Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7689 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө
бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен
мониторингке дайындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингті дайындау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
      1) аз ауқымды жоба - энергия көздерін 15 мегаваттқа дейін жаңарту жөніндегі жоба немесе энергияны тұтынуды жылына 60 гигаватт сағатқа дейін төмендете отырып, энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған, не болмаса жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі ішінде көміртегі қос тотығы эквивалентінің 60000 тоннаға дейін парниктік газдар шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік беретін жоба;
      2) базалық сценарий - парниктік газдар бойынша жобалар болмаған жағдайда мейлінше жоғары мүмкіндікпен дами алатын үздік үлгідегі жағдайлар ұсынатын және онымен парниктік газдар шығарындыларын азайту жобалары шеңберінде қол жеткізілген бағалауды салыстырғандағы қызметтерді іске асырудың мүмкін нұсқасы;
      3) жобаның өтініш берушісі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарау және мақұлдау үшін ұсынатын жобаға қатысушы;
      4) жобаның типі - кәдімгі жоба, аз ауқымды жоба, байланысқан жоба, жерді пайдалануды өзгертуге немесе ормандылықты арттыруға қатысты жоба;
      5) жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың ішкі тетіктері жөніндегі жобаның нәтижесін бекіту және мерзімді бағалау негізінде жобалық көміртегі бірліктерін шығаратын мерзім;
      6) кему - жоба қызметімен негізделген, бірақ оның шегіне енбейтін жобаны іске асыру орнынан тыс парниктік газдар шығарындыларына және сіңірулеріне әсер етуі;
      7) маңыздылық деңгейі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны іске асырудың верификация есебі туралы қорытындыны дайындау үшін қолданылатын бастапқы сандық мағына;
      8) мониторинг - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін немесе басқа парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулермен байланысты қосымша деректерді ішкі жобалар бойынша өткізілетін үздіксіз немесе кезеңдік бағалау;
      9) ішкі жоба - парниктік газдар шығарындылары ішкі тетігінің және базалық сценарийде сәйкестендірілген шарттардың өзгеруі негізінде жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының азаюына немесе парниктік газдар шығарындылары сіңіруінің ұлғаюына бағытталған қызметтер немесе қызмет түрлері.

2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі мониторинг жобаларын қарауға және мақұлдауға дайындау тәртібі

      3. Шығарындыларды қысқартудың ішкі тетігінің шарттарында жобаны іске асыру туралы шешім қабылдау үшін жобаның өтініш берушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея);
      2) жобалық құжаттама;
      3) мониторинг жоспары.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі ішкі жобаны қарау және мақұлдау бір немесе екі сатыда өткізеді.
      5. Бір сатылық қарау үдерісі кезінде жобаның өтініш берушісінен жобаны алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау және жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әзірлеудің негізділігін анықтау, сондай-ақ олар бойынша тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптамалық бағасын алу үшін жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея) талап етілмейді.
      6. Екі сатыда қарау үдерісі кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган біріншіден жобаның тұжырымдамасын (жобалық идея) қарастырады. Жоба алдын ала мақұлданған жағдайда, жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әрі қарай қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну үшін әзірлеу жұмыстарына кіріседі.
      7. Бір сатылық қарау үдерісі аз ауқымды жобаларға, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі мынадай басымды ішкі жобаларға қатысты қолданылады:
      1) жел энергиясын пайдалану жобалары;
      2) күн энергиясын пайдалану жобалары;
      3) кіші электр станцияларын қалпына келтіру және құру;
      4) биогазды пайдалану жобалары;
      5) көмір және жылу электр станцияларын газға көшіру;
      6) қоқыс метанын кәдеге жарату;
      7) қоғамдық автокөлікті газға және электрге ауыстыру;
      8) мұнай кен орындарындағы ілеспе газды кәдеге жарату;
      9) көмір шахталарының метанын және коксты газын кәдеге жарату;
      10) феррохром өндірісінде бөлінген газды кәдеге жарату.
      8. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынудан бұрын 20 күннен кеш емес уақытта жобалық құжаттамаға немесе жобалық құжаттаманың түйіндемесіне, сондай-ақ мониторинг жоспарына қоғамдық рұқсатты қамтамасыз етеді.
      9. Жобаны талқылау нәтижесі жобаның өтініш берушісімен жобалық құжаттамада көрсетіледі.
      10. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және мониторинг жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынған кезде тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысын қоса береді.
      11. Сараптама қорытындысын тәуелсіз аккредиттелген ұйым дайындайды және өтініш беруші ұсынған бекітілген талаптар мен критерийлердің конкурстық құжаттамасын, мониторинг жоспарын, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің базалық деңгейін анықтау, шығарындыны ішкі тетік шарттарында азайту жобасын іске асыру туралы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпараттардың толық және дәл екендігін растау мақсатында беріледі.
      12. Тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысын дайындауды жобаның өтініш берушісі қамтамасыз етеді.
      13. Тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мамандандырылған ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Қарауға ұсынылған жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары бойынша шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарастырады.
      15. Өтініш берушінің сұрауы бойынша қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін.
      16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы шешімді:
      1) ұсынылған жобалық құжаттама және мониторинг жоспарына ұсынылған мәліметтер;
      2) тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысы негізінде қабылдайды.
      17. Жобаны мақұлдаған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны кейін іске асыру үшін жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын бекітеді.
      18. Жобаны қабылдамау туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:
      1) жобаның өтініш берушісімен ұсынылған құжаттар толық емес, тиісті түрде дайындалмаған немесе дәйексіз мәліметтерден тұрса;
      2) жобалық құжаттамада көрсетілген орын бойынша жобаны іске асыру мүмкіншіліктері болмаса.
      19. Жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мақұлдауы кейіннен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың ішкі бірліктерін алу үшін негіз болады.

3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды есепке алу тәртібі

      20. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды есепке алу тәртібін ұйымдастыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған барлық жобалардың, оның ішінде жобалық идеяны қарау сатысындағы жобаларды тіркеу жүргізіледі.
      21. Ішкі жобаларды есепке алу кезінде әрбір жобаға, оның ішінде қарау сатысы, ол қайда жерде жатыр және ол бойынша қандай шешім қабылданғаны туралы ақпаратқа қоғамдық рұқсат қамтамасыз етіледі.
      22. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында барлық тіркелген жобалар бойынша ақпарат орналастырылады және оған мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның өтініш берушісі және инвесторы туралы мәлімет;
      3) жобаны мақұлдауға қатысты қабылданған шешім;
      4) жоба жүзеге асырылатын болжамды орын;
      5) жоба бойынша өтініш берілген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайту.

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалардың есептілігі мен мониторинг тәртібі

      23. Мақұлданған ішкі жобалар бойынша шығарындыларды азайту бірліктерін алу үшін олардың көміртегі бірліктерін шығару кезеңінде олардың сіңірілуін азайту немесе/және ұлғайту мониторингі жүргізіледі, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жобаны іске асыру туралы жыл сайынғы есептер ұсынылады.
      24. Жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мониторин жоспары негізінде барлық көміртегі бірліктерін шығару кезеңі барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайтуға мониторинг жүргізеді.
      25. Ішкі жобалар бойынша қолданылатын мониторинг үдерістері:
      1) мониторинг мақсаты;
      2) өлшем бірліктерін қоса алғандағы деректер және ақпараттар түрі;
      3) деректер көзі (көздері);
      4) мониторинг тәсілі (есептеу, өлшеу әдісі);
      5) қолданылатын мониторинг әдістемелері;
      6) мониторинг өткізу әдісі және кезеңділігі;
      7) мониторингке қатысушылардың міндеттері;
      8) мониторингтік ақпаратты басқару жүйесі.
      26. Мониторинг өткізу шеңберінде шығарындыларды азайту немесе сіңіруін ұлғайтуға бағытталған жобаның әрбір парниктік газдар бойынша сандық баға жүргізіледі, кейіннен олар көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіне ауыстырылады.
      27. Егер өлшеу әдісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен арнайы қарастырылмаған болса, парниктік газдар шығарындыларын немесе сіңіруінің сандық бағасы есептеу әдісімен өткізіледі.
      28. Өлшеу жабдықтарын және мониторинг өткізуге арналған жабдықтарды қолданған кезде жобаның өтініш берушісі аталған өлшеу жабдықтарын калибрлеуді қамтамасыз етеді.
      29. Егерде қолданылатын әдістеме болмаған жағдайда, жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті әдістемені әзірлеуді немесе осы жағдайда қолданылатын әдістемемен қамтамасыз етуді талап ету құқығы бар.
      30. Мониторинг өткізу үшін қажетті әдістемені әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымымен тиісті жобаның өтініш берушілермен және өзге мүдделі ұйымдармен консультация негізінде жүзеге асырады.
      31. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жобаны шығарындыларды ішкі азайту тетігі шартында іске асыру туралы есепті дайындау және ұсынуды жобаның өтініш берушісі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      32. Ішкі жобаны іске асыру туралы есепті жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан бастап 31 желтоқсаны бойынша кезеңге беріледі.
      33. Ішкі жобаларды іске асыру туралы есептерді ұсыну ерікті болып саналады және оларға белгіленген жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі ішінде жүзеге асырылады. Ұсынбау немесе уақытында ұсынбау жобаның өтініш берушісінің бұзушылық ретінде қарастырылмайды.
      34. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ішкі жобаларды іске асыру туралы есептер мынадай ақпараттан тұрады:
      1) жобаға өтініш беруші туралы ақпараттар;
      2) жобаны қысқаша сипаттау, оның ішінде жобаның атауы, типі, көлемі, ауқымы мен шекарасы, өткізілу орны, көміртегі бірліктерін шығару кезеңінің ұзақтылығы және жоба бойынша атқарылатын жұмыстардың түрі;
      3) есептік кезеңді көрсету;
      4) жоба шеңберінде өткізілетін мониторинг бойынша парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңірулері туралы деректер, есептік кезеңдегі көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі көлемін көрсету;
      5) есептік кезеңде жобаны іске асыру барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайту туралы деректер;
      6) берілген парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңіруінің верификациясы туралы мәлімет;
      7) жобаның базалық сценарийінің сипаттамасы;
      8) бекітілген жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарынан жобаны іске асыру кезінде пайда болған айтарлықтай кез келген ауытқушылықтар туралы ақпарат;
      9) парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулерін есептеудің негізі ретінде қолданған критерийлерді, үдерістер мен құжаттарды сипаттау.
      35. Жобаны іске асыру туралы есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тапсырылғанға дейін тәуелсіз аккредиттелген ұйымның верификациясына жатады.
      36. Жобаны іске асыру туралы есепті верификациялау ондағы ұсынылған парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңірілуін ұлғайту жобасын іске асыруда қол жеткізілген нәтижелер туралы деректерді, бекітілген мониторинг жоспарына сәйкес мониторинг жүргізуді растау мақсатында жүргізіледі.
      37. Ішкі жобаларды іске асыру туралы есеп верификациясын өткізу деңгейі 5% құрайды.
      38. Жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есеппен бірге верификация туралы қорытындыны ұсынады немесе верификацияны өткізген тәуелсіз ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қорытындының көшірмесін жолдайды.
      39. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекіту немесе бекітпеу туралы шешімді оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдайды.
      40. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекітпеу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:
      1) есеп туралы дәйексіз мәліметтерді ұсыну;
      2) жобаның өтініш берушісі шығарындыларды азайтудың ішкі тетігі шарттарында жобаны іске асыруға арналған талаптарды және критерийлерді орындамауы;
      3) берілген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайту көлемін есепте бекітпеуі;
      41. Жобаны іске асыру туралы есеп бекітілген жағдайда, жобаның өтініш берушісі парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайтуды бекітілген есепте берілген шығарындыны қысқартудың ішкі бірлігін алу құқығына ие болады.