Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7602 тіркелді

Қолданыстағы

      2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 51-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 26 наурыздағы 
№ 25-03-02/120 бұйрығымен
бекітілген       

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру Қағидасы «Жануралар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.
      2. «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атақтарымен (бұдан әрі – құрметті атақтар), «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен (бұдан әрі – төсбелгілер) және Құрмет грамоталарымен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының қызметкерлері;
      2) Комитеттің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері;
      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлер;
      4) жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлері;
      5) жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері марапатталады.
      3. Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.
      «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атақтар осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес үлгілері бойынша белгілерімен атап өтіледі.
      4. Төсбелгілерімен осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген үміткерлер, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 10 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген қызметкерлер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.
      5. Комитеттің құрмет грамотасы саналы жұмысы, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқан және осы ұжымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдарына беріледі.
      6. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және құрмет грамоталарын беру Комитеттер төрағаларының бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау үшін Комитеттерде комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
      8. Ведомстволық наградаға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешімді Комиссия көпшілік дауыспен, ашық дауыс беріп қабылдайды.
      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      9. Марапаттаудың ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

2. Төсбелгілердің және олармен марапатталған тұлғалардың
мәртебесі

      10. Төсбелгілер кеуденің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
      11. Қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке ісіне марапаттау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.

3. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және құрмет грамотасымен
беру тәртібі және оларды тапсыру

      12. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және құрмет грамотасын беруге ұсынымдарды Комитеттерге:
      1) облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциялары мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      2) жергілікті атқарушы органдардың ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау бойынша бөлімшелері;
      3) аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдары;
      4) Комитеттердің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар;
      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар жолдайды.
      13. Құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру туралы ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген ұйымдардағы жалпы жұмыс өтілі, нақты сіңірген еңбегі және жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      14. Құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беруге ұсынылатын қызметкерлерге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным ресімделеді.
      15. Құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру туралы ұсыным Комитеттерге мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберіледі.
      16. Ынталандырудың барлық түрін есепке алып отыруды Комитеттердің кадр қызметі жүзеге асырады.
      17. Құрметті атақтарды, төсбелгілерін және олардың куәліктерін, сондай-ақ құрмет грамоталарын тапсыру марапатталушы тұлғалар жұмыс істейтін Комитеттерде немесе ұжымдарда салтанатты жағдайда жүргізіледі.
      18. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын тапсыру кезінде осы Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша құрметті атақ беру және төсбелгілерімен марапаттау мен құрмет грамоталарын тапсыру хаттамалары толтырылады.
      19. «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» Төсбелгілерін және олардың куәліктерін жасау осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
      20. Құрмет грамоталарын жасау осы Қағидаға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.

4. Қорытынды ережелер

      21. Құрметті атақтарды, сонымен қатар төсбелгілерін қайталап беру жіберілмейді.
      22. Төсбелгілер немесе Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда көшірмелері берілмейді.

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
1-қосымша         

Үлгі

«Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер»
құрметті атағының төсбелгісі

      «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағына төсбелгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде - Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.
      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
      Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Куәлік №_____
      Удостоверение
      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің эмблемасы.
      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
      Осы куәлік аңшылық шаруашылығы саласын дамытуда табыстарға қол жеткізгені, жануарлар дүниесі объектілерін сақтағаны және көбейткені үшін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы берілді.

      Төраға _______________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      _________________________________
       (марапатталған күні, айы, жылы)

      М.О.

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
2-қосымша         

Үлгі

«Балық шаруашылығы қызметінде еңбек сіңірген қызметкер»
құрметті атағына төсбелгісі

      «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағына төсбелгісінің емен жапырақты екі бұтақтан өрілген көк түсті кестеленген формасы алтын сияқты жапсырылған.
      Қалқанын былайша бедерленіп салынған:
      Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы бөлігі алтын түстес (сырт жағы дөңес);
      орта бөлігінде - «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» деген жазу – шрифты алтын түстес (сырт жағы дөңес);
      төменгі бөлігі – шеңбердің ішінде көк түсті толқын бейнеленген, оған шығып келе жатқан күн бейнеленген. Негізгі шеңберде «бекіре» балығы ирек жолақпен бейнеленген.
      Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.
      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
      Комитет рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Куәлік № _____
      Удостоверение
      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің эмблемасы.
      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
      Осы куәлік аңшылық шаруашылығы саласын дамытуда табыстарға қол жеткізгені, жануарлар дүниесі объектілерін сақтағаны және көбейткені үшін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағымен марапатталмағаны жөнінде берілді.

      Төраға _______________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      _________________________________
       (марапатталған күні, айы, жылы)

      М.О.

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
3-қосымша         

Нысан

Құрметті атақтар, төсбелгілер және Құрмет грамоталарын беруге
ұсыным

____________________________________________________________________
                  (республика, облыс, аудан)
____________________________________________________________________
1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
____________________________________________________________________
2. Туған күні ______________________________________________________
                                  (күні, жылы)
3. Туған жері ______________________________________________________
                      (республика, облыс, қала, аудан, село)
____________________________________________________________________
4. Ұлты ____________________________________________________________
5. Жынысы __________________________________________________________
6. Білімі __________________________________________________________
                      (оқу орнының атауы, бітірген жылы)
7. Білімі бойынша мамандығы ________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
____________________________________________________________________
9. Жұмыс орны және атқаратын қызметі _______________________________
____________________________________________________________________
10. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталған және марапатталған
күні _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Мекенжайы ______________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Жалпы жұмыс өтілі ______________________________________________
13. Саладағы жұмыс өтілі ___________________________________________
14. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _______________________________
15. Марапаттауға ұсынылып отырған тұлғаның сіңірген нақты еңбегі
көрсетілген мінездемесі ____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (20___ жылғы «___»
___________ № ____ хаттама)
____________________________________________________________________
                        (награданың түрі)
марапаттауға ұсынылады.

Басшы ______________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

      ____ жылғы «___» ____________

      (мөр орны)

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
4-қосымша         

Нысан

Құрметті атақ беру және төсбелгілерімен марапаттау мен
Құрмет грамоталарын тапсыру
хаттамасы

______________________________________________________________
        (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің 20___жылғы «__»_____________ № ____
бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің атынан:
____________________________________________________________________
       (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы)
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ тапсырдым.

      Ұйым басшысы: ________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты, қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы _____________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Марапатталған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы:
      _______________________________________________________________

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
5-қосымша         

Нысан 

Құрметті атақ беру және төсбелгілерімен марапаттау мен
Құрмет грамоталарын тапсыру
хаттамасы

______________________________________________________________
       (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетінің 20___жылғы «__»_____________ № ____ бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетінің атынан:
____________________________________________________________________
      (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы)
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ тапсырдым.

      Ұйым басшысы: ________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты, қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы _____________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Марапатталған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы:
      _______________________________________________________________

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
6-қосымша         

«Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін»
төсбелгісінің сипаттамасы

      Төсбелгісі диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» деген бедерлі жазу бар.
      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.
      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.
      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.
      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.
      Құрметті төсбелгісі мыс-никель құймасынан жасалады.
      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.
      Бланкінің бүктелген күйіндегі мөлшері 75х110 мм.
      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.
      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда «№ ____ КУӘЛІК» деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар, ал одан кейін:
      «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталады» деп жазылған.
      Төменде:
      «20___ жылғы «___»_____________ №____ бұйрық»
      Оның астында:
      «Төраға»
      _________________ Т.А.Ә.
           (қолы)

      М.О.

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
7-қосымша         

«Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін»
төсбелгісінің сипаттамасы

      Латуннан жасалған және диаметрі 34 миллиметр дұрыс металл шеңбер.
      Төсбелгісінің сырт жағында ортада шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде үстінде шығып келе жатқан күн бейнеленген су айдынын білдіретін көгілдір түсті толқындар салынған. Шеңбердің бетінде ирек сызықтар астында «бекіре» балығы бейнеленген.
      Шеңберді айнала «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» деп жазылған.
      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында «ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті» деп және одан төмен сызық астында «№ және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған.
      Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен бесбұрышты тартпаға қосылған, ол латуннан жасалып, ені 32 мм, ұзындығы 50 мм сары түсті 3 жолақпен Қазақстан Республикасының жалауы түстес жібек муарлы лентамен көмкерілген.
      Төсбелгісіндегі барлық бейнелер мен жазбалар бедерлі.
      Белгі түйреуішпен киімге бекітіледі.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.
      Бланкінің бүктелген күйіндегі мөлшері 75х110 мм.
      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.
      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда «№ ____ КУӘЛІК» деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар, ал одан кейін:
      «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталады» деп жазылған.
      Төменде:
      «20___ жылғы «___»_____________ №____ бұйрық»
      Оның астында:
      «Төраға»
      _________________ Т.А.Ә.
           (қолы)

      М.О.

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
8-қосымша         

Үлгі

Құрмет грамотасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
 
 
 
______________________________
______________________________
______________________________
 
  М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
 
 
      Төраға      Астана 20__

Министерство сельского
хозяйства
Республики Казахстан
Комитет лесного и охотничьего
хозяйства
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
  Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я ___________________________
___________________________
___________________________
 
 
 
 
 
      Председатель
 
    Астана 20__

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет  
грамоталарын беру қағидасына
9-қосымша         

Үлгі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
 
 
 
______________________________
______________________________
______________________________
 
  М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
 
 
      Төраға      Астана 20__

Министерство сельского
хозяйства
Республики Казахстан
Комитет лесного и охотничьего
хозяйства
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
  Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я ___________________________
___________________________
___________________________
 
 
 
 
      Председатель     Астана 20__