Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 мамырда № 7662 тіркелді.

Жаңартылған

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 133 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату
жөніндегі нұсқаулық

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы (бұдан әрі - тарату комиссиясы) қызметінің, ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастырудың және қызметінің ерекшеліктерін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыруды және бекітуді, тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптарын белгілейді.

      1. Ерікті түрде тарату процесінің басталуы тарату комиссиясының құрылған күні болып есептеледі.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тарату комиссиясын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алған күнінен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей құрады.

      Тарату комиссиясының құрамын өзгерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесі аяқталғанға дейін:

      1) ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлікке иелік ету және міндеттемелерін өтеу, сондай-ақ Нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару бойынша олардың құқықтары тоқтатылады;

      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер, егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не төраға осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заңды күшке ие болады;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы талаптарды тарату комиссиясы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарайды.

      4. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін және мүлкін басқару бойынша барлық өкілеттіктер беріледі.

      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау үшін, соның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан әрекет етеді және өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес жұмыс жасайды.

      5. Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындаған орынбасар атқарады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, оларды тарату комиссиясының жергілікті жерлерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

      7. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалатын оның басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды. Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясы төрағасының алдында есеп береді.

      8. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғандағы құқықтары мен міндеттері тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында айқындалады.

      Жұмысқа қабылдау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

      Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе ақылы қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

      9. Тарату комиссиясының төрағасы қызметіне жедел басшылық жасайды, бөлімшелер басшыларының жұмысына және бөлімшелердің қызметіне бақылау жасайды.

      10. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      11. Жұмыс жоспары жарты жылдықтарға бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде және жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәлімет үшін ұсынылады.

      Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционерлері тарату комиссиясының құрамына "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

      13. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап:

      1) күнтізбелік он күн ішінде орталық заң органының ресми баспа басылымдарында кредиторлардың шағым-талаптарын ұсыну тәртібін, мерзімдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының өз талаптарын ұсыну мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

      2) үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі", "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамдарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен шығару мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кепіл ұстаушысы болып табылатын мүліктен ауыртпалық алуға тыйым салуды белгілейді;

      3) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын және салық органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратудың басталғаны туралы хабардар етеді;

      4) бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар жаңа құжаттарды ұсынады;

      5) бірінші жұмыс күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтарын белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, ақпараттың электронды тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бланкілерді және құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқа құжаттарын талап етеді;

      6) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды, сақтандыру агенттеріндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланкілері мен қолма-қол ақша қалдықтарын алады;

      7) бірінші жұмыс күні кассаға ревизия жүргізеді, Нұсқаулықтың 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттарына аударады;

      8) он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарын салыстырып тексереді және оларды жабады, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шотын ашады;

      9) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы шешімінің көшірмесін, акционерлердің жалпы жиналысының тарату комиссиясын құру туралы шешімін қарау үшін көрнекі жерге орналастырады;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылу мақсаттарына сәйкес оның активтерін басқарады;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және оның мүддесін білдіреді;

      13) тарату комиссиясы құрылған күні электрондық түрде қолда бар бухгалтерлік құжаттаманы басып шығаруды жүзеге асырады.

      Мұндай құжаттама электрондық түрде болмаған жағдайда, көрсетілген күнгі қағаз тасымалдағыштағы құжаттама негізге алынады;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық материалдық жауапкершілік алатын тұлғаларының, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған электрондық жүйесіне және қаржылық пен өзге де есептілікті өңдеуге рұқсаты бар тұлғалардың аясын анықтайды;

      15) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;

      16) бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпаратты электрондық тасымалдағыштардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы және өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

      18) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің қажетті мөлшерін жалдайды;

      19) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын белгілейді және оны талдамалық есеп деректерімен салыстырып тексереді;

      20) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әрбір кредиторына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы жазбаша хабар береді;

      21) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда қолда бар деректемелерді және жазбаша хабарлама берудің мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, акт жасайды;

      22) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық таратылу балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкінің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторларынан берешекті алу шараларын қабылдайды;

      25) жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспа басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісінің барысы туралы ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

      26) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіздігі фактісі белгілі болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы сотқа өтініш береді;

      27) тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына бекіту үшін ұсынады;

      28) құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;

      29) Нұсқаулыққа сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шоты оның бас офисі тұрған жердегі банкте ашылады.

      Нұсқаулықтың 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына аударылады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ жеке немесе заңды тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына келіп түскен ақшаны қайтарады.

      15. Тарату комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері (басшы және өзге де қызметкерлер) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы құқық қорғау органдарына немесе сотқа белгіленген тәртіппен өтініш береді, сондай-ақ бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      16. Жұмыс жоспарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда тарату комиссиясы күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілген тиісті жазбаша түсіндіруді ұсынады.

      17. Тарату комиссиясы жасаған жұмысы туралы есептерді, қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да уәкілетті органға ұсынады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының жасаған жұмысы туралы есептерді беру, сондай-ақ есептілікте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажетті мәліметтер мен құжаттарды алу нысаны, мерзімдері мен тәртібі Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 тіркелген "Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысында белгіленген.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарында және өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асырып отырған тарату комиссиясының бөлімшелері жасаған жұмыстары туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға байланысты барлық шығыстар осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жұмсалады.

      Тарату өндірісіне, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен пайда болатын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргізіледі. Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ тарату шығыстарына арналған қаражатты күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімге резервтеуге жол берілмейді.

      19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызмет ету кезеңінде Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.

      20. Тарату комиссиясы құрылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және күнтізбелік он бес күн ішінде сметаны қарастыратын уәкілетті органға оны түсіндірме жазбасымен бірге келісу үшін ұсынады.

      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.

      Тарату комиссиясы жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей тарату шығыстарының сметасын кейіннен келісу үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келіскеннен кейін ғана енгізеді.

      21. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың бесінен кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.

      Тарату шығыстарының сметасын бекіту туралы немесе оны бекітуден бас тарту туралы кредиторлар комитетінің шешімі хаттамамен ресімделеді.

      22. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасының көшірмесін түсіндірме жазбасымен бірге оны бекіткен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні уәкілетті органға ұсынады.

      23. Тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасына міндетті түрде кредиторлар комитеті алдын ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізе алады.

      24. Егер тарату шығыстары алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, онда аталған шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстарының сметасына енгізілуі тиіс.

      25. Тарату шығыстарының сметасын келіскен не бекіткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

      26. Тарату комиссиясы, уәкілетті орган мен кредиторлар комитеті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа сай болу және шынайылық қағидаттарын басшылыққа алады.

      Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешектер көлемін негізге алуды көздейді.

      Тарату шығыстарының негізділік қағидатын тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде қажет болатын шығындардың объективті қажеттігі деп түсінген жөн.

      Тарату шығыстарының мақсатқа сай болу қағидаты тарату комиссиясының жұмсап отырған шығындары алға қойылып отырған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату өндірісін аяқтауға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.

      Тарату шығыстарының шынайылық қағидаты жұмсалған шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрініс береді.

      27. Тарату шығыстарының сметасын да шығынның мына баптары көзделеді:

      1) қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

      2) ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстары;

      3) бюджетке аударымдар;

      4) әкімшілік шығыстар;

      5) тарату өндірісін жүзеге асыруға қажетті тауар-материалдық қорын сатып алуға арналған шығыстар;

      6) іссапар шығыстары;

      7) болжанбаған шығыстар.

      28. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мына шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, еңбек шарттарының негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына жұмысқа тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.

      29. Ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлердің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығындарды қамтиды.

      Тарату шығыстарының сметасына ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша төленген ақыны енгізу кезінде тарату комиссиясы жасалған ақылы қызмет көрсету шарттары негізінде есеп айырысады, ол бойынша қызметтер күн сайын көрсетіліп, ақы ай сайын төленеді.

      30. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптасады.

      31. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

      32. Тарату комиссиялары сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық қорын шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.

      33. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Болжанбаған шығыстар тарату комиссиясының кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын жоспарланбаған шығындарды құрайды.

      "Болжанбаған шығыстар" шығындарының бабы бойынша шығыстардың басқа бабындағы артық шығындарға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Нұсқаулықта көзделген қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар жүзеге асырылмайды.

      35. Тарату комиссиясы жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды шарттармен, шот-фактуралармен, чектермен және өзге де растаушы құжаттармен растайды.

      36. Басқа бап бойынша үнемдеу есебінен бір баптың қаражатынан артық шығынды жұмсауға жол берілмейді.

      37. Нұсқаулықтың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін шығыстарды жұмсауына жол берілмейді.

      38. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуіне байланысты шығындардың мына баптары бойынша шығыстарды жұмсауына жол беріледі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы хабарландыруды жариялау қызметтері;

      2) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, пошта және анықтамалық қызметтер бойынша шығыстар, интернет желілерін пайдаланғаны үшін жұмсалатын шығыстар);

      3) коммуналдық қызметтер;

      4) қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды нотариатта куәландыру қызметтері.

      39. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органның келісуден (кредиторлар комитетінің бекітуден) бас тарту негіздемелері:

      1) Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру қағидаттарын тарату комиссиясының сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны;

      2) жоспарланған (жұмсалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбауы болып табылады.

      40. Уәкілетті орган тарату шығыстарының сметасын келісу туралы немесе оны келісуден бас тарту жөнінде тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлайды.

2. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтауына
қойылатын талаптар

      41. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылау жасайды.

      42. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын тұлғаларды бұйрықпен анықтайды.

      Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдің міндеттерін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      43. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      44. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдарымен бекітілген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жарақтандырылған үй-жайда жүзеге асырылады.

      45. Тарату комиссиясы кассасының (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтауға арналған үй-жай бір топтамасы кассирде, ал екіншісі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрімен сүргі соғылады.

      46. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операциялардың есебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      47. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті мына шектер бойынша анықталады:

      1) тарату комиссиясының бас офисінде - 100 000 (жүз мың) теңге;

      2) тарату комиссиясының бөлімшелерінде - 50 000 (елу мың) теңге.

      48. Нұсқаулықтың 47-тармағында белгіленген күнделікті лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу мақсатында банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алған қолма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсететін банктен ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      49. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қойған кассалық кіріс құжаттары бойынша (қолма-қол ақша жарнасына хабарлама және кассалық кіріс ордері) жасалады және кассалық кіріс кітабында бір күн ішіндегі жалпы сома ретінде көрсетіледі. Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.

      50. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады және Нұсқаулықтың 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

      51. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жүргізіледі. Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресімделеді.

      52. Ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.

      53. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерінде көрсетілген адамға ғана береді.

      54. Егер ақшаны беру Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша жасалса, онда кассир ордер мәтінінде ақшаны алушының тегінен, атынан және бар болса - әкесінің атынан кейін ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегін, атын және бар болса - әкесінің атын көрсетеді.

      54. Егер ақша ведомость бойынша берілген болса, онда ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды. Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомосқа қосылып тігіледі.

      55. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық болуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынуы немесе акт жасай отырып, кассирден өндіріп алынуы тиіс.

      56. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі, ал бөлімшелерде бөлімше басшысы қол қояды.

      57. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және жұмысқа тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай-ақ төлем (есеп айырысу-төлем) ведомостары бойынша не қызметкердің банк шотына соманы аудару арқылы жүргізіледі.

      58. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосының титул (басқы) парағында тарату комиссиясы төрағасының және тарату комиссиясы бас бухгалтерінің қолы қойылған, қолма-қол ақшаны беру мерзімдерін және жазбаша түрде сомасын көрсете отырып, қолма-қол ақшаны беру туралы рұқсат беру жазбасы жасалады.

      59. Жалақы төлеудің белгіленген мерзімдері өткен соң кассир:

      1) төлем ведомосында төлем жасалмаған адамдардың тегінің қарсы тұсына мөртабан басады немесе қолымен "Депонирленген" деген белгі қояды;

      2) депонирленген сомалардың тізілімін жасайды;

      3) ведомостың соңына депонирлеуге жататын жалақының нақты төленген сомасы мен алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосының жалпы жиынтық сомасымен салыстырып тексереді және өзінің қойылған қолымен бекітеді;

      4) ведомоста нақты төленген соманы көрсетеді.

      60. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне қолма-қол ақша тарату өндірісіне байланысты мақсаттар үшін есепті түрде беріледі.

      Ақшаны есепті түрде берудің негіздемесі тарату комиссиясының бас бухгалтері мен төрағасы қол қойған осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін ресімделген құжаттар (оның ішінде тарату комиссиясының баян жазбалары, есептеулері, хаттамалары) болып табылады.

      61. Есепті тұлғалар есепті түрде берілген сомалар бойынша оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, іссапарлық шығыстар бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алынған сомалардың нысаналы мақсатқа жұмсалғанын растайтын құжаттарды (барлық растаушы құжаттар қоса берілген аванстық есептерді, тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің төлемі туралы чектерді) береді.

      Есепті түрде берілген ақша мына жағдайларда:

      1) нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағанда;

      2) мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттар болмағанда қайтарылуы тиіс.

      Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал іссапарлық шығыстар кезінде іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарылуы тиіс.

      62. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері мен баланстан тыс ордерлер нақты әрі түсінікті етіп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшіруге, түзетуге немесе жөндеуге, тіпті келісілгендеріне де жол берілмейді.

      Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемесі беріледі және оған қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.

      63. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төленді" деген мөртабанымен немесе қойылған қолымен міндетті түрде жабылуы тиіс.

      64. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысының талаптарына сәйкес бір күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтардың қалдықтары туралы жиынтық анықтаманы жасайды және оның қорытындыларын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру тарату комиссиясының кассирі мен бас бухгалтерінің қойылған қолдарымен расталады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және мақсатты пайдаланылуын есепке алу үшін Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабын (бұдан әрі - касса кітабы) жүргізеді, ол нөмірленуі, тігілуі және мөрмен жабылуы тиіс. Касса кітабындағы парақтар саны төрағаның (бөлімше басшысының), бас бухгалтердің және кассирдің қолдарымен расталады.

      66. Касса кітабында өшірулерге және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

      Қате түзетілген жағдайда "Түзетілді" деген жазба жасалады да, ол түзетілген күні көрсетіліп, тарату комиссиясы кассирінің және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.

      66. Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуге бақылау жасау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      67. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир бір күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, касса кітабындағы қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа да құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарады, ол тарату комиссиясы кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталады.

      68. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есептің деректері арасында алшақтық болған жағдайда, бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерін анықтау шараларын қабылдау үшін тарату комиссиясының төрағасына (бөлімше басшысына) хабарлайды. Артық қалу немесе кем шығу расталған жағдайда артық қалу (кем шығу) сомалары, аталған алшақтықты анықтау күні мен уақыты көрсетіле отырып акт жасалады. Осы актіге кассадағы қолма-қол ақшаның анықталған артық қалу (кем шығу) себептерін түсіндірген кассирдің түсініктеме жазбасы қоса беріледі.

      69. Кассир касса жинақталған соң касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде баланстық шоттар бойынша (нөмірлеудің өсу ретімен) кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша басында кіріс, содан соң шығыс құжаттары іріктеледі.

      70. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады.

      Жинақталып тігілген құжаттардың жинақталған деректері саналады және бір күн ішіндегі кассалық айналымдар туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырылып тексеріледі.

      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кіріс және шығыс ордерлерінің бір күн ішіндегі кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардың алдындағы папканың басына орналастырылады.

      71. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімдерде, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет қолма-қол ақшаны толық қайта санау (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады.

      Кассаны ревизиялау өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен сандық құрамы кемінде үш адамнан тұратын, жүргізілген ревизия нәтижелері туралы акт жасайтын комиссия тағайындалады.

      72. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізеді және ақша мен құндылықтарды талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын жүйелілік бойынша жасалады.

      Кассадағы құндылықтардың кем немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық қалу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

3. Активтерге иелік ету және шағым-талаптарды қарау

      73. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті мүлкін, бағалау құны бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да талаптарын қамтиды және тарату массасын қалыптастыруға негіз болады.

      Тарату массасына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншік құқығына жатпайтын мүлкі енгізілмейді.

      74. Тарату комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне (активтеріне), жеке шоттарына, міндеттемелеріне, құжаттарына түгендеу жүргізеді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен баланстық шоттарының және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексереді және қабылдау-өткізу актісі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.

      Болашақта бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кем дегенде бір рет, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы ауысқан жағдайда түгендеу жүргізеді.

      75. Түгендеу жолымен анықталған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық активтері тарату массасына енгізілуі тиіс.

      Тарату комиссиясы құрылған күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтері аралық тарату балансында көрсетіледі.

      Нұсқаулықтың 74-тармағына сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің жетіспеушілігі аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта есепке алынады.

      76. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне (санаткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) баға береді.

      77. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолда бар ақшасы кредиторлардың және акционерлердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес жария сауда-саттық тәртібімен мүлікті сатады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында кредиторлар комитеті болмаған жағдайда Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін жібереді.

      78. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін мына:

      1) сатылатын мүлікке сол өңірдегі мүліктің ұқсас түрлеріне қойылған нарықтық бағасынан кем емес баға белгілеу;

      2) мүлікті мүмкіндігінше неғұрлым жоғары бағамен сату;

      3) мүліктің бағасын төмендетіп сатудан келетін шығындарды мүмкіндігінше азайту талаптары мен мақсаттарын ескере отырып сатады.

      79. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлары берешекті өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті өткізу күніндегі мүліктің бағасы туралы есеп бар болғанда ғана мүлікті өткізуді жүзеге асырады.

      80. Кредиторлар тарату комиссиясына растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша шағым-талаппен өтініш жасайды.

      Кредиторлардың шағым-талаптарында талаптың мөлшері туралы (негізгі борыштың, сыйақының, шығындардың, айыппұл санкцияларының мөлшері туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылып, талаптың негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттар (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа да құжаттар) қоса беріледі.

      81. Тарату комиссиясы шағым-талапты алған күннен бастап оны күнтізбелік он төрт күн ішінде қарастыруы тиіс.

      82. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағым-талапты қарау кезінде қойылған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.

      83. Шағым-талапты алған тарату комиссиясы өтініш иесінің негізделген талаптарын мойындайды және оған шағым-талапты қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Шағым-талапқа берілген жауапта:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты және бар болса әкесінің аты, заңды тұлғаның толық атауы, шағым-талап берген өтініш иесінің пошта деректемелері, жауап беріліп отырған шағым-талаптың күні мен нөмірі;

      2) егер шағым-талап толық немесе ішінара заңды деп танылған жағдайда, орынды деп табылған сома, егер шағым-талап ақшалай бағалауға жатпайтын болса, оны қанағаттандыру мерзімі мен тәсілі көрсетіледі;

      3) шағым-талап толық немесе ішінара қайтарылған жағдайда, Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне және шағым-талапты қабылдамауға негіз болған құжаттарға жасалған сілтемесі бар қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

      4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.

      84. Егер шағым-талап толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш иесіне шағым-талаппен қоса алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ шағым-талап берген өтініш иесінде олар жоқ болса, шағым-талаптың қайтарылуын негіздейтін құжаттар жіберіледі.

      Тарату комиссиясының шағым-талапты кредитордың растаушы құжаттарды ұсынбауына байланысты қайтаруы кредитордың тарату комиссиясына шағым-талаппен және шағым-талапты қабылдау үшін белгіленген мерзім ішінде талап етілген құжаттарды қоса бере отырып, қайта өтініш жасауына кедергі келтірмейді.

      85. Жауап арнайы немесе бағалы хатпен, оның жөнелтілуін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      86. Шағым-талаптарды беруге арналған мерзім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ерікті түрде таратылуы жөніндегі хабарландыру баспасөзде жарияланған күннен бастап есептеледі және кемінде екі айды құрайды.

      87. Тарату комиссиясы шағым-талаптарды беруге, сондай-ақ барлық берілген шағым-талаптарды қарауға арналған мерзім өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды.

      Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.

      Аралық тарату балансы мен оның қосымшалары, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімі акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.

      Тарату комиссиясы бекітілген аралық тарату балансының көшірмесін қосымшаларымен бірге уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

      88. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келуі тиіс.

      Кредиторлар талаптарының тізіліміне даусыз болып табылатын және тарату комиссиясы мойындаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптары кіреді.

      89. Егер шағым-талап берген кредитор бір уақытта таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борышкері болып табылса, онда шағым-талапты қарау кезінде тарату комиссиясы ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір адам ретінде сәйкес келуін өзара талаптар сынағын өткізу туралы мәселені қарастырады және қалыптасқан айырма түріндегі соманы аралық тарату балансына енгізеді.

      Өзара талаптар сынағы аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін аталған кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісті кезегі басталған кезде ғана жүргізіледі.

      90. Соттардың шешімдері бойынша орындаушы құжаттар орынды деп танылған талаптар болып табылады және аралық тарату балансы мен орындалмаған сома мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптарының тізілімінде есепке алынады.

      Ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына ұсынылған, заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушы құжаттар кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.

4. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және қызметінің ерекшеліктері

      91. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған кезде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      92. Тарату комиссиясы ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде бекіту үшін уәкілетті органға жібереді. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.

      93. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіміне енгізілген талаптардың ең көп сомасы (кредиторлық берешектің ең жоғары сомасы) бар кредиторлар Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында көзделген кредиторлардың әрбір санатынан бір-бір өкілден енгізіледі.

      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға тарату өндірісіне қатысу үшін аталған кредиторларды кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы ұсыныс жібереді.

      Кредитордың жазбаша келісімі болған кезде ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұрын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған, оларға қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларға басымдық беретін іс-әрекеттерді орындаған фактінің (фактілердің) орын алуы белгіленген кредиторлардың өкілдері енгізілмейді.

      94. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлардың саны кемінде үш адамды құрайды.

      Кредитордың талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады.

      Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейіннен уәкілетті органға бекіту үшін кредиторлар комитетінің тізімін бере отырып, кредиторлар комитетінің құрамына өзгерту енгізеді.

      95. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші отырысын өткізу орны мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне хабарлайды.

      Кредиторлар комитетінің бірінші отырысы кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Кредиторлар комитеті бірінші отырыста дауыс беру рәсімінде дауыстар тең түскен кезде шешуші дауыс құқығы берілетін комитеттің төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің келесі отырыстары комитет анықтайтын тәртіппен және мерзімдерде шақырылады.

      Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

      96. Кредиторлар комитеті:

      1) тарату өндірісі барысында жасалатын барлық құжаттармен танысады;

      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы шағымдарын қарауға қатысады;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісі барысында кредиторлар құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлайды;

      4) тарату комиссиясының іс-әрекеттері бойынша сотқа және уәкілетті органға шағымданады;

      5) мүлікті сату саудасы мен тарату комиссиясының отырыстарын қоса алғанда, кез келген тарату рәсімдерін жүргізген кезде оған қатысатын кредиторлар комитетінің мүшелері арасынан кредиторлардың өкілдерін сайлайды;

      6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты беруін талап етеді;

      7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндіріп алуға жатпайтын мөлшерді бекітеді;

      8) тарату комиссиясы ұсынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарын бекітеді;

      9) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін ескере отырып, тарату шығыстарының сметасын бекітеді;

      10) жекелеген кредиторларды хабардар етудің мүмкін еместігі туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді;

      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлікті есептен шығару туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді.

      Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ өзінің функцияларын орындамаған жағдайда, осы тармақтың 7), 8), 9), 10, 11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

      97. Кредиторлар комитеті отырысының нәтижелері кредиторлар комитетінің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Кредиторлар комитетінің шешімі "комитеттің бір мүшесі - бір дауыс" қағидаты бойынша отырысқа қатысушы кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

      Кредиторлар комитетінің отырысы егер де онда құрамның кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.

      98. Кредиторлар комитетінің құрамына кірмей қалған кредиторлардың барлығы кредиторлар комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кредиторлар комитетіне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетінің отырысына қатысады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын ерікті түрде тарату
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      ____________жылғы тоқсандағы____

      тарату шығыстарының сметасы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланатын шығыстар

сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Айы


1

Еңбекақы төлеу шығыстары



лауазымдық жалақы сомасы



жеке табыс салығының сомасы



міндетті зейнетақы жарналарының сомасы


2

Ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу шығыстары


3

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар



әлеуметтік салық



әлеуметтік аударымдар



мүлікке салынатын салық



көлік құралдарына салынатын салық



жер салығы



қосылған құн салығы



жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы


4

Әкімшілік шығыстар



қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметтері



байланыс қызметтері



үйлер мен ғимараттар күзеті және сигнализациясы бойынша қызметтер



көлікті күзету қызметтері



көлікке арналған тұрақтарды ұсыну қызметтері



көлікті тіркеу қызметтері



көлікті техникалық тексеру бойынша қызметтер



көлікті сақтандыру қызметтері



коммуналдық қызметтер



мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары



үй-жайды жалдау



тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері



бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері



жылу жүйелерін іске қосуға дайындық жасау қызметтері



сантехникалық жұмыстар



мүлікті сақтау қызметтері



мемлекеттік баж салығын төлеу



нотариатта куәландыру қызметтері



мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметтер



терезелерге, есіктерге арналған торларды дайындау және орнату жұмыстары



аукциондар өткізу жөніндегі қызметтер



инкассация қызметтері



сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер



аудит өткізу жөніндегі қызметтер



құжаттарды аудару бойынша қызметтер



телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру



акционерлер тізілімін маңызды жағдайда ұстап тұру үшін тіркеушінің қызметтері



банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жатып жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері жөніндегі қызметтер



құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа өткізу қызметтері



таратуды тіркеу үшін алым төлеу



инкассация қызметтері



банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жатып жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері жөніндегі қызметтер


5

Тауар-материалдық қорын сатып алуға арналған шығыстар



офистік жабдықтарды жұмыс жағдайында ұстау



көлік құралдарын ұстау



үй-жайларды ұстау



қағаз және бланк өнімдерін сатып алу кеңсе тауарларын сатып алу



жанар-жағар май материалдарын сатып алу


6

Іссапар шығыстары


7

Болжанбаған шығыстар


Ай ішіндегі жиынтығы








Ай ішіндегі жиынтығы








Ай ішіндегі жиынтығы


Тоқсан ішіндегі барлығы



      Тарату комиссиясының

      төрағасы _____________________________________ _______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер __________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы _____________________________________ ________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Телефон.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын ерікті түрде тарату
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      _____________________________________________________________________

Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды)
есепке алу кітабы

      Басталды:_______________

      Аяқталды:_______________

      Кітаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданд ы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

Кіріс құжаттарының саны (бір данада)

Сомасы цифрмен (валюта түрін көрсете отырып, бірлікпен)

Сомасы жазбаша

Нысаналы мақсаты

Кассирдің койған қолы

Тарату комиссиясы бас бухгалтерінің қойған қолы

Тарату комиссиясы төрағасыны ң (бөлімше басшысы) қойған қолы














































Осы күнгі жиынтығы...










Шығыс

Берілген күні

Кімге берілді (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

Шығыс құжаттарының саны (бір данада)

Сомасы цифрмен (валюта түрін көрсете отырып, бірлік пен)

Сомасы жазбаша

Нысаналы мақсаты

Кассирдің қойған қолы

Тарату комиссияс ы бас бухгалтер інің қойған қолы

Тарату төрағасының, (бөлімше басшысы) қойған қолы














































Осы күнгі жиынтығы


















      Растау жазбасы

      20 жылғы "_____"___________жазбаға арналған

      (күні) (айы)

      осы кітаптың жиынтығы

      ________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      __________нөмірден бастап____________нөмірді қоса алғанда

      нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген/

      _________________________________________________парақ бар.

      (саны жазбаша көрсетіледі)

      20 жылғы "_______" ______________

      Тарату комиссиясының

      төрағасы (бөлімше басшысы)

      ________________(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      қолы

      Тарату комиссиясының

      бас бухгалтері

      _________________(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      қолы

      Тарату комиссиясының

      кассирі

      _________________(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      қолы

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын ерікті түрде тарату
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

      бақылау мен қадағалау комитеті

      бекіткен

      _______жылғы "____"_______

      _________________________

      _______________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

Кредиторлар комитеті құрамының тізімі

р/с

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі мен атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілетін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4










      Тарату комиссиясының

      төрағасы ________________________________________ _____

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________ _____

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы _________________________________________ _______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Телефон.