Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7711 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 мамырдағы
№ 151-ө бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:

      1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

      2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;

      3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;

      4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;

      5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукционға тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша аукцион өткізуге бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым);

      2) жоба инвесторы – парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жоғарылатуға арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;

      4) квоталар бірліктерінің қайталама айналымы – бұдан бұрын үлестірілген квоталар бірліктерін саудалау;

      5) квоталарды алғашқы сату – стандартты аукцион тәртібінде сату арқылы жүзеге асырылатын квоталарды бөлу;

      6) лот – сатылатын немесе шарт бойынша жеткізілетін және аукционнан саудаға салынатын квоталар бірліктері немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

      7) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – операциялардың дұрыстығын тексеру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы хатшылығымен белгіленген және басқарылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;

      8) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелері бар халықаралық шарт – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының күші жойылғаннан кейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша оған қатысатын елдердің сандық міндеттемелерін ұзартатын немесе белгілейтін халықаралық шарт;

      9) сауда режимі – тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімді жариялау және келісім жасау шарттарының жинтығы;

      10) стандартты аукцион режимі – сатып алушы/сатушы – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;

      11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;

      12) төмендетуге арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе төмен баға қоя алатын аукцион;

      13) халықаралық көміртегі бірліктері – белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңіру бірліктері және басқа да олардан туынды көміртегі бірліктері;

      14) шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру – шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту немесе олардың сіңірулерін арттыру жобасын қаржыландыратын инвесторға беру;

      15) ішкі азайту шығарындылары бірліктерінің қайталама айналымы – тауар биржасында парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасының инвесторына (инвесторларына) бергеннен кейін орындалатын ішкі азайту шығарындыларының бірліктерімен сауда жасау.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстанда халықаралық көміртегі бірліктерімен сауда жасау Қазақстан Республикасы ратификациялаған парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттың сандық міндеттемелеріне сәйкес Қазақстан Республикасымен белгіленген мөлшерді анықтау бойынша халықаралық рәсімдерден өткеннен кейін және операциялардың халықаралық тіркеу журналына ел бойынша тиісті деректер ұсынғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері

      4. Квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайтудың бірліктері Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексімен қарастырылған шарттарда Қазақстан Республикасында айналым үшін рұқсат етілген тауар болып табылады.

      5. Квотаның бір бірлігі мен шығарындыларды ішкі азайтудың бір бірлігі көміртегі қос тотығына эквивалентті бір тоннаға тең келеді.

      6. Квотаның бір бірлігі мен шығарындыларды ішкі азайтудың бір бірлігі азаматтық құқық объектісі ретінде оларды іске қосу және Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің қандай да бір шотында орналастыру сәтінен бастап болады.

      7. Квоталар бірліктерін қолданысқа енгізген кезде олар Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде Қазақстан Республикасының квоталар бірліктерінің шотында орналастырылады.

      8. Квоталар бірліктері айналымға Ұлттық жоспары негізінде енгізіледі және оларды қондырғылар операторлары арасында алғашқы орналастыру оларды ақысыз үлестіру немесе квоталар бірліктерін сату арқылы жүзеге асырылады.

      9. Квоталар бірліктерінің қолданыстағы және айналымдағы мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінің соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі. Квоталар бірліктерінің қолданылу мерзімі, тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, айналым шектелген күннен кейінгі он үш жұмыс күнімен шектеледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындылары азайтуының тиісті көлемін немесе олардың сіңірулерінің ұлғаюы алынған шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін қолданысқа енгізген кезде олар жоба операторының (инвесторының) шотына орналастырылады.

      11. Егер қолдану мерзімі қолданысқа енгізген кезде шектелмесе, шығарындыларды ішкі азайту бірліктері әрекет ету және айналымда болу мерзімі бойынша мерзімсіз болып табылады.

      12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен күші жойылған немесе айналымнан шығарылған квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері сауда объектісі болып табылмайды.

3. Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту
бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру

      13. Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен сауда жасау электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Квоталар бірліктерінің қайталама айналымы және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымы Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тиісті лицензиясы бар ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларында) жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Квоталар бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасы тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.

      Квоталардың бастапқы саудасы жағдайында сату стандартты аукцион (бұдан әрі - аукцион) режимінде, ал квота бірліктерінің қайталама айналымы жағдайында – қосарланған қарсы аукцион режимінде тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.

      Квота бірліктерін және ішкі азайту бірліктерін сату және сатып алуды Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Квоталарды бастапқы сатуға, квота бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымындағы саудаға қызмет көрсету және туынды қаржы құралдары бойынша клиринг пен есептерді қамтамасыз ету үшін тауар биржасы Қазақстан Республикасының Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторымен өзара іс-қимыл және клиринг пен есеп-қисап процесіндегі электронды құжат айналымын жүзеге асыру регламенті туралы шарт жасасады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Квоталар бірліктерін және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін жеткізу сатушының шотынан Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі сатып алушының шотына оларды беру бойынша трансакция арқылы жүргізіледі.

      17. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Квоталар бірліктерін бастапқы сату және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін жоба инвесторына беру бойынша трансакциялар сәйкесінше Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде қондырғылар операторларының және шығарындыларды ішкі азайту жобалары инвесторларының шоттарына жүргізіледі.

      19. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру

      21. Квоталардың бастапқы сатылуы ведомстволық бағынысты ұйымымен Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-5-бабына сәйкес ұйымдастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Квоталар бірліктерін бастапқы сату квоталар бірліктері бойынша жүргізіледі. Егер квоталарды сату Ұлттық жоспармен тиісті мерзімге қарастырылмаса, Ұлттық жоспарға енгізілген реттелетін қондырғылардың операторлары арасында квоталарды бөлу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Квоталар бірліктерін бастапқы сату тауар биржасында аукциондарды ұйымдастыру және өткізу арқылы жүргізіледі.

      24. Ведомстволық бағынысты ұйым тауар биржаларында квоталарды сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу қажеттілігін бағалайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Квота бірліктерін сату бойынша аукциондарды өткізу саны, кезеңділігі және жоспарланатын кезеңдері туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында квота бірліктерін сату бойынша бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      27. Бірінші аукционнан сатуға жататын квоталар көлемі Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінің квоталарды сату қосалқы шотынан аукцион шарттарында отыз пайыздан асыра алмайды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Квоталарды сату бойынша аукциондарды өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржа саудасының үлгі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 тіркелген) (бұдан әрі – Үлгі ережесі) сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы бастамашылық етеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Алынып тасталсын - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      30. Жеткізілімі бір жыл квота бірлігін акционнан алғашқы сату жағдайында бір лотты құрайды. Аукционнан сатылуға арналған әр лоттың жалпы ең аз мөлшерін тапсырыс беруші көміртегі қос тотығы эквивалентіндегі жүз еселі тоннасы көлемде белгілейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      31. Квоталарды жеткізу мерзімі Үлгі ережесіне сәйкес квоталарды өтеу мерзімін ескере отырып аукционға тапсырыс беруші белгілейді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      32. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Аукцион өткізу сұралатын уақыт кезеңі өзінің интернет-ресурсында жарияланған ақпаратқа сәйкес квоталарды сатуға аукционға тапсырыс берушімен көрсетіледі.

      34. Алынып тасталсын - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      35. Квоталарды сату бойынша аукционға тапсырыс беруші кепілдемелік қамтамасыз ету ретінде тек оның басқаруындағы квоталар бірліктерін ғана пайдаланады.

      36. Тауар биржасы квоталарды сату аукционын өткізу жөнінде хабарландыруды аукцион жүгізуге келісім берген күні Үлгі ережесіне сәйкес биржаның интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      37. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      42. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      43. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-1. Бағаның құрылуы және баға белгілеу

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 № 69-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      44-1. Квота бірліктерін және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін тауар биржасында іске асыру биржалық келісімшарт тараптарының келісімімен белгіленетін еркін баға бойынша жүргізіледі.

      44-2. Тауар биржасында баға деңгейі биржалық сауданы жүргізу уақытында квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

      44-3. Жоқ болған жағдайда, тауар биржасында квота бірліктерінің қайталама айналымында оларға биржалық баға белгілеу саудасын жүргізу күні квота бірлігі үшін баға халықаралық тәуелсіз ақпарат жеткізушісінің квота бірліктеріне бағаны биржалық баға белгілеу есебімен анықталады.

      Ескерту. 44-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44-4. Тауар биржасында баға белгілеу қалыптасқан нарық жағдаяты есебімен тауар биржасында іске асырылатын квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің бағалары туралы дәйекті ақпарат алу мақсатымен жүргізіледі.

      44-5. Квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне баға белгілеу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасымен жүзеге асырылады.

      44-6. Баға белгілеу анықтамалық сипатта болады және биржалық тауар қатысушылары және басқа мүдделі тұлғалар үшін бағдарлы болып табылады.

5. Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру

      45. Шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру оларды іске қосу және іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайтудың тиісті көлемі алынған жоба инвесторы немесе операторының шотына беру трансакциясын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      46. Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін жоба инвесторының немесе жоба инвесторымен көрсетілген үшінші тұлғаның шотына беру парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жөніндегі жобаны мақсатты қаржыландыру туралы оның инвесторы (инвесторлары) мен операторы арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      47. Жоба инвесторына немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаға парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаны іске асырудан алынған шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің барлық көлемі немесе көлемінің бөлігі берілуі мүмкін.

      48. Жоба операторы шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына беруге өтінішті тек тиісті жобаны іске асыру туралы есепті валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган верификациялағаннан кейін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін ғана береді.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Шығарындылардың ішкі қысқарту бірліктерін беру бойынша трансакция Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторымен оларды беруге сұраным жасалып отырған иесінің атауы мен көміртегі бірліктері шоттарын көрсете отырып, тиісті жоба операторынан оны өткізу туралы өтініш алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      50. Тиісті жобаны іске асыру нәтижелері бойынша оның инвесторына немесе инвестормен көрсетілген үшінші тұлғаға берілген шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін, олар парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жатқызылған қондырғылар бойынша квоталарды өтеу үшін қолдана алады.

      51. Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін алғашқы беру ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларында) жүргізілетін олардың екінші қайтара айналымға түсуіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданбай-ақ жүзеге асырылады.

6-тарау. Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы сату

      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 № 316 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес қондырғы операторы квоталарды мәміле жасалған күнгі квотаның биржалық белгіленім деңгейінен төмен емес бағамен сатып алу-сату шарты бойынша тікелей сату (сатып алу) арқылы өткізеді.

      53. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес, қондырғы операторлары (сатушы және сатып алушы) квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізудің қорытындысы бойынша мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізу қорытындылары бойынша мәліметтер қондырғы операторлары (сатушы мен сатып алушы), сатылған/сатып алынған квота бірліктерінің көлемі, бағасы туралы ақпараттан тұрады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталарды тікелей сату-сатып алу қорытындылары бойынша мәліметтер алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде бес жұмыс күні ішінде тиісті трансакциялардың өткізілуі туралы хабарлайды.