"Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 31 тамызда № 7888 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығымен

      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. Жекеше нотариустың мөрі осы Ережелерге 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше нотариус мөрінің эскизіне сәйкес дайындалады.»;
      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1 қосымшамен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпанда бекітілген № 16 «Жекеше нотариустың мөрі туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 702 болып тіркелген).
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 309 бұйрығына   
қосымша       

Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге 
16-1 қосымша    

Жекеше нотариустың
мөрінің эскизі
(қағаз нұсқасын қара)

      

Жекеше нотариустың
жеке мөрінің сипаттамасы

      1. Жекеше нотариустың мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құралда дайындалады, оны дайындауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуі және жоғары сапалы дайындалуымен, жасандылықтан қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуы тиіс.
      2. Мөрдің диаметрі 44 миллиметр болуы тиіс (бұдан әрі - мм).
      3. Жекеше нотариустың мөрінің мәтіні «жекеше нотариус», нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берген күні деген сөздерден тұрады. Жекеше нотариустың мөріндегі барлық жазбалардың мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
      4. Мөрдің мәтінінде үш жиек және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуі тиіс.
      5. Бірінші жиек 3 мм қалыңдықпен шеңберлі шағын қаріптермен жасалады және «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден тұрады.
      6. Екінші жиек желісінің қалыңдығы 5 мм-ді құрайды. Екінші жиектің ішінде мынадай мазмұндағы мәтін орналасуы тиіс: "№ 0000 Лицензияны ________ жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген".
      7. Үшінші жиектің қалыңдығы 2,5 мм құрайды, үшінші жиектің ішіндегі мәтін «жекеше нотариус», сондай-ақ жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты деген сөздер тұруы тиіс.
      8. «Қазақстан Республикасы» жазуының беті қара бояумен толтырылуы тиіс.
      9. Бояу нүктелерінің нысаны әртүрлі: шеңбер, эллипс, шаршы және т.б. түрде болуы мүмкін.
      10. Мөрдің ортасында диаметрі 24 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналы бейнесі орналасады.