Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7678 тіркелді.

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

       Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

       2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (И.А. Әбішев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. "Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтыған кезде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су нысандарын тіркеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда № 99-100 (906) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 19-02/183
бұйрығымен бекітілген

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 92-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.

      Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады.

2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібі

      3. Су пайдалануды міндетті тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша тиісті ЖАО жүргізеді.

      4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) ЖАО-ға мыналарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      * ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы паспортының көшірмесі;

      4) өзінің өндірістік зертханасы болған кезде – бактериологиялық санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу бөлігінде санитариялық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы қызметке лицензияның көшірмесі;

      зертханалық зерттеулерді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда – зертханалық зерттеулерді жүргізу шартының көшірмесі және аталған зертхананың көрсетілген қызмет түріне арналған лицензиясының көшірмесі;

      5) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің су көздеріне, шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының көшірмесі.

      5. ЖАО өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге су пайдаланудың тіркелгені туралы хат жолдайды.

      Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрімен бекітілуі тиіс.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда, өтініш қарауға қабылданбайды.

      7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып, тиісті бассейндік су шаруашылығы басқармасына жолдайды.

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының су пайдалануды
міндетті тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

                                    (ЖАО толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

      Су пайдалануды тіркеуді сұраймын.

      Су объектісінің атауы және оның сипаттамасы _________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер __________________________________

      Суды есепке алу аспаптарының типтері мен саны, оларды тексеру күні

      ________________________________________________________________________________

      20___жылғы "____" _______________.

      ________________________________________________________________________________

            (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты

                                     (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      Өтініш "____"_______________20___жылы қарауға қабылданды.

      ________________________________________________________________________________

            (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының су пайдалануды
міндетті тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу
ЖУРНАЛЫ

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы

Су объектісінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

Тіркелген күні

1

2

3

4

5