Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7678 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса ұсынылған Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (И.А. Әбішев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтыған кезде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су нысандарын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда № 99-100 (906) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183
бұйрығымен бекітілген     

Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз
сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін
пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (бұдан әрі – ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға халықты тәулігіне елу текше метрге дейін көлемде орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу тәртібін анықтайды.
      2. Халықтың орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға халықты орталықтандырылмаған сумен қамту бойынша қызметтер тәулігіне 50 текше метрге дейінгі көлемде жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. 

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу тәртібі

      3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісін тіркеу оның орналасу орнына сәйкес ЖАО жүзеге асырылады.
      4. Тәулігіне 50 текше метрге дейін көлемде халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ЖАО ұсынады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);
      3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғы паспортының көшірмесі;
      4) өзінің өндірістік зертханасы болғанда – бактериялық санитариялық-химиялық зерттеулер өткізу жағынан санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық қызметке лицензияның көшірмесі;
      басқа зертханаларда зертханалық іздестіруді өткізу жағдайында – зертханалық іздестіру өткізуге шарттың көшірмесі және көрсетілген қызмет түріне осы зертхананың лицензия көшірмесі;
      5) су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен қамту, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы.
      5. Осы Қағиданың 4 тармағында көзделген барлық құжаттарды өтініш иесі ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде ЖАО осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады. Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрімен расталуға тиіс.
      6. Осы Қағиданың 4 тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда өтініш қарауға қабылданбайды.
      7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып тиісті Бассейндiк су шаруашылығы басқармасына жолдайды. 

Жеке және заңды тұлғаларға халықты   
орталықтандырылмаған ауыз сумен және  
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау  
үшін пайдаланылатын жерүсті және    
жерасты су объектілеріне халықтың   
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы уәкілетті орган беретін  
қорытындыны тіркеу қағидасына    
1-қосымша                 

Нысан
 _______________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)        
_______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), заңды тұлғаның атауы)     

ӨТІНІШ
 

      Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеуді сұраймын.
      Су объектісінің атауы мен оның сипаттамасы ___________________
____________________________________________________________________.
      Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер _____________________.
      Су өлшеу аспаптарының түрлері мен саны, оларды тексеру _______.

«____»_______________20___жыл.
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
             М.О.

Өтініш «____»_______________20___жылы қарауға қабылданды.

_____________________________________________________________________
     (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке және заңды тұлғаларға халықты   
орталықтандырылмаған ауыз сумен және  
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау  
үшін пайдаланылатын жерүсті және    
жерасты су объектілеріне халықтың   
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы уәкілетті орган беретін  
қорытындыны тіркеу қағидасына    
2-қосымша                 

Нысан 

Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз
сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін
пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу
ЖУРНАЛЫ 

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы

Су объектісінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

Тіркелген күні

1

2

3

4

5