
Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды
Әділет департаменті (қаланың, облыстық) нотариаттық палатамен (округтың атауы) бірлесіп нотариаттық практикамен айналысатын жекеше нотариустың (жекеше нотариустың аты-жөні) есептік тіркеуден шығару туралы ұсынған құжаттарын қарап шығып, мыналарды белгіледі.
20__ жылғы «___» ____ (округтың атауы) нотариаттық палатасына жекеше нотариустың (аты-жөні) нотариаттық палатаның мүшелігінен шығу туралы оның өтініші түсті.
(Округтың атауы) нотариаттық палатасы жекеше нотариус (аты-жөні), нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің отырысының хаттамасына (хаттаманың күні) сәйкес нотариаттық палата мүшелігінен шығарды.
20__ жылы «___» ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаментіне (округтың атауы) нотариаттық палатасының жекеше нотариус (аты-жөні) (округтың атауы) нотариаттық палатасы мүшелігінен шығару туралы хабарламасы келіп түсті.
20__ жылы «___» ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаменті жекеше нотариус (аты-жөні) жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына тексеру жүргізді, ол туралы тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген.
Жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексерудің нәтижелері туралы актіге сәйкес жекеше нотариустың (аты-жөні) қызметінде бұзушылықтар анықталған жоқ (бұзушылық болған жағдайда оларды жою туралы іс-шараларды көрсету).
(облыстардың, қаланың) Әділет департаменті жекеше нотариустың мөрін алып қою және жоюды 20__ жылғы «____» ______ актіге сәйкес жүргізді. Жекеше нотариустың құжаттары 20__ жылғы «____» ______ қабылдау табыстау актісіне сәйкес жекеше нотариаттық мұрағатқа берілді. Жекеше нотариус (аты-жөні) 20__ жылғы «____» ______ № ______ жекеше нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы алынды.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде жекеше нотариус (аты-жөні) есептік тіркеуден шығаруға болады деп есептейміз.
(аты-жөні, қолы, қорытынды жасаған тұлғаның лауазымы)